Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан не өзгереді?

3271
(Жаңартылды 16:09 30.12.2018)
2019 жылдың қаңтарынан Қазақстанда бірқатар жаңашылдық енгізіледі
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап не өзгереді - инфографика
© Sputnik

1 қаңтардан бастап телефонды міндетті түрде тіркеу ережесі болады. Яғни, құрылғының IMEI кодын телефон иесінің жеке сәйкестендіру номеріне (ИИН) тіркеп қою керек. 

Бұдан бөлек, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізіледі. Ол Астана мен республикалық және облыстық маңыздағы қалалар үшін 1 АЕК, басқа елді мекендер үшін 0,5 АЕК болады. 

2019 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері 2 525 теңге мөлшерінде. 

Ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеге дейін өседі. 

3271
Кілт сөздер:
Қазақстан, жалақы, 2019 жыл, доңыз жылы, телефон тіркеу
Тақырып:
Жаңа жыл 2019: Доңыз жылында бізді не күтіп тұр? (31)
Тақырып бойынша
Назарбаевтың бастамалары: Қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді?
2019 жылдан бастап көлікті сақтандыру тәртібі қалай өзгереді?
"Қазақтелеком" KCell-ді сатып алады: абоненттер үшін не өзгереді?
Министр бұйрыққа қол қойды: Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?
Қазақстанда жер учаскесін беру тетігі өзгереді
Қазақстандықтарды 2019 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр?

Коронавирустың ETA штамы: белгілері мен қаупі

88
Қазақстанда коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды. Оның не себепті қауіпті екенін және қазақстандықтар ол туралы не білуі керек екенін Sputnik инфографикасынан оқыңыз
Коронавирустың ETA-штамы туралы не белгілі
© Sputnik

Eta штамы республика астанасында, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарында анықталды.

Жаңа штамның пайда болғаны туралы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Ол алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды. Қазірде әлемнің 77 елінде тараған. 

Оның белгілері Alpha (британдық) және Beta (оңтүстік африкалық) штамдармен бірдей. Коронавирустың бұл штамын жұқтырған жағдайда дене қызуы көтеріледі, жөтел болады, иіс пен дәм сезу жоғалады, науқас қатты ауырады.

Сонымен қатар Eta штамын диагностикалау мен дәрі-дәрмекпен емдеу қиынға соғады, вирустың адамнан адамға жылдам таралуына әсер етуі мүмкін.

88
Кілт сөздер:
коронавирус

Қазақстандық студенттердің стипендиясы қанша

191
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда университет студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақысы едәуір өсті
Қазақстандағы стипендия
© Sputnik

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, бакалавр стипендиясы 20%-ке, магистранттар мен докторанттарда 15%-ке артты.

Енді бакалавр 26 186 теңгенің орнына 31 423 теңге алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге бұрынғыдай 42 000 теңге емес, 50 400 теңге төленеді.

Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды.

Магистранттардың шәкіртақысы 76 950 теңге (бұрын 66 913 теңге), докторанттарда – 172 500 теңге (бұрын 150 000 теңге), интерндерде 59 289 теңгені (бұрын 47 431 теңге) құрады.

191
Кілт сөздер:
стипендия, студенттер
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0