Қазақстанда құжат жасау қанша тұрады

2628
(Жаңартылды 13:37 14.01.2019)
2019 жылы Қазақстанда жеке куәлік, төлқұжат және жүргізуші куәлігін жасау қанша тұратынын Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз
2019 жылы құжат жасау қанша тұрады
© Sputnik

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты құжат жасау бағалары өзгерді. 2019 жылы 1 АЕК – 2 525 теңге.

Жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК, яғни 505 теңге немесе 1,34 доллар төлейсіз. 

Төлқұжат жасау үшін 8 АЕК немесе 20 200 теңге (53,72 доллар) мемлекеттік баж төлеу қажет. Астана, Алматы, Ақтөбе мен Шымкент халқы қосымша ақы төлеп, төлқұжатты тез ала алады.

Ал жүргізуші куәлігі мен техпаспорттың әрқайсысы 3157 теңге (8,40 доллар) тұрады.

2628
Кілт сөздер:
инфографика, техпаспорт, жүргізуші куәлігі, төлқұжат, жеке куәлік
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
Латын әліпбиіндегі төлқұжат 2021 жылдан беріле бастайды

Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

66
30-31 шілде күндері Токио Олимпидасында Қазақстаннның жеңіл атлеттері және садақшылар өнер көрсетеді
Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
© Sputnik

Мәселен, бүгін түстен кейін жеңіл атлетика, атап айтқанда, 100 метр қашықтыққа жүгіру және үш қарғып секіруден іріктеу жарыстары өтеді. Оған Ольга Рыпакова, Ирина Эктова, Мария Овчинникова мен Ольга Сафронова қатысады. Бүгін іріктеуден өтсе, ертең финалдық сайыстарға қатыса алады. 

Бұдан бөлек, 31 шілде күні боксшыларымыз Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) 1/8 финалына шығу үшін жұдырықтасады. Сосын садақшы Ильфат Абдуллин ширек финалға шығуға тырысады. Оның қарсыласы - қытайлық Ли Цзялун. Ары қарай жартылай финал және финал өтеді.

Ал қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен украиндық Элина Свитолина Олимпиаданың қола медалін сарапқа салады.

66
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы, жарыс
Тақырып:
Токио Олимпиадасы

Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

397
(Жаңартылды 13:15 26.07.2021)
Қазақстандық спортшылар Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тартысты жарыс көрсетіп жатыр
Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
© Sputnik

Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталған болатын. Алғашқы үш күнде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль түсті. 

Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 97 спортшы жарысқа түседі. Олар спорттың 27 түрі бойынша әлемнің ең мықты спортшыларымен бақ сынасады.

Қазақстан жеңіл атлетика бойынша 11 лицензия иеленді. Сонымен қатар әдеттегідей боксшыларға үміт артылып отыр. Бұл Олимпиадада біздің құрамада 9 лицензия бар. Сондай-ақ жүзуші Дмитрий Баландиннен де жоғары нәтиже күтілуде.

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыз. Трансляция "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі.

397
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Барымташылар. Уақыт жолдары фильмінің кадры

Қазақстандық фильм Францияда көрсетіле бастады

0
Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың фильмі Францияның 20 қаласында көрсетіледі. Қазақстанда бұл кино қыркүйекте үлкен экраннан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі 29 шілдеден бастап франциялық көрерменнің назарына ұсынылды және ол 20-дан астам қалада көрсетіледі, деп жазды Қазақфильм Instagram парақшасында.

"Бұл мен үшін өте қызықты және қуанышты жағдай. Жапон режиссерімен бірге түсірілген фильм әлемдік кинематограф отанында көрсетіледі. Мұндай айтулы оқиға менің өмірімде бірінші рет болып тұр", - деді туынды режиссерлерінің бірі Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар фильмнің екінші режиссері – жапон Лиза Такабэ. Басты рөлдерді Самал Еслямова, Адия Мусина, Мираи Морияма және тағы басқалар сомдаған. Ерлан Нұрмұхамбетов сондай-ақ сценарий авторы екенін де атап өту керек.

"Қазақфильм" мен "Tokyo New Cinema" жапон компаниясы бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі барымташылардың бір үйдің отағасын өлтіруі салдарынан басына күн туған отбасының бастан кешірген оқиғасын баяндайды. Әкесінің өліміне қабырғасы қайысқан 12 жастағы Олжас өзінің және кішкентай қарындастарының басына түскен сынаққа төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда үміт үзілген шақта бейтаныс біреу оларға көмектесе бастайды.

Аталған фильм осы жылдың қыркүйегінде отандық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

0