Бірыңғай жиынтық төлемді жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға өздері қызмет көрсететін азаматтар жасауы тиіс.
Ай сайынғы БЖТ көлемі: астаналықтар, алматылықтар мен шымкенттіктер үшін – 1 АЕК (2 525 теңге) және Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін — 0,5 АЕК (1 263 теңге).
2021 жылы алдымен ай тұтылады. Бұл 26 мамырға тура келеді. Алайда Қазақстанда оның ешқандай фазасы көрінбейді, себебі ай құбылыс аяқталғаннан кейін көтеріледі.
Ал 10 маусымда күн сақина тәрізді тұтылады. Сақина тәрізді фаза жолағы Солтүстік Америкада, Мұзды мұхитта, содан кейін Ресейдің солтүстік-шығыс аймағында, Чукотка бойымен өтеді.
Үшінші тұтылу 19 қарашада болады. Айдың жартылай тұтылуы Қазақстанның барлық аумағында, әсіресе солтүстікте жақсы көрінеді.
Төртінші тұтылу желтоқсанға тура келеді. 4 желтоқсанда күн толық тұтылады. Оның фаза жолағы Тынық және Атлант мұхиты суынан, сондай-ақ Антарктикадан өтеді.
"Толық фаза көп болса екі минутқа созылады. Мұзды құрлық зерттеушілері оны көре алады. Ал Қазақстан аумағы мен жалпы Еуразиядағыларға бұл жолы ештеңе көрінбейді", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник.
2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды. Осыған байланысты жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өсті.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.
"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.