Еуразиялық экономикалық одақ: елдер, аумағы, халқы

2052
(Жаңартылды 15:55 28.05.2019)
29 мамыр күні Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қойылғанына бес жыл толады. Sputnik Қазақстан ұйым туралы маңызды ақпарат топтастырылған инфографиканы ұсынады.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы деректер
© Sputnik

ЕАЭО қызмет көрсету, капитал, жұмыс күші мен тауар еркіндігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, одақ аясында экономика салаларында бірыңғай саясат жүргізу қарастырылған.

Одақ құрамында қандай елдер бар, қай елдің көшбасшылары Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес құрамына енеді деген сауалдардың жауабын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыз.

2052
Кілт сөздер:
халық, ЕАЭО
Тақырып бойынша
Министр ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты
ЕАЭО елдерінде бізден жоғары: ең төменгі күнкөріс деңгейі қашан өседі?
Идеядан нақтылыққа: Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі туралы айтты
Елордада өтетін мерейтойлы саммит: мемлекет басшылары не талқылайды?
ЕАЭО мерейтойы: алғашқы "бесжылдықтың" қорытындысы – видео

2021 жылы күн мен ай қашан тұтылады

563
2021 жылы екі рет күн, екі рет ай тұтылады. Ол қашан болады және Қазақстанда қайсысы көрінетінін Sputnik инфографикасынан көріңіз
Күн мен айдың тұтылу күнтізбесі - 2021 жыл
© Sputnik

2021 жылы алдымен ай тұтылады. Бұл 26 мамырға тура келеді. Алайда Қазақстанда оның ешқандай фазасы көрінбейді, себебі ай құбылыс аяқталғаннан кейін көтеріледі.

Ал 10 маусымда күн сақина тәрізді тұтылады. Сақина тәрізді фаза жолағы Солтүстік Америкада, Мұзды мұхитта, содан кейін Ресейдің солтүстік-шығыс аймағында, Чукотка бойымен өтеді.

Үшінші тұтылу 19 қарашада болады. Айдың жартылай тұтылуы Қазақстанның барлық аумағында, әсіресе солтүстікте жақсы көрінеді.

Төртінші тұтылу желтоқсанға тура келеді. 4 желтоқсанда күн толық тұтылады. Оның фаза жолағы Тынық және Атлант мұхиты суынан, сондай-ақ Антарктикадан өтеді.

"Толық фаза көп болса екі минутқа созылады. Мұзды құрлық зерттеушілері оны көре алады. Ал Қазақстан аумағы мен жалпы Еуразиядағыларға бұл жолы ештеңе көрінбейді", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник.

563

2021 жылы жәрдемақы қанша болады

2129
(Жаңартылды 11:08 07.02.2021)
2021 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері бекітілді. Осыған байланысты биыл жәрдемақы мөлшері қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз.
Жәрдемақы мөлшері - 2021
© Sputnik

2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды. Осыған байланысты жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өсті.

2129
Кілт сөздер:
2021 жыл, жәрдемақы
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1726
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

1726
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан