Президент сайлауында кім жеңіске жетті

260
(Жаңартылды 11:28 13.06.2019)
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. Дауыс саны бойынша екінші орында Әміржан Қосанов, жалғыз әйел кандидат Дания Еспаева үшінші орынға жайғасты. 
Қазақстан президенті сайлауының алдын ала қорытындысы
© Sputnik

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенті сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. ОСК мәліметі бойынша сайлаушылардың 77,4%-і дауыс беруге келген. 

Екі ұйымның Exit poll қорытындысы мынадай: 

Екі ұйымның Exit Poll нәтижесі бойынша президент сайлауының қорытындысы
© Sputnik
Екі ұйымның Exit Poll нәтижесі бойынша президент сайлауының қорытындысы

 

260
Кілт сөздер:
президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан және қалай өтеді?
Сайлаудың қорытындысы шықты: ОСК кімнің жеңіске жеткенін жариялады
Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды
Қазақстанның әр өңірі бойынша кандидаттар қанша дауыс жинады?

Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді?

184
Қазақстанда соңғы бес жылда, сонымен қатар биылғы жылы баспана бағасы қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз
Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді?
© Sputnik

Бір жылдың ішінде тұрғын үй құны Павлодар (34,6%), Қарағанды (24,6%) және Оралда (21%) шарықтап кеткен. Ал Алматы (1,1%), Шымкент (1,8%) и Қызылордада (4%) өсім үлкен емес.

Ақтау мен Атырау қалаларында баспана бағасы өзгермеген.

184
Кілт сөздер:
баспана

Ағза донорлығы: қалай келісім беруге немесе бас тартуға болады?

56
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты нормалар Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау кодексінде жазылған. Келісім беру немесе келісімнен бас тартуды қалай рәсімдеуге болатынын білу үшін Sputnik Қазақстан инфографикасын көріңіз
Ағза донорлығы: қалай келісім беруге немесе бас тартуға болады?
© Sputnik

Кодекске сәйкес, тірі кезінде өз ағзаларын алуға тыйым салмаған әрбір қазақстандық қайтыс болғаннан кейін әлеуетті донор болып саналады.

Қайтыс болған адам тірі кезінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін рәсімдеуге үлгермесе, онда оның ағзасын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының рұқсаты қажет.

Қазақстандықтар қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісетінін немесе бас тартатынын egov.kz электронды үкімет порталында рәсімдей алады. Ол үшін ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы кіріп, "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Трансплантациялау мақсатында тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) қайтыс болғаннан кейін ерікті түрде донорлыққа беру туралы келісімді немесе келісімнен бас тартуды тіркеу" қызметін таңдау қажет. Осыдан кейін өтінімнің түрі таңдалады. Олар: "Келісімнен бас тартуды тіркеу" немесе "Келісім беруді тіркеу".

Егер адам трансплантацияға келіссе, ол донорлыққа беретін ағзаларды таңдай алады, оны өтініш жазған кезде көрсету қажет.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар екі күн ішінде электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру немесе одан бас тарту туралы 500-ге жуық өтініш берген. Олардың көпшілігі, яғни 400 адам донорлықтан бас тартса, 60-қа тарта адам келісімін берді.

56
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

874
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

874
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек