ҰБТ-2019: тест тапсыра алмаған жағдайда не істеу керек?

619
(Жаңартылды 12:02 11.07.2019)
Биыл 110 мыңнан аса түлек ҰБТ тапсырды, оның 82 мыңнан астамы шекті деңгейден өткен
ҰБТ-2019: қорытындысы
© Sputnik /

Түркістан облысының түлегі Қасымжан Жұбай ең жоғары – 140 балл жинады. Қасымжанның он бір жылдық білімді тексеретін сынаққа қалай дайындалғанын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Білім министрлігі хабарлағандай, шекті балл жинай алмағандар 20 тамызға дейін ҰБТ-ны қайта тапсыра алады. Осылайша жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға мүмкіндік бар. Егер тамыз айында да тестілеуден сүрінсе, онда университетке бірінші семестрге шартты түрде түседі, қаңтар айында студентке тағы бір мүмкіндік беріледі.

Егер  "қысқы" ҰБТ-ны сәтті тапсырса, ЖОО-дағы оқуын одан әрі жалғастырады.

619
Кілт сөздер:
Білім және ғылым министрлігі, жоғары балл, ҰБТ

Егін 2020

98
Қазақстандық диқандар 2020 жылы қандай өнім алғаны туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз
Егін жинау науқаны – 2020
© Sputnik /

Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталып келеді. Жалпы республикадағы егістік алқабы 15,8 миллион гектарды құрайды.

Биыл ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, егін жинау жұмысы былтырғы жылмен салыстырғанда бір ай бұрын аяқталды. Диқандар әр гектардан орташа мөлшерде 12,8 центнер шамасында өнім алып, 20,1 миллион тонна астық бастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес миллион тоннаға артық.

Жиналған дәнді және бұршақ дақылдары өндірісінің көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 7-8 миллион тонна мөлшеріндегі астық әлемнің 40 еліне экспортталады.

98
Кілт сөздер:
егін

2020-2021 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі

16098
Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылындағы оқушылар демалысының уақытын белгіледі. Демалыстың күнтізбесін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыздар
2020/2021 оқу жылындағы оқушылар демалысының күнтізбесі
© Sputnik /

Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл).

1-сынып оқушылары келесі жылдың ақпан айында 7 күн қосымша демалады.

Ал ең ұзақ жазғы демалыс әдеттегідей соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады.

16098
Кілт сөздер:
күнтізбе, оқу жылы, оқушылар демалысы
Қорғаныш құралдарын киген қызметкерлер

Министр Ресеймен арадағы шекарада бақылау бекеттерін қоюды ұсынды

0
Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров республика бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары мен зиянды организмдерінің таралуына қарсы бірнеше шараны ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы мақсатта министр үкіметтен қыруар қаржы сұрады. Оған ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланған.

"Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінуін сұраймыз. Сондай-ақ, әкелініп жатқан өнімге жедел ден қою және тиімді бақылау мен қадағалау мақсатында Ресей Федерациясы сияқты шекаралық бекеттердің тура маңынан ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруды ұсынамыз", – деп атап көрсетті Омаров.

Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен. Инспекторлар белгілі бір нысанға барып тұрып, тексеріс жасай алмайды.

"Осыған байланысты нысандарға барып жасалатын тексерістерді, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттағы ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау түрлерін мораторийден шығаруды ұсынамыз", – деді Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы: қырылған құстың саны миллионға жақындады

Бұдан бөлек, бүгінде жедел карантин енгізуге және инфекция ошағын жабуға біраз уақыт кетеді. Себебі әкімдердің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу үшін 5-15 күндей күту керек. Ал ол уақыттың ішінде инфекция басқа жерге таралып кетуі әбден мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеу шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет деп санайды.

0
Кілт сөздер:
мораторий, Ауыл шаруашылығы министрлігі
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда 256 мың құстың қырылуына тұмаудың қатысы жоқ болып шықты
Қостанай облысында карантин күшейтілді
Базардағы құс өнімдерін тұтыну қауіпті ме – министрлік өкілдері жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады