Мәжіліс сайлауының тарихы

1083
Осы уақытқа дейін парламент мәжілісіне депутаттар жеті рет сайланды. Соның ішінде бесеуі мерзімінен бұрын өткізілді. Парламенттің төменгі палатасының қалыптасу тарихымен Sputnik Қазақстан инфографикасынан таныса аласыздар
Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik /

Бүгінгі VI шақырылымдағы мәжіліс өкілеттігінің мерзімі 2021 жылдың 24 наурызына дейін аяқталады. Демек, кезекті сайлау 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін өткізілуі тиіс. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттарын сайлау күні партиялық тізім бойынша өтетін сайлаумен сәйкес келмеуі мүмкін.

Әрбір партия кандидаттардың тізімін съезде бекітеді және ол тізімде үміткерлердің орналасу тәртібін өзі көрсетеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттарын осы ұйымның кеңесі бекітеді. Ал президенттің қатысуымен өтетін сессияда Ассамблеяның депутаттары сайланады.

Саяси партиялар әрбір кандидат үшін 15 ең төменгі жалақы (2019 жылы 637 500 теңге – Sputnik Қазақстан) мөлшеріндегі жарнаны Орталық сайлау комиссиясының есепшотына аударады.

Соңғы сайлауда 7 проценттік межеден асқан партиялар жарна төлемейді. Ал 3-7 процент дауыс жинаған партиялар жарнаның 50-70 процентін ғана аударады. Саяси ұйым сайлауда тиісті межеден асса, жарна қайтарылады. Ал өтпей қалса, ол ақша республикалық бюджетке түседі.

Сайлаудың қорытындысы 7 күннің ішінде жарияланады. 7 проценттік межеден асқан партиялардың барлық дауысы депутаттық мандаттарға бөлінеді. Осылайша, әрбір партияның квотасы анықталады.

Депутаттық мандаттарды тарату тәртібін партияның өзі анықтайды. Егер партияның басқарушы органы мандаттарды өзі таратпаса, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге қарап, мемлекеттік тілдегі алфавит бойынша мандаттарды тарата алады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Конституцияда көрсетілген мерзімде өтеді деп мәлімдеген еді.

1083
Кілт сөздер:
депутат, мәжіліс
Тақырып бойынша
"Урнаны теуіп сындырды": ІІМ сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
"Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?
Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды

Егін 2020

103
Қазақстандық диқандар 2020 жылы қандай өнім алғаны туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз
Егін жинау науқаны – 2020
© Sputnik /

Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталып келеді. Жалпы республикадағы егістік алқабы 15,8 миллион гектарды құрайды.

Биыл ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, егін жинау жұмысы былтырғы жылмен салыстырғанда бір ай бұрын аяқталды. Диқандар әр гектардан орташа мөлшерде 12,8 центнер шамасында өнім алып, 20,1 миллион тонна астық бастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес миллион тоннаға артық.

Жиналған дәнді және бұршақ дақылдары өндірісінің көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 7-8 миллион тонна мөлшеріндегі астық әлемнің 40 еліне экспортталады.

103
Кілт сөздер:
егін

2020-2021 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі

16416
Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылындағы оқушылар демалысының уақытын белгіледі. Демалыстың күнтізбесін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыздар
2020/2021 оқу жылындағы оқушылар демалысының күнтізбесі
© Sputnik /

Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл).

1-сынып оқушылары келесі жылдың ақпан айында 7 күн қосымша демалады.

Ал ең ұзақ жазғы демалыс әдеттегідей соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады.

16416
Кілт сөздер:
күнтізбе, оқу жылы, оқушылар демалысы
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады