2020 жылы Күн мен Ай қашан тұтылады

8980
2020 жылы Жер тұрғындары күн мен айдың алты рет тұтылғанын көре алады.  Төрт рет ай, екі рет күн тұтылады
2020 жылдағы ай мен күннің тұтылуы
© Sputnik /

Sputnik Қазақстан инфографикасынан келесі жылы күн мен айдың қашан тұтылатынын көре аласыздар.

Еске сала кетсек, күннің тұтылуы кезінде Жерден қараған кезде Ай Күнді толық немесе жартылай жабады. Ал айдың тұтылуы кезінде Ай Жер көлеңкесінің конусына кіреді.

8980
Кілт сөздер:
күннің тұтылуы, айдың тұтылуы
Тақырып бойынша
Айдың тұтылуы: әлемнің әр түпкірінен айшықты суреттер
Айдың тұтылуы адам денсаулығына қалай әсер етеді?
Ислам діні айдың тұтылуы туралы не дейді және бұл уақытта не істеген дұрыс?

Мәжіліс сайлауының тарихы

1299
Осы уақытқа дейін парламент мәжілісіне депутаттар алты рет сайланды. Соның ішінде үшеуі мерзімінен бұрын өткізілді. Парламенттің төменгі палатасының қалыптасу тарихымен Sputnik Қазақстан инфографикасынан таныса аласыздар
Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik /

Қазіргі Қазақстан тарихында парламент мәжілісіне сайлау алты рет - 1995, 1999, 2004, 2007, 2012 және 2016 жылдары өтті.

Олардың ішінде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы үш рет  – 2007, 2012 және 2016 жылдары (мәжілістің үшінші, төртінші және бесінші шақырылымы) өткізілді. 

Қазақстан Конституциясына сәйкес, мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Тоғыз депутат Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланады. Қалған 98 депутат бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізім негізінде сайланады. Яғни, сайлаушылар өз дауысын саяси партияларға береді, ал олар өз кезегінде кандидат тізімін қалыптастырып, оны орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Партиялар мәжіліске өтуі үшін 7 проценттік межені еңсеруі қажет. Мәжілістегі орындар партияның сайлаушылардың қанша процент дауысына ие болғанына байланысты бөлінеді.

Мәжілістің қазіргі алтыншы шақырылымының өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Қазақстан президентінің жарлығымен кезекті мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. 

1299
Кілт сөздер:
депутат, мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Урнаны теуіп сындырды": ІІМ сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты
Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болғанын айтты
"Телефонға түсіріп алдық": бақылаушы сайлау учаскесінде нені көріп таңғалды?
Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды

Егін 2020

113
Қазақстандық диқандар 2020 жылы қандай өнім алғаны туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз
Егін жинау науқаны – 2020
© Sputnik /

Қазақстанда астық жинау науқаны аяқталып келеді. Жалпы республикадағы егістік алқабы 15,8 миллион гектарды құрайды.

Биыл ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, егін жинау жұмысы былтырғы жылмен салыстырғанда бір ай бұрын аяқталды. Диқандар әр гектардан орташа мөлшерде 12,8 центнер шамасында өнім алып, 20,1 миллион тонна астық бастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес миллион тоннаға артық.

Жиналған дәнді және бұршақ дақылдары өндірісінің көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 7-8 миллион тонна мөлшеріндегі астық әлемнің 40 еліне экспортталады.

113
Кілт сөздер:
егін
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев халықаралық форумда бейне үндеу жасады

7
(Жаңартылды 09:53 30.10.2020)
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастық ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделген, деп атап өтті мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 халықаралық форумында бейне үндеу жасады, деп хабарлады Ақорда.

"COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі" тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген "Жаңа Солтүстік саясат" стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады.

Қазақстан президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделгенін айта келе, елімізде өмір сүріп жатқан, достықтың "алтын көпірі" саналатын жүз мың корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қосқан үлесін атап өтті.

"Кореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған "Самал жел" бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Самал жел" бағдарламасы мен "Жаңа Солтүстік саясат" стратегиясы "Цифрлы Қазақстан", "Нұрлы жол" секілді ұлттық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес келетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңге аударылады 

Мемлекет басшысы әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

"Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады", –  деді президент.

Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті. Президент бұл орталықтың шетелдік бизнеске арналған экожүйесінің бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жұмыстың табысты, ал Оңтүстік Корея президенті мен үкіметінің игі бастамаларының сәтті болуына тілектестік білдірді.

7
Кілт сөздер:
үндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев