2020 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

7090
(Жаңартылды 21:43 07.01.2020)
Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты
2020 жылы құжат алу қанша тұрады
© Sputnik

2020 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгеге дейін өсті.

Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 21 208 теңге.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.

Жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермеген жағдайда айыппұл – 7 АЕК немесе 18 557 теңге.

Әдетте құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін уақыт алады.

EGov электронды үкіметінің сайты хабарлағандай, қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Туу туралы куәлік алу

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде – 0,5 АЕК немесе 1 325 теңге.

еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – жеті жұмыс күні.

Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу – 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге.

7090
Кілт сөздер:
жүргізуші куәлігі, жеке куәлік, құжат
Тақырып бойынша
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
2020 жылы жәрдемақы қанша болады
2020 жылы демалыс күндері ауысады
Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады
Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріледі
2020 жылға жұлдыз жорамал: тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады?

Қазақстанда 20 жыл ішінде баспана бағасы қалай өзгерді

2217
Sputnik Қазақстан елімізде жылжымайтын мүлік нарығының қалай өзгергені туралы инфографика ұсынады
Қазақстанда 20 жыл ішінде баспана бағасы қалай өзгерді
© Sputnik

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары баспана нарығындағы бағаға мониторинг жүргізеді. Олар ұсынған мәліметке сәйкес, 2000 жылы жаңа салынған үйлердің шаршы метрі шамамен 21 мың теңгені, ал ескі үйлердің шаршы метрінің құны 8 мың теңгені құраған.

2007, 2015 және 2019 жылдары жылжымайтын мүлік бағасы күрт қымбаттап кеткен.

Биылғы жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, жаңа бой көтерген нысандардағы пәтердің шаршы метрі 319 мың теңгеге бағаланса, ескі үйлердегі баспана құны бір шаршы метрі үшін 245 мың теңге тұрған.

Баспана құрылысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау облысы мен Шымкент көш бастап тұр.

Баспана нарығы туралы толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар.

2217
Кілт сөздер:
баспана

2021 жылы күн мен ай қашан тұтылады

4193
2021 жылы екі рет күн, екі рет ай тұтылады. Ол қашан болады және Қазақстанда қайсысы көрінетінін Sputnik инфографикасынан көріңіз
Күн мен айдың тұтылу күнтізбесі - 2021 жыл
© Sputnik

2021 жылы алдымен ай тұтылады. Бұл 26 мамырға тура келеді. Алайда Қазақстанда оның ешқандай фазасы көрінбейді, себебі ай құбылыс аяқталғаннан кейін көтеріледі.

Ал 10 маусымда күн сақина тәрізді тұтылады. Сақина тәрізді фаза жолағы Солтүстік Америкада, Мұзды мұхитта, содан кейін Ресейдің солтүстік-шығыс аймағында, Чукотка бойымен өтеді.

Үшінші тұтылу 19 қарашада болады. Айдың жартылай тұтылуы Қазақстанның барлық аумағында, әсіресе солтүстікте жақсы көрінеді.

Төртінші тұтылу желтоқсанға тура келеді. 4 желтоқсанда күн толық тұтылады. Оның фаза жолағы Тынық және Атлант мұхиты суынан, сондай-ақ Антарктикадан өтеді.

"Толық фаза көп болса екі минутқа созылады. Мұзды құрлық зерттеушілері оны көре алады. Ал Қазақстан аумағы мен жалпы Еуразиядағыларға бұл жолы ештеңе көрінбейді", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник.

4193
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

44
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

44
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы