Қазақстанда 20 жыл ішінде баспана бағасы қалай өзгерді

2262
Sputnik Қазақстан елімізде жылжымайтын мүлік нарығының қалай өзгергені туралы инфографика ұсынады
Қазақстанда 20 жыл ішінде баспана бағасы қалай өзгерді
© Sputnik

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары баспана нарығындағы бағаға мониторинг жүргізеді. Олар ұсынған мәліметке сәйкес, 2000 жылы жаңа салынған үйлердің шаршы метрі шамамен 21 мың теңгені, ал ескі үйлердің шаршы метрінің құны 8 мың теңгені құраған.

2007, 2015 және 2019 жылдары жылжымайтын мүлік бағасы күрт қымбаттап кеткен.

Биылғы жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, жаңа бой көтерген нысандардағы пәтердің шаршы метрі 319 мың теңгеге бағаланса, ескі үйлердегі баспана құны бір шаршы метрі үшін 245 мың теңге тұрған.

Баспана құрылысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау облысы мен Шымкент көш бастап тұр.

Баспана нарығы туралы толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар.

2262
Кілт сөздер:
баспана

Еуропа чемпионаты 2020: екінші турдың кестесі

81
16 маусымда Еуро 2020/2021 ойындарының екінші туры басталады. Оны Финляндия – Ресей ойыны ашады, ол Санкт-Петербургта "Газпром Аренада" өтеді
Футболдан Еуропа чемпионаты – 2020: екінші турдың кестесі
© Sputnik

Турнирге 24 команда қатысады. Бірінші тур чемпионаттағы қызықтар енді басталатынын көрсетті.

Екінші турдың кестесі мен трансляцияның басталу уақытын Sputnik инфографикасынан көріңіз.

Еуро-2020 екінші турының кестесі

Екінші тур 16 маусымда Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында басталады. "B" тобында Финляндия құрамасы Ресей құрамасымен кездеседі. Бірінші турда финдер Данияны 0:1 есебімен жеңді, ал ресейліктер бельгиялықтарға 3:0 есебімен ұтылды.

А тобы

  • 16 маусым – Түркия – Уэльс, Бакудегі "Олимпийский" стадионы (трансляцияның басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)
  • 16 маусым – Италия – Швейцария, Римдегі Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

B тобы

  • 16 маусым – Финляндия – Ресей, Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 17 маусым – Дания – Бельгия, Копенгагендегі "Паркен" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)

С тобы

  • 17 маусым – Украина – Солтүстік Македония, Бухаресттегі ұлттық стадион (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 17 маусым – Нидерланд – Австрия, Амстердамдағы "Йохан Кройфф Арена" (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

D тобы

  • 18 маусым – Хорватия – Чехия, Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)
  • 18 маусым – Англия – Шотландия, Лондондағы "Уэмбли" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

Е тобы

  • 18 маусым – Швеция – Словакия, Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 19 маусым – Испания – Польша, Бильбаодағы "Сан-Мамес" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

F тобы

  • 19 маусым – Венгрия – Франция, Будапештегі "Пушкаш Арена" (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 19 маусым – Португалия – Германия, Мюнхендегі "Альянц Арена" (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)

Чемпионаттың екінші турын қайдан көруге болады

Екінші тур ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Спутниктік және кабельдік теледидар арқылы матчтарды "Первый канал", "Ресей 1" және "Матч ТВ" арнасынан көруге болады.

Бірінші тур қалай өтті

Еуропа чемпионатына қатысатын барлық команда алғашқы турда ойнаған жоқ, бірақ чемпионат эмоцияға толы болды. Оның ішінде Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксеннің жүрек ұстамасы, оны дәрігерлердің футбол алаңында дефибриллятордың көмегімен реанимациялағаны қызу талқыланды.

Футболдың өзіне келер болсақ, Англия құрамасының тарихи жетістігінен басқа ешқандай сенсация болған жоқ: команда алғаш рет Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады.

Сегіз ойында да танымал фавориттер жеңіске жетті. Ерекше жағдай ретінде Дания – Финляндия ойынын атауға болады, бірақ бұл жерде Эриксеннің жағдайы үлкен рөл атқарды. Уэльс пен Швейцария арасында бір ғана тең ойын тіркелді. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, 2020/2021 ойындарындағы алғашқы гол ретінде Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демиралдың автоголы тіркелді. Бұған дейін турнир тарихында автогол алғашқы гол болған емес.

81

Еуро-2021: ойын кестесі

219
(Жаңартылды 14:09 11.06.2021)
Еуропаның футболдан он алтыншы чемпионаты 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында континенттің он бір қаласында өтеді. Sputnik Қазақстан футболдан бас доданың бірінші турындағы матчтардың кестесін жариялайды
Еуро-2021: ойын кестесі
© Sputnik

Еуропа чемпионаты 2021 жылдың 11 маусымынан 11 шілдесіне дейін бір айға созылады.

Чемпионат Францияда өткен алғашқы турнирдің 60 жылдығына арналған болатын. Бірақ коронавирус пандемиясы салдарынан турнирді 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыруға тура келді.

Матчтардың қай күні өтетінін және трансляция нешеде басталатынын Sputnik инфографикасынан оқыңыз.

Еуро-2021 бірінші турының кестесі

Бірінші матч 11 маусымда Римнің Олимпиада стадионында өтеді. Турнир Түркия мен Италия құрамалары арасында өтеді.

А тобы

  • 11 маусым – Түркия - Италия, Римдегі Олимпиада стадионы (Трансляцияның басталуы - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:00)
  • 12 маусым - Уэльс - Швейцария, Бакудегі Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00)

В тобы

  • 12 маусым - Дания - Финляндия, Копенгагендегі Паркен стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 12 маусым -  Бельгия - Ресей, Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионы  (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13 маусым сағат 01:00)

С тобы

  • 13 маусым - Австрия - Солтүстік Македония, Бухаресттегі ұлттық стадион (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 13 маусым - Нидерланды - Украина, Амстердамдағы "Йохан Кройфф Арена" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 маусым сағат 01:00)

D тобы

  • 13 маусым - Англия - Хорватия, Лондондағы "Уэмбли" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00)
  • 14 маусым - Шотландия – Чехия, Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00)

Е тобы

  • 14 маусым - Польша - Словакия, Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионы  (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 14 маусым - Испания - Швеция, Севильядағы Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15 маусым сағат 01:00)

F тобы

  • 15 маусым - Венгрия - Португалия, Будапешттегі "Пушкаш Арена" (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 15 маусым - Франция – Германия, Мюнхендегі "Альянц Арена"(Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16 маусым сағат 01:00).

2021 жылы Еуропа чемпионатына кім қатысады

Жарысқа 24 құрама команда қатысады: 20 команда біліктілігі бойынша өтсе, тағы төрт құрама УЕФА – Ұлттық лига турнирінің арқасында қатысады.

F тобындағы құрамалар арасындағы жарыс ең тартысты ойын болады деп күтілуде. Мұнда Әлем (Франция) мен Еуропаның (Португалия) қазіргі чемпиондары мен алдыңғы әлем чемпиондары (Германия) жиналған.

Бір айға созылатын турнир кезінде жанкүйерлер 51 ойынды тамашалай алады: 36 ойын топтық кезеңде өтеді және тағы 15 кездесу плей-офф аясында өтеді.

Еуро-2021 матчтары қай қалаларда өтеді

Еуропа чемпионатының матчтары он бір қалада өтеді: Амстердам, Баку, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим, Санкт-Петербург және Севилья.

Турнирдің бас қаласы - Лондон. Дәл сол шаһарда құрамалар арасындағы сегіз кездесу, оның ішінде шешуші кездесулер - жартылай финал мен финал өтеді.

Көрермендерге стадиондарға кіруге рұқсат беріледі. Бірақ стадионның көрермендерге толу деңгейі 50%-тен аспауы керек.

Турнирдің бойтұмары ретінде фристайл мен көше футболын жақсы көретін Скиллзи атты ұл бала таңдалды.

Еуро-2021 трансляциясын қазақстандықтар қайдан көре алады

Қазақстандық футболсүйер жанкүйерлер құрлық біріншілігіндегі ойындардың барлығын мына екі арнадан тікелей эфир арқылы көре алады – Qazaqstan және Qazsport.

https://qazsporttv.kz/ru/live

https://qazaqstan.tv/live

Спутниктік және кабельдік телевидениесі бар көрермендер матчтарды "Первый канал", "Россия 1" және "Матч ТВ"телеарналарынан тамашалай алады.

219
Архивтегі фото

Вакцина салдырған алматылық ойламаған жерден олжалы болды

0
(Жаңартылды 15:36 19.06.2021)
Алмалы ауданындағы екпе пунктінде "Вакцина сал, сыйлық ұтып ал!" акциясының нәтижесі шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Алматыда вакцина салдырған 62 жастағы тұрғын iPhone12 ұтып алды, деп хабарлады Almaty.tv.

Алмалы ауданына қарасты сауда ойын-сауық орталығына күніне 50 шақты азамат екпе алуға келеді. Солардың ішінде ерікті түрде "Вакцина сал, сыйлық ұтып ал!" акциясына қатысқандар бүгін ойынның нәтижесін білді. Кездейсоқ таңдалған жеңімпаздарға бірқатар сыйлық тағайындалған. Ал бас жүлде iPhone12 смартфонның иегері 62 жастағы қала тұрғыны болды.

"Мамырда бірінші ұтыс ойынын өткіздік. 7 маусымнан бастап екіншісін өткізіп жатырмыз, бас жүлде − iPhone12 телефоны", − деді көпсалалы кешеннің бас директоры Жұмабек Артығалиев.

Айта кетейік, ай басында қаладағы "ЦУМ" сауда үйінде вакцина салдырғандардың арасында 5 жүлде ойнатылды: ІРhonе 12 смартфоны, Samsung Galaxy A02 телефоны, "Starbucks" желісінен, "Wendy's" мейрамханасынан сертификаттар, сондай-ақ кәдесыйлар орталығынан сертификаттар берілді. Бас жүлде ІРhonе 12-ні Дарья Сургутанова есімді тұрғын иеленді.

0
Кілт сөздер:
ұтыс, вакцина
Тақырып бойынша
Алматыда бұрын-соңды болмаған ұтыс өтіп жатыр
Атырау облысының әкімі халық арасында екпені тым аз салдырудың себебін айтты
Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады -  дәрігер түсіндірді
Студенттерге вакцина салдыру міндетті ме – Бекшин жауап берді
Вакцина салдырған алматылық ІРhonе 12 ұтып алды