Инфографика

Қанша адам қандас мәртебесін алды

Жазылу
Жыл басынан бері Қазақстанда 5 700-ге жуық адам қандас мәртебесін алды. Этникалық қазақтар қайдан келді, олардың қайда қоныстанғаны жайлы Sputnik инфографикасынан біле аласыз

Қандас – бұрын Қазақстанның азаматтығы болмаған, тарихи отанына келген және тиісті мәртебе алған этникалық қазақ.

2021 жылдың 1 мамырындағы мәліметтерге сәйкес, 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап Қазақстанға шамамен 1 761 000 этникалық қазақ келді.

Жыл басынан бері Қазақстанға оралған қазақтың көпшілігі Өзбекстаннан – 76,9%, 10,7% – Қытайдан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,9% – Моңғолиядан және 4%-і басқа елдерден келді.

Қандас мәртебесін алған адамдар және олардың отбасы мүшесіне көрсетілетін қызметтер:

  • қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарындағы тегін бейімдеу және интеграциялау қызметі;
  • медициналық көмек;
  • Республика азаматтарымен тең деңгейде мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар, бөлінген квотаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алу мүмкіндігі;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Жаңалықтар
0