Инфографика

Еуро-2021: ойын кестесі

Жазылу
Еуропаның футболдан он алтыншы чемпионаты 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында континенттің он бір қаласында өтеді. Sputnik Қазақстан футболдан бас доданың бірінші турындағы матчтардың кестесін жариялайды

Еуропа чемпионаты 2021 жылдың 11 маусымынан 11 шілдесіне дейін бір айға созылады.

Чемпионат Францияда өткен алғашқы турнирдің 60 жылдығына арналған болатын. Бірақ коронавирус пандемиясы салдарынан турнирді 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыруға тура келді.

Матчтардың қай күні өтетінін және трансляция нешеде басталатынын Sputnik инфографикасынан оқыңыз.

Еуро-2021 бірінші турының кестесі

Бірінші матч 11 маусымда Римнің Олимпиада стадионында өтеді. Турнир Түркия мен Италия құрамалары арасында өтеді.

А тобы

  • 11 маусым – Түркия - Италия, Римдегі Олимпиада стадионы (Трансляцияның басталуы - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:00)
  • 12 маусым - Уэльс - Швейцария, Бакудегі Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00)

В тобы

  • 12 маусым - Дания - Финляндия, Копенгагендегі Паркен стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 12 маусым -  Бельгия - Ресей, Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионы  (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13 маусым сағат 01:00)

С тобы

  • 13 маусым - Австрия - Солтүстік Македония, Бухаресттегі ұлттық стадион (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 13 маусым - Нидерланды - Украина, Амстердамдағы "Йохан Кройфф Арена" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 маусым сағат 01:00)

D тобы

  • 13 маусым - Англия - Хорватия, Лондондағы "Уэмбли" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00)
  • 14 маусым - Шотландия – Чехия, Глазгодағы "Хэмпден Парк" стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00)

Е тобы

  • 14 маусым - Польша - Словакия, Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионы  (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 14 маусым - Испания - Швеция, Севильядағы Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15 маусым сағат 01:00)

F тобы

  • 15 маусым - Венгрия - Португалия, Будапешттегі "Пушкаш Арена" (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00)
  • 15 маусым - Франция – Германия, Мюнхендегі "Альянц Арена"(Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16 маусым сағат 01:00).

2021 жылы Еуропа чемпионатына кім қатысады

Жарысқа 24 құрама команда қатысады: 20 команда біліктілігі бойынша өтсе, тағы төрт құрама УЕФА – Ұлттық лига турнирінің арқасында қатысады.

F тобындағы құрамалар арасындағы жарыс ең тартысты ойын болады деп күтілуде. Мұнда Әлем (Франция) мен Еуропаның (Португалия) қазіргі чемпиондары мен алдыңғы әлем чемпиондары (Германия) жиналған.

Бір айға созылатын турнир кезінде жанкүйерлер 51 ойынды тамашалай алады: 36 ойын топтық кезеңде өтеді және тағы 15 кездесу плей-офф аясында өтеді.

Еуро-2021 матчтары қай қалаларда өтеді

Еуропа чемпионатының матчтары он бір қалада өтеді: Амстердам, Баку, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим, Санкт-Петербург және Севилья.

Турнирдің бас қаласы - Лондон. Дәл сол шаһарда құрамалар арасындағы сегіз кездесу, оның ішінде шешуші кездесулер - жартылай финал мен финал өтеді.

Көрермендерге стадиондарға кіруге рұқсат беріледі. Бірақ стадионның көрермендерге толу деңгейі 50%-тен аспауы керек.

Турнирдің бойтұмары ретінде фристайл мен көше футболын жақсы көретін Скиллзи атты ұл бала таңдалды.

Еуро-2021 трансляциясын қазақстандықтар қайдан көре алады

Қазақстандық футболсүйер жанкүйерлер құрлық біріншілігіндегі ойындардың барлығын мына екі арнадан тікелей эфир арқылы көре алады – Qazaqstan және Qazsport.

https://qazsporttv.kz/ru/live

https://qazaqstan.tv/live

Спутниктік және кабельдік телевидениесі бар көрермендер матчтарды "Первый канал", "Россия 1" және "Матч ТВ"телеарналарынан тамашалай алады.

Жаңалықтар
0