АЕК деген не және ол не үшін қажет?

161
Айлық есептік көрсеткіш (немесе АЕК) – бұл Қазақстанда түрлі мемлекеттік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын қаржылық көрсеткіш
© Sputnik

Зейнетақы, жәрдемақы, сондай-ақ азаматтар төлейтін айыппұл мен салықтың жекелеген түрінің көлемі АЕК-ке тәуелді.

Қазақстанда АЕК 1996 жылдан бері қолданылып келеді. Бастапқыда АЕК көлемі әрбір тоқсан сайын өзгеріп отырды. Ал қазір оның көлемі бір жылға белгіленеді.

2021 жылы ол 2 917 теңгеге тең.

Айлық есептік көрсеткіштің көлемі мен оны қолдану ережелері "Республикалық бюджет туралы" заңда жазылған.

161

Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

188
30-31 шілде күндері Токио Олимпидасында Қазақстаннның жеңіл атлеттері және садақшылар өнер көрсетеді
Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
© Sputnik

Мәселен, бүгін түстен кейін жеңіл атлетика, атап айтқанда, 100 метр қашықтыққа жүгіру және үш қарғып секіруден іріктеу жарыстары өтеді. Оған Ольга Рыпакова, Ирина Эктова, Мария Овчинникова мен Ольга Сафронова қатысады. Бүгін іріктеуден өтсе, ертең финалдық сайыстарға қатыса алады. 

Бұдан бөлек, 31 шілде күні боксшыларымыз Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) 1/8 финалына шығу үшін жұдырықтасады. Сосын садақшы Ильфат Абдуллин ширек финалға шығуға тырысады. Оның қарсыласы - қытайлық Ли Цзялун. Ары қарай жартылай финал және финал өтеді.

Ал қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен украиндық Элина Свитолина Олимпиаданың қола медалін сарапқа салады.

188
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы, жарыс
Тақырып:
Токио Олимпиадасы

Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

453
(Жаңартылды 13:15 26.07.2021)
Қазақстандық спортшылар Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тартысты жарыс көрсетіп жатыр
Токио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
© Sputnik

Олимпиада ойындары 23 шілдеде басталған болатын. Алғашқы үш күнде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль түсті. 

Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 97 спортшы жарысқа түседі. Олар спорттың 27 түрі бойынша әлемнің ең мықты спортшыларымен бақ сынасады.

Қазақстан жеңіл атлетика бойынша 11 лицензия иеленді. Сонымен қатар әдеттегідей боксшыларға үміт артылып отыр. Бұл Олимпиадада біздің құрамада 9 лицензия бар. Сондай-ақ жүзуші Дмитрий Баландиннен де жоғары нәтиже күтілуде.

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыз. Трансляция "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі.

453
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ғалымдармен кездесті

Ақтөбе облысында сармат дәуірінің қорымы табылды

0
Мұғалжар ауданы аумағындағы Жағабұлақ қорымын зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының аумағынан сармат дәуірінің қорымы табылды. Онда тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған семсер сақталған.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тарих ғылымдарының докторы, Шығыс елдері сәулеті халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Әжіғалимен, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры міндетін атқарушы Талғат Мамыровпен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ғалымдар облыс әкіміне Мұғалжар ауданы аумағында Жағабұлақ қорымынан бір ай бұрын табылған бірегей олжа – тастан жасалған құрбан шалынатын орын мен алтынмен қапталған көрнекті семсерді көрсетті.

Каменный жертвенный, найденный на территории могильника в Актюбинской области
© Photo : ПС акимата Актюбинской области
Ақтөбе облысының аумағындағы қорымнан табылған тастан жасалған, құрбан шалынатын орын

Қорымның өзі ерте темір дәуіріне, яғни б.д.д. VI-V ғасырларға жататын ірі кешен екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мұнда қола айналар, алтын тоға және тағы басқа ежелгі заттар табылды. Археологиялық ескерткішті зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Сонымен бірге, Қарғалы ауданында қола дәуірінің қоныс-мекендері табылды. Сол аумақтан метал пеш табылған. Бұл қазіргі Ақтөбе облысының аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың метал өндірісімен айналысқанын дәлелдейді.

Меч, найденный в могильнике Жагабулак в Актюбинской области
© Photo : ПС акимата Актюбинской области
Жағабұлақ қорымынан табылған семсер

Бұдан бөлек, жуырда өңірде Едіге батыр мен Исатай Тайманұлының жерленген орнын іздеу жұмыстары басталады. Құрамына архитекторлар, этнографтар, археологтар мен арабистер кірген этнографиялық экспедицияны атақты ғалым, профессор Серік Әжіғали басқарды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдар өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және дәріптеуге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

0
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, археология