Қазақстандық студенттердің стипендиясы қанша

183
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда университет студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақысы едәуір өсті
Қазақстандағы стипендия
© Sputnik

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, бакалавр стипендиясы 20%-ке, магистранттар мен докторанттарда 15%-ке артты.

Енді бакалавр 26 186 теңгенің орнына 31 423 теңге алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге бұрынғыдай 42 000 теңге емес, 50 400 теңге төленеді.

Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды.

Магистранттардың шәкіртақысы 76 950 теңге (бұрын 66 913 теңге), докторанттарда – 172 500 теңге (бұрын 150 000 теңге), интерндерде 59 289 теңгені (бұрын 47 431 теңге) құрады.

183
Кілт сөздер:
стипендия, студенттер

Коронавирустың ETA штамы: белгілері мен қаупі

73
Қазақстанда коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды. Оның не себепті қауіпті екенін және қазақстандықтар ол туралы не білуі керек екенін Sputnik инфографикасынан оқыңыз
Коронавирустың ETA-штамы туралы не белгілі
© Sputnik

Eta штамы республика астанасында, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарында анықталды.

Жаңа штамның пайда болғаны туралы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Ол алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды. Қазірде әлемнің 77 елінде тараған. 

Оның белгілері Alpha (британдық) және Beta (оңтүстік африкалық) штамдармен бірдей. Коронавирустың бұл штамын жұқтырған жағдайда дене қызуы көтеріледі, жөтел болады, иіс пен дәм сезу жоғалады, науқас қатты ауырады.

Сонымен қатар Eta штамын диагностикалау мен дәрі-дәрмекпен емдеу қиынға соғады, вирустың адамнан адамға жылдам таралуына әсер етуі мүмкін.

73
Кілт сөздер:
коронавирус

Мектеп-2021: жаңа ереже туралы не білу керек

446
2021 жылдың 1 қыркүйегінде оқушылар бір жылдық үзілістен кейін дәстүрлі форматтағы оқуға қайта оралады
Мектеп-2021: жаңа ереже
© Sputnik

Ол үшін оқу процесіне қатысатындардың барлығы – мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар – бірқатар талапты сақтауы керек.

2021-2022 оқу жылында мектепте оқушылар үшін қандай жаңа ережелер енгізілгені туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар.

446
Кілт сөздер:
оқу жылы
Архивтегі сурет

Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

0
Технопаркке келген ер адам шамамен 45-50 жаста, "Молоток" аттракционында оның жағдайы нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Технопаркте демалған куәгерлердің айтуынша, "Молоток" аттракционында 45-50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ер адамның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған.

Сондай-ақ куәгерлер дәрігерлер келгенше дейін технопарк қызметкерлері де оған көмектесуге тырысқанын айтты. Бірақ оларда тіпті қарапайым дәрі қобдишасы да болмапты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Шымкент, аттракцион