Қазақстандықтардың табысы қанша

139
Қазақстандықтар қай өңір мен қай салада қанша табыс табатынын, сондай-ақ ең төмен жалақы қай салада екенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз
Қазақстандықтардың табысы қанша
© Sputnik

Қазақстанда 2021 жылдың үшінші тоқсанында айлық орташа жалақы 243,7 мың теңгеге жетті – бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 19,3%-ке артқан.

Өңірлерге келсек, Атырау, Маңғыстау облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы тұрғындары әдеттегідей ең көп жалақы алады.

Ең аз жалақы Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген.

Кен өндіру өнеркәсібінде және қаржы секторында жұмыс істейтін қазақстандықтар көп табыс табады.

Ең азы – ауыл шаруашылығы мен сумен қамтамасыз ету саласы.

Инфляцияны ескерсек, жалақының өсуі азаматтардың сатып алу қабілеті арқылы көрінеді, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша жылына 9,8%-ті құрады, деп жазды Ranking.kz.

Оқи отырыңыз: 

139
Кілт сөздер:
табыс

Қайта вакциналау туралы не білу керек

133
(Жаңартылды 14:25 16.11.2021)
Қазақстандықтар қашан қайта вакциналаудан өтеді және екпені ең алдымен кімдерге салады – толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар
COVID-ке қарсы қайта вакциналау туралы не білу керек
© Sputnik

Қарашаның басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқанына кірісу туралы үкіметке тапсырма берді.

Қайта вакциналау – коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын салғызу.

"Мемлекеттердің басым бөлігі халықты қайта вакцианалуға кірісті. Біз белсенді түрде екпе салуды наурызда бастағанымызды ескерсек, қайта вакциналау мерзімі жетті. Үкімет пен әкімдіктер халықты қайта вакциналау науқанына кірісуі керек", - деген еді Тоқаев Екібастұзда өткен жиында.

Мемлекет басшысы атап өткендей, елдегі эпидемиялық жағдай әлі де тұрақсыз – күн сайын коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 30-ға дейін жетуде.

Қазанның ортасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство елде қайта вакциналау жүргізудің әдіс-тәсілдерін анықтағанын хабарлады.

Цойдың айтуынша, вакциналау курсы толық аяқталғаннан кейін 6-9 ай өткен соң қосымша доза салғызу қажет болады.

Қазақстанда қайта вакциналау 22 қарашадан басталады деп жоспарланып отыр. 

133
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина

Қазақстанда көмір бағасы қанша

164
Көмір өндіру бойынша Қазақстанның қай өңірі көш бастап тұр және бір жыл ішінде көмір қаншалықты қымбаттады – осы туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар.
Қазақстанда көмір бағасы қанша
© Sputnik

2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда өндірілген көмір көлемі 82,1 миллион тоннаны құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ке артық.

Көмір өндірісі бойынша көшбасшы өңірлер

Өндірістің жартысынан астамы Павлодар облысына тиесілі, мұнда 47,9 миллион тонна тас көмір өндірілді. Тағы үштен бір бөлігі – Қарағанды облысының үлесінде (27,7 миллион тонна). Үшінші орында 6 миллион тонна көмір өндірілген Шығыс Қазақстан облысы тұр.

Көмір бағасы

Екінші жыл қатарынан бағаның өсуі тіркеліп отыр. Мысалы, 2021 жылдың қыркүйегінің қорытындысы бойынша елдегі тас көмір бағасы орта есеппен 5,1%-ке өсті.

Көмір Қазақстанның 17 облысының 14-інде қымбаттады. Бағаның айтарлықтай өсуі Шығыс Қазақстан облысында (жылына 10,8%-ке) тіркелді. Жамбыл және Түркістан облыстарында баға 8,6%-ке өсті. Тек Батыс Қазақстан облысында тас көмір бағасы 1%-ке арзандады.

Ең қымбат көмір Оралда – бір тоннасы 19,3 мың теңгеден, ең арзаны Семейде - 9,8 мың теңгеден сатылып жатыр.

164
Кілт сөздер:
көмір, баға
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

0
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды