Қазақстанда 30 жылда кімдер премьер-министр болды

235
(Жаңартылды 19:15 11.01.2022)
Қазақстанда 11 қаңтарда еліміздің премьер-министрі болып Әлихан Смайылов тағайындалды. Осылайша ол Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 11-ші премьер-министр болды
Қазақстанда 30 жыл ішінде премьер-министр болғандар
© Sputnik

Ол Қазақстан қиын кезеңді бастап өткеріп жатқан кезде қызметке тағайындалды.

Әлихан Смайылов 2019 жылдан бастап бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің үкіметінде бірінші вице-премьер болған.

Тәуелсіздік жылдарында бір адам – Кәрім Мәсімов қана екі рет премьер-министр қызметін атқарды. Ол бұл лауазымды ең ұзақ атқарды – шамамен 7 жыл.

2016 жылдан бастап Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.

6 қаңтарда ҰҚК экс-басшысының ұсталғаны белгілі болды. Ол және басқа да адамдар мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады ҰҚК.

Орта есеппен Қазақстанның премьер-министрлері бұл қызметті үш жыл атқарды. Бұрынғы премьер-министрдің бірі – Қасым-Жомарт Тоқаев қазір республика президенті.

Премьер-министрлер арасында бұл қызметте ең аз отырған – Иманғали Тасмағамбетов. Ол үкіметті бір жыл басқарды. Тасмағамбетов және елдің алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко қазір зейнетте.

Премьер-министрлердің бірі Серік Ахметов 2015 жылы жемқорлық үшін сотталды, бірақ қазір бостандықта.

Енді наразылық білдірушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап еткеннен кейін тағайындалған жаңа премьер-министр Әлихан Смайыловтың жұмысына көпшіліктің ерекше назар аударатыны белгілі. Оған Алматыдағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанды қалпына келтіру міндеті жүктелген.

235
Кілт сөздер:
премьер-министр

Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы

82
Қазақстан үкіметінің құрамы қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз
Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы
© Sputnik

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет құрамын өзгертті, осы жылдың 11 қаңтарында елдің орталық мемлекеттік органдарын кім басқаратыны белгілі болды.

Министрлер кабинетінің құрамына 7 жаңа министр кірді, оның ішінде біреуі әйел – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 

Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылары өз орнында қалды.

Жаңа тағайындаудың ішінде төрт шенеунік бұрын министр қызметін атқармаған: Болат Ақшолақов (Энергетика министрі), Әлібек Қуантыров (Ұлттық экономика министрі), Асқар Омаров (Ақпарат және қоғамдық даму министрі) және Ажар Ғиният (Денсаулық сақтау министрі).

Үкімет құрамында бір ғана әйел қалды.

Үкіметтің жаңа құрамы 12 қаңтар, сәрсенбі алғашқы отырыс өткізді. Олар президенттің мәжіліс отырысында жарияланған тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды, сондай-ақ еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды талқылады.

82

2022 жылы жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді

8370
2022 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері бекітіледі. Осыған байланысты келесі жылы жәрдемақы мөлшері қалай өзгеретінін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз
Жәрдемақы мөлшері - 2022
© Sputnik

2022 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге болады. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгені құрайды. Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге жетеді. Осыған байланысты зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем мөлшері де артады.

Бала туғанда және оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы

Бала тууға байланысты жәрдемақының мөлшері бекітілген:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК немесе 116 394 теңге;
  • төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 192 969 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.

Бала күтіміне берілетін жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Ол сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 044 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек. Ол былай есептеледі: соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентке көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау керек.

Көпбалалы аналарға қанша жәрдемақы төленеді

2020 жылдың қаңтарынан кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді.

2022 жылы оның мөлшері:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге; 
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 61 382 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 73 665 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 85 948 теңге;
  • 8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 98 200 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК.

2022 жылы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы әйелдерге ай сайын 6,4 АЕК немесе 19 603 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 

Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы

2022 жылы мүгедектерге берілетін жәрдемақы:

  • 1-ші топ – 69 155 теңге;
  • 2-ші топ – 55 108 теңге;
  • 3-ші топ – 37 459 теңге.

Сенат қыркүйекте қабылдаған жаңа заң жобасына сәйкес, барлық топтағы мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін өседі. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды.

Сонымен қатар мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны бір уақытта алуға мүмкіндік беретін құқық енгізу қарастырылып жатыр. Қазір мүгедек балалар ата-анасы ажырасқан жағдайда алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақыны бір уақытта ала алады. Бірақ ата-анасының (асыраушысының) біреуі немесе екеуі қайтыс болған жағдайда бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыны немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының біреуін ғана алады. Осы норма енгізілген жағдайда, 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен бірге асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны да ала алады.

Асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) мөлшеріне қарай тағайындалады:

  • отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған жағдайда 0,86 КД немесе 30 975 теңге;
  • екі мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 1,49 КД немесе 53 667 теңге;
  • үш мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 1,85 КД немесе 66 633 теңге;
  • төрт мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 1,96 КД немесе 70 595 теңге;
  • бес мүшесі болса – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 2,03 КД немесе 73 116 теңге;
  • алты және одан да көп адам еңбекке жарамсыз болса – 2,11 КД немесе отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне 75 998 теңге.

Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айырылуына байланысты ай сайынғы жәрдемақы әр балаға 1,18 КД немесе 42 501 теңге, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 КД немесе 19 450 теңге мөлшерінде тағайындалады, бірақ ол отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесі үшін 2,56 КД немесе 92 206 теңгеден аспауы керек.

2022 жылы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион қазақстандықтың табысы өседі, ал ең төменгі жалақының ұлғаюы экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның табысы өсуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін 2022 жылға арналған республикалық бюджетте 4 триллион теңге (9,3 миллиард доллар), оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақыны индекстеуге 190,4 миллиард теңге (443 миллион доллар) қарастырылған.

Еңбек министрлігі бұл 4,2 миллион адамның табысының артуына әкелетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын 900 мыңнан астам адамның табыс деңгейіне оң әсер етеді.

8370
Кілт сөздер:
жәрдемақы, 2022 жыл
Самат Әбіш

Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

81
(Жаңартылды 12:27 17.01.2022)
Бұған дейін Самат Әбіш жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген еді. 

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етті. Генерал-лейтенант шені бар.

81
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев