Әйел, архивтегі сурет

"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді

6453
Тәжірибелі хирургтің айтуынша, сырт-келбетіне көңілі толмайтын жандар пышаққа түсуден тайынбайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik, Дәурен Ерболат. Нұр-Сұлтан қаласындағы тәжірибелі пластикалық хирург Әлімжан Романкулов қазақстандық әйелдердің пластикалық отаға неге әуес екенін, соңғы кездері ер адамдар да пышаққа жиі түсе бастағанын әрі арзан операция неге қауіпті екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Әлімжан Романкулов Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде пластикалық хирург мамандығы бойынша білім алған. Хирургия саласында еңбек етіп жүргеніне 13 жыл болыпты. Алғашқы отасын сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйел адамға жасаған екен.

Пластикалық хирург Әлімжан Романкулов
© Photo : Әлімжан Романкуловтың жеке архивінен
Пластикалық хирург Әлімжан Романкулов

Пластикалық ота қанша тұрады?

Дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда пластикалық отаны жасататындардың саны артқан, бағасы да операцияның түріне қарай әртүрлі болады екен.

"Өткен жылдармен салыстырсақ, бұрын аптасына 10 операция жасайтынбыз. Бүгінде аптасына 20-30 рет жасайтын кездер болады. Қазақстандағы пластикалық отаның бағасы ақылға қонымды, аса қымбат емес. Әр пластикалық клиниканың өз бағасы бар. Бұл олардың қандай импланттармен жұмыс істейтініне байланысты. Қазір импланттардың түрі өте көп, бағалары да қолжетімді, сондықтан әр пациент қалтасына қарай көсіледі. Мысалы, елімізде қабаққа операция (блефаропластика) жасатудың бағасы - 100-400 мың теңге. Омырауды үлкейтетін отаның (маммопластика) бағасы 600 мың теңгеден басталып, 1 миллион теңгеге дейін жетеді", - дейді Әлімжан Романкулов.

Тағы оқыңыз: Ресейде пластикалық ота жасатқан әйел көз жұмды

Пластикалық отаға кімдер әуес?

Пластикалық хируг көбінесе әйелдер ота жасататынын атап өтті. Олар әдемі болу үшін осындай қадамға барады. Дәрігер ескерткендей, пластикалық ота барысында адамның денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар болуы мүмкін.

"Өзімнің жеке тәжірибеме сүйенетін болсам, маған 95% әйелдер келеді, орташа жасы - 40-50. Олар көбінесе блефаропластика (қабақ пластикасы), маммопластика (омырауды үлкейту) жасатады. Медицинада "кепілдік" деген ұғым жоқ, себебі отаның адам ағзасына қалай әсер ететінін болжап білу мүмкін емес. Біз ақыл-кеңес қана бере аламыз", - дейді тәжірибелі дәрігер.

Пластикалық операция
© Photo : Әлімжан Романкуловтың жеке архивінен
Хирургтің айтуынша, пластикалық ота жасатуға көбінесе әйелдер келеді

Ерлер де пластикалық ота жасатады

Әңгіме барысында Әлімжан Романкулов соңғы кездері ер адамдардың да ота жасатып жүргенін айтады.

"Қазіргі таңда еркектер де операция жасататын болды. Мысалы, бұрынғы жылдары 3 айда бір ер адамға операция жасасақ, бүгінде бір айда 3-4 еркек келетін болды. Олар көбінесе отопластика, блефаропластика (қабаққа ота жасау) жасатады. Отопластика кезінде құлаққа ота жасаймыз. Яғни
қалқанқұлақ болса, оны кішірейтеміз. Сондай-ақ кейбір ер адамдар жыныстық қатынасқа көңілі толмай, жыныстық мүшесін үлкейту үшін келеді. Мұндай жағдай екі айда бір рет кездеседі. Ондай операцияның бағасы 300-400 мың теңгені құрайды, ота бір сағатқа созылады", - дейді пластикалық хирург.

Тағы оқыңыз: Қарнындағы майдан арылғысы келген әйел отадан кейін түрін көріп шошып кетті

Пластикалық ота арзан болса...

Дәрігердің айтуынша, кейбір қазақстандықтар Қытайға барып ота жасатады. Себебі ол жақта пластикалық операцияның бағасы арзан әрі ешқандай анализ тапсырудың қажеті жоқ. Бірақ дәрігер мұндай отаның адам өмірі үшін өте қауіпті екенін ескертті.

"Анализдің қорытындысын білмей, адамға операция жасауға болмайды. Қытайдағы қонақүйлерде анализсіз түрлі операция жасайтындар бар. Бұл заңға қайшы әрі адам өмірі үшін қауіпті, себебі мұндай операция кезінде науқас венерологиялық жұқпалы ауру жұқтыруы мүмкін. Соған қарамастан ол жаққа ота жасатуға баратындар бар. Кейін олар қазақстандық хирургтарға келіп емделеді", - деді Әлімжан Романкулов.

Пластикалық ота жасатып, сұлу қызға айналды

Сұқбат барысында пластикалық хирург адам танымастай өзгерген 24 жастағы қыз туралы айтып берді. Жас қыздың сыртқы келбетіне көңілі толмай, пластикалық ота жасатуға бел буыпты.

"Маған бір күні 24 жастағы қыз келді. Қай қалада тұратынын, аты-жөнін айта алмаймын. Ол құлағына, мұрнына, көзіне, иегіне, екі ұртына ота жасатып, бөксесін үлкейтті. Сөйтіп, ол адам танымастай өзгеріп, сұлу қызға айналды. Бұл пациентте артық салмақ болған жоқ. Бірақ, неге екені белгісіз, өз дене-бітімінен ұялатын. Ол әдемі болу үшін 5-6 миллион теңге жұмсады", - дейді дәрігер.

Тағы оқыңыз: Алматылық студент қыз ұзақ жыл киюге мәжбүр болған бетпердеден арылды

Пластикалық ота жасатам десеңіз....

Әлімжан Романкулов пластикалық ота жасатқысы келетіндерге кеңес берді. Оның айтуынша, бұл шешімді асықпай қабылдаған жөн.

"Кез келген операция адам өміріне қауіп төндіреді. Соған қарамастан кейде адамдар әдемі болу үшін пышақ астына түсіп жатады. Сондықтан бұл шешімді асықпай қабылдаңыз. Ал егер пластикалық ота жасатқыңыз келсе, тәжірибелі, еңбек өтілі мол хиругпен ақылдасқан жөн. Операция жасату сізге қажет пе, оның нәтижесі қандай болады - осыны анықтап алу қажет. Екіншіден, операцияға қажет барлық анализді тапсыру керек. Себебі анализдің қорытындысы білмей, адамға операция жасауға болмайды", - деп пластикалық хирург сөзін түйіндеді.

Тағы оқыңыз: Рымбаева бетіне пластикалық ота жасатқан ба?

6453
Кілт сөздер:
хирург, пластикалық ота
Тақырып бойынша
Астаналық "қарт балаға" пластикалық ота жасалды
Кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмды
Үш баланың анасы төсін үлкейткен, бірақ соңы жақсылықпен аяқталмады
Адамдардың түрін "құбыжыққа" айналдырған хирургті сотқа берді
Алматыда науқасы көз жұмған пластикалық хирург жазадан құтылып кетті
Олжас Сүлейменов

"Айғайладым! Мұндай дүние үнсіз жазылмайды": Олжас Сүлейменов сұхбат берді

1391
(Жаңартылды 18:06 07.04.2021)
12 сәуірде адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл болады. Сол тарихи сәтті қағазға түсірген ақын Олжас Сүлейменов Юрий Гагаринмен кездескені жайлы, поэманың қалай жазылғанын айтып берді

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Осыдан 60 жыл бұрын Байқоңыр жерінен ұшқан Юрий Гагарин ғарыш әлемін бағындырды. Сонымен қатар сол күні әлем тарихи сәтті жырға қосқан қазақ ақыны Олжас Сүлейменовті таныды.

Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына байланысты Sputnik Қазақстан тілшісі белгілі ақын, жазушы, әдебиеттанушы, лингвист және қоғам қайраткерімен сұхбаттасты.

Олжас Сүлейменов "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасының қалай жазылғаны, бір күнде ақын мен өлеңнің танымал болуы, Юрий Гагаринмен қалай кездескені, ғарышты бағындырған алғашқы адамның қазасын қалай қабылдағаны және бүгінгі Қазақстан жайлы эксклюзивті сұхбатта айтып берді. 

"Айғайладым! Мұндай дүние үнсіз жазылмайды"

- Олжас Омарұлы, қайырлы күн. Сізді аман-есен көргенімізге шын қуаныштымыз.

- Құдайға шүкір, рақмет!

- Биыл 18 мамырда 85 жасқа келесіз. 60 жыл бұрын шамамен дәл осындай уақытта сіздің Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына арналған көпшілікке белгілі "Адамға табын, Жер, енді!" поэмаңыз жарық көрді. Бұл туындының жазылу тарихы қандай? Поэма арқылы оқырманға не жеткізгіңіз келді және оны жазуға қанша уақыт кетті?

- 12 сәуір. 1961 жылдың 12 сәуірі. Бұл бүкіл адамзат үшін ғана емес, жас ақын, әдебиетші Сүлейменов үшін де жұлдызды күн болды. Оған дейін де бірлі-жарым өлең жаздым, алайда ол уақытта кітабым да жоқ еді. "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істеп жүрдім. Редактор шақырып, "Ертең адам ғарышқа ұшады" деді. Маған осындай құпияны айтты. Шамасы, партияда осыған байланысты қандай да бір ақпарат айтылып жүрген, республикалық газеттің редакторы ретінде ол жоспардан хабардар еді. Меніңше, Кеңес Одағының барлық редакторы сол тарихи оқиғаның болатынын білді. Алайда тек бір редактор ғана оны өзінің қызметкеріне айтып, өлең жазуын өтінді. Ол менің өлең жазатынымды білетін, себебі әдебиет институтында оқыдым. Әдеби газетте өлеңдерім жарияланған. Содан Федор Боярский осындай ұсыныс айтты. Ерекше редактор болатын. "Ертең газетте жариялайтындай етіп жаз" деді. Тапсырмасын сол күні орындадым, баспаға тапсырдым.

Казахский поэт Сулейменов
© Sputnik / Иосиф Будневич
Олжас Сүлейменовтің жас кезі

Ал таңертең қарындастарым менің өлеңім басылған бір уыс парақ алып келді. Төбеден ұшақпен тастаған екен... Бір ұшақ Алматының үстінен өлең жазылған қағазды тастапты. Көгілдір, кейбірі қызғылт парақ. Жалпы сол шығарманың толық жинағы қолымда болды. Еш әдебиетші дәл сондай таңғажайып басылымға ие болмаған деп ойламаймын.

- Адам ғарышқа сәтті ұшты. Сол күні қалада не болғаны есіңізде ме? Адамдар бұл жаңалықты қалай қабылдады?

Бүкіл әлем 12 сәуірде дүркіреп тұрды. Алматы тікесінен тік тұрды. Бұл мереке болды! Алматыда болған осындай керемет екі-ақ оқиғаны білемін. Бірі – 12 сәуір және 1945 жылдың 9 мамыры. Ол кезде жас болдым. Алматы көшелерінде де осындай үлкен қуаныш болды. Барлығы жақсы көңіл-күйде жүрді. Таңғаларлық. Өкінішке қарай, бұдан басқа мұндай мереке күндері есімде қалмапты.

...Содан кейін Федор Боярский сол күні, 12 сәуірде маған: "Жаз. Өлең аз болады, әрі қарай жаз. Көлемді өлең жаз. Көп. Ғарышқа ұшу туралы жаз. Сен инженерсің ғой, түсінесің..." деді. Себебі оған дейін геология факультетін бітірдім, геолог-инженер болдым. Шын мәнінде адамның ғарышқа ұшуы дегеннің не екенін түсіндім. Мұны бәзбіреулер балықтың құрлыққа шығуы секілді тарихи, биологиялық фактімен салыстыруға болатынын айтты. О, қалай! Авторы есімде жоқ, алайда бұл сәтті салыстыру болды.

Содан кейін жаздым. Бір апта жазған болармын. Тоқтамастан жаздым, жаздым. Айғайладым! Себебі мұндай дүние үнсіз жазылмайды. Дауыстап айтып отырып жазылады. Бөлме ішінде ары-бері жүргенімнен үйдегілер де қорқып кететін. Нәтижесінде сәуірде "Адамға табын, Жер, енді!" поэмасын өндіріске өткіздім.

© Sputnik
Ұшқыш-ғарышкер Юрий Гагарин "Восток" ғарыш кемесінің кабинасында

Поэма не туралы? Әрине, ол тек Гагариннің ғарышқа ұшуы туралы болған жоқ. Ол кезде Гагаринді танымайтын едім. Ол уақытта адамның ғарышқа ұшуы не екенін білмесем де, түсіндім. Адамның ғарышқа ұшуы – адамзаттың бүкіл алдыңғы тарихын жалпылау. Міне, мен сол аптада өзімнің не сезінгенімді қорытындыладым. Поэма расымен де бірден жарияланды. Ол уақытта жылдамдық та ғарыш жылдамдығымен тең деп айтар едім. Біздің елде бірден жарияланды. Ал мамырдың соңында Америкаға, Колумбия университетіне бардым. Сол жақта сөз сөйледім. Сол жерде поэмадан үзінді оқыдым.

Америкаға бара жатқанда маған ағылшын тілінде студенттерге оқып беруге болатын шумақты таңдап алуды ұсынды. Жеттік. Колумбия университеті. Залда әртүрлі нәсіл, әртүрлі ұлт өкілдері, университеттің барлық студенті болды. Америкалықтар мен сырттан келген студенттер деп топшыладым. Сол сәтте де сәтті мәтінді таңдап алдым. Қай шумақты оқығаным әлі есімде:

Люди!

Граждане всей вселенной!

Гости галактик!

Хозяева Шара!

Вы не хотите

пропасть бесследно?

Живите,

Живите,

Живите с жаром!

Живите, люди!

Живите, люди.

Вы совершили свой первый подвиг.

Преодолели земную тягость,

Чтобы потомки это запомнили —

Преодолейте земные тяжбы!

Реки, вспаивайте поля!

Города,

вставайте в заре!

Пусть, как сердце, летит Земля,

Перевитая жилами рек!

Мы найдем.

Мы должны найти

Все ответы на тот вопрос.

Путь земной —

Продолженье пути

До сегодняшних

Взятых звёзд.

Бұл өте сәтті таңдалған үзінді болды. Сол шумақты әлі күнге дейін жатқа білемін. 60 жыл өтті. Шамамен бір аптадан кейін осы үзіндіні Парижде оқыдым. Парижде де университет аудиториясында өтті. Осы поэмадан менің әдебиетші ретіндегі шығармашылық өмірбаяным басталды.

Гагаринмен кездесу

- Олжас Омарұлы, Юрий Гагаринмен жеке кездестіңіз бе?

- Ия, әрине, кездестім. Кездескенде қалай, ол кісі өткізген кездесулерде болдым. Ал өзімен жеке небәрі бір-екі рет кездескен шығармын.

- Не туралы әңгімелестіңіздер?

- Екінші рет қай күні кездескеніміз де есімде. Бұл 1967 жылдың шілдесі еді. Бұл кездесу Вешенская ауылында, Дон өзенінде болды. Шолохов Жазушылар одағының хатшысы еді, кеңестің жас ақындарын сол маңға шақырды. Арамызда чилилік ақын әйел болды. Бізді бір аптаға шақырды, сол аптаны ақындардың ортасында жақсы өткіздік. КСРО Комсомолы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Сергей Павлович Павлов ұшып келді. Олар Гагарин екеуі дос болды. Бәріміз таныс болдық. Біз тіпті  Ростовтан Гагаринмен бірге ұшақпен ұшып кеттік. Ол ұшақты басқарып көруді сұрап, біраз уақыт жүргізді. Бәріміз қорқып отырдық.

© Sputnik
Юрий Гагарин ғарышқа ұшар алдында ұшақ кабинасында отыр

Алайда ол өзін сенімді ұстап, ұшақты қондырды. Біз сол аптада айырылмай бірге жүрдік. Бір аптадан аз болуы мүмкін. Алайда есте қаларлық күндер еді, Вешенская ауылында бірге сөз сөйледік. Сол кездегі орта қызық болды. Әрине артынан дастарқан жайылды. Гагарин оған белсенді қатысты. Ақындар туралы айтудың да қажеті жоқ шығар... Ал әңгіме поэзия немесе ғарыш туралы емес, жай ғана ер адамдардың тақырыбында болды.

Содан кейін Дон жағасында волейбол ойнадық. Шолохов онда жақсы отырыс өткізді. Құмның үстіне дастарқан жайылды. Сүйрікті сол жерде аулап, бірден қуырылды. Волейбол ойнап жүргенде Гагарин аяғын ұлу қабыршағына кесіп алды. Бірден суға қарай жүгірді.

Дон өзеніне аяғын салғанда... Тынық Дон өзеніне аяғын салған кезде қызыл жолақ болып қан ақты. Бұл жағымсыз белгі болды. Себебі сол оқиғадан бірнеше ай өткен соң 1968 жылы құлады. Алайда ол біздің есімізде қалды. Адамзат атынан шыққан ұлы пионер ретінде ғана емес, сонымен қатар дос бола алатын жақсы жолдас ретінде есте қалды.

- Қазасын қалай қабылдадыңыз?

- Біз сол жерге бардық. Владимирский облысы Киржач ауданы болу керек. Ол жердің қалай аталғаны есімде жоқ. Орманда мүсінші Рукавишников темір ескерткіш, темір құлпытас орнатыпты... темірдің төмен жағына "Адамға табын, Жер, енді..." деп ойып жазылған екен. Ол жерде леп белгісі емес, көп нүкте қойылған. Юрий Алексеевичті осылай шығарып салдық.

Герой Советского Союза, майор Юрий Гагарин
© Sputnik
Юрий Гагарин

Қазір мені ол кісіні көпшіліктің аз еске алатыны қынжылтады. Жаңа ұрпақ келді. Не дегенмен арада 60 жыл өтті. Жаңа буын алғашқы ғарышкерлерді ұмытып кетті. Олардың өз қызығушылығы бар. Алғашқы ғарышкерлердің атын атамайды. Қазір олардың өз қаһарманы бар. Алайда осы ерліктің 60 жылдығында адамзат шын түсініп, қандай да бір акция арқылы атап өтуі өте маңызды. Өткізеді деген үміт бар. Гагарин ешқашан ұмытылмайды. Юрий Гагариннің есімі ғасырлар бойы өшпейді.

- Олжас Омарұлы, әңгімеміз тарих тақырыбына ауып жатыр ғой. Кейінгі уақытта әртүрлі салада тарихты қайта жазып шығуға, оны өзгертуге тырысып жатқандардың бар екенін байқап жүрміз. Мұның Гагаринге де қатысы бар. Себебі Батыста, Америка Құрама Штаттарында ғарышта болған алғашқы адам Юрий Алексеевич Гагарин емес, америкалық астронавт Алан Шепард екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Біздің жас ұрпақтың тарихты зерделеуге асықпай отырғанын ескерсек, мұны санамызға сіңіріп тастауы мүмкін бе?

- Қазір америкалық астронавтың 5 мамырда, ал Гагариннің 12 сәуірде ұшқанын еске салу керек. Осыдан-ақ бәрі анық көрініп тұр. Ойланбайтын адамның өзі де кімнің бірінші екенін анық көреді. Бұл – өткен жылы Трамптың 1945 жылы 8 мамырда Америка Гитлерді, Германияны жеңді деп жасаған мәлімдемесі сияқты дүние. Барлығы мұның 9 мамырда болғанын, Америка емес, Кеңес одағының жеңісі екенін біледі. Аға буын оны жақсы біледі, жас ұрпақ білмеуі мүмкін. Көрермен, оқырман, тыңдарманға даталарды еске салып отыру қажет. Сонда ғана біздің, жастардың санасын өзгерте алмайды.

- "Байқоңыр" ғарыш айлағына барып, ғарышқа ұшу сәтінің куәгері болып көрдіңіз бе?

- Жоқ. Әлі Байқоңырда болмадым. Биыл барып қайтсам деймін.

- Мұны сіздің арманыңыз деп айтуға бола ма?

- Арман деп айту қиын, себебі өзім жазған Байқоңырда болмасам да, әлемді аралап шықтым. Мұндай парадокс кездеседі. Меніңше қалыпты жағдай. Биыл 9 сәуірде барып қайтамын. Ол жерде пилоттық ұшыру болады. Шақырту алдым, барамын.

Алма-Ата ма, Алматы ма?

- Бұған дейін Алматы қаласына Алма-Ата деген бұрынғы атауын қайтаруды ұсындыңыз. Бұл пікіріңіз де біраз сынның астында қалды. Бұл ойыңыз әлі де өзгермеді ме?

- Әлі де солай ойлаймын. Мысалы, хаттарыма "Алма-Ата" деп жазамын. Алматы – біздің қаламыздың қазақша атауы болуы мүмкін. Мысалы, Баку бар. Әзербайжан тілінде Бакы деп естіледі. Олар Bakı деп жазады. Басқалар үшін – Баку. Себебі қаланың немесе елдің атауын "ы" дыбысымен аяқталмауы керек. Себебі оны ешкім дұрыс айтпайды. Бұл жерде мен тек қаланың патриоты ретінде ғана емес, лингвист ретінде де ойымды айттым. Сол ойымда қаламын.

Егер қазақша жазсам, міндетті түрде "Алматы" болады. Бұл қалыпты жағдай. Көптеген елде солай қалыптасқан. Ана тілі немесе мемлекеттік тілде елдің не қаланың аты басқаша жазылса, ал хатты жіберетін елдің тілінде оқырманға түсінікті болу үшін осындай екінші түрін қолданасың. Қаланың атын өзгерте салу емес, осылай қолдану туралы ұсыныс айттым.

Бұл дұрыс болар еді, өйткені Алма-Ата "Алма атасы" деп аударылады. Бұл әлемдегі ең көне алма өскен жер, осы жерден бүкіл әлемге тарады және оны ғалымдар дәлелдеді. Біздің ғалымдар да, ағылшындар мен француздар да дәлелдеді. Демек, алма алғаш рет осы жерде жеміс ретінде пайда болды, содан кейін Жібек жолы арқылы тарап, тұқымы әлемнің басқа елдеріне жетті. Міне бұл – Алма-Ата. Бұл атаудың мағынасы осы деректі айқындайды.

Сүлейменов Нобель сыйлығынан неге бас тартты?

- Олжас Омарұлы, сіз бастаған "Невада-Семей" қозғалысының жұмыс нәтижесінде бес ядролық полигон жабылып, сізді бүкіл әлемге әйгілі тұлға етті. Сізді тіпті Нобель сыйлығына ұсынған екен, бірақ сіз бас тартыпсыз. Неге?

- Бұл да Алматыда, 1990 жылдың мамырында, сынақты тоқтатқаннан кейін жарты жылдан соң болды. Соңғы жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Бұл жаңалық әлемге тарап, барлығы біздің елді көргісі келді. Содан Алматыда мамырда "Барлық сайлаушылар ядролық соғысқа қарсы!" ұранымен алғашқы антиядролық конференция өтетіні туралы хабарладық.

Осы ұранмен ядролық қаруды мүлдем тоқтата аламыз деп ойладым. Америкадан бізге 300 делегат келді. Жапония, Франция, Англиядан келді. Бұл қарапайым азаматтар ғана емес, арасында сенатор, конгрессмендер де болды. Алғашқы антиядролық халықаралық конференция өтті.

Оны өткізуге ақша іздедім. Шахматтан әлем чемпионы Анатолий Карпов басқарған кеңестік бейбітшілікті қорғау комитетіне жүгіндім. Оларға түсіндірдім, олар кеңесе келе 400 мың рубль ақша тапты. Бұл доллар 62 тиынға тең кез еді, яғни 600 мың доллардан асатын қаражат болды. Содан кейін КСРО Азаматтық авиация министріне барып, оны көндірдім. Ол америкалық делегаттарға ұшақ жіберді. Осы 300 делегаттың барлығын ұшақ Алматыға алып келді, конференция аяқталғанша Алматы әуежайында тұрды.

Содан кейін Семейге сол ұшақпен ұшып бардық, ол жерде митинг болып жатты. Олар сол жерден Америкаға ұшып кетті. Осындай қызық жағдайлар болды. КСРО Жоғарғы кеңесі мен біздің антиядролық тобымыздың, "Невада - Семей" ұйымымыздың осындай беделі болды.

Народный депутат СССР, поэт Олжас Сулейменов (в центре) беседует с жителями города Семипалатинск, июнь, 1990 года
© Sputnik / Юрий Куйдин
КСРО Халық депутаты, ақын Олжас Сүлейменов Семей қаласының тұрғындарымен кездесті, маусым, 1990 жыл

Конференцияда америкалық делегат ұсыныс айтты. Меніңше, сол ұсынысты айтқан адам генерал болды. Ол биыл қазанда Нобель сыйлығы берілетінін, Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсынуға үлгеру керек екенін айтты. Ал сол генералдың өзі соған дейін ядролық қаруға жақ болып, зейнетке шыққан соң ядролық қаруға қарсы адамдар қатарына қосылған. Әрине, жиналғандар бұл ұсынысты айтқанда қолдай кетті.

Содан кейін мен сөз сөйледім. Сол кезде біздің тек кеңестік полигондарды тоқтатқанымызды, әлі Америкада Невадада АҚШ мен Англия сынақтан өткізетін полигон бар екенін айттым. Француздар сынақ өткізетін Тынық мұхитында Муруроа атоллында полигон бар. Біздің жанымызда қытайлар сынақтан өткізетін Лобнор полигоны бар. Осының бәрін тоқтатайық. Сол кезде өзіміз барып, кез келген сыйлықты сұраймыз дедім. Бұл сөзімді бәрі қолдап, қол соқты. Ал сол генерал Америкаға барған соң топ құрып, Кеңес Одағындағы сынақтарды тоқтатуға қатысқаны үшін өзін Нобель сыйлығына ұсыныпты. Шындап келгенде, бізді ешқандай сыйлық, орден, медаль қызықтырмайды. Егер қандай да бір іс болса, оны істеу керек. Ал ол әрекетіміз үшін марапат не соққы жейтінімізді тағдыр көрсетеді.

- "Невада-Семей" қозғалысының арқасында танымал болып, қазақстандықтардың қолдауына ие болдыңыз. Қазақсан Тәуелсіздік алар кезде Нұрсұлтан Назарбаевпен тең дәрежеде президенттік орын үшін бәсекелесуге барлық мүмкіндік болды. Алайда сіз одан да бас тарттыңыз. Нені басшылыққа алдыңыз?

- Мен ақынмын, қызметкер емеспін. Бізде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы Сәкен Имашев деген кісі болды. 1984 жылы сол кісі қайтыс болған соң жерлеу рәсімінен кейін Қонаевпен бірге шай іштік... Қонаев Байкен Әшімовтің көзінше ұсыныс айтты: "осылай болған екен, бізге жаңа төрағаны ұсыну керек", - деді ол Әшімовке қарап. Сонда Әшімов: "Иә, әрине. Бірақ екі төсбелгісі бар адам керек". Бұл – КСРО және ҚазКСР депутатының белгісі. Содан "Олжаста екі төсбелгі бар", - деді. Олардың алдын ала келіскенін түсіндім, өйткені Әшімов кенеттен осындай ұсыныс жасады. Қонаев маған: "Кәне, мүмкін шынымен де...", - деді. Мен: "Жоқ, Димаш Ахметұлы. Мен жазушымын және өмір бойы осы іспен айналысамын". Бұл іс маған табыс әкеле ме, жоқ па, білмеймін, бірақ осы іспен шұғылданғым келеді. Бұл менің қолымнан келеді, сол себепті қызметпен айналысқым келмейді. Сағат 10-да тұрып... Мен жазушымын. Өзім қалаған уақытта тұрамын. Таңғы 5-те ұйықтаймын... Бұл режимімді бұзбаймын дедім.

Қазақстан болашақта қандай болады?

- Баспасөзде жарияланған сөздеріңізде елімізде мықты білім саласы болуы қажет екенін, жастардың кітап оқып үйренуі туралы жиі айтасыз. Ал тағы бір тарап гаджет пен заманауи технология келгелі кітап оқымаудың қалыпты құбылыс екенін айтады. Ал қалған дүниенің өткеннің еншісінде қалып, жойылуын табиғи жағдай дейді.

- Мешеу адамдар осылай айтады. Спортта тренажерлер бар, ал кітап – ми тренажері. Қаншалықты көп кітап оқысаңыз, ми да соғұрлым күшті болады. Бір қарағанда бұл оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда оған сендіру... 30 жыл ішінде кітап оқымайтын ұрпақ дүниеге келді. Олар ғылым сияқты ауыр іске дайын емес.

Олар қысқа хабарламалар, біреуді тонап, біреуді ренжіткені туралы жаңалықтарға үйреніп кетті. Барлық пайымдау мен адамның дамуы осы деңгейде жүріп жатыр.

Олжас Сулейменов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Олжас Сүлейменов

Кейінгі 30 жыл ішінде Қазақстанда кем дегенде бір ұлы ғалым, кем дегенде бір ұлы жазушы пайда болды ма? Жоқ, әрине. Біртуар инженерлер бар ма? Жоқ. Инженер өзін көрсете алатын өндіріс те жоқ. Бұл құлдырау кітаптың, хаттың, гуманитарлық және басқа ғылымдардың беделінің төмендеуіне байланысты пайда болды. Өкінішке қарай, бұл күрделі тақырып. Кітап оқитын жаңа ұрпақ пайда болуы үшін қанша жыл керек?

- Олжас Омарұлы, жүз жылдан кейін Қазақстанның қандай болатыны туралы ойлаған боларсыз. Қазақстан, әлем... не өзгереді?

- Мұның екі жақты жауабы бар. Егер кітаптың беделін қалпына келтірсек, онда жауап – біреу. Егер олай болмаса, жауап басқаша болады. Сондықтан балаларымыз бен немерелерімізге кітапты қайтарайық. Бұл әсіресе қазақтар үшін өте маңызды, өйткені біз жазбаша әдебиетке ХХ ғасырда ғана келдік және оны тез жоғалтып алдық, жоғалтып жатырмыз. Егер орыс әдебиеті күшті дейтін болсақ, ол осы кезеңнен аман шығады... Ал біз тағы да фольклорға, халық ауыз әдебиетіне қайта ораламыз. Бұл тақырыпты жандандырып, мұны тоқтату керек. Сол кезде 100 жылдан кейін не болатынын айта аламын. Егер қалпына келтірмесек, онда болжауға тура келеді. Кемшіліктің әлдеқайда көп болатыны анық.

- Олжас Омарұлы, уақыт бөлгеніңіз үшін көп рақмет. Редакциямыздың атынан мықты денсаулық, жемісті күндер тілейміз. Аман жүріңіз!

- Рақмет! Бәріміз аман болайық.

1391
Кілт сөздер:
ғарышқа сапар, Олжас Сүлейменов
Дәрігер, вакцина, архивтегі сурет

"Қазақстандық вакцина салдырдым": профессор екпеге неге бірден келісті

137
(Жаңартылды 15:38 31.03.2021)
Қазақстандық вакцина салғызған профессор ерікті түрде екпе салғызуға келісуінің себебі мен отандық вакцинаның ерекшелігі туралы айтты. Сондай-ақ екпе алғаннан кейінгі жағдайымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Келесі айдың соңында коронавирусқа қарсы "QazCovid-in" атты қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізу мерзімі аяқталады. Сол кезде оны жаппай шығаруға қажетті құжаттар да дайын болады деген жоспар бар. Ал клиникалық зерттеулер кезінде отандық екпе үш мыңнан астам еріктіге салынды. Олардың ішінде Қазақстанның ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары, профессор Ләззат Ералиева да бар. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген ғалым сынаққа не себепті бірден келіскенін және отандық вакцинаның ерекшелігі туралы айтып берді.

Вакцина шығарған ғалымдарды білемін

"COVID-19 пандемиясы басталғанда мен осы проблеманы шешудің екі-ақ жолы бар екенін анық білдім. Біріншісі – вирусқа қарсы тиімді медициналық препарат, екіншісі – вакцина. Өкінішке қарай, коронавирусты емдеу кезінде бірде-бір дәрі коронавирусты тиімді емдей алмады. Қазіргі кезде ондай препарат жоқ. Артынан вакцина да шықты", - дейді Ералиева.

Профессор отандық "QazCovid-in" вакцинасын сынақтан өткізу шаралары басталған бойда ерікті түрде екпе салғызуға келісті.

"Ресейлік вакцина әлі келмеген. Ал қазақстандық екпені сынақтан өткізуді бастаған болатын. Мен бірден өзіме салғыздым. Вирусқа қарсы иммунитеттің болғанын қаладым. Әрине, вакцинаға да сендім. Өйткені оны шығарған Биологиялық қауіпсіздік институтының қызметкерлері де барлығы бірдей өздеріне екпе салғызды. Сосын мен ол вакцинаны шығарған адамдарды жақсы білемін. Олар ғылымға қатты берілген, өз ісін жақсы біледі", - деп атап көрсетті Ералиева.

Қазақстандық және ресейлік вакцинаның айырмашылығы неде

Профессор Ералиева коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салғызудың тағы бір себебін атады. Оның айтуынша, "QazCovid-in"-нің технологиясын әлем бойынша 80 жылдан астам уақыт бойы қолданып келеді. Соның негізінде басқа вакциналар да шығарылады.

"Бұл жаңа бір әдіс емес, РНК-вакцина да емес. QazCovid-in – ол инактивті вакцина. Ондай технологияны әлем бойынша басқа вирустарға қарсы кеңінен қолданады", - деді Ералиева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Осы орайда ғалым қазақстандық және ресейлік вакцинаның айырмашылығын түсіндіріп берді.

"Олардың технологиясы екітүрлі. Мәселен, біздің вакцинамыздың құрамында инактивті вирус бар. Ғалымдар коронавирустың штамын алып, арнайы химиялық әдіспен барынша әлсіз қылған. Былайша айтқанда, инфекцияның күшін азайтқан. Ал оны вакцинамен ағзаға салғанда вирус тарамайды, бірақ антиденелер бөліне бастайды. Осылайша, иммунитет қалыптасады", - деп атап көрсетті Ералиева.

Ал ресейлік вакцина векторлық екпе болып саналады. Себебі аденовирустар вектор, яғни, вирусты ағзаға жеткізуші рөлін атқарады. Ол үшін аденовирусқа коронавирустың бір бөлшегін ғана "мінгізеді" де, вакцинамен ағзаға енгізеді. Аденовирустар оны жасушаларға жеткізгеннен кейін антиденелер, яғни, инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасады. Қазақстандық және ресейлік вакцинаның ұқсастығы бар, екпе екі рет салынады.

"Вакцина салғанымды ұмытып кеттім"

"Мен өзім вакцина салғызғаннан кейін ешқандай реакция сезген жоқпын. Шынымды айтсам, екпе алғанымды ұмытып кетіппін. Жаттығудан кейін суға түсіп, вакцина салғызған жерді қатты ысқылап жібергеннен кейін ғана есіме түсті (күлді). Негізі, мен тұмауға қарсы вакцинаны да салғызғанмын. Себебі тұмаумен ауырсаң, иммунитет төмендейді. Демек, коронавирусты жұқтыру қаупі болады. Сондықтан алдымен тұмауға қарсы, одан кейін коронавирусқа қарсы екпе салғызып алдым", - дейді Ералиева.

Профессор Ләззат Ералиева
© Photo : Ләззат Ералиеваның жеке архивінен алынды
"Екпе алғанымды ұмытып кетіппін", - дейді профессор

Профессор маңызды бір мәселені де атап өтті. Оның айтуынша, кез келген вакцинаны салғызғаннан кейін біршама уақыт барынша сақтанып жүру керек. Адам көп жиналатын жерлерге бармаған дұрыс. Өйткені ағзада вирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы тиіс.

"Жеті күннен кейін ағзада ақырындап антиденелер бөліне бастайды. Сондықтан осы уақытта барынша сақтанып жүрген дұрыс. Өйткені адам басқа бір инфекцияны жұқтырып алса, жағдайы нашарлап, иммунитеті төмендейді. Демек, коронавирусқа қарсы тұра алатын антиденелердің қажетті көлемі шықпай қалуы мүмкін. Сол себепті дәрігерлер вакцинадан кейін сақтық шараларын сақтауға кеңес беріп жатады", - деп атап көрсетті ғалым.

Бетпердені қашан шешеміз

Бүгінде денсаулық сақтау министрі де, бас санитарлық дәрігер де вакцинацияның арқасында шектеу шараларын барынша жеңілдетуге болатынын айтып отыр. Бірақ ол үшін халықтың жартысынан көбі екпе салғызуы қажет. Онсыз коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптаспайды.

"Қазақстан халқының саны 18 миллионнан артық екенін ескерсек, 11-12 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина салғызуы қажет. Сонда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасады", - дейді профессор Ералиева.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанда 130 мыңнан астам адам ресейлік вакцинаның бірінші компонентін салғызды. Ал екінші дозасын қабылдағандардың саны 30 мыңнан асып отыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзіне қарағанда, сәуір айында сан алуан өндірушілерден қосымша 2,5 миллион доза жеткізіледі. Сол кезде қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері де аяқталады, тиісті құжаттары да дайын болады деген жоспар бар. Осыдан кейін вакцинаны жаппай өндіруге рұқсат беруі тиіс.

"Әрине, вакцинаны жаппай шығару үшін мықты өндіріс орны болуы қажет. Сондықтан барлығы зауыттың құрылысына байланысты. Содан болар, президент әзірше басқа вакциналарды ала тұруға ұсыныс жасады", - деп атап көрсетті Ералиева.

137
Кілт сөздер:
екпе, вакцина, коронавирус
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Сәуір айында 60 мыңнан астам астаналыққа вакцина егіледі
Сауда орталықтары мен базарларда вакцина салдыру үшін не істеу керек
Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы қытай вакцинасын салдырды – фото
Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартпауға шақырамыз – денсаулық министрі
Министр Цой: Қазақстанда ақылы вакцинация жоқ
Ан-26 ұшағының апатқа ұшыраған жері

"Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді": дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді

8
(Жаңартылды 18:55 13.04.2021)
Осыдан тура бір ай бұрын Алматы әуежайына жақын маңда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. 13 наурызда Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтағы адамдарға алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын және сол сәттегі өз сезімдері жайлы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров жедел жәрдем қызметкерлері апат болған орынға дабыл бойынша шұғыл жөнелтілгенін айтты. Жедел жәрдем қызметінің басшылығы жеке автокөлікпен тез арада оқиға орнына жеткен.

И.О. директора службы скорой помощи Алматы Пархат Надыров
© Sputnik/ Ольга Тонконог
Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров

"Біз өте жылдам жеттік. Ол үшін жол полициясы қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мен олардың көлігін көрген сәтте тоқтап, аты-жөнімді, қызметімді және шұғыл түрде әуежайға жету керектігімді жеткіздім. Дабыл бойынша біздің барлық ішкі қызмет жұмылдырылып, он бригада әуежайға бет алды. Жақын маңда орналасқан ауруханаларға апат салдарынан зардап шеккендерді жаппай қабылдауға дайын болуы туралы ескертілді. Себебі о баста түрлі ақпарат келді. Бірі ұшақ десе, екіншісі тікұшақ апатқа ұшырады деді. Тіпті кейбірі ұшақ аспанда жанып кеткенін айтты", - деп еске алды Пархат Надыров.

Қоршаудан секіріп өтіп, апат орнына жетті

Ол оқиға орнына жеткен кезде Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері бірінші болып жеткенін көрген. Надыровтың айтуынша, олар қоршаудан секіріп өтіп, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатқанда, фельдшерлер жанып жатқан ұшақтан екі зардап шеккен азаматты алып шыққан. Осыдан кейін қалалық жедел жәрдем қызметі жетіп, аман қалғандар №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

"Осы ретте фельдшерлердің ерлігін атап өткім келеді. Олар үйлесімді түрде әрекет етіп, ұшақпен бірге жарылып кетуден қорыққан жоқ. Айналада керосин төгіліп жатты. Ол кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді. Өмірлерін қауіпке тікті. Мұның барлығы менің көз алдымда болып жатты", - дейді Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы.

Ол дәл сол фельдшерлер бір кездері алматылық станциялардың бірінде жұмыс істегенін айтты. Алайда белгілі бір себептермен облысқа көшкен. Бірақ қайта ауысқылары келген.

"Мен оларды біздегі жедел жәрдем қызметіне шақырдым. Енді олар осында еңбек етіп жатыр. Бұл олар жайлы айтуға да, жазуға да тұрарлық батыр азаматтар", - деді Пархат Надыров.

Батыр фельдшерлер

Рахымжан Гаитов пен Абдрим Абдрашитов Алматының жедел жәрдем қызметінде бір айдан бері жұмыс істеп жатқанын растады.

Гаитов Рахимжан Аркинович
© Photo : из личного архива фельдшеров
Фельдшер Рахымжан Гаитов

Рахымжан Гаитов сол күні апат туралы қоңырау 17.50-де болғанын еске алды. Ең алдымен оның досы әрі әріптесі Абдрим Абдрашитов 10 бригада құрамында жолға шыққан. Одан кейін Гаитов мінген көлік жеткен.

"Ол келіп, зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті. Пациентті алып кетті, мен сол жерде қалдым. Ұшақ құлаған орынға барып, тағы да зардап шеккендер бар-жоғын білу үшін кабинаға кірдім. Ол уақытта зардап шеккендердің бірін Алматы жедел жәрдемі, екіншісін менің досым мінген медицина көлігі алып кеткен болатын. Ол жерде тағы төрт адамның мәйіті жатты. Біз жеткен кезде Пархат Талғатұлы сонда болды, ол көмектесіп, нұсқау беріп отырды", - дейді фельдшер.

Рахымжан Гаитов түнгі сағат 10-ға дейін оқиға орнында кезекшілікте болған.

Абдрашитов Абдрим Зунунбекович
© Photo : из личного архива фельдшеров
Абдрим Абдрашитов

"Апат жайлы хабарлама келген кезде біз қайда бара жатқанымызды және не істеу керек екенімізді білдік. Сондықтан жедел іске кірісіп, ештеңені ойламастан, алғашқы көмек көрсетіп, адам өмірін құтқару керек болды. Осыны ғана ойладым", - деп еске алды Рахымжан Гаитов.

Ал Абдрим Абдрашитов ол келген кезде ұшақтағы өрт сөндірілгенін айтты. Ол зардап шеккен азаматты ауруханаға жеткізген. Қалған бригадалар апат орнында жұмыс істеу үшін қалған.

"Әдеттегідей қоңыраудан кейін жеттік. Ұшақ күнде құлап жатпаса да, біз көңіл-күй мен сезімді екінші орынға ысырып қоямыз. Біз Пархат Талғатұлының жетекшілік етуімен өте жылдам әрекет еттік. Көмек көрсеттік. Мен өз көңіл-күйім жайлы ойлаған жоқпын. Мен үшін ең бастысы кәсіби міндетімді атқару болды", - деді фельдшер.

Айта кету керек, фельдшерлер толық жазылғаннан кейін ұшқыштармен кездескілері келетінін айтты.

Алматы маңындағы ұшақ апаты

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып құлады.

Оқи отырыңыз: Әскери ұшақ апаты: оқиға орнынан түсірілген видео

Ұшақ бортында алты адам болған. Төрт әскери қызметші оқиға орнында қаза тапты. Олар: аға лейтенант Досжан Баймұратов, сержант Евгений Васильков, лейтенант Мұхтар Сағынбаев және майор Ғабит Барлықбаев.

Екі әскери ғана аман қалды. Олар апат орнынан №4 қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті апатқа ұшыраған әуе көлігі ведомствоның авиация қызметіне қарасты екенін растады. Қазір ҰҚК оқиғаның анық-қанығын анықтап тергеу жүргізуде.

8
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Алматы маңында құлаған ұшақ "қара жәшігін" тексеру басталды
Қазақстанда ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті
Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды
Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза болған әскеридің жұбайы: Әлі есеңгіреп тұрмын