Арнайы жасақтағы қыздар

"Тревога" десе, үй киімімен барасың": арнайы жасақтағы қыздар ашық сұхбат берді

4079
(Жаңартылды 23:01 29.05.2020)
Взводтың құрылу мақсаты – халықаралық канондарға сай, әйел қылмыскерлерді ұстау. Қазір взвод құрамында 22-35 жас аралығындағы 23 қыз жұмыс істейді

АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik, Айгерім Таубай. Алматыдағы жылдам қимылдайтын арнайы жасақта әйелдер взводы 2019 жылдың маусымында құрылды. Құрамында 23 қыз жұмыс істейтін взвод қоғамдық тыныштықты сақтау үшін бел жазбай қызмет етіп жүр. Арасында тұрмыс құрғандар мен екі-үш баланың анасы да бар.

Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Айкерім Нұрболаттың айтуынша, взвод жылына екі рет сынақтан өтеді. Сынақ барысында 100 метрге, 800 метрге жүгіру секілді физикалық дайындығы мен оқ ату шеберлігі тексеріледі. Тұрақты түрде психологпен сабақ өтіп тұрады.

Айкерім Нұрболат
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы - Айкерім Нұрболат

Бұл взводтың құрылу мақсаты – халықаралық канондарға сай әйел қылмыскерлерді ұстау. Қылмыс жасаған әйел ұсталған жағдайда изоляторға жеткізуге де қыздар қатысады. Одан бөлек қыздар жасағы қазір блок бекетте қоғамдық тыныштықты сақтауға жұмылдырылған. Концерт, футбол ойындары секілді адам көп шоғырланған жерлерге бұйрықпен жіберіледі.

"Аптасына екі рет командирмен бірлесіп сабақ өтеміз, заңға өзгеріс енгізілсе, соны талқылаймыз. Апта сайын тауға шығамыз, тауға шыққан кезде қандай тәсілді қолдану керек екені айтылады. Карантин кезінде тауға шығып жүрген жоқпыз, ал оған дейін тоғайға барып жүгіреміз не болмаса тауға шығамыз", - дейді Айкерім Нұрболат.

Қыздардың қабілеті жедел жасақта қызмет етуге жеткілікті

Жасақ құрамына қабылдау үшін қыздардың бойы 170 см-ден жоғары болып, заң туралы білімі, спортта жеткен жетістіктері, спорт шеберіне үміткер болуы қажет. Осы талаптарға сай болғандардың бірі – жасақ құрамына бірінші болып қосылған Әсем Байболатова.

29 жастағы Әсем Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы қаласындағы ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түскен. Оқуды бітірген соң Бостандық ауданы ішкі істер бөлімшесіне тергеу қызметінде екі жарым жыл жұмыс істеген. 2019 жылдың маусымына дейін сол аудандағы әкімшілік практика қызметін атқарды.

"Жылдам қимылдайтын арнайы жасақта қыздар взводының ашылғанын естіп, құжат жинауға кірістім. Ең алдымен қызметкердің спортқа деген қызығушылығына баса назар аударады. 2008 жылы Қазақстан чемпионатында қол күресінен жеңімпаз болып, спорт шеберін орындадым. Қызметтің ашылғанын ести сала, осында келдім. Спорттағы жетістіктерімді көрсеттім. Сол арқылы қабылдап алды", - дейді Байболатова.

Әсем Байболатова
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
Әсем Байболатова ер адаммен салыстырғанда қыздар барлығына аса жауапкершілікпен, мұқият қарайтынын айтады

Бойжеткен осы қызметке келгеннен кейін практикалық атуды тереңірек меңгеріп, жарыстарда жүлде алып жүр. Бұған дейін де қарумен жұмыс істегенін айтқан Әсем арнайы жасақ құрамында өзінің тағы бір қырын аша түскен. 2019 жылы қазанда практикалық атудан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған.

"Осы қызметке қатты қызықтым. Арнайы күште жұмыс істейтін қыздарға қызыға қарайтынмын. Бізде осы взводтың ашылғанын кадр бөлімінен естіп, бірден келдім. Өзім қылмыскерлерді ұстау, қажет жерінде күш қолдану секілді қимылдарды көргім келді. Қыздардың қабілеті жедел жасақта қызмет етуге жеткілікті, тіпті ер адаммен салыстырғанда қыздар барлығына аса жауапкершілікпен, мұқият қарайды. Сонымен қатар қыздар шыдамдырақ келеді. Қыздардың бұл салада қызмет еткенінді тұрған ештеңе жоқ, істі тиянақты орындайды", - дейді ол.

Олимпиада ойындарынан жасақ жаттықтырушысына дейін

Қасенова Саида – бокстан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем кубогінің қола жүлдегері, ең алғаш Олимпиада ойындарына лицензия алған қазақ қызы. 2012 жылы Олимпиада ойындарында 5-орын алған спортшы 2020 жылдан бастап жедел жасақ құрамында жаттықтырушы болып қызмет етеді. Бокстан кейін аралас жекпе-жектен Қазақстанның чемпионы атанған Саида қыздардың физикалық дайындығын жаттықтырады.

"Әр қыздың өз мінезі бар. Тіпті арнайы жасақта жұмысқа анау-мынау қыз келе бермейді. Алдына мақсат қойып соған жете алатын мінезді, сабырлы қыздар жұмыс істейді. Сондықтан әрқайсысымен жұмыс істеу арқасында кімнің қай спортқа деген қабілеті, құштарлығы бар екенін анықтап, жеке-жеке жұмыс істейміз. Бірі бокста мықты, бірінің жүгіру, күресуге икемі бар. Болашақта біраз жарыстан жылдам жасақ қыздарын көріп қаласыздар", - дейді Қасенова.

Саида Қасенова
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
Қасенова Саида – бокстан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем кубогінің қола жүлдегері, ең алғаш Олимпиада ойындарына лицензия алған қазақ қызы.

Олимпиада ойындарынан кейін құрамада біраз уақыт болған Саида кейін Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасының бас жаттықтырушысының көмекшісі қызметін атқарған. Сол жақта бір жыл қызмет етіп жүріп, аралас жекпе-жектен жарысқа барған. Жарыста аяғынан жарақат алған спортшы біраз уақыт денсаулығына көңіл бөлген.

"Ота жасатқан соң, жеті айдан кейін жаттығу бастап, жарысқа шықтым. Аралас жекпе-жектен әлем біріншілігіне барып қайттым. Содан кейін осы бағытқа бет бұрдым. Қыздар құрамасы ашылған соң, 2020 жылдың басында жасаққа келдім. Үлкен спорт бар жерде оңай дүние жоқ, жарақат алмайтын спортшы жоқ. Карантин болған соң қазір жарыстар жоқ, алда жарыстарға дайындықты бастаймын", - дейді Қасенова.

Жаттықтырушы болғанымен адам жетпей жатқан кезде жасақ құрамында бірге шығатын Саида блок бекеттегі жұмысы жайлы айтты.

"Бір қарағанда адам өміріне қауіпті емес жұмыс секілді көрінуі мүмкін, алайда ол жерде де түрлі адам бар. Біз (арнайы жасақ - Sputnik) сол жердегі қызметкерлердің қауіпсіздігіне жауап береміз. Бекетте тұрып адамдарға түсіндіру жұмысын жүргізіп, халықпен етене жұмыс істеуге тура келді. Ішінде мас болып, қызметкерлерге күш қолданған адамдар да болады. Сондай сәтте жедел түрде араласамыз", - дейді Саида Қасенова.

Ол халықпен жақын жұмыс істеген соң қару ұстауға қажеттілік болмағанын айтты. 

"Жаңа жылдан бері қару алып, қауіпті операцияларға әлі барған жоқпын. Қыздардың қарусыз жұмыс істеуіне көмектесемін. Қыздардың ішінде біреу жүгіруден, бірі соққы беруден әлсіздеу болса, қазір барлығы кез келген жағдайға дайын", - дейді ол.

"Халқым үшін туған қызбын"

Алты жасынан бастап спорт пен өнерді бір арнаға тоғыстырып жүрген Қарашаш Есдәулетова Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Әкесі мен анасы – самбошы, спорт шебері. Бала күнінен сұлулық байқауларында топ жарған Қарашаш, фотомодель болып, арасында киноэпизодтарға шақырту алған. Ал 2020 жылдың басынан бері жедел жасақ құрамына қабылданып, осы салада жұмыс істеп жүр.

Қарашаш Есдәулетова
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
Актерлік шеберлік мамандығын тәмамдаған бойжеткен ән салып, театрда да ойнаған

Есдәулетова Қарашаш – жүзуден, еркін күрестен спорт шеберіне кандидат, дзюдо мен самбодан спорт шебері, самбодан Алматы қаласының бірнеше дүркін чемпионы, жеті дүркін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы. 

"Ішкі істер органдарында оның ішінде жедел жасақта жұмыс істеуді бала күнімнен армандадым. Себебі менің ағаларым осы жерде жұмыс істеді. Америкалық фильмдерді көріп, бізде де осындай арнайы жасақ, әскери бөлім болғанын қаладым. Ашылғанын естіген кезде жүгіріп келдім, жер тістесем де осы жұмысқа орналасамын дедім. Мен үшін бұл жер лагерь секілді, жаным рахат табады", - деді Есдәулетова.

Актерлік шеберлік мамандығын тәмамдаған бойжеткен ән салып, театрда да ойнаған. Ал қазір қоғамдық тәртіпті бақылайтын жедел жасақтың бір мүшесі. Өзінің 13 жасынан бастап кәсіби спортпен айналысуына отбасы әсер еткенін айтты.

Әңгіме барысында бойжеткен арманын туралы сөз қозғады. Айтуынша, спорттың бірнеше түрінен дайындалып, спортта топ жаруды мақсат еткен.

"Шетелге барып, жарысқа қатысып, жылдам жасақ қыздарының шеберлігін көрсеткім келеді. "Қазақстанның жедел жасақ қыздары" деген атын шығарып, атақ алып келгім келеді", - дейді ол.

  • Мен үшін бұл жер лагерь секілді, жаным рахат табады
    "Мен үшін бұл жер лагерь секілді, жаным рахат табады"
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
  • Спортпен айналыс та, еліңді, жеріңді қорға, қызмет ет
    "Спортпен айналыс та, еліңді, жеріңді қорға, қызмет ет"
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
  • Тревога десе, үй киімімен барасың
    "Тревога" десе, үй киімімен барасың"
    © Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
1 / 3
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
"Мен үшін бұл жер лагерь секілді, жаным рахат табады"

Айтуынша, жұмыс кезінде көзге түсетін сырға тағып, тырнақты қанық түске бояуға болмайды. Соған қарамастан, форма мен әскери аяқкиімді де жақсы көремін, дейді ол.

"Барлық жағдай жасалған. Спортпен айналыс та, еліңді, жеріңді қорға, қызмет ет. Үнемі халқым үшін туған қызбын деп ойлайтынмын. Спортта да сондай қағиданы ұстандым. Блок бекетте болсын, ұстау секілді операцияларға барғанда да халқым үшін жасап жатырмын деген ойда боламын", - дейді Қарашаш.

Айтуынша, жұмысқа түнгі үште де, жұмыстан тыс мезгілде, кез келген уақытта шақыруы мүмкін.

"Кез келген уақытта шақыртып алады. Тіпті көшеде кетіп бара жатқанда, "тревога" десе, үй киіміңмен кетесің. Үйге барып шығайын деген әңгіме мүлдем айтылмайды. Бұл біздің екінші үйіміз. Біраз уақыт бұрын дүкенге бара жатқанымда, хабарласты. Содан бірден такси тоқтатып, базаға келдім. Отбасым бұған үйреніп кеткен", - дейді ол.

Арнайы жасақ, жаттығу
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
Жұмысқа түнгі үште де, жұмыстан тыс мезгілде, кез келген уақытта шақыруы мүмкін
4079
Кілт сөздер:
спорт, қыздар
Тақырып бойынша
Халықаралық армия ойындары-2019: алғаш рет қыздар "Танк биатлонына" қатысты
"Тест нәтижесін көрсету керек": алматылық ерікті сұхбат берді
Әділбек Ниязымбетов қазір немен айналысып жүргенін айтты
Әлемдегі ең сұлу қыздар қай елде тұрады - фото
Қазақстандық спортшы мұрны сынса да, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады – видео
Әйелдер, қол көтеру

Келінінің бетін шанышқымен күйдірді қорқынышты жағдайға қатысты психолог пікірі

5162
(Жаңартылды 16:36 22.07.2021)
Бірнеше күн бұрын Түркістан облысында қайын апасы 40 жастағы келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдіргені туралы ақпарат тарады. Оған келінінің газ плитасын жумағаны себеп болған. Осы жағдай көпшілік талқысына түсті

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қайын апасы мүгедектігі бар келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдіргені туралы жағдай көпшілікті дүрліктірді. Артынша қатыгездікке барған қайын апасы қазақстандықтардан кешірім сұрады. Алайда бұл жағдайды өзгертпесі анық. Қауқарсыз әйелге қорған болып, отбасы ішіндегі жанжал мәселесін көтеріп жатқан белсенділер де бар. 

Sputnik Қазақстан үйдегі зорлық-зомбылық, себебі, қазіргі ене мен келін қарым-қатынасы жайлы отбасы психологтарынан сұрады. Сондай-ақ әлеуметтік желіде үн қосып, осы мәселені көтеріп жүрген белсенділердің пікірін жинақтады.

Қатыгездікті еш нәрсе ақтай алмайды

Әуелі Түркістан облысындағы жағдаймен желі арқылы таныс психолог Ержан Мырзабаевтың пікірін сұрадық. Ол ақыл-есінде ерекшелігі бар әйел бетіне шанышқы басқан кезде денесіне зақым келгенін білгенімен, психологиялық жақтан өзіне зиян тигенін білмеген болуы мүмкін екенін айтты.

"Әйелі мен күйеуінің ерекшелігі бар екенін, яғни ақыл-есі дұрыс дамымағанын оқыдым. Соған байланысты олар ненің дұрыс, ненің бұрыс болып жатқанын білмейді және өзін толыққанды қорғай алмайды", - дейді психолог Ержан Мырзабаев.

Психологтың сөзінше, бұл жағдай мүгедектігі бар әйелге бұған дейін де зорлық-зомбылық көрсетілгенін көрсетеді.

"Ол кісілердің ерекшелігін пайдаланып, қорлық көрсетілді деп айта аламыз. Өйткені кісінің зорлық-зомбылық көрсету "сатысы" бар. Әуелі дауыс көтереді, содан кейін айқайлау, итеру, ұру, одан кейін біз айтып отырғандай ауыр әрекетке барады. Ал бұл жағдайда "келін ешкімге ештеңе айта алмайды, өз-өзін қорғай алмайды. Сондықтан қалаған нәрсемізді істей береміз" деген ой тұр. Бұған көз жұма қараған кісілер де бар. Бұл адамдардың садистік әрекетке бейімі бар екенін көрсетеді. Олар, өкінішке қарай, ерекшелігі бар адамдарды пайдалана отырып, ішіндегі жағымсыз қасиеттерін шығарады", - дейді Ержан Мырзабаев.

Ал қатыгездікке барған адамдардың әрекетіне не себеп болуы мүмкін екеніне қатысты түрлі болжам айтуға болады. Алайда мұның себебін түсіндіру кезінде байқамай зорлық-зомбылықты ақтап алуға тырысып жатқандай боламыз. Балалық шағы қиын болған шығар, ата-анасынан көп таяқ жеген шығар, тұрмыста бақытсыз болған шығар... Бірақ ешбір себеп зорлық-зомбылық әрекетін ақтап ала алмайды!", - дейді маман.

Ене мен келін арасындағы келіспеушілік себебі неде

Алматы қаласындағы "Жан-Сая" зорлық-зомбылық көрген әйелдерді қорғау дағдарыс орталығының психологы Маржан Ізтілеуованың сөзінше, ене мен келін арасындағы келіспеушілікке бірнеше фактор әсер етеді. Біріншісі – келінді ұнатпау. Яғни қыздың сол үйге келін болып түсуіне баланың ата-анасы әуелден қарсы болып, қабылдағысы келмеуі. Олар соған сай харекет көрсетеді. Сондай-ақ ене мен келін арасында қарым-қатынастың қалыптаспауына қызғаныш та әсер етеді: анасы баласын қызғанады.

"Қазір енесімен тіл табыса алмаған келіншектер күйеуінен кетіп қалады. Кейде келіннің сол үйдің тәртібі не ережесіне үйрене алмауы себеп болады. Үйдегі жұмысқа ебі болмауы да әсер етеді", - дейді психолог.

Ал қайын әпке мен келін арасындағы қарым-қатынастың нашар болуына көреалмаушылық, қызғаныш себеп болуы мүмкін. Мұндай пікірді әдетте келіндер жиі айтады. Қайын әпкесі отбасы құрмаған болса, жаңа түскен келіннің көпшілік назарында жүргенін жақтырмайды.

"Зорлық-зомбылыққа келер болсақ, енесі өз енесінен көргенін келініне көрсетеді. "Менде де сондай болды, мен шыдадым" деген ұстанымда болады. Ер адамның да зорлық-зомбылық көрсетуіне сол әсер етеді: "менің анамды да ұрған. Ол кетіп қалмады, шыдады" деген оймен істейді. Отбасы моделі олар үшін осындай. Баланың психикасы 7 жасқа дейін қалыптасады. Ол сол уақытқа дейін нені көрсе, соны қайталайды", - дейді Маржан Ізтілеуова.

Бала өскен соң үйдегі жанжалды дұрыс деп қабылдап, бейсаналы түрде қандай да бір жәбірлеуші әрекетке барады.

Ешкімнің араласуға құқығы жоқ

Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, басты мәселе – отбасыдағы қарым-қатынас кезінде шекараны ескермеу. Ер мен әйелдің арасына ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Қазір "ене мен келін" тақырыбының ушығып кетуінің басты себебі де осы.

"Бір жағынан баласын үйлендіріп жатыр, екінші жағынан баласына өзінің таңдауы мен пікірі жоқ адам ретінде қарайды. Егер үлкен буын жастарға еркіндік бермесе, бізде де Еуропадағыдай әр адам өз отбасымен бөлек тұратын болады. Қазір қыздардың тұрмыс құруға асықпауына осы жағдай себеп болып отыр. "Ата-енемен проблема болады, жүре берейін" дейді. Ал жігіттер "анама ол қыз ұнамай қалуы мүмкін" деп отбасы құруға асықпайды", - дейді психолог.

Оның сөзінше, жастардың өміріне араласу – бұрыннан қалған әдет. Мысалы, ертеректе жас бала 14-15 жасында шаңырақ көтерген. Оның ата-анасы да шамамен 30-35 жаста болады. Яғни 15 жастағы балаға бағыт-бағдар беру, бірге тұру қалыпты жағдай болатын. Қазір жастар 25-30 жаста үйленіп жатыр. Жоғары білімі бар, өмір көрген, табысы бар, көзқарасы қалыптасқан шақта үйленеді. Сол себепті өз ойын еркін айтып, өз бетінше шешім қабылдауға бейімделген.

Маржан Ізтілеуованың сөзінше, психологтың көмегіне жүгінетін әйелдердің басым бөлігі үйінде ешкім оның  ойымен санаспайтынын айтады.

"Бұл жерде менталитеттің де әсері бар. Барлық мәселені ер адам шешеді, әйел үйдің тұрмыс-тіршілігімен айналысады. Әйелдер соған жиі шағым айтады", - дейді маман.

Оның сөзінше, кейінгі кезде қайын ата мен келін арасындағы араздық мәселесі өршіп жатыр. Осыған байланысты психолог тәжірибесіндегі оқиғаны айтты.

"Ер адам өзінің көптен күткен жалғыз баласын келінінен қызғанған жағдай болды. Бала үйленгеннен кейін бәрі бірге тұрған. Келіні жаңадан босанған кезде үй тірлігіне үлгермей жүрсің деп сын айта берген. Әйел күйеуіне бөлек шығып көрейік дегенде, барлығын әкесі шешетінін айтып, қарсы болады. Ақырында екеуі ажырасып кетті. Бұл жерде ажырасуды қайын атасы ұсынған", - дейді психолог.

Маманның пікірінше, қалыптасқан стереотиптерден арылу үшін қазіргі қоғамға әлі біраз уақыт қажет.

Ашық сөйлесу керек

Психолог Ізтілеуова отбасы ішінде қандай да бір түсініксіз жайтқа байланысты ашық сөйлесуді ұсынады. Алайда қазақ отбасылар ішінде бұл өте сирек кездеседі.

"Бір-бірімен сөйлесіп, мәселені талқыламағандықтан, көп мәселе туындайды. Адам психологтың көмегіне өзгеру үшін жүгінгені жөн. Ал мәжбүрлі түрде келсе, бәрі қайталана береді. Курс, вебинарларға бармай-ақ үйде отырып шешуге болатын жағдай да көп. Алайда қазақ отбасыларда бір-біріне ашық айту өте аз, тіпті жоқтың қасы. Көп жағдайда үлкен кісі шешім қабылдайды. (...) Балабақшадағы баладан бастап пікірін сұрап үйрену керек, сол пікірмен санаса білу қажет", - дейді психолог.

Отбасы ішінде ер мен әйелдің ара қатынасына үшінші тараптың қосылуына ер адамның жауапкершілікті мойнына алмауы да әсер етеді.

"Ер адамдар психолог маманға мүлде келмейді. Ер баланы бізде жылама, ішіңдегіні айтпа, өзің шеш деп тәрбиелейді. Әйел адам сөйлегенді жақсы көреді. Айтып, жеңілдеп қалады", - дейді Ізтілеуова.

Жанжалға әкелетін жағдайлар

Психолог Маржан Ізтілеуова отбасы психологиясы бойынша тәжірибесінде жиі кездесетін жағдайларды атады:

  • Ер адамның әйелге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуі;
  • Алып қашып, ешқайда кетіп қалмайтынына сенімді болу, қол көтеру;
  • Әйел адамға қол көтеру арқылы өзін мықты сезіну;
  • Ішімдік пен есірткіге байланысты жанжал;
  • Бірін-бірі түсінбеу, әйел пікірімен санаспау;
  • Қызғаныш;
  • Ата-ене және отбасының басқа мүшесімен тіл табыса алмау.

Адамды қорлау – қылмыс

Түркістан облысында болған жағдайды жариялаған журналист Гүлмира Әбіқай өзіне қыз-келіншектер тарапынан көп хат келетінін жиі жазады. Бұған дейін де бірнеше келіншекке көмек қолын созып, жағдайдың құқық қорғау органдары құлағына жетуіне себепкер болып жүрген Әбіқай бұл жағдайға байланысты да пікір білдірді.

"Маған хат көп келеді, жас келіндер мен қыздар сырын бөліседі, кеңес сұрайды. Кейде "енем ұрды, қайын атам тепкіледі (тиісті), қайын бикем шашымнан жұлды" деп жазады. Оқимын да құдай сақтасын, мүмкін емес шығар, мал құлағы саңырау деп жаба саламын. Оның үстіне қазақ десе өзіме тиеді. Ал мынаны жасыра алмадым. Бұл отбасылық кикілжің емес! Адамды қорлау – қылмыс", - деп жазды журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Бұған дейін де ене мен келін тақырыбында ой бөлісіп жүрген әнші Меруерт Түсіпбаева да үнсіз қалмады. Ол келінінің бетіне қызған шанышқыны басқан қайын апаны жазалауды талап етті.

"Мен жақында ғана біздің еркелетіп өсірген қыздарымызды күң қылатын қайын жұрт туралы жаздым. Пікір 50:50. Маған негатив жазғандар болды. Ал енді осы тақырыпты қалай қозғамайын?! Мынау екінші фотодағы қайын апасы вилка қыздырып келінінің бетін қарыпты. Бұл не қылған жауыздық десеңші, а?! Міне, келін-қайынжұрт тақырыбы осындай! Бағила деген сұмырайды аямай соттап, басқа қайын апалар келіндеріне жоламайтындай қылу керек! Жазалау керек!", - деп жазды Түсіпбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Оның алдында әнші өзінің бір кездері Сарыағашқа келін болып түскендегі оқиғасын мысал етіп, келін түсірген соң олармен бірге тұрмайтынын айтқан.

"Жаңа ғана отбасын құрған екі жас, өздерімен өздері болып, бір-бірімен тіл табысу керек. Жоқ! Бізде келінді құң қылып, екі жастың ортасына килігіп, жаңа өмірге, жаңа үйренісіп жатқан жастардың есін шығарады. Ол – қате!", - деп жазды ол.

Бетін ыстық шанышқымен күйдірген

Бірнеше күн бұрын Түркістан облысында қайын апасы 40 жастағы келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдіргені туралы ақпарат тарады. Оған келінінің газ плитасын жумағаны себеп болған.

Туыстарынан жәбір көрген Гүлзира Баударбекова есімді келіншектің туғаннан ақыл-есінде ерекшелігі бар. Ата-анасынан жастай жетім қалған. Өзі секілді жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланы дүниеге әкелген.
Қайын апасы қатыгездік танытқан күні сол үйге жәбір көрген Гүлзираның сіңлісі келіп қалған. Әпкесінің жағдайын көріп, балаларымен бірге алып кеткен.

Артынша келінінің бетіне шанышқы басқан Бағила есімді қайын апасы видео жариялап, мұндай әрекетке ашу үстінде барғанын айтты.

"Келініме вилка басқан кезде байқамай қалдым. Ыза-күйікпен, ашуланып істедім. Шешем газ плитаны жу деген екен, "неге соны жумайсың, жуа салмайсың ба?" дедім. Газ плитаға вилканы қалай қыздырып басқанымды өзім білмей қалдым. Қазақстан халқынан, көріп отырған көрерменнен кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды", - деді Бағила Кәрібай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр. Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Отырар ауданы полиция басқармасына бұл жайт бойынша арыз түспеген.

5162
Тақырып бойынша
"Жек көрініп қалатыны бар" Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы шындықты айтты
Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
Желіде видео тарады – келінінің бетін күйдірген қайын апа жұрттан кешірім сұрады
"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі
Павлодарда аса ауыр қылмыс жасаған атасы мен келіні ұсталды
Режиссер Сатыбалды Нарымбетов

"Ғұмырын өнерге арнады": Нарымбетовтің достары режиссер жайлы естелігін бөлісті

232
Сатыбалды Нарымбетовтің жақын достары Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында режиссер жайлы естеліктерін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. "Адам сенбестей естен тандыратын оқиға болды. Өзіңмен қатар жүрген адамның бақилық болуы ақылға сыймайды екен. Қалай сыйдырайын десең де, сыймайды"...

Сатыбалды (Сәкен) Нарымбетовтің әріптестері мен достары оның өмірден өткеніне әлі де сене алар емес. Танымал режиссер, кинодраматург әрі жазушы 75 жасында бақилық болды. Бұл қазақ кино өнері мен әдебиеті үшін орны толмас қаза.

"Сатыбалды жолы"

Режиссердің өмірде де өнерде де қатар жүрген жақын достарының бірі – белгілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай. Екі тұлғаның достығы сонау 1972 жылдан басталған.

"Мен сол жылы қазақ киносының бір комитетіне журналист ретінде жұмысқа орналастым. Көп ұзамай Мәскеуден ВГИК жоғары кино институтын бітіріп, Сатыбалды келді. Келгенде де ол дүркіретіп келді. Оның алғашқы "Шоқ пен шер" сценарийі "Исскуство кино" журналында жарияланды. Сосын ол Қазақфильмде түсіріліп жатты. Венециядан үлкен жүлде алды. Сатыбалды студент кезінен-ақ жұрттың көзіне ілінген, тамаша шығармаларын өмірге әкелген жазушы және кинодраматург болды. Ең алғашқы әңгімелерін мен өзін көрмей тұрып оқып, таңғалған едім. Сол кездегі "Лениншіл жас" газетінде "Жорғаның бір күні" дейтін әңгімесі жарияланды. Содан кейін "Жусан дәмі", "Тентек" әңгімелері шыға бастағанда, бізді таңғалдырған нәрсе – бұл қалыптасқан кәдімгі классик. Жап-жас жігіттің сол жақтан осыншалықты дайындықпен келгеніне таңғалдық", - деп еске алды ол.

Смағұл Елубай досының ақылымен Мәскеудің жоғарғы режиссерлық және сценарлық курсына оқуға түскен. Жазушының кино әлеміндегі алғашқы қадамы осылай басталған.

"Содан бері біздің достығымыз жарты ғасырға созылған екен. Менің осы жылдар ішінде таңғалатыным – Сатыбалды Нарымбетов ғұмыр бойы өзін өнерге арнаған адам болды. Өнерді ғана ойлайтын, басқа жаққа назар салмайтын. Саясат, толып жатқан тұрмыс-тіршілік дейсіз бе, ештеңені елемейді, тек қана өз өнеріне табынды, соған адал болуға күш салды. Кино тарихында "Сатыбалды жолы" дейтін жол салды. Ол тек ақша табуға арналған коммерциялық кино емес, жалпы өнер, яғни адам деген құбылысты жан-жақты зерттеп және соған арнап туындылар жасады", - дейді кинодраматург.

Ол мемлекет Сатыбалды Нарымбетовтің талантын мойындағанын атап өтті. Танымал режиссер Мемлекеттік сыйлықты да, Платиналы Тарланды да алды.

"Сатыбалды кинорежиссер ретінде өрлеген кезінде ұлт тарихында әділетсіздік көрген, сол үшін басы кеткен тұлғаларды арашалауға тырысты. Соның бірі Мұстафа Шоқай фильмі еді. Содан кейін шеберлігі толысқан кезде "Аманат" фильмін түсірді. Онда да тарихтан теперіш көрген Кенесары ханның бейнесі жасалды. Негізінен, кинотуынды Бекмаханов туралы. Бірақ Бекмаханов Кенесары туралы жазды ғой, сол тақырыпта докторлық қорғады, сол үшін түрмеге жабылды. Мінекей ол Бекмаханов арқылы Кенесарыны да, екі тұлғаны қатар экранда тірілтті деуге болады. Бұл өте батыл фильм деп айтар едім, әлі күнге дейін экранда жүріп жатыр", - деді Елубай.

Айтуынша, осы тақырыптардың жалғасы ретінде Нарымбетов "Жаңғырық" атты фильмге кіріскен. Бұл қазақ даласына жер аударған поляк зерттеушісі Адольф Янушкевичтің естеліктері бойынша түсірілгелі жатқан 19 ғасырдың ортасындағы тарихи тұлғалар туралы фильм еді.

"Ішінде Кенесары, Құнанбай бар. Янушкевич солармен бір жәрмеңкеде кездескен екен. Кенесарының трагедиясын көріп, біліп, қағазға түсіріп отырған екен. Ажал деген айтып келмейді, осы фильмді аяқтай алмай, Сатыбалды арамыздан жүріп кетті", - деп терең күрсінді жазушы.

Балаларды жақсы көретін

"Сатыбалды достыққа адал, бала сияқты еді. Жасы 75-ке келсе де, балаларды жақсы көретін, олардың тілін табатын. Ақсақалдық жасқа келсе де, жүрегі баланың жүрегіндей болатын", - дейді Смағұл Елубай марқұм досы туралы.

Айтуынша, екеуінің арасында ешқашан қабақ шыту, ренжісу болған емес.

Ең соңғы кездесу

Жазушы режиссермен соңғы рет осыдан бір жарым ай бұрын кездескен. Ұлы Бекарыс Елубаевпен үшеуі "Ақ боз үй" атты фильмнің сценарийін талқылапты.

"Сатыбалды "Ақ боз үй" фильміне көркемдік жетекші ретінде Бекарыс баласына ақыл-кеңесін айтып келді. Екі-үш сағат отырып, сценарийді талқылап, оның "Ақ боз үй" киножобасына айтқан ақылын сценарийге кіргіздік. Сөйтіп кинотоппен Маңғыстауда бір ай жүріп, түсірілімді аяқтап келген кезде осындай қайғылы оқиға болды. Мен ес жинап, ол кісіге енді хабарласайын деп отырғанда комада жатыр деген хабар естідім. Ертесі күні таңертең таңғы сағат алтыда жүріп кетті", - деді Смағұл Елубай.

"Ешкімге зияны жоқ, ашық жарқын кісі еді"

Сатыбалды Нарымбетовпен жақын араласқан жандардың бірі – танымал актер, кинорежиссер Болат Қалымбетов. Екеуі Алматыдағы "Мамыр" ықшам ауданында тұрған. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ берген.

"Сәкен ағаны қырық-елу жылдай танимын. Ашық жарқын, жаны жайлы, ешкімге зияны жоқ адам еді. Бәріміз пендеміз ғой, өнер болғаннан кейін түсінбеушіліктер болып тұрады, бірақ Сәкен ағамыздың біреуді қызғанып, сыртынан өсек айтқанын ешқашан көрген емеспін. Маған ұнайтыны – өзі сияқты киногердің, режиссердің фильмі жақсы болып шықса, соған шын жүректен қуанып, ризашылығын білдіретін", - деп бастады актер.

Қалымбетов қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев туралы көркем фильм түсірген екен. Алайда пандемияға байланысты көрермендерге әлі жол тартпаған. Кинотуындыны алғашқылардың бірі болып марқұм Сатыбалды Нарымбетов тамашалаған.

"Таңғы сағат сегізде маған қоңырау шалып, "Ой, Болат балам-ау, қандай жақсы фильм түсіргенсің, мынауың нағыз кино екен" деп маған батасын берді. "Премьерада өзім сөйлеймін, осы фильм жайлы өз ойымды айтамын" деп еді. Сәкен ағамен соңғы сөйлескеніміз болатынын кім ойлапты. Сұм ажал алды да кетті. Шынымды айтсам, маған оның қазасы өте ауыр тиді", - дейді Қалымбетов.

Оның айтуынша, режиссер өмірде көп сөйлемейтін, ойланып-толғанып жүреді. Бірақ өзі жақсы көрген адамымен шер тарқатып, ашық сөйлеседі.

"Сондай жандардың бірі мен болдым. Солай айтуға болатын шығар деп ойлаймын. Маған ойын айтатын, ашық сөйлесетін, бала сияқты қалжыңдасатын. Сондай жылы, жаны жайсаң адам еді. Мен ол кісінің екі фильміне түстім. Мені кейде еркелетіп, "Болат сен менің бойтұмарымсың ғой, менің кинома түсуің керек" деп, кішігірім рөлдерге түсірді. Бұл кісі ырымшыл болатын", - деп еске алды актер.

Жақсы фильмге балаша қуанады

"Менің фильмдеріме өз бағасын үнемі беріп отыратын. Мені әрдайым демеп, ақылын айтып жүретін. Мен он екі жылдай фильм түсірмедім ғой, сонда қиналып жүргенімде мені сабырлыққа шақырып, "бәрі дұрыс болады, сені Алла Тағала тексеріп жатыр, шыда" деп қолдау көрсететін. Өзі ашылған, өзіне сенген адамға ол да сенетін. Екеуміз өнер төңірегінде, балалардың болашағы жайлы сырласатынбыз. Кейде сабақтарымызды бірге жүргізетін едік. Менікі екінші курс болса, ол кісінікі үшінші курс, екеуін қосып жіберіп, балалармен әңгімелесіп, ақылымызды айтамыз. Темекіні қатты тартатын еді марқұм. Аузынан темекі түспейтін. Мен шылым шекпеймін ғой. Машинаның іші көк түтін болып кетеді. Маған қарайды, ұнатпай отырғанымды түсінеді. "Сәкен аға, ештеңе жоқ" дей саламын. "А, жарайды онда" деп қояды", - деп күліп еске алды Қалымбетов.

Айтуынша, Сатыбалды Нарымбетов адамдарға жылы сөйлейтін, ренжіткісі келмейтін. Бірақ нашар фильм болса, ойын бүкпей, ашық айтатын. Ал жақсы туындыға балаша қуанатын.

Қазақ кинематографиясында орны толмас қаза

8 шілде күні танымал режиссер, кинодраматург, жазушы Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды. Оның ажалына асқазандағы ескі жара себеп болған.

Кино саласына бар ғұмырын арнаған талантты тұлғаның артында өшпес мұра қалды.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған.

Белгілі режиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жорж Садуль атындағы сыйлығының және тәуелсіз "Платиналы Тарлан" жүлдесінің иегері.
Сатыбалды Нарымбетов көптеген толықметражды көркем және деректі фильмдер түсіріп, оннан астам фильмге сценарий жазды, бірнеше әңгіме жинағының авторы.

Режиссердің "Жас аккордеоншының өмірбаяны" туындысы қазақ киносының алтын қорына енген. Фильм Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ие болған, көптеген халықаралық фестивальдің жүлдегері.

"Құрманғазы" атты деректі фильмнің, "Зауал", "Күзгі бұралаң жол" қысқа метражды фильмі, "Ұрын келген күйеу" , "Созақтан шыққан Гамлет", "Көзімнің қарасы", "Омпа" және тағы басқа көркем фильмдердің режиссері.

232
Кілт сөздер:
режиссер, естелік
Тақырып бойынша
Қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды
"Халқымыздың жадында сақталады": Тоқаев Нарымбетовтің отбасына көңіл айтты
"Күлкі етеді" Танымал режиссер неге қазақша сөйлемей жүргенін айтты
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
Режиссер Обаев Әуезов театрындағы жанжал туралы: шындықты неге бұрмалайды?
Инфекциялық стационар

Алматы "күңгірт қызыл" аймаққа кірді: әскери госпитальде инфекциялық стационар ашылды

0
150 науқасқа арналған ауруханада орташа ауыр деңгейдегі және ауыр жағдайдағы науқастарды емдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Алматы әскерилері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационар жасақтады, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша Алматыдағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар жасақтады", - деп хабарлады қорғаныс ведомствосы.

Палата в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы палата

Стационар 150 науқасқа арналған. Сонымен қатар медициналық мекемеде 50 орын соматикалық патологиясы бар әскери қызметкерлерді емдеу үшін және әскери-дәрігерлік және әскери-ұшқыштар сараптамасын жүргізу үшін бөлінеді.

"Біздің әскери госпиталь екінші эшелонға жатады. Сондықтан инфекциялық стационарға орташа ауыр және ауыр дәрежедегі науқастар жатқызылады. Жеке құрам мұндай жағдайға дайын", - деді Алматыдағы әскери клиникалық госпитальдің басшысы міндетін атқарушы Әбдіуәли Палтушев.

Кислородный баллон в инфекционном стационаре
© Photo : Минобороны РК
Инфекциялық стационардағы оттегі баллоны

Оның айтуынша, госпиталь мамандарының коронавирус жұқтырғандарды емдеу тәжірибесі бар. Медициналық мекемеде жасанды тыныс алдырту және гемодиализ аппаратымен жабдықталған реанимация бөлімі жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуірінен бастап әскери госпиталь дәрігерлері халыққа медициналық көмек көрсету жұмыстарына екі рет жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 430 адам емделіп шықты, оның шамамен 30%-і – ауыр және асқынған деңгейдегі науқастар.

2021 жылдың шіддесінен бастап Нұр-Сұлтандағы Бас әскери клиникалық госпиталь коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін қайта іске қосылды.

Сондай-ақ Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекемесі азаматтарды қабылдауға дайын. Аягөз, Талдықорған, Сарыөзек және Семей әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық бөлім жұмыс істеп тұр. ПТР-тестілеу жүргізу үшін Нұр-Сұлтанда және Алматыда екі стационарлық зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде мобильді зертханалық кешендер ашылған.

0
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы