Жеті атаңды білесің бе?

18552
Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі
Жеті атаңды білесің бе?
© Sputnik

Жеті атаға жетпей қосылғандарды қалай жазалаған?

Теріс бата – әке-шешесі алақанын теріс қарата жайып, лағнет айтып, қарғыс дұғасын оқыған.

Тас ату – әр үйден бір адамнан шығып, бір кесек тасты елді қара бет еткен жастарға атқан.

Үстінен мал айдау – жерге жатқызып байлап, үстінен қоралы қойды өткізу арқылы малдың тұяғына таптатып өлтірген.

Елден аластау – екі жасты байлап, елден алыс жерге апарып, тентіретіп қоя берген.

Асау жылқының құйрығына байлап, сүйретіп жіберіп те жазалаған.

Жеті ата туралы мақал-мәтелдер

  • "Жеті атасын білмеген – жетесіз"
  • "Жеті атасын білген жетімдік көрмейді"
  • "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер".
18552
Тақырып бойынша
Баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы не білеміз?
Адамды есінен айыруы мүмкін: Адыраспан туралы не білеміз?
Бата беру дәстүрі қайдан шықты және оны кімдер береді?

Суреттер сөйлейді: Андрей Стенин атындағы конкурстың лауреаттары фото

18
Андрей Стениннің құрметіне арналған жас фототілшілер конкурсының халықаралық қазылар алқасы 2021 жылғы лауреаттардың есімдерін атады

Құрамына әлемнің танымал фотографтары мен фотосарапшылары кірген қазылар жеңімпаздарды анықтау үшін жетпіс елден келіп түскен төрт жарым мыңнан астам жұмысты қарап шықты.

Шорт-параққа қатысушылардың қатарында Қытай, Ұлыбритания, Германия, Испания, Греция, Египет, Үндістан,  Түркия және басқа да елдің өкілдері бар. Айта кету керек, осы жылы шорт-параққа Индонезия, Мексика және Канаданың жас фотографтары тұңғыш рет енді.

2021 жылғы конкурс лауреаттарының жұмыстары өткен жылы ақпарат кеңістігінде көп қаралған оқиғалардың тізбегін қалыптастырып тұр. Олардың қатарында Миннеаполистегі мамырдағы наразылықтар, Африка мен Азияда шегіртке қаптауымен байланысты экологиялық апат, ғаламшардағы миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирус пандемиясы бар.

Оқи отырыңыз: Ғарыштағы медуза және дирижер үйрек: фотобайқау жеңімпаздары - фото

Стенин атындағы Гран-приді кім алатыны және басқа жүлделі орындар кімге бұйыратыны қыркүйекте белгілі болады.

Көктемнің алғашқы айында Андрей Стенин конкурсы жеңімпаздарды stenincontest.ru | stenincontest.com сайтында жариялайды.

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика конкурсы жас фотографтарға қолдау көрсетуді және заманауи фотожурналистика алдындағы міндеттерге қоғам назарын аударуды мақсат тұтады.

18
  • Ресейлік фотограф Артем Оноприенконың "Менің Ғаламшарым, жалғыз суреттер" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енген "Күш-қуат орны" атты жұмысы. Автор бұл суретті Байкалда түсірген. Суретте отты спираль көл бетінен көтеріліп, тұңғиық қара аспанға қарай сіңіп бара жатқаны бейнеленген. "Байкал көлі тек әдемі пейзажымен емес, көптеген құпиясымен де тартымды. Байкалда табиғат "қолынан шыққан" айрықша "күш-қуат" орындары жетерлік", - дейді фотограф.

  • Мексикалық фотограф Elipe Mahe ұсынған "Мария Элена" атты сурет. Ол Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Портрет. Біздің заманның батыры, жалғыз сурет" санаты бойынша енді. Феминицид құрбанына айналған Мексикадағы 27 жастағы саксофоншы Мария Элена Риос енді әділдік үшін күресіп жүр. Ол музыканың көмегімен қайта күш жинап, өз күресін жалғастыруға жігерлене түсті. Бұл сурет Мексикадағы "Өлілер күні" деп аталатын мереке кезінде түсірілген.

  • Грек фоторграфы Аггелос Барайдың "20 жастағы босқынды өлтіргеннен кейінгі Лесбос грек аралындағы тәртіпсіздіктер" атты суреті. Бұл жұмыс "Басты жаңалықтар, жалғыз сурет" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Канадалық фотограф Омиб Вахабзаденің "Black Lives Matter" атты суреті.

  • Мексикалық фотограф Luis Antonio Rojas туындысы - "Мексикадағы билікті жоғалту" атты сурет Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Басты жаңалықтар, топтама" санаты бойынша енді. Бұл сурет Лопес Обрадор 2018 жылдың қыркүйегінде президент қызметіне кірісуінің алдында түсірілген. ОБҚ наркотоптар Мексика аумағының шамамен 20 процентін бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Ал Мексика билігі елдің қандай да бір аумағын өз бақылауынан шығарып алғаны туралы ақпарат жалған екенін айтуда.

  • Мексикалық фотограф Luis Antonio Rojas туындысы - "Мексикадағы билікті жоғалту" атты сурет Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Басты жаңалықтар, топтама" санаты бойынша енді. Суретте кішкентай қыз бала өз туған күніндегі фотосессия кезінде Сакатекастың тарихи орталығында жылап отыр. Төрт картель Сакатекас арқылы өтетін фентанил бағдарын бақылауда ұстау үшін таласуда. Ал шағын қылмыстық топтар қарапайым мексикалықтарды тонаумен айналысуда.

  • Үндістаннан қатысқан фотограф Chandan Khanna "Жікке бөліну" атты суреті Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына "Басты жаңалықтар, топтама" санаты бойынша енді. Суретте: адамдар 2020 жылдың 4 маусымында Миннеаполистегі импровизацияланған мемориал алдында жиналып, қарсылық акциясына қатысып тұр. 2020 жылдың 25 мамырында 46 жастағы Джордж Флойд Миннеаполисте полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапты.

  • Конкурстың қазылар алқасы ресейлік фотограф Сергей Бобылевтің "Портрет. Біздің заманымыздың батыры" санатындағы "Біздің заманымыздың тұлғалары" атты жұмысын да жоғары бағалады. Бұл суретте коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған уақытша госпитальде ота жасап жатқан хирург бейнеленген.

  • Түрік фотографы Sebnem Coskun ұсынған "Түрік жүзушісі Нил Сахин" атты сурет. Бұл сурет те "Спорт, жалғыз суреттер" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Бангладеш фотографы Muhammad Amdad Hossain Андрей Стенин атындағы конкурсқа "Әсем көздер" атты жұмысын ұсынды. Ол "Портрет. Біздің заманымыздың батыры, жалғыз суреттер" санаты бойынша аталған байқаудың шорт-парағына енді.

  • Ресейлік фотограф Christina Brazhnikova түсірген "Даладағы еркіндік" атты суреті. Бұл туынды "Спорт, топтама" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Қытай фотографы Chang XU қолынан шыққан "Шаңғымен көктемге бет алып" атты туындысы. Ол "Менің ғаламшарым, жалғыз суреттер" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді.

  • Азиялық фотограф Абдул Моминнің "Шомылатын уақыт" атты суреті.

  • Қытай фотографы Сяосюй Пудың "Оңтүстік-Қытай теңізіндегі қытай бұрғылаушылары" атты жұмысы.

  • Испаниялық фотограф Луиса Тато ұсынған "Африка шығысындағы шегіртке қаптауы" атты сурет "Менің ғаламшарым, жалғыз сурет" санатында Андрей Стенин атындағы конкурстың шорт-парағына енді. Бір топ қыз Кениядағы Туркан округының Нгамия-Уан, Накукулас аумағында шегіртке қаптаған жолмен жүріп келеді.

Кілт сөздер:
байқау, фото

Тұтқиылдан басталған соғыс: 1941 жылдың 22 маусымы қандай күн болды архив суреттері

33
  • Великая Отечественная война 1941-1945 гг. Невский проспект. Жители Ленинграда 22 июня 1941 года во время объявления по радио правительственного сообщения о нападении фашистской Германии на Советский Союз
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • 22 июня 1941 года немецкая авиация бомбит советские города. Германия начала войну против СССР. Кадр из документального фильма Великая Победа советского народа
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Великая Отечественная война 1941-1945 годов. Жители столицы 22 июня 1941 года во время объявления по радио правительственного сообщения о вероломном нападении фашистской Германии на Советский Союз.
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Первые дни Великой Отечественной войны
  • Рабочие-стахановцы в годы ВОВ в Караганде
  • Командир 19-го гвардейского стрелкового полка Бауыржан Момышулы
Ұлы Отан соғысы басталған күннен бері 80 жыл өтті. 1941 жылдың 22 маусымы тарихқа қаралы күн ретінде енді. Соғыстың алғашқы күндері туралы Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан оқи аласыз

1941 жылдың 22 маусымы жаздың жаймашуақ күні еді. Сондықтан Кеңес Одағына қарсы соғыс басталғаны туралы суық хабар осы күнгі көңіл-күймен үйлесім таппады.

Әйтсе де бұл күн адамзат тарихындағы миллиондаған адамның өмірін жалмаған сұрапыл соғыстың бастауы болды. 

Соғыс жылдарында Қызыл армия қатарына бұрынғы КСРО-дан 35 миллион адам жұмылдырылды. Майданға 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды.

1941-1945 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-ның 27 миллион тұрғыны көз жұмды.

Ресми мәліметке сәйкес, 271 қазақстандық әлі күнге дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр.

Архивте сақталған бұл суреттер соғыстың алғашқы күндерінде адамдардың алаңдаушылығы мен үрейін, айналадағы жағдайды боямасыз көрсетеді.

33
  • Великая Отечественная война 1941-1945 гг. Невский проспект. Жители Ленинграда 22 июня 1941 года во время объявления по радио правительственного сообщения о нападении фашистской Германии на Советский Союз
    © Sputnik

    1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Нева даңғылы. Ленинград тұрғындары 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына соғыс ашқаны туралы хабарламаны радиодан тыңдап тұр.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / РИА Новости

    Кеңес Одағының миллиондаған тұрғыны "Бүгін, 22 маусымда, сағат таңғы 4-те фашистік әскер алдын ала хабарлаусыз біздің шекарамызға басып кірді" деген суыт хабар естіді. Осылай Ұлы Отан соғысы басталды.

  • 22 июня 1941 года немецкая авиация бомбит советские города. Германия начала войну против СССР. Кадр из документального фильма Великая Победа советского народа
    © Sputnik

    1941 жылдың 22 маусымында неміс авиациясы кеңес қалаларын бомбалады. Германия КСРО-ға қарсы соғыс ашты. "Кеңес халқының Ұлы жеңісі" деректі фильмінен үзінді.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    "Біз жауды жеңеміз. Жеңіс біздікі!" – Отан қорғаушылар осы сөздерді ұрандатқан күйі соғысқа аттанды.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Майданға қабылдайтын орындар барлық әскери қолбасшылықта ашылып, жас сарбаздарға әскери киім-кешек пен қару берілді.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Соғысқа кеткен азаматтың тек бірлі-сараны ғана елге аман оралды.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Ал осы уақытта фашистік бомбалаушылар балалар, әйелдер мен қариялар сынды қорғансыз адамдардың өмірін қиып жатты. Суретте: оқ астында қалған Красная слобода аулы, Брянск майданы, 1941 жыл.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Василий Савранский

    Қаланы қорғауға тек әскери қызметшілер емес, бейбіт тұрғындар да етене араласты.

  • Великая Отечественная война 1941-1945 годов. Жители столицы 22 июня 1941 года во время объявления по радио правительственного сообщения о вероломном нападении фашистской Германии на Советский Союз.
    © Sputnik / Евгений Халдей

    Адам шығыны туралы алғашқы мәлімет, жау қолында қалған алғашқы қалалар. Суретте: Мәскеу тұрғындары фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы туралы хабарламаны тыңдап тұр. 1941 жылдың 22 маусымы.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Георгий Зельма

    Кишиневте фашистердің әуедегі шабуылынан кейін медбикелер жаралыларға алғашқы көмек көрсетіп жатыр.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Соғыстан суыт хабар келіп жатты. Еріктілер әскери қолбасшылық алдында сағаттап кезек күтіп, майданға аттануда. Суретте: Мәскеу, 1941 жылдың 23 маусымы.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Александр Дитлов

    Алғашқы соққы шекараға жақын орналасқан аудандарға жасалды. Үрейленген халық үйлерін тастап, бас сауғалап жатыр. Суретте: Беларусь, 1941 жылдың 1 шілдесі.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Григорий Чертов

    Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері Ленинградта қағылған әуе дабылы.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Георгий Зельма

    Қорғаныс шебі КСРО шекарасынан бара-бара алыстап жатты. Сондықтан фашистер шабуыл жасаған қалаларды жылдар бойы жау қолында қалдырып кетуге тура келді.

  • Первые дни Великой Отечественной войны
    © Sputnik / Анатолий Гаранин

    Барлығы майдан үшін! Тылдағы еңбеккерлер осы ұранды соғыс жылдары берік ұстанды. Эвакуацияланған зауыттар тылға көшіріліп, күшейтілген режимде жұмыс істеді

  • Рабочие-стахановцы в годы ВОВ в Караганде
    © Photo : Государственный архив Карагандинской области

    Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 35 миллион тонна көмір өндірді, мұнай өндірісі 39 процентке артты. Қазақстан соғыс арсеналына айналып, барлық ірі кәсіпорын әскери өнім шығаруға көшті. Суретте: Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қарағандыдағы жұмысшылар.

  • Командир 19-го гвардейского стрелкового полка Бауыржан Момышулы
    © Sputnik / Виктор Кинеловский

    ҰОС батыры Бауыржан Момышұлы былай деп жазды: "Бұл соғыс қазақ халқының тарихында бетбұрыс кезеңіне айналды да, миллиондаған отандасымыздың жүрегінде өшпес із қалдырды". Суретте: 19-шы гвардиялық атқыштар полкінің командирі Бауыржан Момышұлы әскери дайындығын жетілдіруде.

Үркер сыйлығының сертификаты

Sputnik Қазақстанның екі тілшісі "Үркер" ұлттық сыйлығының шорт-парағына енді

0
Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, журналистерден барлығы 340 жұмыс келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. "URKER-2021" Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды. Оған сәйкес, Sputnik Қазақстанның тілшісі Ксения Воронина "Жылдың үздік репортажы", фототілші Владислав Воднев "Жылдың үздік фотосуреті" номинациясы бойынша тізімге енді.

Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, ал "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал" номинациясы биылғы байқаудың жаңа номинациясы. Журналистерден барлығы 340 жұмыс келсе, солардың ішінде ең көп өтінім "Жылдың үздік сұхбаты", "Жылдың үздік танымдық материалы" және "Жылдың үздік аналитикалық материалы" номинациялары бойынша келіп түсті. Құрамына беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мене халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері ұлттық бәйге номинанттарын жариялады, шорт-параққа 44 номинант енді:

Жылдың үздік фотосуреті

  • Владислав Воднев Sputnik Қазақстан порталы
  • Мақсат Шағырбаев newsroom.kz порталы
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алихан Сариев Tengrinews.kz порталы

Жылдың үздік репортажы

  • Дина Литпин Adyrna порталы
  • Зарина Нокрабекова "Казахстанская правда" республикалық газеті
  • Ануар Абдрахманов BaigeNews.kz порталы
  • Ксения Воронина Sputnik Қазақстан порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы

  • Айбар Олжаев Nege.kz порталы
  • Жолдыбай Базаров "Егемен Қазақстан" газеті
  • Дина Имамбаева "Ақиқат" журналы
  • Азамат Галеев "Литер" газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі

  • Ермекбай Заңғыров "Ана тілі" газеті
  • Рысбек Қыдырбек "Aiqyn" газеті
  • Дархан Нұрұмбетова BaigeNews.kz порталы
  • Юрий Масанов, Александр Воротилов "Курсив" газеті

Жылдың үздік сұхбаты

  • Жасмин Ризабекова STEPPE порталы
  • Тамара Вааль Vlast.kz порталы
  • Әлия Тілеужанқызы "Túrkistan" халықаралық газеті
  • Юлия Тен BaigeNews.kz порталы

Жылдың үздік танымдық материалы

  • Талғатжан Мұхаметбекұлы "ҚазАқпарат" халықаралық агенттігі
  • Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
  • Алтынбек Құмырзақұлы "Қазақстан тарихы" интернет-жобасы
  • Мөлдір Мұқит STEPPE порталы

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • "Қайырлы таң, Қазақ елі" "Қазақ" радиосы
  • "Новое утро" "NS" радиосы
  • "Жамбыл жолы" "Шалқар" радиосы
  • "Хроника Победы" "Алау" радиосы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • іnbusiness.kz
  • informburo.kz
  • inform.kz
  • lsm.kz

Жылдың үздік газеті

  • "Курсив"
  • "TÚRKISTAN"
  • "Оңтүстік Қазақстан"
  • "Деловой Казахстан"

Жылдың үздік журналы

  • "Forbes Kazakhstan"
  • "Таң-Шолпан"
  • "Айгөлек"
  • "Ақиқат"

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

  • Рыиза Молдашева "Семей таңы" газеті
  • Лэйла Тастанова "Время" газеті
  • Альберт Ахметов zakon.kz
  • Айгүл Бисембинова "Вечерняя Астана" газеті

"URKER-2021" Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 24 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі қарсаңында белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі "Қазмедиа" орталығында өтеді. Көрермендер марапаттау рәсімін urker-awards.kz ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жеңімпаздарға "URKER" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығы  табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық "URKER" сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

0
Кілт сөздер:
журналистика, журналист, сыйлық