Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Қазақстан аруы" байқауының айшықты суреттері

Жазылу
Бейбітшілік және келісім сарайы сахнасында отыз бойжеткен сұлулық патшайымы атанып, "Қазақстан аруы" атағын иелену үшін сайысқа түсті

Финалдық шоудың қалай өткенін, арулардың арасында қайсысы топ жарғанын, 3 миллион теңгені "Қазақстан аруы" жеңімпазы қайда жұмсайтынын Sputnik Қазақстан фотолентасынан оқыңыздар. 


© Sputnik / Болат ШайхиновБайқау қатысушыларының көйлектері ұлттық нақышта безендіріліп, арулардың келбетін әсем әшекей-бұйымдар одан сайын ажарландыра түсті.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
1/14
Байқау қатысушыларының көйлектері ұлттық нақышта безендіріліп, арулардың келбетін әсем әшекей-бұйымдар одан сайын ажарландыра түсті.
© Sputnik / Болат ШайхиновБойжеткендер саханаға этностық-casual стиліндегі образбен шығып, көрермендерді ерекше сұлулығымен таңғалдырды.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
2/14
Бойжеткендер саханаға этностық-casual стиліндегі образбен шығып, көрермендерді ерекше сұлулығымен таңғалдырды.
© Sputnik / Болат ШайхиновАқылына көркі сай, қыпша бел қыздар мың бұрала сахнаға шығып, әділ қазылардың назарына түсу үшін барын салды.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
3/14
Ақылына көркі сай, қыпша бел қыздар мың бұрала сахнаға шығып, әділ қазылардың назарына түсу үшін барын салды.
© Sputnik / Болат Шайхинов"Қазақстан аруы" байқауы Наурыз мейрамымен қатар келгендіктен, бағдарлама ұлттық салт-дәстүр мен халқымыздың өнерін айшықтауға бағытталды.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
4/14
"Қазақстан аруы" байқауы Наурыз мейрамымен қатар келгендіктен, бағдарлама ұлттық салт-дәстүр мен халқымыздың өнерін айшықтауға бағытталды.
© Sputnik / Болат ШайхиновБұдан бөлек, өнерлі қыздарымыз кішкентай күнінен бойына сіңірген ерекше қабілеттерін ортаға салды.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
5/14
Бұдан бөлек, өнерлі қыздарымыз кішкентай күнінен бойына сіңірген ерекше қабілеттерін ортаға салды.
© Sputnik / Болат ШайхиновДәстүр бойынша, дарындылар шоуында жеңімпаз атанған ару бірден үздік 15 қыздың қатарына кіреді.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
6/14
Дәстүр бойынша, дарындылар шоуында жеңімпаз атанған ару бірден үздік 15 қыздың қатарына кіреді.
© Sputnik / Болат ШайхиновДауыс беру жарнасы мен билеттер сатылымынан түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалмақ.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
7/14
Дауыс беру жарнасы мен билеттер сатылымынан түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалмақ.
© Sputnik / Болат ШайхиновҚарағанды аруы ұлттық үлгідегі киіммен сахна төріне шықты.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
8/14
Қарағанды аруы ұлттық үлгідегі киіммен сахна төріне шықты.
© Sputnik / Болат Шайхинов"Қазақстан аруы" байқауының финалдық шоуында еліміздің түпкір-түпкірінен келген ең сұлу 30 қыз сайысқа түскен.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
9/14
"Қазақстан аруы" байқауының финалдық шоуында еліміздің түпкір-түпкірінен келген ең сұлу 30 қыз сайысқа түскен.
© Sputnik / Болат ШайхиновӘділ қазылар ең үздік бес бойжеткенді анықтап, смс арқылы және онлайн режимде ең көп дауыс жинаған ару "Қазақстан аруы" атағына ие болды.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
10/14
Әділ қазылар ең үздік бес бойжеткенді анықтап, смс арқылы және онлайн режимде ең көп дауыс жинаған ару "Қазақстан аруы" атағына ие болды.
© Sputnik / Болат ШайхиновАтыраулық Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы" атанып қана қоймай, 3 миллион теңге сыйақы иеленді.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
11/14
Атыраулық Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы" атанып қана қоймай, 3 миллион теңге сыйақы иеленді.
© Sputnik / Болат ШайхиновКең пейілді бойжеткен бүкіл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсайтынын мәлімдеді.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
12/14
Кең пейілді бойжеткен бүкіл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсайтынын мәлімдеді.
© Sputnik / Болат Шайхинов"Қарағанды аруы" 19 жастағы Екатерина Дворецкая І вице-мисс атанды.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
13/14
"Қарағанды аруы" 19 жастағы Екатерина Дворецкая І вице-мисс атанды.
© Sputnik / Болат ШайхиновАльфия Ерсайын небәрі 16 жаста болса да, қазірдің өзінде сән әлемінде модельдік мансабын бастап кеткен.
Қазақстан аруы - Sputnik Қазақстан
14/14
Альфия Ерсайын небәрі 16 жаста болса да, қазірдің өзінде сән әлемінде модельдік мансабын бастап кеткен.
Жаңалықтар
0