Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Целиноградтан Астанаға дейін: қала келбеті қалай өзгерді?

Жазылу
Архивтен табылған сирек кадрлар қаланың қайталанбас келбеті мен ерекше көріністерін сақтап қалған

Целиноградтың тап-тұйнақтай көшелері қандай еді? Көгершін қуған балалар, күнге шағылысып, мың құбылған фонтандар, саябақта қол ұстасып қыдырған ғашықтар… Тың игерушілер қаласы, еңбекқор жастар қаласы, үкілеген үміттер қаласы…

Арада бірнеше жыл өтсе де, қаланың келбеті адам танымастай өзгерді. Елорданың сән-салтанатын, түнгі Астананың көздің жауын алар сұлулығын тамашалауға әлемнің түпкір-түпкірінен туристер келіп жатады. Жаңа қалада өмір сүру салты мүлдем басқа.

Архив суреттерге зер салып, қаланың қалай өзгергеніне куә болыңыз.

Толығырақ Sputnik фотолентасында жазылған.

© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуАстана тұрғындары бұл суретті көріп таңғалатын шығар. Ең қарбалас уақыттың өзінде небәрі үш-төрт көлік жүреді! Бір қызығы, бұл – Целиноградтың орталық көшелерінің бірі, 1975 жыл.
Целиноград - Sputnik Қазақстан
1/18
Астана тұрғындары бұл суретті көріп таңғалатын шығар. Ең қарбалас уақыттың өзінде небәрі үш-төрт көлік жүреді! Бір қызығы, бұл – Целиноградтың орталық көшелерінің бірі, 1975 жыл.
© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуЛенин алаңында балалар көгершіндерге жем шашуда.
Целиноград - Sputnik Қазақстан
2/18
Ленин алаңында балалар көгершіндерге жем шашуда.
© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуТың игерушілер сарайын салуды Никита Хрущев ұсынып, қалада өндіріс озаттарының республикалық жиындарын өткізуді жоспарлаған еді. Ол үшін үлкен әрі заманауи зал қажет болды. Суретте: Тың игерушілер сарайы алдындағы алаң, 1983 жыл.
Целиноград - Sputnik Қазақстан
3/18
Тың игерушілер сарайын салуды Никита Хрущев ұсынып, қалада өндіріс озаттарының республикалық жиындарын өткізуді жоспарлаған еді. Ол үшін үлкен әрі заманауи зал қажет болды. Суретте: Тың игерушілер сарайы алдындағы алаң, 1983 жыл.
© Sputnik / Медиабанкке өтуАқ фартук, қара көйлек киген оқушылар емтиханға дайындалып, түлектер кешін асыға күтіп, болашаққа зор үмітпен қарайды. Суретте: Ленин алаңы, 1983 жыл.
Целиноград - Sputnik Қазақстан
4/18
Ақ фартук, қара көйлек киген оқушылар емтиханға дайындалып, түлектер кешін асыға күтіп, болашаққа зор үмітпен қарайды. Суретте: Ленин алаңы, 1983 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуТұрмыс үйі алдында баласымен қыдырып жүрген жас ана, 1979 жыл.
Целиноград - Sputnik Қазақстан
5/18
Тұрмыс үйі алдында баласымен қыдырып жүрген жас ана, 1979 жыл.
© Photo : из фондов Национального музея РКЕлорданы Алматыдан Ақмолаға (Целиноград қаласының атауы 1992 жылы өзгертілді) көшіру – қала тарихындағы шешуші кезең.
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
6/18
Елорданы Алматыдан Ақмолаға (Целиноград қаласының атауы 1992 жылы өзгертілді) көшіру – қала тарихындағы шешуші кезең.
© Photo : из фондов Национального музея РКЕл аузында, әзіл-шыны аралас, елордамызды құрылыс крандары қаласы деп атайды. Астананың Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылы 6 шілдеде қабылданды. Елорданың ресми көшірілген күні – 1997 жыл 10 желтоқсан.
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
7/18
Ел аузында, әзіл-шыны аралас, елордамызды құрылыс крандары қаласы деп атайды. Астананың Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылы 6 шілдеде қабылданды. Елорданың ресми көшірілген күні – 1997 жыл 10 желтоқсан.
© Photo : из фондов Национального музея РКАстана (қаланың жаңа атауы 1998 жылы бекітілді) күн санап қарыштап дамып келеді
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
8/18
Астана (қаланың жаңа атауы 1998 жылы бекітілді) күн санап қарыштап дамып келеді
© Photo : из фондов Национального музея РКЕлорданың көкжиегі көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде: зәулім ғимараттар аспанмен таласып, әсіресе, сол жағалау барған сайын кеңейіп жатыр. Қазақстанның түпкір-түпкірінен жастар арман қуып Астанаға келеді.
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
9/18
Елорданың көкжиегі көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде: зәулім ғимараттар аспанмен таласып, әсіресе, сол жағалау барған сайын кеңейіп жатыр. Қазақстанның түпкір-түпкірінен жастар арман қуып Астанаға келеді.
© Официальный сайт Президента КазахстанаҚұрылыс күндіз-түні жүріп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша жаңа Астанада заманауи ғимараттар бой көтерді.
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
10/18
Құрылыс күндіз-түні жүріп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша жаңа Астанада заманауи ғимараттар бой көтерді.
© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жобалар бекітілгеннен бастап, ғимарат пайдалануға берілгенге дейін құрылыс барысын өзі қадағалайды.
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
11/18
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жобалар бекітілгеннен бастап, ғимарат пайдалануға берілгенге дейін құрылыс барысын өзі қадағалайды.
© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өтуАстананың Еуразиялық стилі – Елбасы ұсынған идея қазір де Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін ұштастырып, жүзеге асырылып жатыр. Суретте: Есіл жағасы, 90-шы жылдардың аяғы.
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
12/18
Астананың Еуразиялық стилі – Елбасы ұсынған идея қазір де Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін ұштастырып, жүзеге асырылып жатыр. Суретте: Есіл жағасы, 90-шы жылдардың аяғы.
© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуАстананың ертеден келе жатқан қатты аязы мен дүлей боранына елордалықтар әбден үйреніп алған, климаттың қатал сыны адамның рухын көтеріп, мінезін шыңдайды.
Целиноград - Sputnik Қазақстан
13/18
Астананың ертеден келе жатқан қатты аязы мен дүлей боранына елордалықтар әбден үйреніп алған, климаттың қатал сыны адамның рухын көтеріп, мінезін шыңдайды.
© Photo : из фондов Национального музея РКАстананың зәулім ғимараттары бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысы ерекше келбетке ие. "Зажигалка", "чупа-чупс", "доллар" сияқты күлкілі атауларды алғаш естіген елорда қонағы таңырқап қалары сөзсіз.
Астананың архив суреті - Sputnik Қазақстан
14/18
Астананың зәулім ғимараттары бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысы ерекше келбетке ие. "Зажигалка", "чупа-чупс", "доллар" сияқты күлкілі атауларды алғаш естіген елорда қонағы таңырқап қалары сөзсіз.
© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өтуҚаланың көркін жаңа саябақтар мен скверлер одан сайын ажарландыра түсуде. Суретте: Астана, 2004 жыл.
Астана - Sputnik Қазақстан
15/18
Қаланың көркін жаңа саябақтар мен скверлер одан сайын ажарландыра түсуде. Суретте: Астана, 2004 жыл.
© Официальный сайт Президента КазахстанаДарынды балалардың туған үйіндей болған қазіргі Оқушылар сарайының жобасы.
Астана - Sputnik Қазақстан
16/18
Дарынды балалардың туған үйіндей болған қазіргі Оқушылар сарайының жобасы.
© SputnikАстана қаласының Самал шағын ауданы.
Астана - Sputnik Қазақстан
17/18
Астана қаласының Самал шағын ауданы.
© Photo : предоставлено Государственным архивом Астаны20 жыл бұрын Астананың орнында кең жазира дала болғанын қазір елестету қиын.
Астана - Sputnik Қазақстан
18/18
20 жыл бұрын Астананың орнында кең жазира дала болғанын қазір елестету қиын.
Жаңалықтар
0