Фантастика! Табиғаттың тамсандырар сұлулығын паш ететін 13 айшықты сурет

2302
(Жаңартылды 11:14 23.10.2018)
  • Чилидегі мәрмәр үңгірлер
  • Солтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы
  • Ресейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар
  • Памуккале
  • Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы
  • Мексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай
  • Коринф арнасы
  • Көгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл
  • Қытайдағы Аспан қақпасы
  • Иаков бұлағы
  • Австралияның 12 апостолы
  • Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайы
  • Жаңа Зеландия
Табиғаттың шебер қолы бейнелеген көздің жауын алар көріністер қайталанбас көркімен адамға ерекше әсер қалдырады

Таңдай қақтырар фантастика, қайталанбас шедевр! Әлемнің түпкір-түкпіріндегі осы бір әсем жерлер туристерді еріксіз баурап алады. Чилидегі мәрмәр үңгірлер, Памуккаледегі аппақ қабырғалар, Исландиядағы көкпеңбек лагуна – адам өмірінде тым құрығанда бір рет көруі тиіс таңғажайып жерлердің бір бөлігі ғана.

Алысқа сапар шегуге әлі дайын емес болсаңыз, тұмса табиғат көріністерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.

Тағы оқыңыз:

2302
  • Чилидегі мәрмәр үңгірлер
    © Depositphotos / Naticastillog

    Чилидегі мәрмәр үңгірлер күлгін түстен ашық көгілдір түске дейін мың құбылып, көздің жауын алады. Сол себепті мұнда жылма-жыл келетін туристер саны еш толастаған емес. Табиғи лабиринт Хенераль көлінде орналасқан.

  • Солтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы
    © Fotolia / GigiPeis

    Солтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы қатар-қатар орналасқан 40 мыңдай базальт колоннасынан тұрады. Ертегідегі дәудің соқпағын елестетін бұл жер туристер арасында өте танымал. Айрықша жол бағзы заманда жанартау атқылауынан кейін пайда болыпты.

  • Ресейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар
    © Sputnik / Anton Denisov

    Ресейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар алыстан менмұндалайды. Жартастарға жету үшін әуелі қайықпен жүзіп барып, әрі қарай үш шақырым жоғары көтерілуге тиіссің.

  • Памуккале
    © Sputnik / Alexei Danichev

    Түркияның Памуккале геотермальды бұлақ бастарында орналасқан әппақ қабырғалар – табиғаттың сыры ашылмаған жұмбақ жерлерінің бірі. Температурасы 36 градус табиғи ваннаға шомылу әркімге арман.

  • Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы
    © CC0

    Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы баспалдақтан айнымайды. Биіктігі шамамен 40 метр.

  • Мексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай

    Мексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай – қолдан жасалған ландшафттардың бірі. Кезінде бұл жерде сынақ жүргізіліп, бомбалар жарылған. Табиғаты сұлу аралда көптеген өзгерістер болды, табиғаттан асқан шебер жоқ шығар, сірә. Уақыт өте келе жартастардағы ойықтар үлкейіп, Мексиканың ғажайып жағажайларының біріне айналып отыр.

  • Коринф арнасы
    © AFP 2019 / Aris Messinis

    Коринф арнасының қабырғаларының биіктігі 76 метрге жетеді. Эгей және Ион теңіздерін қосатын арна салу туралы гректер көне замандардан бері армандаған. Алайда бұл жоба XIX ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Қазір ірі кемелер бұл арнамен жүзе алмайды, есесіне биік құздан секірушілер мен басқа да экстремалды спорт түрлеріне таптырмайтын орын болды.

  • Көгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл
    © AFP 2019 / Joel Saget

    Көгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл. Табиғи бассейндегі судың температурасы ең суық мезгілдің өзінде 37-40 градустан төмендемейді.

  • Қытайдағы Аспан қақпасы
    © Photo : Public domain

    Қытайдағы "Аспан қақпасы" атты табиғи арка жер сілкінісі салдарынан біздің дәуіріміздің 260 жылы пайда болған. Бұл "терезеден" түскен жарыққа шомылу үшін, 999 баспалдақты басып, жоғары көтерілуге тиіссің.

  • Иаков бұлағы

    Халық арасында Иаков бұлағы деген атқа ие су түбіндегі үңгір әлемдегі ең әсем жерлердің біріне жатады. Бірақ сұлулығының астарында "тылсым күш" жатыр. Кей сүңгуірлер осы үңгірге аттанып, сол беті оралмаған. Су түбіндегі карстық шұңқырларда адамның адасып кетуі оп-оңай.

  • Австралияның 12 апостолы
    © AFP 2019 / Indranil Mukherjee

    Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауындағы әктас жартастары Порт-Кэмпбелл ұлттық саябағында орналасқан. Қайталанбас табиғат көрінісі туристер үшін тартымды жерлердің біріне айналды.

  • Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайы

    Көздің жауын алатын әсем жағажай тылсым ерекшелігімен туристердің үрейін туғызуы әбден мүмкін. Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайының құмы аптап ыстықта да сәл ғана жылы температурасын сақтап тұрады. Құм түйіршіктерінің құрамындағы кремний диоксиді фотоаппараттар мен видеокамераларға зиянын тигізеді.

  • Жаңа Зеландия

    Пішіні шар тәріздес, диаметрі алты метрден асатын, қақ ортасынан бөлінген гранит жартас Тасман теңізінің жағалауында орналасқан. Қиялшыл жандар бұл мекенді махаббат дастанымен байланыстырады, сондықтан үйлену тойының фотосессиясын түсіруге ең танымал жерлердің бірі болып саналады.

Кілт сөздер:
туризм, саяхат, әлемде, табиғат, фотолента
Тақырып бойынша
Армандар орындалады: тілек тілеуге арналған сиқырлы жерлер
Биыл жазда қайда демалуға болады – Назарбаев кеңес береді
Еуропаға саяхат: Кәрі құрлықтағы ең қызықты жерлер

Болашаққа бағдар: IT-технологиялар білім беруді қалай өзгертеді фото

18
(Жаңартылды 21:17 01.12.2020)
  • Лунная станция VR жобасының таныстырылымы
  • Қырғыз оқушылары Бішкекте виртуалды және кеңейтілген шындық күндері шарасына қатысуда
  • Қырғыз оқушылары Бішкекте виртуалды және кеңейтілген шындық күндері шарасына қатысуда
  • Балаларды цифрлық әлемге жетелеуге көмектесетін тағы бір жоба – Кибер кітап
  • Виртуалды хоккей
  • Кибер кітап жобасы
  • Іс-шараға қатысушы Юлия Закладни
  • Көрермен назарына ұсынылған композиттер
  • Хакатонға қатысушылар
  • Тәжікстандық қатысушы Равшан Сафаров
  • Азиза Әділбаева
  • Халықаралық байқаудың қазақстандық жеңімпаздары
  • Қазақстандық қатысушы Айгүл Амитова
  • Түркіменстандық қатысушы Айна Ілиясова
  • Конференция қатысушылары
  • Болашаққа бағдар: IT-технологиялық білім беру
  • Конференция қатысушылары
Қазіргі кезде цифрлы технологиялар біздің өміріміздің бөлігіне айналғанын екінің бірі біледі. Алайда, осыған байланысты білім саласы қалай өзгергенін бәрі бірдей түсіне бермейді

Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жөніндегі федералды агенттік пен Россотрудничества бірлесіп жасаған суретті топтаманың кейіпкерлері әңгімелейді.

Әлемде балалар мен ересектердің "цифрлық технологияны" меңгеруіне көмектесу үшін көптеген форумдар мен байқаулар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ, "виртуалды және толықтырылған шынайылық күндері" жобасы әлемнің түрлі елі мен қалаларындағы балаларға VR деген не екенін түсіндіріп, виртуалды шындықпен танысуына көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Күн энергиясы болашақта қуатты көзге айналады – Тоқаев

Жобаның басты мақсаты – балаларды заманауи IT технологиялармен таныстыру және олардың цифрлық әлеуетін дамыту.

18
  • Лунная станция VR жобасының таныстырылымы
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    "Лунная станция" VR жобасының таныстырылымы кезінде қырғыз оқушысы жер серігінің виртуалды көрінісін жасайды.

  • Қырғыз оқушылары Бішкекте виртуалды және кеңейтілген шындық күндері шарасына қатысуда
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    "Бүгінде цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласында бар. Қысқа уақыт ішінде шағын стартап бүкіл саланың ландшафтын өзгерте алады. Бағдарламашының немесе IT маманының кәсібі қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Сіз әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс істеп, жақсы ақша таба аласыз", – дейді "Білім беру инновациялары саласындағы кәсіпқойлар" одағы білім беру жобасының жетекшісі Евгений Антонов. Суретте: қырғыз оқушылары Бішкекте "виртуалды және кеңейтілген шындық күндері" шарасына қатысуда.

  • Қырғыз оқушылары Бішкекте виртуалды және кеңейтілген шындық күндері шарасына қатысуда
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    Қырғыз оқушысы Бішкектегі "Виртуалды және кеңейтілген шындық күндері" шарасы аясында VR көзілдірігі арқылы ғарышты тамашалауда

  • Балаларды цифрлық әлемге жетелеуге көмектесетін тағы бір жоба – Кибер кітап
    © Photo : пресс служба АНО "КИБЕР СТРАНА"

    Балаларды цифрлық әлемге жетелеуге көмектесетін тағы бір жоба – "Кибер кітап". Бұл цифрлық сауаттылықты жақсартуға көмектесетін 11-16 жас аралығындағы балаларға арналған цифрлық кодтау бойынша нұсқаулық.

  • Виртуалды хоккей
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    "Somposite battle vr" композиті бойынша әлем чемпионатының қатысушысы виртуалды хоккей ойнайды.

  • Кибер кітап жобасы
    © Photo : пресс служба АНО "КИБЕР СТРАНА"

    "Кибер кітап" жобасы талантты балаларға жасанды интеллекттің, виртуалды және кеңейтілген шындықтың озық технологияларын игеруге көмектесуге деген талпыныстың нәтижесінде пайда болды, өйткені бұл нарық кем дегенде 50 жыл дамиды.

  • Іс-шараға қатысушы Юлия Закладни
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    Хакатонға қатысу вакуумды құюдың технологиялық процесі туралы алғашқы түсінік алуға тамаша мүмкіндік болды. Суретте: іс-шараға қатысушы Юлия Закладни презентация жасап тұр.

  • Көрермен назарына ұсынылған композиттер
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    Композиттерді виртуалды форматта жасау әдісі кез-келген білім беру мекемесінде сатып алуға жүгінбей-ақ өнім жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Суретте: хакатонда ұсынылған композиттер.

  • Хакатонға қатысушылар
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    "Біз VR-дегі композиттер туралы сыныптарда бірнеше жылдан бері мектеп оқушылары мен студенттерді және жұмысшы мамандарды оқытумен айналысамыз", – дейді Нелюб.

  • Тәжікстандық қатысушы Равшан Сафаров
    © Photo : из архива ООО "Новое время"

    Тәжікстандық Равшан Сафаров "Білімді жүктеп ал" байқауында өнер көрсетіп тұр.

  • Азиза Әділбаева
    © Photo : из архива ООО "Новое время"

    Халықаралық "Білім жүктеп ал" байқауының жеңімпазы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азиза Әділбаева.

  • Халықаралық байқаудың қазақстандық жеңімпаздары
    © Photo : из архива ООО "Новое время"

    "Білімді жүктеп ал" халықаралық байқауының қазақстандық жеңімпазы Айгүл Амитова мен Азиза Әділбаева.

  • Қазақстандық қатысушы Айгүл Амитова
    © Photo : из архива ООО "Новое время"

    "Білімді жүктеп ал" байқауында қазақстандық қатысушы Айгүл Амитова өнер көрсетіп тұрған сәт.

  • Түркіменстандық қатысушы Айна Ілиясова
    © Photo : из архива ООО "Новое время"

    Суретте: түркіменстандық Айна Ілиясова "Білімді жүктеп ал" байқауына қатысуда.

  • Конференция қатысушылары
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    Әлемнің 8 елінен 600-ден астам маманның басын қосқан "Цифрлық экономикаға кадрларды дайындау" бірінші халықаралық педагогикалық конференциясының қатысушылары.

  • Болашаққа бағдар: IT-технологиялық білім беру
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    "Білім беру ұйымдарының ішінде цифрлық кеңістік құру арқылы біз білім берудің заманауи болуына және цифрлық экономика үшін кадрлар даярлау ісін қазіргі тенденцияларға сәйкестендіруге көмектесеміз", – дейді шара ұйымдастырушылары.

  • Конференция қатысушылары
    © Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"

    Мәскеу қалалық білім және ғылым департаментінің білім беру жүйесіндегі адами әлеуетті дамыту басқармасының бастығы Илья Новокрещенов (сол жақта) пен Илья Бронштейн "Цифрлық экономикаға кадрларды дайындау" халықаралық педагогикалық конференциясында сөз сөйледі.

Кілт сөздер:
білім, жаңа технологиялар

Жасанды интеллект: жүз жыл бұрын "робот" сөзі қолданысқа енді фото

44
  • Hanson Robotics компаниясының негізін қалаушы Дэвид Хэнсон Гонконгта робот Софиямен бірге. София – азаматтық алған әлемдегі алғашқы робот. Ол 2017 жылы астанада өткен ЭКСПО-ға келген.
  • Жапондық гуманоидтық робот Asimo жүз жыл бұрын робот сөзін ойлап тапқан чех жазушысы әрі драматург Карел Чапектің бюстіне гүл әкеліп тұр.
  • Карел Чапектің роботтардың көтерілісін бейнелейтін R. U. R. (Россум әмбебап роботтары) ғылыми-фантастикалық пьесасынан көрініс.
  • Сөйлеп, қозғала алатын Эрик роботы. Ол 1928 жылы таныстырылып, Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында сенсация тудырды. Қазір британдық ғылым мұражайында тұр.
  • Магнитогорскідегі Андроидты техника ғылыми-өндірістік бірлестігі базасында Құтқарушы жобасының Федор антропоморфты роботын зертханада сынап жатқан сәт.
  • 2001 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін Canadarm 2 робототехника кешені жапондық HTV-6 жүк кемесін іліп алуға дайындалып жатыр.
  • Ubtech Robotics Company компаниясының Jimu роботтары Берлинде IFA 2017 көрмесінде ұсынылды. Бұл роботтардың ерекшелігі – оларды арнайы мобильді қосымша арқылы бағдарламалауға болады.
  • Қызметтік ит Кэдидің Amazon Re: робототехника және жасанды интеллект бойынша MARS конференциясында Boston Dynamics жасаған Spot атты робот иттерді кездестірген сәт.
  • Мәскеуде Крокус Экспо көрме орталығында M. video Electronics Show 2019 көрмесінің ресми ашылуында мамандардың бірі Sony компаниясының стендінде қойылған Аibo робот итіне тапсырма беріп тұр.
  • OceanOne роботы бастапқыда тек адам істей алатын маржан рифтерін зерттеу құралы ретінде ойластырылған. Роботтың ұзындығы – 1,5 метр, ол стереоскопиялық көру жүйесімен жабдықталған.
Роботтар әзірге әлемді жаулап алмаса да, белсенді түрде осыған ұмытылып келеді. Роботтардың көтерілісі туралы алғашқы шығарманың пайда болғанына тұп-тура ғасыр болды

Чех жазушысы Карел Чапек бірде түсінде пьеса көрген. Робот-андроидтар адамдарды толығымен жойып жіберген екен. Бұл оқиға осыдан жүз жыл бұрын болған. Кей деректе оның ұзақ уақыт бойы басты кейіпкерлерді қалай атауға болатынын ойланғаны айтылады.

Осы мәселені жазушы өзінің ағасы суретші Йозеф Чапекке айтқан. Ол жазушыға "робот" сөзін қолдануды ұсынады. Чех тіліндегі robota – "мәжбүрлі жұмыс" сөзінен алынған. Осылайша, жер бетінде "робот" ұғымы пайда болды.

Бүгінде роботты еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі. Робот-хирург көмегімен күрделі ота жасалады.

Роботтарды кішкентай балалар да құрастырады. Ал София секілді заманауи робот жасанды интеллектпен жабдықталған.

Роботтар үшін фантаст Айзек Азимов "робототехника қағидаларын" ойлап тапты, сол арқылы робот адамға зиян келтіре алмайды.

Роботтың түр-түрін біздің фотолентадан қараңыз.

44
  • Hanson Robotics компаниясының негізін қалаушы Дэвид Хэнсон Гонконгта робот Софиямен бірге. София – азаматтық алған әлемдегі алғашқы робот. Ол 2017 жылы астанада өткен ЭКСПО-ға келген.
    © AP Photo / Kin Cheung

    Hanson Robotics компаниясының негізін қалаушы Дэвид Хэнсон Гонконгта робот Софиямен бірге. София – азаматтық алған әлемдегі алғашқы робот. Ол 2017 жылы астанада өткен ЭКСПО-ға келген.

  • Жапондық гуманоидтық робот Asimo жүз жыл бұрын робот сөзін ойлап тапқан чех жазушысы әрі драматург Карел Чапектің бюстіне гүл әкеліп тұр.
    © AP Photo / Michal Dolezal

    Жапондық гуманоидтық робот Asimo жүз жыл бұрын "робот" сөзін "ойлап тапқан" чех жазушысы әрі драматург Карел Чапектің бюстіне гүл әкеліп тұр.

  • Карел Чапектің роботтардың көтерілісін бейнелейтін R. U. R. (Россум әмбебап роботтары) ғылыми-фантастикалық пьесасынан көрініс.
    © Photo : Public domain

    Карел Чапектің роботтардың көтерілісін бейнелейтін "R. U. R." ("Россум әмбебап роботтары") ғылыми-фантастикалық пьесасынан көрініс.

  • Сөйлеп, қозғала алатын Эрик роботы. Ол 1928 жылы таныстырылып, Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында сенсация тудырды. Қазір британдық ғылым мұражайында тұр.
    © Photo : Public domain

    Сөйлеп, қозғала алатын Эрик роботы. Ол 1928 жылы таныстырылып, Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында сенсация тудырды. Қазір британдық ғылым мұражайында тұр.

  • Магнитогорскідегі Андроидты техника ғылыми-өндірістік бірлестігі базасында Құтқарушы жобасының Федор антропоморфты роботын зертханада сынап жатқан сәт.
    © Sputnik / Alexandre Ovcharov

    Магнитогорскідегі "Андроидты техника" ғылыми-өндірістік бірлестігі базасында "Құтқарушы" жобасының "Федор" антропоморфты роботын зертханада сынап жатқан сәт.

  • 2001 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін Canadarm 2 робототехника кешені жапондық HTV-6 жүк кемесін іліп алуға дайындалып жатыр.
    © AFP 2019 / NASA

    2001 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін Canadarm 2 робототехника кешені жапондық HTV-6 жүк кемесін іліп алуға дайындалып жатыр.

  • Ubtech Robotics Company компаниясының Jimu роботтары Берлинде IFA 2017 көрмесінде ұсынылды. Бұл роботтардың ерекшелігі – оларды арнайы мобильді қосымша арқылы бағдарламалауға болады.
    © AP Photo / Michael Sohn

    Ubtech Robotics Company компаниясының Jimu роботтары Берлинде IFA 2017 көрмесінде ұсынылды. Бұл роботтардың ерекшелігі – оларды арнайы мобильді қосымша арқылы бағдарламалауға болады.

  • Қызметтік ит Кэдидің Amazon Re: робототехника және жасанды интеллект бойынша MARS конференциясында Boston Dynamics жасаған Spot атты робот иттерді кездестірген сәт.
    © AFP 2019 / Mark Ralston

    Қызметтік ит Кэдидің Amazon Re: робототехника және жасанды интеллект бойынша MARS конференциясында Boston Dynamics жасаған Spot атты робот иттерді кездестірген сәт.

  • Мәскеуде Крокус Экспо көрме орталығында M. video Electronics Show 2019 көрмесінің ресми ашылуында мамандардың бірі Sony компаниясының стендінде қойылған Аibo робот итіне тапсырма беріп тұр.
    © Sputnik / Vladimir Pesnya

    ашылуында мамандардың бірі Sony компаниясының стендінде қойылған Аibo робот итіне тапсырма беріп тұр.

  • OceanOne роботы бастапқыда тек адам істей алатын маржан рифтерін зерттеу құралы ретінде ойластырылған. Роботтың ұзындығы – 1,5 метр, ол стереоскопиялық көру жүйесімен жабдықталған.
    © AFP 2019 / Boris Horvat

    OceanOne роботы бастапқыда тек адам істей алатын маржан рифтерін зерттеу құралы ретінде ойластырылған. Роботтың ұзындығы – 1,5 метр, ол стереоскопиялық көру жүйесімен жабдықталған.

Кілт сөздер:
фото
Видеообращение преподавателей гуманитарного колледжа Нур-Султана к Токаеву

Астаналық оқу орнының қызметкерлері Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады

32
Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан гуманитарлық колледжінің қызметкерлері президент пен білім министрі атына оқу орнын жаппау және оны "Астана" университетінің сенімді басқаруына бермеу туралы үндеу жолдады.

Колледж тағдыры кейінгі бес жыл бойы шешіліп келеді. 2019 жылдың 19 тамыздағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Гуманитарлық колледжін" "Астана Халықаралық университетінің" сенімді басқаруына беру көзделген. Оның ішінде колледжге тиесілі жер учаскесі, оқу корпусы, жатақханалар мен барлық кадрлық құрам және студенттер де бар.

Алайда 2020 жылы қала әкімдігінің 2020 жылдың 11 қыркүйектегі гуманитарлық колледжді қайта ұйымдастыру туралы қаулысымен оқу орны Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне қосылды. Ал ол колледж педагогикалық мамандықтар бойынша кадр даярламайды.

"Қаулыға сәйкес мүлік және сенімді басқаруға байланысты барлық қызмет берілді. Ұжыммен өткен жиналыста білім басқармасының өкілдері қайта ұйымдастыру рәсімі педагогикалық ұжымға да, колледж әкімшілігіне де әсер етпейтінін айтты. Алайда білім басқармасының 13 қарашадағы бұйрығымен колледж директоры мен директордың барлық орынбасары жұмыстан босатылды. Оқу жылының ортасында колледж басшысыз қалды", - делінген қызметкерлердің ұжымдық үндеуінде.

Сонымен қатар әлі күнге дейін колледждің алдағы уақытта қалай жұмыс істейтіні айтылмаған.

"Біреудің мүддесін көзделіп отырған сияқты көрінеді. Ғасырлық тарихы бар колледж құрылғанына екі жыл болмаған және білім беру қызметі нарығында өзін дәлелдемеген ЖОО-ға қандай талап бойынша беріледі. Қалада бастауыш және мектепке дейінгі білім беру бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі сезілетін уақытта елордадағы жалғыз педагогикалық колледждің жабылуы педагог кадрлардың азаюына, кадр даярлау сапасының төмендеуіне әкеледі. Өйткені білім алушылардың ата-анасы оқу орнын таңдау кезінде бірінші кезекте колледж имиджіне қарайды", - деп нақтылады колледж қызметкерлері.

Сонымен қатар гуманитарлық колледж қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтан, білім және ғылым министрінен колледжді "Астана" халықаралық университетіне сенімгерлік басқаруға бермеуді сұрады.

Білім басқармасы не дейді

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының хабарлауынша, "Гуманитарлық колледжді"  "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға беру жобасы 2019 жылы іске асырылды.

Бұл жобаға сәйкес, білім берудің оқу процесін құру үшін жеке әріптестің 1 000 орынды оқу корпусын қосып, қолданыстағы колледж базасында "Колледж-институт" педагогикалық  кешенін құру көзделіп отыр.

"Гуманитарлық колледж өз жұмысын университет жанындағы колледж ретінде жалғастырады. Бұл өз кезегінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, бюджетті оңтайландыру және білім саласына жекеменшік серіктестерді, яғни инвестиция тарту мақсатында жасалып отыр", - деді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін оқу орнының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне қосылғаны хабарланды. Басқарманың айтуынша, қазір қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі "Астана Халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға берілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Азаматтық кодексте  "Заңды тұлғаның қызметін тоқтату" туралы ұғым жоқ. Кодексте "Заңды тұлғаның қызметін қайта құру және тарату" ұғымы қарастырылған. Осыған орай "Гуманитарлық колледж"  "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне" біріктірілді. Бұдан әрі қарай біріктірілген колледж "Астана халықаралық университетіне" сенімгерлік басқаруға тапсырылады", - деп түсіндірді білім басқармасы.

Гуманитарлық колледж 1928 жылы құрылған. Сол уақыттан бері оқу орны қала мен аймақтарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етті. Қазір оқу орнында 1 748 студент білім алып жатыр және 250-ден астам оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.

32
Кілт сөздер:
бейнеүндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев, колледж
Тақырып бойынша
Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды
"Енді кездеспейміз деді": Назарбаев жақындарының қазасы туралы айтты
Алматыда әбден ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады
Мұхтар Шахановтың орынбасары Тоқаевтан көмек сұрады
COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады