Көз тоймайтын мінсіз мүсінді сұлулар байқауы - фото

3330
(Жаңартылды 19:10 08.11.2018)
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
  • Мисс Бумбум-2018
Бразилиядағы "Мисс Бум-бум" байқауында бикини киген сұлу мүсінді қыздар жиналған жұртты тәнті етті

Қыздардың сымбатын бүкіл Бразилия халқы бірнеше ай бойы бағалап келген. Елдегі ең танымал "Мисс Бум-Бум" байқауында бөкселері ең әдемі нәзік жандылар қатысты.

Сұлу қыздар елдің әр штатынан келіп, тұрғындар онлайн дауыспен оларға қолдау көрсетті.

 

"Мисс Бум-Бум" атағын иеленген қыз қомақты сыйақы алып қана қоймай, түрлі жарнамаларға түсуге шақырылып, миллиондаған бразилиялықтың көзайымына айналады.

Байқау жеңімпазы қалай таңдалғанын фотолентадан тамашалаңыз.

3330
  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    27 қатысушының ішінде финалға 15 қыз ғана шықты, осылайша ең әдемі бөксе иесі анықталды.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Бұл Бразилиядағы ең танымал байқаулардың бірі.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Қатысушыларға бүкіл ел жанкүйер болады.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Алине Ува полицей болып істейді екен.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Қатысушы арулар табиғатынан мінсіз мүсінімен мақтанады, олардың дене бітімі ешқандай пластикалық хирургияны көрмеген.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Финалға шыққан қыздардың бөкселерінің ауқымы 100 сантиметрден 125 сантиметрге жетеді.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Алдарыңызда "Мисс Бум-Бум 2018" байқауының жеңімпазы - Эллен Сантана - ең әдемі бөксе иесі.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Бұл байқауда финалға шыққан барлық қыз көрерменнің көзайымына айналады.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Биыл финалға трансгендер Паула Оливьера қатысты.

  • Мисс Бумбум-2018
    © AFP 2021 / Miguel Schincariol

    Эллен Сантана жеңісін тойлап жатыр! Тал бойында бір мін жоқ сымбатты қыз қомақты сыйақы ұтып қана қоймай, түрлі жарнамаға түсуге мүмкіндік алды.

Кілт сөздер:
'Мисс Бум-Бум 2018', фото, сұлулық байқауы, қыздар, Бразилия
Тақырып бойынша
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы ең сұлу арулар - фото
Бай әрі сұлу: Голливудтың ең үздік актрисалары қанша табыс табады?
Әлем чемпионатының ең сұлу фанат қыздары
Әлемнің ең сұлу аруы – Мануши Чхиллар

Сәтті кадр: Алматыда қай жерде суретке түсуге болатынын білесіз бе фото

83
  • Лето в Алматы
  • Лето в Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
  • Алматы
Алматы – еліміздің мәдени, тарихи және қаржы орталығы. Алматыны айтқан кезде бірден ойға келетін жер көп. Бірі қаланы алмамен, бірі биік тауларымен байланыстырса, енді бірі тіршілігі қайнаған қызу өмірмен байланыстырады

Әрбір алматылық қалаға келген қонаққа қала ортасында тұрған бөлек әлем – ботаникалық баққа, тауларға қол созым жерде тұрған Тұңғыш президент паркіне барып, ескі әрі жаңа ғимараттарды көруге кеңес береді.

Күнделікті өмірді әлеуметтік желі арқылы көрсететін уақытта фотоға түсуге болатын көрікті жерлерді іздейтін адам да көп. Мың бояулы қаланың әр бұрышында ерекше фото жасауға болады. Осындай орындар туралы Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз. 

83
  • Лето в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    1932 жылы құрылған Ботаникалық бақ 2019 жылы жөндеуден өтті. Бір жылға жалғасқан жаңарту жұмыстарынан кейін бақ іші жаңаша түрге енді. Жол жөнделіп, демалуға арналған орындықтар қойылды. Тіпті шағын көлшік пайда болды.

  • Лето в Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жалпы аумағы 103,6 гектар аумақтағы бақта фотоға түсуге болатын жер жетерлік. Қаз-қатар тұрған ағаштар да, арнайы фотоға түсу үшін жасалған арка да сән беріп тұр. Тек аздап қиялды қосса жеткілікті.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қала тұрғындары мен қонақтары саябақ ішіндегі орындықтарда да әдемі фото түсіре алады. Оған жайқалған ағаштар реңк береді

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көктем шыға демалыс сайын қала тұрғындары дәл осы баққа келуге асығады. Себебі мұнда таза ауада қаланың дәл ортасында отырып күйбең тіршіліктен тынығуға мүмкіндік бар

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қала тұрғындары үшін тағы бір ерекше жер – тұңғыш президент паркі. Қаланың жоғары жағында орналасқан саябақтан тау ерекше көрінеді.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Тұңғыш президент паркінің күз кезіндегі келбеті

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысында орналасқан бұл саябақ 2010 жылы ашылған. Бұл жерде жыл сайын алма көрмесі мен спорттан жарыстар өтеді. Ал жастар "мұнара" маңында фотосессия жасап, Lovestory түсіреді

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қала тұрғындары арасында танымал жердің бірі – Нұрлы тау ғимараты. Әл-Фараби көшесінде орналасқан бұл бизнес орталық қабырғасының әйнектен жасалғанымен ерекшеленеді

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қазақ-Британ техникалық университеті. 1957 жылы құрылысы аяқталған бұл ғимарат бір кездері ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Үкімет үйі болды. Төле би көшесінде орналасқан ғимарат әлі күнге дейін келбеті мен маңызын жоғалтпаған

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ескі мен жаңа үйлесім тапқан бұл ғимарат маңында қала тұрғындары фотоға түскенді ұнатады.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматылық бойжеткен Қазақ-Британ техникалық университеті алдындағы субұрқақта фотоға түсіп жүр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимары алыстан мен мұндалап тұр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматыдағы ерекше көшелердің біріне композитор Мұқан Төлебаевтың аты берілген. Мұнда бір кездері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов секілді жазушылар мен Дінмұхамед Қонаев тұрған.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Орталық гүлзардағы субұрқақ

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Астана алаңына қарама-қарсы орналасқан орталық гүлзар ішінде жастар махаббаттың белгісі ретінде құлыпты бекітіп, кілтін суға тастайды. Дәл осы жерде субұрқақ жанында фотоға түсуге мүмкіндік бар.

  • Алматы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қалада адам көп жиналатын жердің бірі – Арбат. Мұнда қаланың қызу тіршілігін көрсетіп, ары-бері өткен адамдар мен жұмыстан кейін демалып отырғандар арасында фотоға түсуге болады.

Кілт сөздер:
сурет, фото, Алматы

Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр фото

83
Әлем мұсылмандары пандемия салдарынан екі жыл қатарынан қажылықтан бас тартуға мәжбүр

Осы жылы ислам әлеміндегі қасиетті орынға баратындар саны 60 мыңнан аспайды. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі дәл осынша квота бөлген. Бұл пандемияға дейінгі қажылық етуші адам санынан 50 есе аз. Пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатқанын суреттер топтамасынан көріңіздер.

Сонымен қатар Қағба айналуға ниет еткен мұсылмандардың барлығы коронавирусқа қарсы ведомство мақұлдаған вакцинаны салдыруға тиіс және киелі орынға келуден көп дегенде үш күн бұрын тапсырған ПТР-тесті болуы керек.

Меккенің өзінде де мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге міндетті.

Құлшылық етушілер Сауд Арабиясына өткен аптаның соңынан бастап келе бастады. Осы жылы "қысқартылған" қажылық 17-22 шілде аралығында өтеді.

Осы уақыт ішінде түрлі елден келген мұсылмандар қажылық кезінде міндетті саналатын түрлі жөн-жоралғыны орындайды. Олардың қатарында Қағбаның киелі тасын жеті рет айналу, Арафат тауына шығу, шайтанға тас ақтыру сынды іс-әрекеттер бар.

Қажылық әрбір мұсылман үшін исламдағы бес парыздың бірі болып саналады.

83
  • © AFP 2021

    Дәстүрлі киім киген және бетперде таққан құлшылық етушілер Меккедегі Қағба киелі тасының жанына жиналып жатыр. Осы жылы Сауд Арабиясы вакцина салған азаматтарға қысқартылған көлемде қажылықты өтеуге рұқсат етті.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Мұсылмандар Мекке қаласындағы Үлкен мешіттегі Қағба айналасында тәуап орындап жатыр, Сауд Арабиясы.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Меккедегі Қағба айналасында тәуапты орындау кезіндегі әйел адам.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Құлшылық етуші мұсылман қажылық алдында Мина ауданында өзі орналасқан шатыр айналасын тазалап жатыр.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Қажылыққа арналған ақ түсті киім киген мұсылман қажылыққа аттану үшін Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайға келді, Сауда Арабиясы.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Меккедегі қажылық кезінде Үлкен мешітте мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып умраны орындап жатыр.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайда аквариум алдында ер адам селфи түсіріп тұр.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Панемияға дейінгі жылдары Қағба тасының айналасына жиналған жұрт қарасынан бас айналардай болса, осы жылы киелі тасты тек 60 мың мұсылман ғана айналып жүре алады.

  • © REUTERS / Ahmed Yosri

    Меккеде қажылықты өтер алдында мұсылман ер адамдар дәрет алып, исламдағы бес парыздың біріне дайындалып жатыр.

  • © REUTERS / Saudi Ministry of Media

    Меккедегі Үлкен мешітке қарай бет алған мұсылман мен әуеге көтерілген бір топ кептер.

Кілт сөздер:
Мекке, фото, қажылық
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

108
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

108
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы