Президенттер достығы: Назарбаев пен Путиннің 12 тарихи фотосы

344
(Жаңартылды 17:37 13.11.2018)
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында қол ел президенттерінің достығын айшықтайтын архив кадрларды ұсынамыз.

Қазақстан мен Ресей президенттері жылына 15-16 рет кездеседі. Демек, шамамен есептегенде, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин осы жылдар ішінде кем дегенде 150 рет кездесу өткізген, бұл екі елдің ынтымақтастығы мен тығыз байланысының ғана көрінісі емес, қос президенттің адал достығының айғағы.

Sputnik Қазақстан 2000 жылдан бергі уақыт аралығындағы архив суреттерді назарыңызға ұсынады.

344
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Владимир Родионов

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің ең алғашқы кездесулерінің бірі. Мәскеу, 2000 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Сергей Величкин

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин "Шымбұлақ" тау шаңғысы демалыс орнында, наурыз, 2002 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Сергей Гунеев

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльдегі кездесуі, желтоқсан, 2003 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Алексей Панов

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Астананың ең басты символы – Бәйтерек монументінде, қаңтар, 2004 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / POOL

    Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшылары Алматыға ұшып бара жатып, Астанада өткен ЕЭО пен ҰҚШҰ саммитерін талқылап отыр, маусым, 2004 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Сергей Жуков

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеудегі Чистопрудный бульварінде қазақ ақыны Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылуында, сәуір, 2006 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Михаил Климентьев

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Астананың даму жоспарымен танысуда, мамыр, 2007 жыл

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Алексей Никольский

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Ақордадағы кездесуі, қазан, 2015 жыл

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Михаил Климентьев

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс күніне арналған әскери парадты тамашалауда, мамыр, 2016 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Владимир Астапкович

    Қазақстан мен Ресей президенттері Астанада ШЫҰ елдері басшыларының отырысы алдындағы кездесуде, маусым, 2017 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Сергей Гунеев

    Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Сочиде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы алдында, мамыр, 2018 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Бүгін 8 қарашада ҰҚШҰ саммитінің ашылу салтанатында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен қол алысып қана қоймай, қазақстандық әріптесін құшақтады.

Кілт сөздер:
Назарбаев, Владимир Путин, ҰҚШҰ, саммит, фото, тарихи оқиғалар
Тақырып:
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы (19)
Тақырып бойынша
Астанадағы саммитте Путин Назарбаевты құшақтады
Астанада Назарбаев пен Путиннің қатысуымен ҰҚШҰ саммиті басталды - видеотрансляция
Назарбаев пен Путин "Бәйтерек" ғарыш кешенімен танысады
Назарбаев пен Путин Қазақстанда кездеседі

Әлемде Хоббит күні қалай аталып өтеді - фэнтези фотолар

42
(Жаңартылды 18:16 23.09.2021)
  • Актриса в костюме жительницы Хоббитона приветстсвует зрителей премьеры фильма Хоббит: неожиданное путешествие
Сексен төрт жыл бұрын Бильбо Бэггинстің саяхаты туралы кітап алғаш рет басылып шықты

Ал қырық үш жыл бұрын АҚШ-тың толкиенистер (фэнтези жанрының негізін қалаушы Джон Рональд Руэл Толкиеннің ізбасарлары) қауымы қыркүйекте Хоббит күнін атап өтуді ұсынды. Себебі "Сақиналар әміршісі" романы бойынша 22-сі күні басты кейіпкерлер Бильбо мен Фродо Бэггинстер дүниеге келген. Автордың айтуынша, хоббит екі сөзден тұрады. Олар: homo - адам, и rabbit – қоян.

Хоббит күнін атап өтетіндер табиғатта пикник жасап, Толкин кітабындағы Бэггинстер сияқты үлкен мейрам жасауға тырысады. Фейерверк атылады, сан алуан ойындар мен билер ұйымдастырылады. Әрбір адам өзіне ұнайтын кейіпкердің киімін киіп келеді. Бірақ аяқ киімсіз жүрген дұрыс. Себебі нағыз хоббиттер жалаңаяқ болған.

42
  • © AP Photo / Matt Rourke

    Мынау "Хоббиттің үйі", Филадельфияға жақын Честер округында орналасқан. Сәулетші Питер Арчер оны өз қолымен жасап шықты.

  • © AP Photo / Petr David Josek

    Чехияның Доксы қаласына жақын жерде орманның ішімен жалғыз аяқжолмен Гэндальф келе жатыр. Ол бес әскердің соғысына дайындалып жүр.

  • © AP Photo / Petr David Josek

    Дәл сол орманда Гэндальфтың ізімен орктар ма, гоблиндер ме, жақсылық пен ізгіліктің қарсыластары да жүріп келеді. Олар да бес әскердің соғысына қатыспақшы.

  • © AP Photo / SANG TAN

    Аукционшы Джой Асфар "Хоббит" кітабының алғашқы басылымын зерттеп отыр. Бұл кітап 20 000-30 000 фунт стерлинг (40 152 60 229 доллар) тұрады.

  • © AP Photo / Matt Rourke

    Сәулетші Питер Арчер өзі жасаған "Хоббиттің үйіне" кірді. Ішінде Толкиен шығармаларының жинағы, қолжазбалар мен естелік заттар бар.

  • © AFP 2021 / ROBYN BECK

    Бильбо Бэггинстің мүштігі. Ол 2001 жылғы фильмде бар. Julien's Auctions аукционында 100-120 мың долларға бағаланды.

  • © AP Photo / Vadim Ghirda

    Сұр Гэндальфтің мүсіні. Оның жанынан өтіп бара жатқан адамдар гном болып көрінеді. Бұл ескерткіш Бухарест қаласында орнатылған.

  • © AP Photo / Matt Rourke

    Хоббит үйі

  • © AP Photo / Mark Mitchell

    Гном Дори – танымал Бильбо Бэггинстің серіктестерінің бірі. Оны актер Марк Хэдлоу сомдап тұр. Ол Ұлыбритания ханзадасы Чарльздің алдында бір аяғын тізерлеп отыр. Осы жерде "Хоббит" фильмі кезінде грим мен костюмдер жасайтын шеберхана орналасқан.

  • © AP Photo / Matt Rourke

    "Хоббит үйінің" интерьері

  • Актриса в костюме жительницы Хоббитона приветстсвует зрителей премьеры фильма Хоббит: неожиданное путешествие
    © AP Photo / Ross Setford

    Хоббиттер өте көңілді болған деседі. Хобитон тұрғыны болып киінген актриса фильм премьерасына келген қонақтарды қарсы алып жатыр.

  • © AP Photo / Petr David Josek

    Эльфтарды көргіңіз келе ме? Онда орманның ішіне кіру керек. Олар да бес әскердің соғысына қатысу үшін келді.

  • © AP Photo / Nick Perry

    Жаңа Зеландияның Веллингтон әуежайының төбесінде ілініп тұрған алып Горлум. Ол қолымен балық аулап тұр.

  • © AP Photo / Petr David Josek

    Чехия мамандары бес әскердің соғысын қаз-қалпында ұйымдастыра білді. Найзалардың ұшы жұмсақ болса да, адамдар өз рөліне қатты беріліп кеткен.

  • © AP Photo / Mark Baker

    Бұл - әйгілі Хоббитон. Хоббиттер елінің астанасы. Бұл жерде Бильбо мен Фродо тұрды. Қазір "Сақиналар әміршісі" фильмінің бұрынғы түсіру алаңына туристер емін-еркін кіре алады.

  • © AP Photo / Petr David Josek

    Жауыз урукхайдың образын да жасап шығаруға болады.

  • © AFP 2021 / FRAZER HARRISON

    Горлумды сомдаған актер Энди Серкис "Хоббит. Бес әскердің соғысы" фильмінің премьерасы басталмай тұрғанда сақинамен фотоға түскен.

Кілт сөздер:
фото

Талдыкөл періштелері: елордадағы көлге қоқиқаз қонды фото

45
(Жаңартылды 14:58 23.09.2021)
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
Бұл құбылыс көпшілікті таңғалдыруы мүмкін, алайда қызғылт қоқиқаз елордадағы Талдыкөлдің тағдыры шешіліп жатқанда ұшып келді. Осылайша ерекше құстар көлді сақтап қалу мақсатында адамзатқа белгі бергендей болды

Көптеген жыл ішінде қоқиқаз алғаш рет ел астанасына ортасына қонды. Бұған дейін оларды тек қала маңынан ғана көруге болатын.

Нұр-Сұлтанда кіші Талдыкөлді құтқару бойынша ауқымды акциялар өткені белгілі.

Билік көлді құммен жауып, жаңа нысандар салғысы келді.

Алайда бұған жергілікті тұрғындар қарсы болды, оларды зооқорғаушылар, экоактивистер және журналистер қолдады.

Кіші Талдыкөлдің тағдыры шешіліп жатқанда қоқиқаз қала орталығының жанындағы табиғи саябаққа ұшып келді. Биліктің қалалық су қоймасын құрғату туралы шешіміне байланысты қалыптасқан жағдайды ескерсек, бұл құбылыстың да символдық мәні бар.

Осындай сәтте қоқиқаздың көлге келуі адамдарға табиғат берген сұлулықты жоймай, керісінше сақтауға белгі бергендей болды.

Кіші және үлкен Талдыкөлге  Sputnik Қазақстан тілшісі Абзал Қалиев барып қоқиқаз бен оны тамашалауға жиналған тұрғындарды түсіріп қайтты.

Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

45
  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Қызғылт қоқиқаз Нұр-Сұлтандағы Талдыкөл көліне қонды. Қала тұрғындары табиғи су қоймасының жағасына таңғажайып, әсем құсты тамашалауға жиналып жатыр.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Нұр-Сұлтандағы Талдыкөлге қонған қызғылт қоқиқаздар артында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Қызғылт қоқиқазға қарап тек қана жақсы дүниені еске алғың келеді.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Орнитологтар қазір құстардың ұшуы белсенді жүріп жатқанын, сондықтан құстар Қазақстан астанасында ұзақ тұрақтамайтынын айтты.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Құстардың бұл түрі әдетте Қорғалжын қорығын паналайды, алайда қаладағы көл де олардың тіршілік етуіне қолайлы саналады.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Кіші Талдыкөл қоқиқаз мекендеуге таптырмайтын жер, себебі мұндағы суды сүзіп, омыртқасыз жануарларды өсіруге болады.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Қоқиқаз таяз көлдерді жақсы көреді.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Орнитологтардың айтуынша, кіші Талдыкөлде қоқиқаз ұзақ аялдамайды. Қорық аумағында құстар мұз пайда болғанша тұрақтайды.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Нұр-Сұлтанның қақ ортасын тұрақтаған қызғылт қоқиқаздар қала тұрғындарын қуанышқа бөледі.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Қаланың экологиялық кеңесінде Кіші Талдыкөлде рекреациялық аймақты сақтау және құру мәселесі қаралды.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Су айдынында "Кіші Талдыкөл" сулы-батпақты нысанын сақтау үшін түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Талдыкөл (үлкен Талдыкөл) көлінің маңында еліміздегі алғашқы қорық және орман-саябақ аймағы бар табиғи парк пайда болады.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Екінші экопарк Майбалық көлінің жанында болады. Фотоға қала тұрғындары Талдыкөлдегі қоқиқазды тамашалауға келген сәт түсірілген.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Жас қоқиқаздың қанаты сұр түсті болады. Олар әлі қызғылт түске боялып үлгермеген.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Астаналықтар жағада әсем қоқиқазды бақылап отыр. Тоғаннан оннан астам құсты көруге болады.

  • Талдыкөлдегі қоқиқаздар
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Қоқиқаздар Кіші Талдыкөлге шағын топ болып ұшып келді. Мамандардың сөзінше, жас құстар шамамен бір жылдан кейін қызғылт түске боялады.

 Ақорда ғимараты

Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек президент

0
Тоқаев Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бюджетаралық қатынастардың нақты механизмдерін анықтап алу керек деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақордадағы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында ұлттық жобаларды қаржыландыру мәселесі қарастырылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қаржыландыруға қатысты мәселе бар. Презентацияға сәйкес, жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру шығынының бір бөлігін көтеру, яғни 3,3 триллион теңге қаржы бөлу жергілікті бюджетке жүктеліпті. Бұл аз қаражат емес. Жергілікті бюджет бұған дайын ба? Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бюджетаралық қатынастардың нақты механизмдерін анықтап алу керек", – деді президент.

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев 

Тоқаев жеке инвестицияларға қатысты мәселені де қозғады. Оның айтуынша, ұлттық жобаларды қаржыландыруға қажетті 49 триллион теңгенің 33 триллионы немесе жалпы соманың 67 пайызы бюджеттен тыс қаражатқа тиесілі.

"Бұл қаржылар егжей-тегжейлі пысықталып, нақты жобаларға бағытталған және қаржыландыру көздері анықталған деп ойлаймын. Жеке инвесторлармен арадағы шала жүргізілген жұмыстардың кесірінен ұлттық жобалардың жүзеге асырылмай қалуына жол бермеу қажет. Жеке инвестицияларды тиімді тарту мәселесі бюджет қаржысын ақылға қонымды пайдалану сияқты маңызды екенін естеріңізге саламын", – деді мемлекет басшысы.   

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі талқылаулар мен президент әкімшілігінің ескертпелерін ескере отырып, жалпы ұсынылған ұлттық жобаларды мақұлдауды ұсынды. Үкіметке бекіту туралы тиісті қаулыны екі апта ішінде қабылдауға тапсырма берілді.

"Үкімет пен Агенттік сараптама қоғамдастығы мен халық арасында тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізгені жөн. Айтылуы мүмкін сындарға нақты әрі жедел жауап беру қажет. Үндемей қалуға болмайды. Конструктивті диалог жүргізу керек. Ұлттық жобалар бекітілгеннен кейін бірден жүзеге асыруға кірісіңіздер", - деп тапсырды мемлекет басшысы.

Президент ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына қарай олардың орындалу барысын қарастырып, қажетті шешімдер қабылдайтынын атап өтті.

0