Естен кетпейтіндей болмақ! Шырша қар үстінде емес, күнге әбден қызған құм үстінде тұрады. Санта шананың орнына серфинг тақтайымен зымырап, сұлу Қарашақыздар әдемі шомылу киімімен жүрсе де, Жаңа жылдың қызығы одан кемімейді!
Әр елде адамдар Жаңа жылды әрқалай қарсы айналады, кейбіреулер қысы қатал аймақтан, әдейі мәңгі жаз жерге барып, мейрамды ерекше тойлағысы келеді.
Бүгінгі топтамада ерекше жаңажылдық суреттер! Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін!
Австралия жағажайында рождество бас киімін киген турист әйел.
Бали аралында Санта-Клаус костюмін киген ер адам.
Франция жағажайында Жаңа жыл тойлау.
Австралияда кішкентай қыз кенгурумен бірге.
Францияда рождество мерекесінде Санта болып киінген қыздар.
Балиде серфингпен айналысып жүрген Санта-Клаус.
Дубайдағы Жаңа жыл мерекесі.
Гавай аралдарындағы рождество шыршасы.
Сиднейдегі жағажайда Санта-Клаус маскасын киген қыздар.
Гавай аралдарындағы жаңа жыл.
Үндістандағы рождество қарсаңында құмнан жасалған мүсіндер
Бразилиядағы жаңа жыл
Кениядағы жаңа жыл.
Сен-Мартен аралдарындағы жағажайда Санта кітап оқып жатыр.
Гаагадағы жаңа жыл.
Қардан жасалған аққала
Санта-Клаус киімін киген ер адам қайықпен жүзіп барады.
Мальдив аралдарында жаңа жылды қарсы алу.
Әйтсе де, діни ұстанымды жоғары қойып, өз денсаулығына сенімді азаматтар үшін кейбір қалаларда иорданилер, яғни, шомылуға арналған ойықтар ашық болды.
Қызылордада қалалық шіркеу маңына жабық бассейн әзірленді. Бірақ қызылордалықтардың басым бөлігі қауіпсіздікті әрі өз денсаулықтарын ойлап, шомылудан бас тартты.
Оқи отырыңыз: Полярлық шұғыла: ерекше табиғат құбылысын қашан көруге болады – фото
Ал Алматыда мұндай бес орын арнайы ашылды. Елдегі ең аязды аймақтардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысында шоқыну шомылуында айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Өңірдегі шіркеу қызметкерлері тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға және кезек туындатпауға шақырды.
Қазақстанда бұл діни мереке қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
Алматы қаласындағы Вознесенск кафедралық ғибадатханасында Астана мен Қазақстан митрополиті Александр түнгі Тәңірлік литургияны және суды қасиеттеу рәсімін орындады.
Арнайы дайындалған мұзды ойыққа суды қасиеттеу рәсімі орындалғаннан кейін ғана шомылу керек. Әдетте бұл 18 қаңтар түнінде орындалады. Еліміздің ең суық аймақтарының бірі – Петропавлда санитар дәрігерлер шомылуға рұқсат берді.
Астана мен Қазақстан митрополиті Александр мерекелік рәсім өткізіп жатыр.
Осы жылы шомылуға барғандар қарасының аз екеніне қарамастан, нағыз батылдар суға түсуге асығуда.
Алматыдағы шоқыну шомылуы биыл "қысқартылған"режимде өтті. Мегополисте діни шомылу рәсімін өткізуге тек бес арнайы орын ашылды.
Полицейлер мен құтқарушылар Петропавлдағы су ойығындағы шомылу кезінде әлеуметтік ара қашықтық пен қауіпсіздікті бақылап тұр.
Адамдар шоқыну мерекесінде қасиеттелген суды құйып алуда. Дәстүр бойынша, суды шіркеуден немесе су ойығынан алуға болады.
Шіркеуге келген әйел шырақ жағуда.
Қызылордада шіркеу ауласына шоқыну шомылуына арналған бассейн. Алайда, мұнда ешбір қызылордалық шомылған жоқ. Олар бұл рәсімнен бас тартқан секілді.
Құтқарушылардың мәліметі бойынша, Алматыдағы су ойығына бірнеше жүз адам ғана суға түскен. Әдетте, жыл сайын мұндай діни рәсімді орындайтындардың саны мыңнан асып түсетін.
Әйтсе де, Қызылордадағы қасиетті су құйылған цистернадан су аламын деушілер кезекке тұрды.
Шоқыну шомылулары кешке дейін жалғасады. Ал дәстүр бойынша бұл мереке бір аптаға созылады.
Дональд Трамптың ел тізгінін қолына ұстаған шақта қандай "рекордтар" орнатқаны туралы Sputnik фототоптамасынан тамашалаңыз.
Дональд Трамп инаугурациядан кейін бірден Транс-Тынық мұхиты серіктестігінен шығатынын жариялады. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 12 елді біріктіретін сауда келісімі. Кейінірек, оның бастамасымен Америка Құрама Штаттары бірқатар халықаралық келісімдерден бас тартты. Мысалы, АӨСШК, Ресеймен арадағы "ашық аспан" келісімшарты, Иранмен жасалған ядролық келісім. Сонымен қатар олардың қатарында ЮНЕСКО, ДДҰ және Адам құқықтары жөніндегі кеңес секілді халықаралық ұйымдар да бар.
Трамптың сайлауалды бағдарламасының ішіндегі ең бастысы – "Американы қайтадан ұлы ел етеміз" деген ұран болды. Сондықтан ол Мексикамен шекарада қорған құрылысын бастауды алғашқы қадам ретінде бағалады. Трамптың пікірінше, бұл заңсыз миграцияның деңгейін төмендетеді. Өзі билік еткен бастапқы уақытта Трамп осы жобаға қосымша қаржы табу үшін бюджет құжаттарына қол қоймай, елдегі үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтірді. Оның президенттік өкілеті аяқталар шақта ұзындығы 3,1 мың киломтерді құрайтын шекараның бар болғаны 700 километріне "Трамп қорғаны" салынды.
АҚШ пен Солтүстік Корея көшбасшыларының тарихи кездесуі Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның өзара жақсы қарым-қатынасына қарамастан, қандай да бір келісімдердің жасалуына алып келген жоқ.
Бірнеше жыл бойы ел экономикасы президент Трамптың әлеуетіне айналды. Пандемияға дейін үздіксіз өсім кезеңі он жылды құрады. Бірақ коронавирус басталғаннан кейін барлығы құрдымға кеткендей.
Оқи отырыңыз: Рейганнан Трампқа дейін: АҚШ президенттерінің инаугурациясы қалай өтті – фото
Трамп президенттігінің соңғы жылындағы экономиканың құлдырауын кезекті "ұлы депрессиямен" салыстырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы көшбасшы Барак Обама мұрасының көзін құртуға деген ұмтылыс коронавирус бойынша статистикада АҚШ-тың трагедиялық көш бастауына себепші болғандай: елде коронавируспен ауырғандар саны 24 миллион адамға жетсе, оның ішінде 398 мың адам көз жұмған. Бұл мінсіз әлемдік "рекорд".
Президент болған шағында Дональд Трамп Айды "жекешелендіріп", қорғаныс бюджетін айтарлықтай ұлғайту арқылы елде ғарыш әскерлерін жасақтай алды. Осы уақытта елде алғаш рет бортында адамдар бар жеке ғарыш кемесі Жерден ұшып шықты. Президент мәлімдемелері аясындағы шу, отбасындағы күрделі мәселелер, өз әкімшілігі мен парламент арасындағы шиеленіскен жағдай, Black Lives Matter наразылықтары, Капитолийді басып алу. Бұл Трамптың арқасында болған ең қызықты әрі таңғаларлық жағдайлар ғана емес.
Иранмен арадағы ядролық келісімнен АҚШ-тың шығуы туралы хабарланғаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтіру туралы құжатқа қол қойып жатыр. Вашингтондағы Ақ үйдің Дипломатиялық қабылдауы, 2018 жыл.
Ирандықтар Ислам революциясының күзетшісі генерал-майор Касем Сулеймани бейнеленген плакаттарды қолына ұстап, 2020 жылдың 3 қаңтарында Тегеранда АҚШ-тың Бағдатқа соққы жасауы салдарынан қаза тапқан бас қолбасшының өлтірілуіне қарсылық демонстрациясына қатысып жатыр.
Флорида штатының Сэнфорд қаласындағы Орландо Сэнфорд халықаралық әуежайындағы сайлау науқаны кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп "Американы қайтадан ұлы мемлекет етеміз" митингіне келіп, өз жақтаушыларына бетперде лақтырып жатыр. 12 қазан 2020 жыл.
Нью-Йорктегі импичмент пен қызметтен кетіру коалициясы Трамп президенттігінің аяқталуын талап ету үшін ұлттық демонстранттарға қосылып, 2019 жылдың 17 желтоқсанында мыңнан астам наразылық білдірушілер Таймс-Скверге жиналды.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкидегі кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз конференциясында.
2017 жылдың 9 қарашасында АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцянмен Бейжіңдегі Үлкен халық залында кездесу барысы. Дональд Трамп президент болған кезде АҚШ пен Қытай арасында сауда соғыстары басталды.
Өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған оппозиция жетекшісі Хуан Гуаидо Каракаста жақтастарымен кездесу кезінде. 2019 жылдың қаңтарында ол өзін-өзі ел көшбасшысы деп жариялағаннан кейін Дональд Трамп Гуаидоға бірден қолдау білдірді. Алайда, сайлау нәтижелеріне сәйкес Николас Мадуро 68% дауысқа ие болып, 10 қаңтарда инаугруация өткізді. Дегенмен, Гуаидоны АҚШ және басқа да бірнеше елдер қолдап келді. Бүгінгі күнге дейін елде екі президент, тіпті екі парламент бар. Мадуро коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын сатып алу және өндіру бойынша әріптестік орнатқан.
Бахрейннің сыртқы істер министрі Абдуллатиф әл-Заяни, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, АҚШ президенті Дональд Трамп және БАӘ сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид әл-Нахайянның 2020 жылдың 15 қыркүйегінде БАӘ және Бахрейннің Израильмен қарым-қатынас орнатуы турады келісімнің көшірмелерін көрсету сәті.
АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп пен АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин 2018 жылдың 14 мамырында Иерусалимде АҚШ-тың жаңа елшілігінің ашылу салтанатында мемориалды тақтаны ашты. Сайлау науқаны кезінде Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындап, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіруге уәде берген болатын.
Президент Дональд Трамп 2019 жылдың 30 маусымында демилитаризацияланған аймақтағы Пханмунджом шекара маңындағы ауылда Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынмен солтүстік кореялық шекараға қарай беттеген кез.
Шекарадағы күзет басқа учаскеде болған шақта мигрант әйел Мексикамен шекарада АҚШ-тың қолдан жасаған туын алып жүруге көмектесуде.
2020 жылдың 4 қазанында Мэриленд штатында АҚШ президенті Дональд Трамп мінген көлік оның жақтастары тұрған көшемен жүріп өтуде. АҚШ президенті бетперде тағып түскен сирек фотосуреттердің бірі.
FedEx қызметкері Хьюстондағы Қытай консулдығынан қораптарды алып кетіп жатыр. Тыңшылық және интеллектуалды меншікті ұрлады деген айыптаулардан кейін АҚШ талабы бойынша Қытайдың дипломатиялық өкілдігі жабылған болатын. ҚХР-дың тәуелсіз аумағы болып табылатын консулдық ғимаратына америкалық қызметкерлердің кіруі Қытай билігінің ашуын келтірді. Осыған жауап ретінде Қытай билігі Уханьдағы америкалық өкілдікті жабуды талап етті.
Мыңдаған наразылық білдірушілер Лос-Анджелес халықаралық әуежайындағы Том Брэдли халықаралық терминалының алдында жиналды. Олар президент Трамптың саяхат жасауға тыйым салуына қарсы болды. 2017 жылдың 29 қаңтарында мұндай наразылық акциялары елдің барлық әуежайында өтті.
АҚШ президенті Дональд Трамп Аламодағы АҚШ пен Мексика арасындағы шекара қорғанына келген сәт, 2021 жылдың 12 қаңтары.
2021 жылдың 13 қаңтарында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы мәтінді көрсетіп тұр.
2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтастары наразылық білдіру кезінде Вашингтондағы конгресс ғимаратына басып кірді.
Полиция қызметкерлері Нью-Йорктегі тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарғандарды ұстап жатыр. Мұндай наразылық білдіру жиындары Миннеаполисте полицейлердің кесірінен афроамерикалық Джордж Флойдтың көз жұмуына байланысты АҚШ-тың барлық қаласында өтті.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.
Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деп нақтылады ол.
Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді.
"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров.
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.
БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.