Хиджаб киген тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы: "мұз ханшайымы" Захра Лари фото

8221
"Мұз ханшайымы" Захра Лари – хиджаб киіп, халықаралық деңгейде жарысқа қатысып жүрген БАӘ-нің алғашқы мәнерлеп сырғанаушысы

Захра Лариді "мұз ханшайымы" деп атап кеткен. Бойжеткен мәңгі жаз ел Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниеге келсе де, мұз айдынға ғашық болыпты. Ал болашақ мамандығы қоршаған ортаны қорғауға байланысты.

Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікірін айтты

Спортшы қыз ерекше киім үлгісімен БАҚ назарын бірден өзіне аударды: жарысқа шыққан кезде басынан орамалын тастамайды. Жігерлі мәнерлеп сырғанаушы барын салып жаттығып, жоғары жетістіктерге жетіп жүр.  

"Мұз ханшайымы" туралы Sputnik Қазақстан фотолентасынан біліңіз.

Хиджабқа тыйым салына ма?

8221
  • © Sputnik / Vladimir Astapkovich

    БАҚ-та Захра Лариді "Хиджаб киген мұз ханшайымы" деп атап кеткен.

  • © Sputnik / Vladimir Astapkovich

    Захра Лари 1995 жылы 3 наурызда дүниеге келген, әкесі – БАӘ азаматы, анасы – америкалық.

  • © AFP 2021 / Andrea Solero

    Захра 12 жасынан бері коньки тебеді. Коньки тебуге рұқсатты анасынан сұрапты. Ол кісі рұқсат бермеген соң, әкесінен өтініп еді, ол бірден келісімін берген.

  • © Sputnik / Vladimir Astapkovich

    Захра Лари (БАӘ) 2019 жылғы XXIX Дүниежүзілік қысқы Универсиада мәнерлеп сырғанаудан жарыс алдында дайындалып жүр.

  • © Sputnik / Vladimir Astapkovich

    Захра Лари – хиджаб киіп, халықаралық деңгейде жарысқа қатысып жүрген БАӘ-нің алғашқы мәнерлеп сырғанаушысы.

  • © AP Photo / Eugene Hoshiko

    Тілшілер Захра Лариді "хиджаб киген мұз ханшайымы" деп атап кеткен, бұл есім оған қатты ұнайды.

  • © AP Photo / Matthias Schrader

    Захра Ларидің кәсіби деңгейде спортпен шұғылданып жүргеніне біраз болса да, БАҚ назарына жақында ғана ілікті.

  • © AFP 2021 / Andrea Solero

    Анасы мен әкесінің рұқсатын алған Захра Лари халықаралық турнирге дайындықты бастап, 2007 жылы алғаш рет жарыста жеңімпаз атанды.

  • © AP Photo / Eugene Hoshiko

    24 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Абу-Даби университетінде оқиды

  • © AFP 2021 / Andrea Solero

    Захра Ларидің болашақ мамандығы қоршаған ортаны қорғаумен байланысты.

Кілт сөздер:
ислам діні, қыз, БАӘ, хиджаб, мәнерлеп сырғанаушы
Тақырып бойынша
70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болды – ескі суреттер
Соғыс өтіндегі балалық шақ: Ауғанстанда түсірілген жантебірентерлік суреттер
2019 жылы отбасын құратын жұлдызды жұптар - фото
Қазақстанның премьер-министрлері: үкіметті әр жылдары кім басқарды - фото

Әлемдегі ең үлкен таңдай қақтырарлық бассейндер фото

82
Пандемия салдарынан кейбір курорттардың жабылып, жаздың көзді ашып жұмғанша өтіп бара жатқанына қарамастан көз қуантып, көңіл көтеру үшін виртуалды саяхатқа аттануға болады. Осы тұста әлемнің ең таңғажайып бассейндерін тамашалауды ұсынамыз

Бұл ең терең, ең үлкен, ең теңдессіз су тоғандары болып саналады. Шомылуды жаны сүйетін кез келген адам осы басссейндерге бір сүңгуді армандайтыны анық.

Әлемнің түрлі елінде салынған бұл бассейндердің көпшілігі Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Олар ең жаңа заманауи техникамен жабдықталып, зәулім үйлердің жоғарғы қабатында орналасқан және дайвингпен әуестенетіндер үшін мейлінше терең болып келеді.

Кейбір бассейнге кіру де оңай емес. Себебі келушілер үшін белгілі бір талаптар қарастырылған.

82
  • © Depositphotos / Pierre-Yves Babelon

    Егер әлемдегі ең үлкен бассейнде шомылғыңыз келсе, онда Чилиге жол тартыңыз. Ол жергілікті Альгарробо курортында, San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің территориясында орналасқан. Теңіз жағалауын бойлай созылған бассейннің аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл бассейнге су дәл сол теңізден келіп түседі. Аталған қонақ үй жыл сайын бассейн үшін төрт миллион долларға жуық қаражат жұмсайды. Бұл нысан жергілікті ғана емес, әлемдік сәулетті нысан болып саналады. San Alfonso del Mar Resort қонақ үйінің бассейні Гиннесс рекордтар кітабына енген. Чили жағалауындағы судың үнемі тым салқын болып, шомылуға жарамсыздығы осындай бассейн орнатуға түрткі болды.

  • © AFP 2021 / Ethan Miller / Getty Images North America

    Американың Лас-Вегас қаласындағы Golden Nugget қонақ үйіндегі бассейнде шомылып жүрген адамдардың көз алдында акулалар жүзіп жүреді. Бұл өте әсем океанариумды қамтитын нағыз ойын-сауық орталығы. Үш деңгейлі бассейнде демалушылар бір уақытта тынығып, шомылып және теңіздегі тіршілік иелерін тамашалай алады.

  • © Depositphotos / Benedetta Barbanti

    Marina Bay Sands қонақ үйінің шатырындағы пейзажды бассейн. Осы тұстан Сингапурдың әсем бейнесін судан шықпай-ақ тамашалауға болады. 55-ші қабаттағы қонақ үй шатыры бассейннен бөлек ландшафты бақ, демалыс аумағы, дәмханалар мен бар қарастырылған үлкен терраса түрінде салынған.

  • Минимализмге толы бассейн Грекияның Тинос аралындағы Kois Associated Architects жеке резиденциясында орналасқан. Ғимарат аумағынан тыс созылып жатқан шатырда бассейн орналасуының әсерінен ол шатыр түгелдей судан тұратындай көрінеді. Шатырдан Эгей теңізінің бейнесін тамашалуға болады.

  • Бұл Таиландтың Чавенг жағажайындағы Bloody Pool at The Library қызыл бассейні. Бассейн түбіне төселген қызыл және қызғылт сары тақтайшалар суға үрейлі бейне береді. Бұл әсерді батып бара жатқан күннің қызыл шұғыласы тіпті еселей түседі. Алайда қорқуға еш себеп жоқ, өйткені бұл әлемдегі ең тыныш демалыс орындарының бірі.

  • © AFP 2021 / Oliver Morin

    "Көгілдір лагуна" бассейні Исландиядағы Grindavik-те орналасқан. Бұл да әлемдегі ең танымал бассейндердің бірі.

  • Дайвинг пен су астында жүзуге арналған әлемдегі ең терең бассейн Польшада, Варшава қаласына жақын жерде орналасқан. Мұнда кез келген адам жүзу қабілетін арттырып, терең суда жүзуді пысықтай алады. Бассейн тереңдігі – 45 метр, көлемі – 8 мың текше метр су. Бұл әлемдік рекорд.

  • © AFP 2021 / Justin Tallis

    Sky Pool 25 метрлік аспалы ашық бассейні Лондонда, Nine Elms ауданындағы тұрғын үй ғимаратының арасында орналасқан. Конструкцияның салмағы сумен қоса есептегенде 400 тоннаны құрайды. Бұл бассейнде аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғана шомыла алады. Оны 750 тонналық мобильді кран орнатқан.

  • © Photo : Address Hotels

    Дубайдағы Address Beach Resort курорттық бассейні әлемдегі ең биік панорамалы бассейн ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл нысан 294 метр биіктікте, ғимараттың 77-ші қабатында орналасқан. Пейзажды бассейннің аумағы 560 шаршы метрді құрайды.

  • Биіктігі 23 метр, түбі шыныдан жасалған бассейн Гонолулудағы Anaha кешенінің жетінші қабатында орналасқан. Бұл бассейнде шомылу кезінде биіктіктен әсем көріністі тамашалауға болады. Бассейн түбі соққыға төзімді, ылғал мен бактерия әсеріне төтеп бере алатын акрил шыныдан дайындалған. Биіктікте шомылу еш қауіп төндірмейді.

  • АҚШ-тағы Үлкен каньон бөктерінде орналасқан Amangiri қонақ үйі. Құрылыс кезінде жартастың бірі сол күйінде қалдырылып, ол ғимараттың ең көрікті тұсына айналды. Осы жерде бассейн салынған. Оның құрылысы кезінде табиғи материалдар қолданылды.

Кілт сөздер:
фото

Жаңа рекорд, тартысты күрес пен жарқын жеңіс: Олимпиаданың әсерлі сәттері архив суреттер

63
Әдеттегідей араға төрт емес, бес жыл салып басталған жазғы Олимпиада ойындары тартысты өтіп жатыр. Бұл тарихтағы ең ұзақ күтуге тура келген Олимпиадаға айналды

Барлық көрермен әрбір Олимпиада ойындарынан жаңа рекорд пен тартысты жарыс, жарқын жеңіс пен әсерлі сәттерді күтеді.

Қазір Токио қаласында кезекті жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Ендеше бір мезет өткенге көз жүгіртіп, бұған дейінгі Олимпиадалардың Sputnik фототілшілері түсірген әсерлі сәттерін еске түсіріп көрейік.

Олардың қатарында Усейн Болт рекорды, КСРО мен АҚШ құрамаларының баскетбол алаңындағы шиеленісті жарысы, Германияның ауыр атлеті Матиас Штайнның штангі көтеру кезіндегі құлауы бар.

63
  • © Sputnik / Anatoliy Garanin

    Хельсинкидегі (Финляндия) XV Жазғы Олимпиада ойындары (1952 жылдың 19 шілдесі – 3 тамызы). Жеңіл атлетика – найза лақтырудан 2-орынды иеленген Александра Чудина.

  • © Sputnik / Yuriy Somov

    Америкалық боксшы, жекпе-жек жеңімпазы. XX жазғы Олимпиада ойындары. Мюнхен, 1972 жыл.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    Ричард Круз (Ұлыбритания) пен Александр Массиалас (АҚШ) XXXI жазғы Олимпиада ойындары кезінде рапирамен семсерлесу бойынша жеке біріншілікте жекпе-жекке шықты. Рио-де Жанейро, 2016 жыл.

  • © Sputnik

    КСРО – АҚШ құрамаларының баскетболдан жарысы. Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл.

  • © Sputnik / Valeriy Melnikov

    2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары кезінде Матиас Штайнер (Германия) ауыр атлетика бойынша ерлер арасындағы жарысқа қатысуда.

  • © Sputnik / Aleksei Filippov

    ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары кезінде ҚХР мен Сербия құрамалары арасындағы волейболдан финалға шыққан серибиялық ойыншылар Майя Огненович (сол жақта) пен Йована Стеванович, 2016 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Fedorenko

    1980 жылы Мәскеудегі ХХІІ жазғы Олимпиада ойындары аясында В.Ленин атындағы Орталық стадионның Спорт сарайында Луиз Виржильго Моро (Бразилия) мен Цонио Атанасов (Болгария) 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдода бақ сынасып жатыр.

  • © Sputnik / Grigoriy Sysoyev

    Америкалық спортшы Дженнифер Сур сырықпен секіру бойынша ақтық сынға шықты. 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары.

  • © Sputnik / Anton Denisov

    Ямайкадан келген жеңіл атлет Усэйн Болт 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада кезінде 100 метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Бұл жарыстағы жаңа рекорд енді 9,69 секундты құрады.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының синхронды жүзуден чемпиондары Ольга Брусникина мен Мария Киселева өнер көрсетуде.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    1976 жылы ХХІ жазғы Олимпиада ойындары өткен Монреаль стадионындағы Олимпиада алауы.

  • © Sputnik / Dmitriy Donskoy

    Академиялық ескек есу бойынша жарысқа қатысушылар. XXV жазғы Олимпиада ойындары. Барселона, 1992 жыл.

  • © Sputnik / Vladimir Baranov

    66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша грек-рим күресінен финалда алтын медальді жеңіп алған Оңтүстік Корея өкілі Ким Хен У. Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары, 2012 жыл.

  • © Sputnik

    Токиодағы XVIII жазғы Олимпиада ойындары, 1964 жыл. Кеңестік ескекшілер Николай Чужиков, Анатолий Гришин, Вячеслав Ионов пен Владимир Морозов 1000 метр қашықтықта байдаркамен жарысу бойынша алтын медаль жеңіп алды. Екінші орын Германия Демократиялық Республикасы спортшыларына, қола жүлде Румыния Социалистік Республикасының өкілдеріне бұйырды.

  • © Sputnik / Sergey Guneev

    1980 жылы Мәскеуде өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан желаяқ Мирус Ифтер.

Кілт сөздер:
архив суреттер, олимпиада
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады