"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото

2062
(Жаңартылды 18:26 28.05.2019)
  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлаудағы жеңісіне арналған мерекелік концертте, 2015 жыл
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезіндегі фотопортреті  - Теміртаудағы ҚР тұңғыш президенті музейінің экспонаты
  • Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев , 1994 жыл
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың (ортада) Союз ТМ-19 ғарыш кемесі экипажын  құттықтау сәті, 1994 жыл.
  • Нұрсұлтан Назарбаев Бәйтеректе
  • Назарбаев  ЭКСПО кешенінде, 2016 жылдың 31 тамызы
  • Назарбаев Семей полигонында
  • Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушы мемлекет басшыларының фотоға түсуі, 2015 жыл.
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун (солдан оңға қарай), 1 желтоқсан 2010 жыл.
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кітабына қолтаңба қою сәті, 1991 жыл.
  •  Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Шымбұлақта, 2002 жыл
  • Президент Нұрсұлтан Назарбаев немерелерімен, 1993 жыл
  • Президент Нұрсұлтан Назарбаев домбыра тартып отыр
  • Анаға апарар жол фильмінің продюсері Алия Назарбаева мемлекеттік сыйлық табысталған сәт
  • ТМД саммитіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың Наурыз мерекесіне қатысуы
"Я не хочу судьбу иную, / мне ни на что не променять / ту заводскую проходную, / что в люди вывела меня". "Весна на Заречной улице" фильмінің бас кейіпкері орындайтын осы ән – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті туындыларының бірі.

Қазақстанның тұңғыш президенті металлургия комбинатында өзінің еңбек жолының қалай басталғанын жиі еске алады. 

Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы ел басқарды. 2019 жылдың 19 наурызында президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Назарбаев туралы қызықты дерек

"Мен сіздермен біргемін",- Назарбаев тікелей эфирдегі халыққа үндеуін осылай аяқтады.

Бітімгер, жасампаз, сәулетші, спортшы, көреген басшы , қамқор әке - сегіз қырлы, бір сырлы Назарбаев. Sputnik Қазақстан тұңғыш президенттің өмірі жайлы топтама әзірледі.

2062
  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
    © Sputnik / Юрий Куйдин

    Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылы Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне кірісті. 1991 жылы Қазақстанда алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауы өтіп, Назарбаев жеңіске жетті. Бұдан кейінгі сайлау 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы болды. Фотода: Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы алғашқы жалпыхалықтық президент сайлауының қорытындысын атап өту сәті.

  • Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлаудағы жеңісіне арналған мерекелік концертте, 2015 жыл
    © Sputnik / Mikhail Voskresenskiy

    Қазақстанның тұңғыш президенті, биыл 79 жасқа толатын Нұрсұлтан Назарбаев. Фотода: 2015 жылы президенттік сайлаудан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаев.

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезіндегі фотопортреті  - Теміртаудағы ҚР тұңғыш президенті музейінің экспонаты
    © Sputnik /

    Елбасы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы "Қазметаллургстрой" тресінде қарапайым жұмысшы болып бастады. Өзінің бір сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев: "Егер сен оны жақсы көрсең, кез келген мамандық бақытқа айналады. Үш сәті бар. Жинақы болу қажет және жұмыс істеп, өз жұмысыңнан қанағат, ләззат алу керек. Егер дәл осындай көңіл күймен жұмысыңа, меніңше, кез келген жұмысқа баратын болсаң қанағаттанасың", - деп айтқан болатын.

  • Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев , 1994 жыл
    © Sputnik /

    Алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлауда Назарбаев сайлаушылардың 98,7% қолдауына ие болды.

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың (ортада) Союз ТМ-19 ғарыш кемесі экипажын  құттықтау сәті, 1994 жыл.
    © Sputnik /

    Байқоңыр - алғашқы жасанды жерсерігі ұшырылған ғарыш айлағы. Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин ғарышқа аттанды. КСРО ыдыраған соң ғарыш айлағы Қазақстан меншігіне көшті. 1994 жылы Байқоңырды жалға беру жөніндегі екіжақты келісімге қол қойды. 2004 жылы оның қолдану мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды. Фотода: Нұрсұлтан Назарбаевтың (ортада) "Союз ТМ-19" ғарыш кемесі экипажын құттықтау сәті, 1994 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев Бәйтеректе
    © Официальный сайт Президента РК /

    Нұрсұлтан Назарбаевты Астананың бас сәулетшісі деп атайды. Ол елорданың көрікті нысандарының жобаларын өзі таңдады. Фотода: Елорда күнінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жөндеуден өткен Бәйтерек ғимаратына баруы, 2017 жыл.

  • Назарбаев  ЭКСПО кешенінде, 2016 жылдың 31 тамызы
    © Photo : Официальный сайт президента РК

    "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің Астанада өтуі елорданың дамуына тың серпін берді. Қысқа мерзімде бірқатар жаңа нысан бой көтерді. Фотода: Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО нысандары құрылысын бақылауға барған сәті, 2016 жыл.

  • Назарбаев Семей полигонында
    © Photo : предоставлены вице-президентом движения "Невада - Семей" Султаном Картоевым

    1991 жылы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жабу туралы жарлық қабылдады. Қазақстан – мұндай шешім қабылдаған тұңғыш мемлекет. Еліміздің бастамасымен 2009 жылдың 29 тамызынан бастап Ядролық сынаққа қарсы күрес күні аталады. Фотода: Назарбаев Семей ядролық полигонында.

  • Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушы мемлекет басшыларының фотоға түсуі, 2015 жыл.
    © Sputnik / Aleksey Nikolskyi

    Нұрсұлтан Назарбаев алғашқылардың бірі болып еуразиялық интеграция мәселесін көтерді. ЕАЭО құру – ұйымға қатысушы елдердің экономикалық дамуы жолындағы маңызды қадам. Фотода (солдан оңға): Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин, Алмазбек Атамбаев. Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушы мемлекет басшыларының фотоға түсуі, 2015 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун (солдан оңға қарай), 1 желтоқсан 2010 жыл.
    © Sputnik / Владимир Родионов

    2010 жылы Астанада ОБСЕ-нің тарихи саммиті өтті. Мұндай ауқымды кездесу Орталық Азия елінде тұңғыш рет ұйымдастырылды. Фотода: Нұрсұлтан Назарбаев пен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун (солдан оңға қарай), 1 желтоқсан 2010 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кітабына қолтаңба қою сәті, 1991 жыл.
    © Sputnik / Chernov

    Нұрсұлтан Назарбаевтың 32 тілдегі 141 еңбегі ҚР Тұңғыш президенті музейінің кітапхана қорында сақтаулы. Фотода: Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кітабына қолтаңба қою сәті, 1991 жыл.

  •  Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Шымбұлақта, 2002 жыл
    © Sputnik / Sergey Velichkin

    Нұрсұлтан Назарбаев тау шаңғысына 55 жасында тұрды. Ол теннис, салт атпен жүру және гольфпен шұғылданады. Фотода (солдан оңға қарай): Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев "Шымбұлақ" тау-шаңғы демалыс орнында, 2002 жыл .

  • Президент Нұрсұлтан Назарбаев немерелерімен, 1993 жыл
    © Sputnik /

    Қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасымен түскен бейресми суреттеріне қызығушылық танытады. Фотода: ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев немерелерімен бірге, 1993 жыл. Репродукция.

  • Президент Нұрсұлтан Назарбаев домбыра тартып отыр
    © Photo : Официальный сайт президента РК

    Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайды. "Шұбарат", "Жерім менің", "Үшқоңыр" және "Елім менің" әндерінің авторы. 2018 жылдан бері Қазақстанда жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Фотода: домбыра тартып отырған Нұрсұлтан Назарбаев.

  • Анаға апарар жол фильмінің продюсері Алия Назарбаева мемлекеттік сыйлық табысталған сәт
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет пен спорттың дамуына ерекше көңіл бөлді. Қоғам қайраткерлерімен кездесіп, мемлекеттік сыйлық тағайындады. Фотода: Нұрсұлтан Назарбаевтың "Анаға апарар жол" фильмінің продюсері Әлия Назарбаеваға әдебиет және өнер саласындағы мемлекет сыйлықты табыстау сәті, 2018 жыл.

  • ТМД саммитіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев
    © Photo : Давид Акопян

    Давид Акопянның аты аңызға айналған фотосы. Жас шебердің айтуынша, мұндай кадр фотографтың өмірінде бір-ақ рет болуы мүмкін. Фотода: ТМД саммитіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Сочи, 2017 жыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың Наурыз мерекесіне қатысуы

    Нұрсұлтан Назарбаев елде де, халықаралық аренада да толеранттылық пен өзара сыйластыққа шақырған бітімгер. Қазақстанда ерекше құрылым – Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған. Фотода: Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыстың ұлы күні мерекесіне қатысуы, 2017 жыл.

Кілт сөздер:
фото, президент, Назарбаев

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2020 жылғы үздік суреттері анықталды

79
(Жаңартылды 16:46 27.10.2020)
  • Андрей Стенин атындағы фотобайқауда басты марапатты жеңіп алған испан фотографы Луис Татоның DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл сериясындағы суреті. Мұнда 2019 жылдың қаңтар айында Найробиде болған қайғылы оқиға бейнеленген.
  • Байқаудың Басты жаңалықтар аталымында британдық фотограф Линзи Биллингтің Жерленген әділеттілік туындысы бірінші орынға ие болды. Бұл сурет жүректі сөзсіз мұздатады.
  • Басты жаңалықтар номинациясының үздік сериясы – француз Жофрэ Гиймардың Орталық Америка, Гаити, Африка, Куба елдерінен қоныс аударушы мигранттардың америкалық арманға дейінгі ұзақ саяхаты көрініс тапқан Оңтүстік шекара атауымен топтастырылған суреттері.
  • Калькуттаның фототілшісі Сумита Саньяның Мусуни аралының тұрғындарына арналған Тұйыққа тірелген өмір туындысы. Ол Менің жершарым аталымында үздік жеке сурет деп танылды.
  • Байқауға фотограф Сергей Паршуков Ресейдің Воркута қаласының шежіресі бейнеленген Жойылған әлемнің астанасы деген атаумен бірнеше топтамасын ұсынды. Олар Менің жершарым номинациясында басқалардан оқ бойы озық болды.
  • Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері номинациясы бойынша ұсынылған суреттердің арасынан ресейлік Юрий Смитюктің Врангель аралы туындысы үздік жеке сурет деп танылды.
  • Қазылар алқасы Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері номинациясы бойынша италиялық журналист Данило Гарсия Ди Меоның Кватрани. Жер сілкінісі және балалар атты суретін ең үздік туындылар топтамасы деп бағалады.
  • Түрік фотографы Шебнем Кошкунның визуалды фантасмагориясы спорттық номинацияда ең үздік жеке сурет деп танылды. Бұл еңбекте кейіпкер Сахика Эркуменнің Гилиндир үңгірінде жаттығу жасап тұрған сәті бейнеленген.
  • Спорт тақырыбы сериясында ресейлік журналист Павел Волковтың артиллериялық снарядтан тұтанған өрттен таңғажайып жағдайда аман қалған азамат – Алексей Талайға арналған сурет туындысы жеңіске жетті.
  • Оңтүстікафрикалық фотограф Джон Весселстің Эбола: ДР Конго фотосериясы халықаралық Қызыл крест комитетінің Гуманитарлық фотосуреттер үшін арнайы сыйлығына Басты жаңалықтар аталымы бойынша ие болды.
  • Фототілші Леонардо Малафайя Альвес түсірген Бразилиядағы қара толқын тақырыбындағы суреті Басты жаңалықтар номинациясында Аль-Маядин телеарнасының арнайы сыйлығын жеңіп алды.
Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жеңімпаздарының жұмыстары бірінен бірі өткен жүрек қылын тербейтін ерекше кадрлар

Биыл Андрей Стенин атындағы жас фотографтардың халықаралық байқауына әлемнің 75 елінен 5 мыңға жуық туынды ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша үздіктердің үздігі таңдалды.

Испандық фотограф Луис Тато Стенин атындағы байқаудың бірнеше дүркін лауреаты атанды. Ол "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясы үшін Гран-приді жеңіп алды. Бұл суреттерде өткен жылдың қаңтарында Найробидегі қонақ үй кешені аумағында болған теракт айқын әрі шынайы бейнелеген. Фото авторы қайғылы оқиғаны сол сәтте басынан өткерген жандардың эмоцияға, шарасыздыққа толы сезімін дәл бере алған.

Британдық фотограф Линзи Биллингтің "Басты жаңалықтар" аталымында бірінші орынды жеңіп алған "Жерленген әділдік" атты жұмысы да айрықша аталып өтті.

Байқау қорытындысы бойынша арнайы сыйлыққа Малафайя Альвестің "Бразилиядағы қара толқын" атты туындысы лайық деп танылды.

Андрей Стенин–2020 фотобайқауы жеңімпаздарының осы және басқа да жарқын, өміршең әрі шынайы еңбектерін фототаспадан тамашалаңыздар. 

Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының мұрындық болуымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдау мен заманауи фотожурналистиканың маңыздылығына қоғам назарын аударуды мақсат тұтады.

Оқи отырыңыз: Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

Бұл – талантты, сезімтал және кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдайтын, біздің назарымызды жақын жердегі адамдар мен оқиғаларға аудартатын жас фотографтарға арналған алаң.

Жас фототілшілер байқау аясында саяси қақтығыстар мен әлеуметтік және экологиялық мәселелер тақырыбын қамтитын қазіргі заманның ең өткір проблемаларын көтереді.

 

79
  • Андрей Стенин атындағы фотобайқауда басты марапатты жеңіп алған испан фотографы Луис Татоның DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл сериясындағы суреті. Мұнда 2019 жылдың қаңтар айында Найробиде болған қайғылы оқиға бейнеленген.

    Андрей Стенин атындағы фотобайқауда басты марапатты жеңіп алған испан фотографы Луис Татоның "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясындағы суреті. Мұнда 2019 жылдың қаңтар айында Найробиде болған қайғылы оқиға бейнеленген.

  • Байқаудың Басты жаңалықтар аталымында британдық фотограф Линзи Биллингтің Жерленген әділеттілік туындысы бірінші орынға ие болды. Бұл сурет жүректі сөзсіз мұздатады.

    Байқаудың "Басты жаңалықтар" аталымында британдық фотограф Линзи Биллингтің "Жерленген әділеттілік" туындысы бірінші орынға ие болды. Бұл сурет жүректі сөзсіз мұздатады.

  • Басты жаңалықтар номинациясының үздік сериясы – француз Жофрэ Гиймардың Орталық Америка, Гаити, Африка, Куба елдерінен қоныс аударушы мигранттардың америкалық арманға дейінгі ұзақ саяхаты көрініс тапқан Оңтүстік шекара атауымен топтастырылған суреттері.

    "Басты жаңалықтар" номинациясының үздік сериясы – француз Жофрэ Гиймардың Орталық Америка, Гаити, Африка, Куба елдерінен қоныс аударушы мигранттардың "америкалық арманға" дейінгі ұзақ саяхаты көрініс тапқан "Оңтүстік шекара" атауымен топтастырылған суреттері.

  • Калькуттаның фототілшісі Сумита Саньяның Мусуни аралының тұрғындарына арналған Тұйыққа тірелген өмір туындысы. Ол Менің жершарым аталымында үздік жеке сурет деп танылды.

    Калькуттаның фототілшісі Сумита Саньяның Мусуни аралының тұрғындарына арналған "Тұйыққа тірелген өмір" туындысы. Ол "Менің жершарым" аталымында үздік жеке сурет деп танылды.

  • Байқауға фотограф Сергей Паршуков Ресейдің Воркута қаласының шежіресі бейнеленген Жойылған әлемнің астанасы деген атаумен бірнеше топтамасын ұсынды. Олар Менің жершарым номинациясында басқалардан оқ бойы озық болды.

    Байқауға фотограф Сергей Паршуков Ресейдің Воркута қаласының шежіресі бейнеленген "Жойылған әлемнің астанасы" деген атаумен бірнеше топтамасын ұсынды. Олар "Менің жершарым" номинациясында басқалардан оқ бойы озық болды.

  • Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері номинациясы бойынша ұсынылған суреттердің арасынан ресейлік Юрий Смитюктің Врангель аралы туындысы үздік жеке сурет деп танылды.

    "Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша ұсынылған суреттердің арасынан ресейлік Юрий Смитюктің "Врангель аралы" туындысы үздік жеке сурет деп танылды.

  • Қазылар алқасы Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері номинациясы бойынша италиялық журналист Данило Гарсия Ди Меоның Кватрани. Жер сілкінісі және балалар атты суретін ең үздік туындылар топтамасы деп бағалады.

    Қазылар алқасы "Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша италиялық журналист Данило Гарсия Ди Меоның "Кватрани. Жер сілкінісі және балалар" атты суретін ең үздік туындылар топтамасы деп бағалады.

  • Түрік фотографы Шебнем Кошкунның визуалды фантасмагориясы спорттық номинацияда ең үздік жеке сурет деп танылды. Бұл еңбекте кейіпкер Сахика Эркуменнің Гилиндир үңгірінде жаттығу жасап тұрған сәті бейнеленген.

    Түрік фотографы Шебнем Кошкунның визуалды фантасмагориясы спорттық номинацияда ең үздік жеке сурет деп танылды. Бұл еңбекте кейіпкер Сахика Эркуменнің Гилиндир үңгірінде жаттығу жасап тұрған сәті бейнеленген.

  • Спорт тақырыбы сериясында ресейлік журналист Павел Волковтың артиллериялық снарядтан тұтанған өрттен таңғажайып жағдайда аман қалған азамат – Алексей Талайға арналған сурет туындысы жеңіске жетті.

    Спорт тақырыбы сериясында ресейлік журналист Павел Волковтың артиллериялық снарядтан тұтанған өрттен таңғажайып жағдайда аман қалған азамат – Алексей Талайға арналған сурет туындысы жеңіске жетті.

  • Оңтүстікафрикалық фотограф Джон Весселстің Эбола: ДР Конго фотосериясы халықаралық Қызыл крест комитетінің Гуманитарлық фотосуреттер үшін арнайы сыйлығына Басты жаңалықтар аталымы бойынша ие болды.

    Оңтүстікафрикалық фотограф Джон Весселстің "Эбола: ДР Конго" фотосериясы халықаралық Қызыл крест комитетінің "Гуманитарлық фотосуреттер үшін" арнайы сыйлығына "Басты жаңалықтар" аталымы бойынша ие болды.

  • Фототілші Леонардо Малафайя Альвес түсірген Бразилиядағы қара толқын тақырыбындағы суреті Басты жаңалықтар номинациясында Аль-Маядин телеарнасының арнайы сыйлығын жеңіп алды.

    Фототілші Леонардо Малафайя Альвес түсірген "Бразилиядағы қара толқын" тақырыбындағы суреті "Басты жаңалықтар" номинациясында Аль-Маядин телеарнасының арнайы сыйлығын жеңіп алды.

Кілт сөздер:
фотокөрме, фотограф

Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі таңғажайып суреттер

280
  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.
  • Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.
  • Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.
  • Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.
  • Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.
  • Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.
  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.
  • Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады
Ежелгі гректер оны Фригия теңізі деп атаған. Ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енген. Көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен  көл – Тұз елдің орта тұсында, Анкарадан 150 шақырым жерде, Анадолының орталығында орналасқан

Көлдің ұзындығы 80 шақырымды алып жатыр, ал ені 50 шақырым, тереңдігі 1-2 метр ғана. Оның ауданы 1665 шаршы шақырымды құрайды. Қыста тұзды қабаттың жоғары жағына су жиналады, судың тереңдігі бірнеше сантиметрден аспайды. Сол себепті бұл жер бір қарағанда таңғажайып үлкен айна іспетті көрінеді.

Су қоймасының мөлшері айтарлықтай өзгеріп тұрады. Ол екі арық пен жерасты бұлағынан нәр алады. Жылдың ыстық мезгілінде судың едәуір бөлігі буланады, ал көл беті көздің жауын аларлықтай ақ тұзды қабықпен көмкеріледі. Ол арнайы комбайндардың көмегімен өндіріледі.

Көлде үш тұзды шахта орналасқан, олар белсенді түрде тұз өндіреді. Осман империясы тұсында бұл көл ішкі тұтыну мөлшеріне толықтай жауап беретін ең үлкен тұз қайнарына айналды. Қазір Түркияда тұтынылатын барлық тұздың шамамен үштен екісі осы жерде өндіріледі.

Ондаған жыл бойы елде тұтынылатын тұздың негізгі жеткізушісі болып саналған айтарлықтай терең емес табиғи су қоймасы 2001 жылы ерекше қорғалатын аймаққа кірді. Өйткені оның жағалаулары мен аралдарында қоқиқаз, ақмаңдайлы қаз және дала қарақұйрығы ұя салады.

280
  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.

  • Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.

  • Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.

  • Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.

  • Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.

  • Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.

  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.

  • Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады

Астана LRT бағандары

Сотта LRT құрылысына жауаптылар миллиардтарды қалай жымқырғаны айтылды

2
Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT құрылысына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қылмыстық топтың басшылары іздеуде жүр

Сот алдында жеті адам жауап беріп жатыр. Олар – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рәшид Аманжолов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов.

Ал елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр. Тергеу материалдарына сәйкес, Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен. Осы қылмысқа әкімдіктің басқарма басшылары, сондай-ақ, шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысқан.   

Жалған келісімшарттар жасалған

Бүгінгі процестің басында судья Қажымұқан Мекемтас барлық қатысушының құқықтары мен міндеттерін таныстырды. Ал прокурор Жангелді Есебаев айыптау актісін оқып берді. Оның айтуынша, 2012 жылы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қылмыстық топ құрып, алдымен Талғат Ардан мен Рәшид Аманжоловпен сөз байласқан. Ал Ардан жақын досы Дәурен Әбдіхамитовты топқа қосылуға көндірген. Ал Сұлтанбеков әрқайсының міндетін анықтап берген.   

"Қылмыстық топтың барлық мүшесі бір-бірін тікелей танымаса да, әрбір сыбайласының мақсат-міндетін білген. Бәрі бір нәтиже – бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыруды көздеді, соған жұмыс істеді. Мысалы, Аманжолов мемлекеттік органның басшысы ретінде кедергілерді анықтап, қылмысты жасауға жағдай жасаған. Сол үшін тиісті құжаттарды әзірлеп, қол қойып отырған. Соның ішінде ресми хаттар, артық шығындар туралы жобалық-сметалық құжаттар, техникалық-экономикалық негіздемелер, қаржы есептері және тағысын тағы. Осы құжаттардың негізінде бюджеттен ақша бөлінген", - деді Есебаев.

Ал Дәурен Әбдіхамитовқа қылмыстық жоспарды іске асыруға көмектесетін заңды тұлғаларды іздеу міндеті қойылды. Олар мердігер және қосалқы мердігер қызметін атқарған. "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан болса, техникалық-экономикалық негіздеменің шығындарын артық көрсетіп, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізіп отырған. Конкурстық комиссияға өзі төрағалық еткен. Содан таныс компаниялардың көмегімен бәсекелестіктің бар екенін көрсетіп, қылмыстық топқа тәуелді заңды тұлғаларға конкурс жеңімпазы атануға жағдай жасаған. Артынан олармен келісімшарт жасалып, шын мәнінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтердің актілері рәсімделіпті.

"Осылайша, қылмыстық топтың бақылауында болған ұйымдардың есепшоттарына бюджет қаржысы аударылған. Әбдіхамитов осы ақшаның бір бөлігін қолма-қол шығарып, жалған келісімшарттардың негізінде жымқырып отырған. Сөйтіп, одан кейінгі қаржының талан-таражға салынуына жағдай жасалды", - деп түсіндірді Есебаев.  

Қылмыстық топтың басшысы ауысты

2013 жылы Сұлтанбековтың тапсырмасымен техникалық бақылау және жобалау жұмыстарына француз және испан компаниялары тартылды. Бірақ бірлескен консорциум құру талабы қойылды. Ардан оның мүшелерін өзі таңдады. Шетелдік компаниялардың ішінен сыбайластар та табылды. Олар артық ақшаны қазақстандық компанияларға аударып отыруға көмектескен. Ал отандық кәсіпорындардың құрылтайшылары қылмыстық топ мүшелерінің өздері немесе олардың туыстары болған. Әбдіхамитов әрбір компанияның бас директоры қызметіне өз таныстарын тағайындаған. Олардың ішінде Улугбек Ачилов та бар.   

"Ачилов бұрын Әбдіхамитовтың қол астында жұмыс істеген. Ол - бухгалтерлік есептің шебері. Әбдіхамитов осыны біліп, бұрынғы әріптесін қылмыстық топқа тартқан. Ачилов консорциумның атынан орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып отырған. Ал бюджет қаражатын алғаннан кейін жалған келісімшарттар арқылы қолды қылған", - дейді Есебаев.

2014 жылдың соңында Қанат Сұлтанбеков өз еркімен жұмыстан кетті. Алайда қылмыстық топтың әрекеті тоқтаған жоқ. Талғат Ардан басқаруды өз қолына алды. 2015-2016 жылдары оның басшылығымен бюджет қаражатын жымқыру жалғаса берді. Ал 2017 жылы шілде айында Арданның өкілеттілігі тоқтатылды. Сол кезде ғана қылмыстық топ тарқап кетті.

"Сұлтанбеков әкім орынбасары қызметінен кеткеннен кейін "Қазақстан инжиниринг" АҚ-ға барды. Сол жерде 2015-2016 жылдары тауарлар мен қызметтерді жеткізуші компаниялардан тұрақты түрде пара алып отырған. Заңсыз ақша әкелгендердің ішінде өзі құрған қылмыстық топтың өкілдері де болды. 2017 жылы ақпан айында Сұлтанбеков қамауға алынды", - деп атап өтті Есебаев.

Бүгінде қылмыстық топ мүшелері 5,8 миллиард теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Атышулы LRT

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.

LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті осы жобаның өзін ақтамайтынын мәлімдеді. 

Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен LRT-ның міндетте түрде аяқталатынын айтты. Қазіргі кезде жергілікті билік инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр.

2
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, Astana LRT
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары қашып жүр
Қаржы министрі "ЛРТ" құрылысына қосымша қаржы қайдан тартылатынын айтты
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады?
Тоқаевтың тапсырмасы: Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы қашан аяқталады