Кариб теңізінің сұлулары: Париж карнавалының айшықты сәттері - фото

1849
(Жаңартылды 15:22 16.07.2019)
Жыл сайын жаздың ең қызған шағында Парижде карнавал өтеді: Багам, Гренада, Куба, Доминика, Барбадоса және басқа Кариб елдерінен келген арулар ырғақты әуенге мың бұрала билеп, парадқа шығады

Карнавал 2001 жылдан бері өтіп келеді. Бұл мерекені өткізуге Парижде тұратын Кариб мәдениеті өкілдері бастамашы болған екен.

Қазірде айшықты шара Париж тұрғындары мен қонақтарының асыға күтетін сүйікті мейрамына айналды.

Тағы көріңіз: Әлемдегі ең сұлу қыздар қай елде тұрады - фото

Шеруде халық назарына Кариб елдерінің ұлттық киімдері ғана ұсынылмайды. Қытай, Нидерланды, Вьетнам және Ұлыбритания халқы да өз салт-дәстүрлерін әлемге паш етеді.

Мерекенің ең қызықты сәті – патшайымды таңдау. Конкурс жеңімпазы атанған ару сыйлық алып қана қоймай, карнавалдың бейнесіне айналады.

Париж көшелерінде өткен тропикалық карнавалды фотолентамыздан тамашалаңыз!

Тағы оқыңыз: Азияның үздік бодибилдер қыз-жігіттері - фото

1849
  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Парижде жылма-жыл өтетін карнавал ең алғаш рет 2001 жылы ұйымдастырлған болатын.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Бастапқыда шараға Кариб теңізі елдерінің Парижде тұратын ұлт өкілдері ғана қатысатын.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Алайда жыл өткен сайын карнавалдың ауқымы кеңейіп, халықаралық мейрамға айналды.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Карнавалға қатысушылар көздің жауын алатын әдемі костюм киіп, ұлттық ерекшеліктерін паш етуге тырысады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Тропикалық карнавалға әлемнің түкпір-түкпірінен ұлт өкілдері жиналады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Парад Париж халқының көңілінен шығып, карнавал қазірде жыл сайын ұйымдастырылады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Ауқымды карнавалға мыңдаған биші мен музыкант қатысады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Карнавалға әр адам өз қолымен ерекше маска дайындайды.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Костюмдердің бірінен бірі өткен әдемі.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Кариб аруларының сұлулығына көз тоймайды.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Париждегі карнавалға ең әдемі қыздарды таңдап алатын сияқты.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Тропикалық карнавалды көру үшін Парижге әр елден ондаған мың турист келеді.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Көздің жауын алатын костюмдер парадын тамашалап қана қоймай, қатысуға да болады.

Кілт сөздер:
арулар, фото, карнавал, Париж

Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі таңғажайып суреттер

173
  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.
  • Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.
  • Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.
  • Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.
  • Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.
  • Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.
  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.
  • Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады
Ежелгі гректер оны Фригия теңізі деп атаған. Ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енген. Көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен  көл – Тұз елдің орта тұсында, Анкарадан 150 шақырым жерде, Анадолының орталығында орналасқан

Көлдің ұзындығы 80 шақырымды алып жатыр, ал ені 50 шақырым, тереңдігі 1-2 метр ғана. Оның ауданы 1665 шаршы шақырымды құрайды. Қыста тұзды қабаттың жоғары жағына су жиналады, судың тереңдігі бірнеше сантиметрден аспайды. Сол себепті бұл жер бір қарағанда таңғажайып үлкен айна іспетті көрінеді.

Су қоймасының мөлшері айтарлықтай өзгеріп тұрады. Ол екі арық пен жерасты бұлағынан нәр алады. Жылдың ыстық мезгілінде судың едәуір бөлігі буланады, ал көл беті көздің жауын аларлықтай ақ тұзды қабықпен көмкеріледі. Ол арнайы комбайндардың көмегімен өндіріледі.

Көлде үш тұзды шахта орналасқан, олар белсенді түрде тұз өндіреді. Осман империясы тұсында бұл көл ішкі тұтыну мөлшеріне толықтай жауап беретін ең үлкен тұз қайнарына айналды. Қазір Түркияда тұтынылатын барлық тұздың шамамен үштен екісі осы жерде өндіріледі.

Ондаған жыл бойы елде тұтынылатын тұздың негізгі жеткізушісі болып саналған айтарлықтай терең емес табиғи су қоймасы 2001 жылы ерекше қорғалатын аймаққа кірді. Өйткені оның жағалаулары мен аралдарында қоқиқаз, ақмаңдайлы қаз және дала қарақұйрығы ұя салады.

173
  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Тұз өндіретін Коюнджу зауытының жұмысшысы әйгілі Тұз көлінде тұздың үлкен үйіндісін жинап жатыр. Көлде өндірілген тұз 60-тан астам елге экспортталады. Тұз – көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен көл.

  • Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Коюнджу зауытының тұз өндіруге арналған машинасы астық жинайтын комбайнға ұқсайды. Ол көл түбінен тұз қабатын ойып алып, оны жүк көлігіне тиейді.

  • Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Ежелде Фригия теңізі деп аталған бұл көлде Түркияда тұтынылатын тұздың шамамен үштен екісі өндіріледі, ал өндіріс желісінде бұл өнімнің үш түрі бар.

  • Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Көл түбінен көтерілген орасан тұз үйіндісі су қоймасында кептіріледі.

  • Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Бұл жерде тұз Осман империясы кезеңінен бастап өндіріліп келеді, ал қазір Тұз көлі елдегі ең ірі тұз кен орны саналады.

  • Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Жылдың ыстық мезгілінде көл түбіндегі тұз қабаты 30 сантиметрден асады.

  • Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Тұз өндіретін Коюнджу зауытының экскаваторы жүк көлігін тұзбен толтырып жатыр.

  • Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады
    © AFP 2019 / Adem Altan

    Былтыр көл кенеттен түсін өзгертіп, қызғылт түске боялып, су қоймасын мекендейтін сирек кездесетін қоқиқаз түсіне ұқсады

Жұлдызды аспан: жер шарының әр түкпірінен түсірілген 10 таңғажайып сурет

116
  • Тайвань орталығындағы Хэхуань тауының үстіндегі құс жолы.
  • Колумбиядағы Tatacoa шөлінің үстіндегі түнгі жұлдызды аспан.
  • Аризонадағы Петрифиед Форест ұлттық саябағы үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Уэльстің солтүстігіндегі Сноудония ұлттық саябағы.
  • Монтанадағы Глейшер ұлттық саябағының үстіндегі құс жолы.
  • Валле-д'Аостадағы обсерватория, Италия.
  • Португалиядағы Алкева фрегезиясының үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Испаниядағы Альбаррасин елді мекенінің үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Жерорта теңізіндегі Менорка аралының үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Ненев шөліндегі Рамон кратерінің үстіндегі құс жолы, Израиль.
Біздің топтамамыздан көктегі жұлдыздарды тамашалауға мүмкіндік беретін ғажайып жерлерді көруге болады. Ендеше Sputnik фототаспасын тамашалаңыздар

Қазан айының ортасы қазақстандықтар үшін жанға жайлы ауа райымен есте қалмақ.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Демек, сіз жұлдызды аспан әлеміне үңіліп, оның әсем көрінісіне сүйсіне аласыз.

Күзде түнгі аспан ерекше әдемі болады!

Жылдың бұл мезгілінің қайталанбас құпиясы бар. Ондай кезде адамға өмірдің тылсым сыры туралы философиялық ойлар келеді. Жұлдыздардың таңғажайып әлеміне үңілген жандар кейде өздерін толғандырған сауалдарға жауап іздеуге тырысады.

Түнгі аспанды бақылау сізді, сөзсіз, шабыттандырады, ал қоңыр күз адам жанын тыныштандыратын өзгеше сезім сыйлайды.

Ендеше, жұлдызды аспанның керемет көрінісін бейнелейтін әдемі суреттерді бірге тамашалайық. Оларды әлемнің әр түкпіріндегі шебер фотографтар өз таспасына түсірген.

Жұлдызды аспан әр жерде әртүрлі көрінеді, бірақ ол адамды өз тартымдылығымен баурап, шексіз қиял әлеміне сүңгітеді!

116
Кілт сөздер:
сурет
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус

Әлем алдағы бірнеше айда пандемияның өте қиын кезеңін бастан өткереді ДДҰ

0
(Жаңартылды 09:32 24.10.2020)
Бүкіл әлем коронавирус пандемиясының өте қиын кезеңінде тұр, деп атап өтті Тедрос Адханом Гебрейесус

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың таралуына байланысты әлемде қиын жағдай туындағанын хабарлады.  

"Әлем, әсіресе Солтүстік жарты шар бұл пандемияның күрделі кезеңінде тұр. Алдағы бірнеше ай өте қиын болады және кейбір елдер қауіпті жолға түседі. Көптеген елде сырқаттанған адамдар саны күрт өсіп жатыр", - деп мәлімдеді ДДҰ басшысы брифинг барысында.

Ол мемлекет басшыларын өлім-жітім өсіп, денсаулық сақтаудың негізгі қызметінде дағдарыс болып, мектептер қайта жабылмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.

Ал ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан қарашаның соңына қарай бір немесе екі Covid-19 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өткізілетінін мәлімдеді. Айтуынша, сол кезде препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беруге болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар саны 110 мыңнан асты 

23 қазанда Covid-19 індетінің әлемдегі күн сайынғы өсімі бойынша жаңа рекорд тіркелді – 445 419 адам ауырған. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 41 570 883 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып, оның 1 134 940-ы қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
ДДҰ, коронавирус
Тақырып бойынша
Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма – вирусолог жауап берді
Көпті мазалаған сұрақ: екінші тоқсанда қашықтан оқу жалғаса ма?
Қазақстанда бір аптада коронавирустан 28 адам қайтыс болды
Дәрігерлерге өтемақы төлеу тәртібі өзгерді – министрлік түсініктеме берді 
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты