Соғыс және табиғи апат кезіндегі үйлену тойы: ғажап суреттер

832
(Жаңартылды 17:50 20.01.2020)
  • Филиппиндегі үйлену тойы. Атқылап жатқан Тааль жанартауы маңындағы сурет.
  • Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг алаңында тұрған жас жұбайлар. Қатты жел соғып тұр.
  • Сиднейдегі үйлену рәсімі. Фотодан табиғи өрт түтінін байқауға болады.
  • Ливандағы әуе шабуылдарынан кейін жас жұбайлар қираған ғимараттар маңында суретке түсіп тұр.
  • Жұптың неке қию рәсімі. Техастағы теңіз дауылына дейін түсірілген фото.
  • Гаитидегі жер сілкінісінен кейін қираған шіркеуде үйлену тойына дайындық.
  • Қалыңдық. Түтін. Рязаньдағы орман өртінен кейін түсірілген сурет.
  • Венецияны су басты. Қалыңдығын қолына көтеріп алған күйеу жігіт.
  • Санкт-Петербургте нөсер жаңбыр астында қалған жас жұбайлар.
  • Жас жұбайлар. Батыс Сирия орталығындағы Хомс қаласындағы ғимараттарды лаңкестер қиратқан.
Нағыз махаббатқа ештеңе кедергі емес. Жаныңда дауыл соғып, жанартау атқылап, жарылыс болып жатса да – адамдар өз сезімдерін одан әрі күшейту үшін үйленуден қорықпайды

Бұл үйлену кезіндегі фотолар әлемнің әртүрлі елдерінде түсірілген. Суреттер төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен әскери қақтығыстар кезінде жасалған. Ғашықтар өз фотолары арқылы "махаббат – адамдардың бірге болуы үшін ең қиын жағдайлар мен тосқауылдарды жеңуге итермелейтін сезім" екенін дәлелдеуде.

Тағы оқыңыз: "Алғаш рет шын ғашық болдым": қарттар үйінде сүйіктісін кездестірген қарияның әңгімесі

Теңіз дауылы, орман өрті, су тасқыны, әскери әрекеттер – осылардың ешқайсысы суреттегі ғашықтарды тоқтатпады, қорқытпады, үйлену тойын жасау шешімін өзгертуге немесе кейінге қалдыруға мәжбүрлемеді.

Адал әрі шынайы сезімдердің дәлелі осы емес пе?

832
  • Филиппиндегі үйлену тойы. Атқылап жатқан Тааль жанартауы маңындағы сурет.
    © REUTERS / Randolf Evan Photography/Social Media

    Филиппиндегі үйлену тойы. Атқылап жатқан Тааль жанартауы маңындағы сурет.

  • Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг алаңында тұрған жас жұбайлар. Қатты жел соғып тұр.
    © AP Photo / Bebeto Matthews

    Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг алаңында тұрған жас жұбайлар. Қатты жел соғып тұр.

  • Сиднейдегі үйлену рәсімі. Фотодан табиғи өрт түтінін байқауға болады.
    © AFP 2019 / David Gray

    Сиднейдегі үйлену рәсімі. Фотодан табиғи өрт түтінін байқауға болады.

  • Ливандағы әуе шабуылдарынан кейін жас жұбайлар қираған ғимараттар маңында суретке түсіп тұр.
    © AFP 2019 / Anwar Amro

    Ливандағы әуе шабуылдарынан кейін жас жұбайлар қираған ғимараттар маңында суретке түсіп тұр.

  • Жұптың неке қию рәсімі. Техастағы теңіз дауылына дейін түсірілген фото.
    © AP Photo / Eric Gay

    Жұптың неке қию рәсімі. Техастағы теңіз дауылына дейін түсірілген фото.

  • Гаитидегі жер сілкінісінен кейін қираған шіркеуде үйлену тойына дайындық.
    © AP Photo / Esteban Felix

    Гаитидегі жер сілкінісінен кейін қираған шіркеуде үйлену тойына дайындық.

  • Қалыңдық. Түтін. Рязаньдағы орман өртінен кейін түсірілген сурет.
    © AP Photo / Sergey Ponomarev

    Қалыңдық. Түтін. Рязаньдағы орман өртінен кейін түсірілген сурет.

  • Венецияны су басты. Қалыңдығын қолына көтеріп алған күйеу жігіт.
    © AFP 2019 / Andrea Pattaro

    Венецияны су басты. Қалыңдығын қолына көтеріп алған күйеу жігіт.

  • Санкт-Петербургте нөсер жаңбыр астында қалған жас жұбайлар.
    © AFP 2019 / Kirill Kudryavtsev

    Санкт-Петербургте нөсер жаңбыр астында қалған жас жұбайлар.

  • Жас жұбайлар. Батыс Сирия орталығындағы Хомс қаласындағы ғимараттарды лаңкестер қиратқан.
    © AFP 2019 / Joseph Eid

    Жас жұбайлар. Батыс Сирия орталығындағы Хомс қаласындағы ғимараттарды лаңкестер қиратқан.

Кілт сөздер:
үйлену тойы, табиғи апат, соғыс
Тақырып бойынша
Жаманқұлов Нұрғали Нүсіпжановтың үйленуіне қатысты ойын ашық айтты
Тәуекел Мүсілім сүйіктісімен некесін қиды: актердің таңдаған жары кім - видео
Гауһар тойын дүркіретіп тойлады: 60 жыл отасқан қариялардың әңгімесі - видео
Жазира мен Жанболат 22 жылдан кейін сәбилі болды
2020 жылға жұлдыз жорамал: тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады?

Жапонияда гауһар тас пен інжуден жасалған маскалар сатылып жатыр - фото

58
  • Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
  • Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
  • Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
  • Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
  • Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат  Акойя інжуінен жасалған.
  • Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
  • Інжуден өрілген маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
  • Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың? – дейді Токио тұрғындары.
Жапония астанасы Токио қаласындағы дүкендердің бірінде масканың люкс түрлері сатыла бастады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан танымал дүкеннен қазір бетперденің 200-ден астам түрін табуға болады

Mask.com бренді жуырда інжуден жасалған және гауһар таспен көмкерілген қымбат маскалар жасап шығарды. 

Бұл эксклюзивті бетперделердің құны - миллион йен, яғни 9 600 доллар. 

Осылайша жапондық бренд коронавирустан зардап шеккен сән индустриясына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, дейді дүкен иелері. 

Гауһар тасты маскалар 0,7 қаратты асыл таспен және 300-ден астам Сваровски кристалымен көмкерілген, ал інжу бетперделер 330-ға жуық Акойя інжуінен "өрілген". 

Дегенмен, жапондық маска әлемдегі ең қымбат бетперде емес. Израильдік зергер 250 грамм 18 қаратты алтыннан әзірлеген масканың құны - 1,5 миллион доллар.

Самая дорогая защитная маска в мире - инкрустированная бриллиантами золотая маска стоимостью 1,5 миллиона долларов
© AP Photo / Sebastian Scheiner
Әлемдегі ең қымбат алтын масканың құны - 1,5 миллион доллар
58
  • Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
    © REUTERS / Issei Kato

    Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).

  • Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
    © REUTERS / Issei Kato

    Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.

  • Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
    © REUTERS / Issei Kato

    Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.

  • Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
    © REUTERS / Issei Kato

    Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.

  • Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат  Акойя інжуінен жасалған.
    © REUTERS / Issei Kato

    Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат Акойя інжуінен жасалған.

  • Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
    © REUTERS / Issei Kato

    Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.

  • Інжуден өрілген маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
    © REUTERS / Issei Kato

    Інжуден "өрілген" маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.

  • Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың? – дейді Токио тұрғындары.
    © REUTERS / Issei Kato

    Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. "Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың?" – дейді Токио тұрғындары.

Кілт сөздер:
фото

Әлемдегі ең биік лифт таңғажайып суреттер

89
  • Жүз айдаһар лифті лифті
  • Жүз айдаһар лифті лифті
  • Байлун – Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген әлемдегі ең биік лифт
  • Лифт сейсмикалық белгі беру құрылғыларымен жабдықталған
  • Туристер Байлун лифтін суретке түсіріп жатқан сәт
  • Байлун лифті
  • Байлун лифтінің жанындағы алаңда жүрген маймылдар
  • Лифт екі қабатты үш кабинадан тұрады және ол 3 750 килограмм жүкті көтереді.
  • Лифт кабинасына бір мезетте 50-ге жуық жолаушы сыяды
  • Суретте фотограф қыз Байлун лифтіне келетін туристерді күтіп тұр
  • Байлун лифтіндегі туристер
  • Мұнда канадалық режиссер Джеймс Кэмерон өзінің Аватар фильмін түсірді
Қытайдың Чжанцзяцзе ұлттық паркінде орналасқан Байлун лифтін "Жүз айдаһар лифті" деп атайды. Талай туристің таңдайын қақтырған бұл нысан "Аватар" фильмін түсірген авторларға да зор шабыт сыйлаған

Байлун лифті – Қытайдағы ең танымал жерлердің бірі. Бұл әлемдегі ең биік лифт және Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Лифт құрылысы 1999 жылы басталған. Ол санаулы жыл ішінде салынып, 2002 жылы пайдалануға берілді.

Бұл заманауи ғажайып техника үш шыны кабинамен жабдықталған. Оның әрқайсысы елуге жуық жолаушыны сыйдырып, бір минут ішінде жоғары немесе төмен тасымалдайды.

Тік жартасты әрі өте қауіпті соқпақпен үш сағат бойы жаяу көтерілудің орнына, осы лифтті пайдаланған туристер діттеген жеріне бар-жоғы 60 секундта жетеді.

Оқи отырыңыз: Қоңыр күзбен қоштасу: алматылықтардың сүйікті демалыс орындары – фото

Осындай таңғажайып мүмкіндікке ие лифт Чжанцзяцзе ұлттық саябағының Улинъюанъ аймағында орналасқан. Туристер мұнымен 330 метр биіктікке көтеріледі. Ол жерден таудың жартасты баурайындағы аңғардың таңғажайып көріністерін тамашалауға болады.

Дәл осы жердің керемет пейзажынан шабыт алған Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмінің кейбір эпизодтарын түсірді.

89
  • Жүз айдаһар лифті лифті
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Қытайдың Хунань провинциясының Чжанцзяцзе ұлттық паркіндегі "Жүз айдаһар лифті" деген қорқынышты атауға ие әлемдегі ең биік лифт.

  • Жүз айдаһар лифті лифті
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Байлун лифтінің құрылысы 1999 жылы басталып, 2002 жылы пайдалануға берілді.

  • Байлун – Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген әлемдегі ең биік лифт
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Байлун – Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген әлемдегі ең биік лифт. Суретте: Байлунге баратын дәліз жанындағы тақырыптық пошта бөлімшесінде тұрған Аватар мүсіні.

  • Лифт сейсмикалық белгі беру құрылғыларымен жабдықталған
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Лифт сейсмикалық белгі беру құрылғыларымен жабдықталған. Ол іске қосылған кезде адамдар тез арада эвакуацияланып, төмен түсіріледі. Суретте: Байлун лифтінің жанында тұрған бетперде таққан турист.

  • Туристер Байлун лифтін суретке түсіріп жатқан сәт
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Кейде осы керемет лифтке міну үшін туристер төрт сағатқа дейін кезекте тұрады. Туристер Байлун лифтін суретке түсіріп жатқан сәт.

  • Байлун лифті
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Байлун лифті туристерді Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы тау басында орналасқан бақылау алаңына дейін 330 метр биіктікке көтереді.

  • Байлун лифтінің жанындағы алаңда жүрген маймылдар
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Чжанцзяцзе ұлттық паркінде орналасқан Байлун лифтінің жанындағы алаңда жүрген маймылдар.

  • Лифт екі қабатты үш кабинадан тұрады және ол 3 750 килограмм жүкті көтереді.
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Лифт екі қабатты үш кабинадан тұрады және ол 3 750 килограмм жүкті көтереді.

  • Лифт кабинасына бір мезетте 50-ге жуық жолаушы сыяды
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Бір кабина бір мезетте 50-ге жуық жолаушыны жоғары көтеріп, төмен түсіре алады.

  • Суретте фотограф қыз Байлун лифтіне келетін туристерді күтіп тұр
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    "Жүз айдаһар лифті" жүк көтергіштігі жағынан әлемдегі ең үлкен әрі ең жылдам жолаушылар лифті. Сондай-ақ, ең биік ашық экспозициялық лифт. Суретте: фотограф қыз Байлун лифтіне келетін туристерді күтіп тұр.

  • Байлун лифтіндегі туристер
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Лифт үш сағаттық жаяу жүрістің орнына туристерді бір минуттың ішінде кварцитті бағаналары бар аңғар көрінетін тау басына шығарады.

  • Мұнда канадалық режиссер Джеймс Кэмерон өзінің Аватар фильмін түсірді
    © AFP 2019 / Wang Zhao

    Мұнда канадалық режиссер Джеймс Кэмерон өзінің "Аватар" фильмін түсірді.

Кілт сөздер:
Қытай, лифт
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

66
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

66