Нұр-Сұлтан ғимараттарының қандай құпиясы бар - фото

2237
(Жаңартылды 14:32 26.02.2020)
  • Елорданың бірегей сауда орталығы Хан Шатыр бұндай бейнеде одан да ғажайып көрінеді! Тек елестетіп көрші, осы шыны нысан іргетасының орнында – үлкен ұшатын тәрелке, ал шатыр күмбезінің басында – ғарыштан құпия сигналдар ұстайтын антенна бар.
  • Ақорда астындағы құпия жерасты қаласы. Сен бұндайға сене алар ма едің?
  • Алып шар - ЭКСПО насындары арасындағы ең ерекше нысандардың бірі. Ал Нұр Әлем шыны сферасы – мегаполис қойнауына қармауыштарын тыққан алып жыртқыш сегізаяқтың басы болса қалай?
  • Қазақстан астанасының символы Бәйтерек беймәлім, жаңа ғаламшарлар ортасындағы әлем орталығы іспетті.
  • Қаланың қалың асфальтінің астында параллель әлемдер мен басқа ғаламшарлардан келген тіршілік иелері ғасырлар бойы қалған сияқты. Бұнда суық шыны мен бетоннан салынған заманауи ғимараттар астында тығылған бөтендер әлі көп пе?
  • Пирамидалар құпиясы ешқашан толық ашылмайтын сияқты... Фотограф қиялында бейбітшілік және келісім сарайы осындай.
  • Алмаз Дүйсебаев Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын мерекелеу тақырыбын да аттап өтпеді. Зүбаржат орамы бизнес орталығы ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы кітаптарының бейнесінде жасалды. Мәселен, бұл ғимарат халық арасында кітап деп аталып кеткен.
  • Астана LRT-ға арналған бағандар ежелгі тас алыптарының үстінде орналасқан… Автордың айтуынша, ол суретке ешқандай мағыналық салмақ енгізбесе де, бұл фотосурет ойландырады. Елордалық LRT жобасының оқиғасы да есімізде...
  • Астана мемлекеттік архивінің ғимараты ұшқалы тұрған зымыран түрінде бейнеленген.
  • Қазақстан орталық концерт залы. Оның іргетасының астында, жер түбінде, тереңде тас гүлдер өседі. Ғажайып қой, иә?
  • Шабыт шығармашылық сарайы. Дөңгелек ыдыс қазақтың етіне толы. Тәбетті ашады!
Сен қаланы осындай деп ойламаған шығарсың! Бұны көргеннен соң үйреніп қалған ғимараттар жанынан жай өте аласың ба?! Қара да, таң қал!

Бұл ерекше фотосуреттер көптеген елордалық пабликте тарады. Олардың авторы – астаналық Алмаз Дүйсебаев.

Қаланың атмосфералық, футуристік көріністері мен фотографтың ғажайып қиялы көптеген желі қолданушыларының көңілінен шықты.

Тек көзіңе елестетіп көрші, елордалық нысандардың астында өзге ғаламшарлықтар тығылып, алып гүлдер гүлдеп жатыр, жерасты жол тораптары бар құпия қала өз өмірімен тіршілік етіп, зәулім үйлер биіктігінде, мегаполистің қақ ортасында жаңа ғаламшарлар пайда болуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaz Duisebayev (@almaz_duisebayev)

Автордың өзінің айтуынша, бұл суреттерде ешқандай мағыналық салмақ, тұспал да жоқ, бірақ шығармашылық пен шабыт бар.

Бұған қоса, оның еңбектеріне қарап, бұл шынымен біздің қала ма деп ойланып қаласың.

Біз білмеген қанша құпия асфальт, бетон мен шыны қабаттың астында болуы мүмкін?! 

Тағы оқыңыз: Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты

"Астана басқа көзбен" фотожұмыстар сериясына Нұр-Сұлтанның белгілі, танымал ғимараттарының таңғажайып бейнелері кірді.

Сондай-ақ, бұлар мүлдем басқа Ақорда, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан-Шатыр, "Шабыт" сарайы, ірі банк пен бизнес-орталық ғимараттары.

Осы фотоларды көргеннен кейін қалаға бұрынғыдай қарай аласыңдар ма?

Алмаз Дүйсебаевтың Қазақстан бас қаласының керемет фотолары - Sputnik Қазақстан фототоптамасында.

2237
  • Елорданың бірегей сауда орталығы Хан Шатыр бұндай бейнеде одан да ғажайып көрінеді! Тек елестетіп көрші, осы шыны нысан іргетасының орнында – үлкен ұшатын тәрелке, ал шатыр күмбезінің басында – ғарыштан құпия сигналдар ұстайтын антенна бар.
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Елорданың бірегей сауда орталығы "Хан Шатыр" бұндай бейнеде одан да ғажайып көрінеді! Тек елестетіп көрші, осы шыны нысан іргетасының орнында – үлкен ұшатын тәрелке, ал шатыр күмбезінің басында – ғарыштан құпия сигналдар ұстайтын антенна бар.

  • Ақорда астындағы құпия жерасты қаласы. Сен бұндайға сене алар ма едің?
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Ақорда астындағы құпия жерасты қаласы. Сен бұндайға сене алар ма едің?

  • Алып шар - ЭКСПО насындары арасындағы ең ерекше нысандардың бірі. Ал Нұр Әлем шыны сферасы – мегаполис қойнауына қармауыштарын тыққан алып жыртқыш сегізаяқтың басы болса қалай?
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Алып шар - "ЭКСПО" насындары арасындағы ең ерекше нысандардың бірі. Ал "Нұр Әлем" шыны сферасы – мегаполис қойнауына қармауыштарын тыққан алып жыртқыш сегізаяқтың басы болса қалай?

  • Қазақстан астанасының символы Бәйтерек беймәлім, жаңа ғаламшарлар ортасындағы әлем орталығы іспетті.
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Қазақстан астанасының символы "Бәйтерек" беймәлім, жаңа ғаламшарлар ортасындағы әлем орталығы іспетті.

  • Қаланың қалың асфальтінің астында параллель әлемдер мен басқа ғаламшарлардан келген тіршілік иелері ғасырлар бойы қалған сияқты. Бұнда суық шыны мен бетоннан салынған заманауи ғимараттар астында тығылған бөтендер әлі көп пе?
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Қаланың қалың асфальтінің астында параллель әлемдер мен басқа ғаламшарлардан келген тіршілік иелері ғасырлар бойы қалған сияқты. Бұнда суық шыны мен бетоннан салынған заманауи ғимараттар астында тығылған "бөтендер" әлі көп пе?

  • Пирамидалар құпиясы ешқашан толық ашылмайтын сияқты... Фотограф қиялында бейбітшілік және келісім сарайы осындай.
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Пирамидалар құпиясы ешқашан толық ашылмайтын сияқты... Фотограф қиялында бейбітшілік және келісім сарайы осындай.

  • Алмаз Дүйсебаев Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын мерекелеу тақырыбын да аттап өтпеді. Зүбаржат орамы бизнес орталығы ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы кітаптарының бейнесінде жасалды. Мәселен, бұл ғимарат халық арасында кітап деп аталып кеткен.
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Алмаз Дүйсебаев Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын мерекелеу тақырыбын да аттап өтпеді. "Зүбаржат орамы" бизнес орталығы ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы кітаптарының бейнесінде жасалды. Мәселен, бұл ғимарат халық арасында "кітап" деп аталып кеткен.

  • Астана LRT-ға арналған бағандар ежелгі тас алыптарының үстінде орналасқан… Автордың айтуынша, ол суретке ешқандай мағыналық салмақ енгізбесе де, бұл фотосурет ойландырады. Елордалық LRT жобасының оқиғасы да есімізде...
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    "Астана LRT"-ға арналған бағандар ежелгі тас алыптарының үстінде орналасқан… Автордың айтуынша, ол суретке ешқандай мағыналық салмақ енгізбесе де, бұл фотосурет ойландырады. Елордалық LRT жобасының оқиғасы да есімізде...

  • Астана мемлекеттік архивінің ғимараты ұшқалы тұрған зымыран түрінде бейнеленген.
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    Астана мемлекеттік архивінің ғимараты ұшқалы тұрған зымыран түрінде бейнеленген.

  • Қазақстан орталық концерт залы. Оның іргетасының астында, жер түбінде, тереңде тас гүлдер өседі. Ғажайып қой, иә?
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    "Қазақстан" орталық концерт залы. Оның іргетасының астында, жер түбінде, тереңде тас гүлдер өседі. Ғажайып қой, иә?

  • Шабыт шығармашылық сарайы. Дөңгелек ыдыс қазақтың етіне толы. Тәбетті ашады!
    © Photo : Алмаз Дуйсебаев

    "Шабыт" шығармашылық сарайы. Дөңгелек ыдыс қазақтың етіне толы. Тәбетті ашады!

Кілт сөздер:
фото, ғимараттар, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Елорда сауда орталығында бүлік шығарған адамды кімдер ұстады - видео
Нұр-Сұлтанда көшеде құлап қалған депутат ашуланып кетті
"Бізді жамандай бермеңдер": Татьяна қар тазалаушылардың жанайқайын жеткізді - видео
Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді
Көлгінов елордадағы тұрғын үй құрылысының сапасы туралы ойын айтты

Қоңыр күзбен қоштасу: алматылықтардың сүйікті демалыс орындары фото

60
(Жаңартылды 17:44 24.11.2020)
  • Есік көлі
  • Есік көліндегі жасыл-көк судың көрінісі шынымен де ертегіге ұқсайды
  • Көл атауы қазақтың Есік (есік, тар шатқал, шатқал) сөзінен шыққан
  • Есік көлі
  • Әнші құм
  • Әнші құм
  • Әнші құм
  • Шарын шатқалы
  • Шарын шатқалы
  • Құлыптар аңғары
  • Шарын шатқалы
  • Шарын шатқалы
  • Іле өзені
  • Іле өзені
  • Іле өзені
  • Көлсай көлдері
  • Көлсай көлдері
  • Көлсай көлдері
  • Көлсай көлдері
  • Қайыңды көлі
  • Қайыңды көлі
  • Қайыңды көлі
  • Қайыңды көлі
Sputnik Қазақстан фототілшісі Алматы облысының ең танымал туристік маршруттарымен жүріп өтіп, қоңыр күздің соңғы күндерін суретке түсіріп қайтты

Биылғы жылы әрі ашық ауа райы Алматы мен Алматы облысының тұрғындары үшін қарашаның ортасына дейін жайлы болып тұрды: ауа температурасы он градустан төмендеген жоқ.

Бұл әуесқой фотографтар үшін танымал туристік бағыттар бойынша серуендеп, қоңыр күздің соңғы күндерін суретке түсіруге мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Мылтық атылмайды: Салбурын немесе ұлттық аңшылық ерекшеліктері - фото

Бірнеше күнге жалғасқан саяхатта Sputnik Қазақстан фототілшісі туризм қауымдастығының өкілдерімен бірге Көлсай мен Есік және Қайыңды көлін, Шарын шатқалын, Әнші құм мен Іле өзенінің маңайын аралап, Алматы облысының басты туристік бағыттары бойынша жүріп өтті.

60
  • Есік көлі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Есік көлі Алматыдан 40 шақырым жерде Іле Алатауы шатқалдарының бірінде орналасқан. Қаладан алыс болмағандықтан, бұл алматылықтар үшін де, мегаполис қонақтары үшін де сүйікті демалыс орындарының бірі.

  • Есік көліндегі жасыл-көк судың көрінісі шынымен де ертегіге ұқсайды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Есік көліне саяхат жасау жыл бойы қолжетімді. Сондықтан бұл жерде туристерді жиі кездестіруге болады. Көп адам ол жерге фотосессия жасау үшін барады. Өйткені қылқан жапырақты ағаштар көбірек өсетін таулардың аясындағы судың көрінісі шынымен де ертегіге ұқсайды.

  • Көл атауы қазақтың Есік (есік, тар шатқал, шатқал) сөзінен шыққан
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көл атауы қазақтың Есік сөзінен шыққан. Есік көлі теңіз деңгейінен 1 714 метр биіктікте орналасқан.

  • Есік көлі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    2019 жылы Есік көлінің селден қорғау бөгетінен төменірек екінші жеке меншік су электр станциясының салынуы су деңгейінің нөлге дейін төмендеуіне әкелді. Есік қаласының тұрғындары мен экологтар бұл жағдайға бей-жай қарамай, билікті экологиялық апаттың алдын алуға шақырды.

  • Әнші құм
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ұзындығы үш шақырым және биіктігі 150 метр болатын Әнші құм да туристердің ең сүйікті орындарының біріне айналды. Өйткені құрғақ ауа райында құмдар орган деген музыкалық аспаптың әуеніне ұқсас дыбыс шығарады.

  • Әнші құм
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әнші құм Алматы облысындағы Алтын-Емел ұлттық паркінің аумағында Жоңғар Алатауының Үлкен және Кіші Қалқан жоталары арасындағы дәлізінде, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 шақырым жерде орналасқан.

  • Әнші құм
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әнші құм төбесінен айнала ерекше көрінеді. Оңтүстігінде Іле өзенінің жіңішке жолағы мен Сөгеті мен Бөгеті жоталары, оның ар жағынан Кетпен жотасының қарлы шыңдары көз тартады.

  • Шарын шатқалы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан және ең танымал туристік маршруттардың бірі.

  • Шарын шатқалы

    Шатқалда болған көптеген шетелдік туристер бұл жерді АҚШ-тағы Колорадо үстіртіндегі Үлкен Каньонмен салыстырады. Шарын шатқалының ұзындығы Шарын өзенінің бойымен 154 шақырымды құрайды. Оның биіктігі әр тұсында әрқалай – 150-ден 300 метрге дейін жетеді.

  • Құлыптар аңғары
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бұл жердегі ең тартымды орын – Қызыл шатқал немесе "Құлыптар аңғары" деп те аталады. Бұл еріген қар суымен жуылған құрғақ шатқал. Шарын өзеніне перпендикуляр орналасқан. Қызыл шатқалдың ұзындығы шамамен 3 шақырым, ені 20-дан 130 метрге дейін, ал тереңдігі 100 метрге дейін жетеді.

  • Шарын шатқалы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шарын шатқалының жанында шаған (діңі қатты ағаш) тоғайы орналасқан. Бұған ұқсас жер әлемде тек Солтүстік Америкада ғана бар.

  • Шарын шатқалы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шатқал 2004 жылы құрылған Шарын ұлттық паркінің бір бөлігі болғандықтан, мұнда сүтқоректілердің 60-тан астам түрі, құстардың 100-ден астам түрі және бауырмен жорғалаушылардың 25 түрі мекендейді, оның он жетісі Қызыл кітапқа енген.

  • Іле өзені
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қытайдан бастау алатын Іле өзені бүкіл Алматы облысын аралай ағып, Балқаш көлінің батыс бөлігіне құяды. Демалыс аймағы мен ірі елді мекендерден алыс жерде демалуды және тыныштықты жаны қалайтын туристер үшін өте қолайлы.

  • Іле өзені
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Іле – бұл Алматы облысындағы ірі өзен. Оның арналары мен қамыс басқан кішкентай аралдары өте көп. Бұл жерлер аңшылар мен балықшыларды ерекше қызықтырады.

  • Іле өзені
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Өзен суында ондаған балық түрі тіршілік етеді: сом, сазан, құлан, көксерке, Балқаш алабұғасы, мөңке, жыланбас балық, күміс сазан, тікен балық және тағы басқалар. Жағалауда тырналар мен қырғауыл, үйректердің сан түрі ұя салады. Сонымен қатар, мұнда құндыз бен қоян, түлкі, тіпті қамыс мысықтар да кездеседі.

  • Көлсай көлдері
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматыдан Көлсай көліне саяхатшылар көлікпен шамамен төрт сағатта жетеді. Үш көлден тұратын жүйе оңтүстік астанадан 330 шақырым жерде, Қырғызстан шекарасынан он шақырым қашықта орналасқан.

  • Көлсай көлдері
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Туристер арасында ең танымалы – үшінші көл. Ол теңіз деңгейінен 1 818 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – бір шақырым, ені – 400 метр, ал тереңдігі 80 метрге жетеді.

  • Көлсай көлдері
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Басқа екі көл де биікте орналасқан. Екіншісі - көлемі жағынан ең үлкенін жергілікті тұрғындар Мыңжылқы деп атайды. Ол теңіз деңгейінен 2 252 метр биікте. Үшінші көл – Жоғары Көлсай, 2 850 метр биікте тұр.

  • Көлсай көлдері
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көлсай көлдері ұлттық саябақта орналасқан. Олардың алматылықтар мен қала қонақтары арасындағы танымалдығы бұл жерлердегі инфрақұрылымның дамуына түрткі болды. Көлдердің жанында қонақ үйлер мен кемпингтер бар.

  • Қайыңды көлі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Күнгей Алатауы шатқалының бірінде орналасқан Қайыңды көлін Қазақстандағы ең ерекше жер деп атасақ қателеспеспіз. Оның басты тартымдылығы – көл ортасынан көкке шаншылған шыршалар

  • Қайыңды көлі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қайыңды көлінің тарихы жүз жылдан асады. Ол 1911 жылы қаңтарда Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Қазір бұл нысан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілген

  • Қайыңды көлі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көл қылқан жапырақты орман арасында, теңіз деңгейінен 1 667 метр биіктікте орналасқан. Көлден небәрі бес шақырым жерде қайыңды тоғай бар, сондықтан ол Қайыңды деп аталып жүр

  • Қайыңды көлі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Көл айналасындағы тауда ауа температурасы 23 градустан жоғарыға өте сирек көтеріледі. Ең жылы деген күндердің өзінде су салқын - 6 градустан жоғары көтерілмейді.

Кілт сөздер:
Алматы, табиғат

Нюрнберг процесі: XX ғасырдың басты қылмыскерлері қалай сотталды тарихи суреттер

176
  • Нюрнберг процесі
  • Нюрнберг процесі. Сот ғимаратының алдындағы күзетшілерді бөлу.
  • әскери фототілші Евгений Халдей
  • Суретте: Нюрнберг Әділет сарайының ғимараты.
  • Нюрнберг процесінде Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер
  • КСРО-ның бас айыптаушысы Роман Андреевич Руденко
  • Нюрнберг процесіндегі америкалық әскери трибунал өкілі Томас Додд
  • Нюрнберг процесінде сот залынан түсірілген сурет
  • Нюрнберг процесі. Желтоқсан. 1945 жыл. Германия
  • Нюрнберг процесі өткен отырыс залынан тағы бір фото
  • Фашистер Керч тұрғындарын аяусыз қырды. Керч маңындағы танкке қарсы Багеровский оры
  • Нюрнберг процесіндегі аудармашылар
  • XX ғасырдың басты қылмыскерлерінің соты
  • Халықаралық әскери трибуналдың мәжіліс залы
  • Сотталушы Альфред Йодль (сол жақта) мен Вильгельм Кейтель (оң жақта)
  • Құжаттармен жұмыс істеп жатқан АҚШ армиясының офицерлері
  • Нюрнберг түрмесінің сотталғандарға арналған негізгі блогы
  • Нюрнберг Әділет сарайына кіру үшін жауынгерлерге берілген рұқсат қағаз. Бұл құжат сарбаз Абдултай Әріповке тиесілі. Ресми мәліметке сәйкес, сот залына кіру үшін 60 мыңнан астам рұқсат берілген.
75 жыл бұрын 20 ғасырдың басты қылмыскерлері сотталды. Нюрнберг процесінің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Өйткені ол тарихта алғаш рет агрессияны ең ауыр қылмыс деп танып, нацистердің әлем мен адамзатқа қарсы қылмыстарын жария етті

1945 жылы 20 қарашада Германияның Нюрнберг қаласында еуропалық елдердің басты нацистік әскери қылмыскерлеріне қатысты халықаралық сот ісі басталды.

Сот алдына Үшінші рейхтің жоғарғы әскери және мемлекет қайраткерлері, ірі банкирлер мен дипломаттар, сондай-ақ  өнеркәсіпшілер келді. Айыпталушылар қатарында Геринг, Гесс, Риббентроп, Кейтель, Йодль, Борман болды. Соңғысы жасырынып, кейін де табылмағандықтан сырттай сотталды. Сонымен қатар Калтенбруннер, Розенберг, Франк деген сияқты есімдермен тізім жалғаса береді. Олардың барлығы Гитлер билікке келген кезден бастап негізгі әскери оқиғалардың қатысушылары болды.

Процесс барысында адамдарға жүргізілген жабайы эксперименттер мен газ камералары, өлім лагеріндегі қуатты кремация пештері туралы айтылған фактілер әлемді шошытты. Освенцум, Треблинка, Собибор, Хелмно сияқты лагерьлер – жаппай кісі өлтіруге, күніне ондаған мың адамды құртуға арналды.

Сол жылдары мұндай концлагерьлер мен өлім лагерьлері жүйесінен 18 миллион адам өтті. Олардың 11 миллионға жуығы аяусыз жойылды.

Фашистік режимнің негізгі көшбасшылары қалай сотталды – тарихи сәттен түсірілген суреттерді Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.

Нюрнберг процесі туралы не білеміз

Нюрнберг процесін 1945 жылдың 8 тамызында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтері арасында жасалған Лондон келісімі негізінде құрылған Халықаралық әскери трибунал өткізді. Оған антигитлерлік коалиция мүшелері ретінде 19 мемлекет қосылды.

Келісімге 1943 жылдың 30 қазанында КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшылары қол қойған нацистердің жауапкершілігі туралы Мәскеу декларациясының ережелері негіз болған. 

Сондай-ақ, Халықаралық әскери трибунал ұлттық социалистік партияның басшылығын, оның шабуылдау және күзет жасақтарын, қауіпсіздік қызметі мен мемлекеттік құпия полицияны, үкімет кабинетін, Бас штаб пен нацистік Германияның Жоғарғы қолбасшылығын қылмыскер деп тану мәселесін қарастырды.

Оқи отырыңыз: Астрофотография байқауында үздік деп танылған таңғажайып суреттер

Трибунал бір жылға жуық жұмыс істеді. 1946 жылы 1 қазанда халықаралық соттың шешімі жарияланды. Процесс барысында 403 ашық сот отырысы өткізіліп, 116 куәгерден жауап алынды, 300 мыңнан астам жазбаша өтініш және 3 мыңға жуық құжат қаралды.

176
  • Нюрнберг процесі
    © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Нюрнберг процесі 1945 жылдың 20 қарашасынан 1946 жылдың 1 қазанына дейін созылды. Айыпталушылар орындығында – фашистік Германияның бұрынғы басшылары. Жеңіске жеткен елдердің (КСРО, АҚШ, Англия және Франция) халықаралық трибуналы аясында нацистік Германия басшылары 1939-1945 жылдар аралығындағы әскери және басқа да қылмыстары үшін айыпталды.

  • Нюрнберг процесі. Сот ғимаратының алдындағы күзетшілерді бөлу.
    © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Нюрнберг процесі. Сот ғимаратының алдындағы күзетшілерді бөлу.

  • әскери фототілші Евгений Халдей
    © Sputnik / РИА Новости

    Нюрнберг процесінің тарихынан – әскери фототілші Евгений Халдей (суретте сол жақта).

  • Суретте: Нюрнберг Әділет сарайының ғимараты.
    © Sputnik / Viktor Temin

    Суретте: Нюрнберг Әділет сарайының ғимараты.

  • Нюрнберг процесінде Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер

    Нюрнберг процесінде Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер, Рудольф Гесс, Бальдур фон Ширах пен Иоахим фон Риббентроп айыпталушылар орындығында отыр.

  • КСРО-ның бас айыптаушысы Роман Андреевич Руденко
    © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Суретте: КСРО-ның бас айыптаушысы Роман Андреевич Руденко Нюрнберг сотында сөйлеп тұр.

  • Нюрнберг процесіндегі америкалық әскери трибунал өкілі Томас Додд
    © Sputnik / Viktor Kinelovskiy

    Нюрнберг процесіндегі америкалық әскери трибунал өкілі Томас Додд

  • Нюрнберг процесінде сот залынан түсірілген сурет
    © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Нюрнберг процесінде сот залынан түсірілген сурет. Адамдарға жасалған жабайы эксперименттер туралы процесте жарияланған фактілер әлемді шошытты.

  • Нюрнберг процесі. Желтоқсан. 1945 жыл. Германия
    © Sputnik / Viktor Kinelovskiy

    КСРО-ның Халықаралық әскери трибуналдағы мүшелері подполковник Александр Волчков (сол жақта) пен әділет генерал-майоры Иона Никитченко Нюрнберг процесіне қатысып отырған сәт. 1945 жылдың желтоқсаны. Германия.

  • Нюрнберг процесі өткен отырыс залынан тағы бір фото
    © Sputnik / Yevgeny Khaldei

    Нюрнберг процесі өткен отырыс залынан тағы бір фото. Халықаралық әскери трибунал бір жылға жуық жұмыс істеді – 1946 жылы 1 қазанда халықаралық соттың үкімі жарияланды.

  • Фашистер Керч тұрғындарын аяусыз қырды. Керч маңындағы танкке қарсы Багеровский оры
    © Sputnik / Maks Alpert

    1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Фашистер Керчь тұрғындарын аяусыз қырды. Керчь маңындағы танкке қарсы Багеров оры. Мұнда 7 мыңға жуық Керчь тұрғыны атылды. Оның 245-і балалар мен мектеп оқушылары. Суретте Керчь тұрғындары фашистер атып өлтірген кеңес азаматтарының ішінен танығандарын көрсетіп тұр.
    Асқан қатыгездіктің мұндай деректері Нюрнберг процесінде фашизмге қарсы айып болып тағылды.

  • Нюрнберг процесіндегі аудармашылар

    Нюрнберг процесіндегі аудармашылар. Олар тәулігіне 12 сағат жұмыс істеп, құпия құжаттарды жария етпеу туралы қолхат берді. Отырыстар бір уақытта төрт тілде жүргізілді. Әр елден 250-ге жуық БАҚ өкілдері қатысты.

  • XX ғасырдың басты қылмыскерлерінің соты
    © Photo : Public domain

    XX ғасырдың басты қылмыскерлерінің соты. Суретте - Герман Геринг, адмирал Карл Дениц, адмирал Эрик Редер, Рудольф Гесс, Бальдур фон Ширах пен Иоахим фон Риббентроп.

  • Халықаралық әскери трибуналдың мәжіліс залы
    © Sputnik / Viktor Kinelovskiy

    Процесс кезінде төрт жүзден астам ашық сот отырысы өтті, жүздеген куәгерден жауап алынды. Суретте: Халықаралық әскери трибуналдың мәжіліс залы. Нюрнберг процесі.

  • Сотталушы Альфред Йодль (сол жақта) мен Вильгельм Кейтель (оң жақта)
    © Photo : Public domain

    Сотталушы Альфред Йодль (сол жақта) мен Вильгельм Кейтель (оң жақта) халықаралық әскери трибуналының сот залына жапсарлас асханада тамақтанып отыр.

  • Құжаттармен жұмыс істеп жатқан АҚШ армиясының офицерлері

    Суретте: айғақ құжаттармен жұмыс істеп жатқан АҚШ армиясының офицерлері.

  • Нюрнберг түрмесінің сотталғандарға арналған негізгі блогы
    © Photo : Public domain

    Нюрнберг түрмесінің сотталғандарға арналған негізгі блогы. Темір торлы камералар қатарының оң жақ қанатындағы соңғысында Геринг пен Гесс отырды. Әрбір камераның есігінің алдын бір-бір күзетші бақылап тұрды.

  • Нюрнберг Әділет сарайына кіру үшін жауынгерлерге берілген рұқсат қағаз. Бұл құжат сарбаз Абдултай Әріповке тиесілі. Ресми мәліметке сәйкес, сот залына кіру үшін 60 мыңнан астам рұқсат берілген.
    © Sputnik

    Нюрнберг Әділет сарайына кіру үшін жауынгерлерге берілген рұқсат қағаз. Бұл құжат сарбаз Абдултай Әріповке тиесілі. Ресми мәліметке сәйкес, сот залына кіру үшін 60 мыңнан астам рұқсат берілген.

Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы, әскери сот, неонацист
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

0
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

0
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы