Жеңістің 75 жылдығы: әлем елдері мерекені қалай атап өтті - фото

332
(Жаңартылды 16:52 10.05.2020)
Жеңіс күні көптеген елдерді біріктіретін мереке. Бұл мейрамды ТМД елдері мен шетелдегі көптеген мемлекеттер атап өтеді. Алайда биыл коронавирус эпидемиясына байланысты мерекелік шаралар өзгеше ұйымдастырылды. Толығырақ фотолентадан көре аласыз

Жеңіс күні  - көптеген елдер үшін маңызды мерекелердің бірі. Биыл коронавирус эпидемиясына байланысты салтанатты шара біраз мемлекетте болмады. Қазақстан да сол елдердің қатарында. 

Мәселен, Ресейде бейресми карантинге байланысты әскери парадтың тек әуедегі бөлігі ғана өткізілді. Ресей президенті пандемия аяқталған соң парад болады деп уәде берді.

Ал Беларусь елінде Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад әдеттегі дәстүр бойынша өтті. Бұл - ешбір шектеусіз мерекелік шара өткізген жалғыз мемлекет. 

332
  • © Sputnik / Asatur Yesayants

    Арменияның қорғаныс министрлігі музейінің жанында түрған Ұлы Отан соғысының ардагері, Ереванда Жеңіс күнін атап өту кезінде түсірілген сурет

  • © Sputnik / Сергей Аверин

    "Жеңіс күні көлік шеруі" халықтық акциясының қатысушысы, Донецк

  • © Sputnik / Alexey Vitvitsky

    Ұлы Отан соғысы ардагерінің суретін ұстап тұрған поляктар, Варшава

  • © Sputnik / Aram Nersesyan

    Еревандағы авиапарад, Су-30 СМ зымырандары

  • © Sputnik / Michael Alaeddin

    Жеңіс күнінің 75 жылдығына арналған көлік шеруіне қатысушылар, Бейруттегі Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының ғимараты

  • © Sputnik / Viktor Tolochko

    Жеңістің 75 жылдығына арналған парад, Минск қаласы

  • © Sputnik / Oleg Ivanov

    Белградтағы жеңімпаз жауынгерге арналған жазуы бар билборд

  • © Sputnik / Viktor Tolochko

    Жеңістің 75 жылдығына арналған әуе парады, Минск қаласы

  • © Sputnik / Nikolay Filyakov

    Мемориалды кешендегі жауынгер монументінің жанында суретке түсіп жатқан балалар, Берлин қаласындағы Трептов саябағы

  • © Sputnik / Tabyldy Kadyrbekov

    Бішкекте Жеңіс күнін атап өту кезінде түсірілген фото

  • © Sputnik / Sergey Melkonov

    Латвиядағы "Мәңгілік полк" акциясының жетекшісі Маргарита Драгиле, Рига қаласындағы Жеңіс саябағындағы мемориалдық кешен

  • © Sputnik / Stringer

    Киев қаласындағы белгісіз жауынгер ескерткішіндегі мәңгілік алауға гүлшоғын қойып жатқан адамдар

  • © Sputnik / Stringer

    Львов қаласындағы "Марсово поледе" кеңес жауынгерлерінің зиратына гүлшоғын қою сәті

  • © Sputnik / Asatur Yesayants

    Ереван қаласындағы Жеңіс саябағына келген ардагерлер

Рейганнан Трампқа дейін: АҚШ президенттерінің инаугурациясы қалай өтті фото

87
  • АҚШ президенті Рональд Рейган мен бірінші ханым Нэнси Рейган
  • Инаугурация құрметіне ұйымдастырылған бал
  • Бірінші ханым Барбара Буш 1989 жылдың 21 қаңтары
  •  Джордж Буш пен бірінші ханым
  • Билл Клинтон мен әнші Чак Берри
  • Президент Билл Клинтон мен бірінші ханым Хиллари Клинтон
  • АҚШ президенті Джордж Буш әйелі Лора
  • Президент Буш әнші Рики Мартинмен билеп тұр
  • Президент Барак Обама әнші Бейонсемен сөйлесіп тұр
  • Мишель Обама мен Джо Байден
  • Президент Дональд Трамп
  • Дональд Трамп пен әйелі Мелания және вице-президент Майк Пенс пен әйелі
АҚШ президентінің инаугурациясы – президент пен вице-президенттің салтанатты түрде ант қабылдап, қызметіне кірісуі

Дәстүр бойынша Вашингтонда Капитолий алдында өтеді. Әдетте, бұл шараны тамашалауға көп адам жиналады. Салтанатты шара кезінде жаңа президент сөз сөйлейді.

Осы жылы Джо Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Бірақ, бұл жолы саланатты жиын мүлде басқа форматта өтетіні белгілі.

Әдетте, жаңадан сайланған президент пен вице-президент өз жұбайларымен Ақ үйге келеді. Оларды орнын тапсыратын президент пен вице-президент жарларымен күтіп алады. Барлығы бірге отырып шай ішеді.

Одан соң көлікке мініп, Капитолийге қарай жүреді.

Вице-президенттер өз жұптарымен бірінші болып орнынан қозғалса, артынша көшбасшылардың әйелдері мінген көлік жылжиды. Кортеж соңында қос президент мінген автомобиль жүріп отырады. Қызметтен кетіп жатқан президент оң жақта, жаңа сайланған көшбасшы сол жақта отырады.

Оқи отырыңыз: Тұмса табиғат: ұлттық парктердің ғажайып суреттері

Президент Дональд Трамп Джо Байденнің инаугурациясына қатыспайтынын мәлімдеді. Ал вице-президент Майк Пенс Трамптың "қырсық қылығына" қарамастан салтанатты шарада төбе көрсететінін айтты.

Инаугурация алдындағы бірлескен іс-әрекеттер сайлауалды бағдарлама кезіндегі кикілжіңді артқа қалдырып, тараптардың келісімге келуін білдіреді.

Соңғы 36 жылда Америка көшбасшыларының инаугурациясы қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалай аласыз.

87
  • АҚШ президенті Рональд Рейган мен бірінші ханым Нэнси Рейган
    © AP Photo / Scott Stewart

    Бірінші ханым Нэнси Рейган Ландовердегі Capital Center орталығында сөйлегеннен кейін президентті таныстыруды ұмытып кетті. Бірінші ханымның салтанатты кешкі ас алдында сөз сөйлеуі де президент инаугурациясының кезекті дәстүрінің бірі болып табылады.

  • Инаугурация құрметіне ұйымдастырылған бал
    © AFP 2019 / Mike Sargent

    Тағы бір маңызды дәстүр – инаугурация құрметіне ұйымдастырылған бал. Рональд Рейган 1985 жылдың 21 қаңтарында осы тектес балдың бірінде бірінші ханыммен билеуде. Осы жылы президент Джо Байден инаугурация балын өткізуден бас тартты. 1853 жылы президент Франклин Пирс те бұл шараны өткізбеген болатын.

  • Бірінші ханым Барбара Буш 1989 жылдың 21 қаңтары
    © AP Photo / J. Scott Applewhite

    Бірінші ханым Барбара Буш 1989 жылдың 21 қаңтарында Вашингтондағы салтанатты қабылдау кезінде өзінің күйеуі – президент үлкен Джордж Бушқа Техас гербі бейнеленген етікті көрсетуге көмектесіп жатыр.

  •  Джордж Буш пен бірінші ханым
    © AP Photo / Dennis Cook

    Әскери шеру бағыты бойынша салтанатты түрде жүріп өту де дәстүрге айналған. Фотода үлкен Джордж Буш пен бірінші ханым көпшілікке сәлем жолдауда. Осы жылы Капитолийде ант бергеннен кейін президент, бірінші ханым және вице-президент ел әскеріне шолу жасайды. Бұл рәсім дәстүр бойынша елдегі билікті жаңа бас қолбасшыға бейбіт түрде тапсыруды білдіреді. Вашингтондағы инаугурация күні Пенсильвания-Авенюде өтетін салтанатты шеру биыл пандемияға байланысты виртуалды режимде өтеді.

  • Билл Клинтон мен әнші Чак Берри
    © AP Photo / Amy Sancetta

    Билл Клинтон мен әнші Чак Берри Ландовердегі Capital Center орталығындағы салтанатты кешкі астан кейін сөйлесіп тұр. Биыл инаугурацияға байланысты Конгресс мүшелеріне арналған дәстүрлі мерекелік кешкі ас мүлде болмайды. Комитет пандемияға байланысты оны өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сол сияқты, бірде-бір бал болмайды. Әдетте, мерекелік балдар инаугурация кезінде бірнеше күнге созылатын.

  • Президент Билл Клинтон мен бірінші ханым Хиллари Клинтон
    © AP Photo / Dennis Cook

    Президент Билл Клинтон мен бірінші ханым Хиллари Клинтон Вашингтондағы салтанатты парад кезінде, 1993 жыл. Осы жылы президент кортежі Ақ үйге әскери қызметшілердің қоса ілесуімен барады. Биыл президент кортежін көше бойына жиналған жұрт қарсы алмайды. Ал қатысушылардың өздері әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып жүреді.

  • АҚШ президенті Джордж Буш әйелі Лора
    © AFP 2019 / Mike Nelson

    АҚШ президенті Джордж Буш әйелі Лорамен бірге Вашингтондағы Marriott Wardman қонақ үйіндегі инаугурация балында. 2021 жылы Джо мен Джилл Байден қонақтар алдында вальс билемейді.

  • Президент Буш әнші Рики Мартинмен билеп тұр
    © AP Photo / Rick Bowmer

    2001 жылдың 18 қаңтарында Вашингтондағы Линкольн мемориалының жанында президентті ұлықтау рәсімінің салтанатты ашылуында жаңа сайланған президент Буш әнші Рики Мартинмен билеп тұр. Биылғы жылы ашылу салтанатына қазақстандық Димаш Құдайберген өнер көрсетеді деп жоспарланған.

  • Президент Барак Обама әнші Бейонсемен сөйлесіп тұр
    © AP Photo / Evan Vucci

    Президент Барак Обама 2013 жылдың 21 қаңтарында Вашингтонда өткен президенттің 57-ші инаугурациясы кезінде әнші Бейонсемен сөйлесіп тұр. Бейонсе осы салтанатты шарада мемлекеттік әнұранды орындаған болатын.

  • Мишель Обама мен Джо Байден
    © AFP 2019 / Mark Wilson/Getty Images

    Джо Байден бұған дейін де инаугурацияға вице-президент қызметінде қатысқан болатын. Сол кездегі бірінші ханым Мишель Обама вице-президент Джо Байденді бақылаушылар палубасында қарсы алып тұр. Президенттің инаугурация шеруі Барак Обама екінші рет президент ретінде ант берген кезде, яғни, 2013 жылдың 21 қаңтарында бүкіл бас қала арқылы өтті.

  • Президент Дональд Трамп
    © Sputnik / Stringer

    АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы инаургурация рәсімінде. Ант беру кезінде президент қолында Библия ұстап тұр. Тұңғыш президент Джордж Вашингтонға тиесілі Библияны Уоррен Гардинг, Дуайт Эйзенхауэр және үлкен Джордж Буш сияқты президенттер таңдаса, Линкольн Библиясын Барак Обама мен Дональд Трамп қолына алған. Ал Обама екінші рет сайланған кезде Мартин Лютер Кингке тиесілі Библияны таңдады.

  • Дональд Трамп пен әйелі Мелания және вице-президент Майк Пенс пен әйелі
    © AFP 2019 / Rob Carr

    2017 жылдың 20 қаңтарындағы инаугурациядан кейін бірінші ханым Мелания Трамп, АҚШ президенті Дональд Трамп, вице-президент Майк Пенс және оның әйелі Карен экс-президент Барак Обаманың Капитолиядан ұшып шыққан тікұшағына қол бұлғап тұр.

Кілт сөздер:
фото, президент, АҚШ

Полярлық шұғыла: ерекше табиғат құбылысын қашан көруге болады фото

41
(Жаңартылды 15:11 17.01.2021)
  • Северное сияние в деревне Эрикслунд в округе Вестердорланд в Швеции
  • Исландия - идеальное место для перезагрузки и незабываемых впечатлений
Солтүстік шұғыласы - туристер мен саяхатшыларды еліктіретін ерекше табиғат құбылысы. Көптеген адам мыңдаған шақырым қашықтықты артта қалдырып, әсем көріністі көруге барады

Aurora Borealis - әсем, көздің жауын алар көріністердің бірі. Солтүстік шұғыласын өмірінде бір рет көрген адам жолы болғыш саналады. 

Адамдар бұл құбылысты тамашалау үшін әлемнің түрлі жеріне саяхатқа аттанады. Мұндай туристердің арнайы санаты бар. 

Солтүстік шұғыласын көру үшін қандай жайттарға мән беру керектігін фотолентадан біле аласыз.

41
  • © Sputnik / Павел Львов

    Солтүстік шұғыланы көру үшін таза қараңғы аспан мен магниттік дауыл керек. Ауа райы да маңызды. Аспанда бұлт болмауы шарт

  • © Sputnik / Павел Львов

    Полярлық шұғыланың екі түрі болады. Жердің солтүстік және оңтүстік полюсінде. Суретте Ресейдің Мурманск облысындағы солтүстік шұғыласы

  • © Sputnik / Павел Львов

    Солтүстік шұғыласын көру үшін Күн энергиясы маңызды. Өйткені дәл сол энергия солтүстік шұғылаға айналады. Сондықтан саяхатқа шықпас бұрын ауа райын мұқяит қараңыз

  • © Sputnik / Павел Львов

    Оңтүстік шұғыланы көру әлдеқайда қиын. Себебі Оңтүстік жартышарда адам қоныстанған жерлер аз

  • © Sputnik / Pavel Lvov

    Мамандардың айтуынша, Aurora Borealis-ті кешкі оннан таңғы үшке дейін бақылаған дұрыс. Қаладан алысқа бару керек. Өйткені шаһар жарығы кедергі келтіреді

  • Северное сияние в деревне Эрикслунд в округе Вестердорланд в Швеции
    © AFP 2019 / JONATHAN NACKSTRAND

    Солтүстік шұғыласын көруге болатын ең үздік жерлер: Норвегия, Исландия, Финляндия, Швеция, Шотландия, Жаңа Зеландия. Суретте: Швецияның Вестердорланд округі Эрикслунд елді мекеніндегі солтүстік шұғыласы

  • © Sputnik / Pavel Lvov

    Мұндай ерекше құбылысты Канада мен Аляскада да көре аласыз

  • © Sputnik / Pavel Lvov

    Мурманск облысындағы солтүстік шұғыласы

  • © Sputnik / Pavel Lvov

    Солтүстік шұғыласы күзгі және көктемгі күн теңесу арасында, яғни қыркүйектен наурызға дейінгі кезеңде тамашалауға болады. Алайда тамыз айында да болуы керек

  • Исландия - идеальное место для перезагрузки и незабываемых впечатлений
    © Photo : Unsplash

    Исландиядағы солтүстік шұғыласы

Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

35
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

35
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады