Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындары қалай ашылды – таңғажайып суреттер

Жазылу
Мәскеу олимпиадасының салтанатты ашылуы – спортшылар жасаған фантастикалық пирамида мен рухты оятып, жігерді жанитын әнұранымен таңғажайып жағдайда өтті

Қырық жыл бұрын Мәскеу олимпиадасының тұмарына айналған – сүйкімді қонжық Миша – жер шарына кеңінен таныла түсті.

Оның төсбелгілер мен плакаттарда, кинотеатрлар мен телеэкрандарғы күлімсіреген бейнесі олимпиадалық қозғалыстың негізгі ұстанымы – ізгілік пен өзара көмектің және адал бәсекенің белгісіндей болып көрінді.

Мәскеудегі олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионындағы арнайы трибунада еріктілер мыңдаған түрлі түсті элементтерден қонжық бейнесі – "жанды" суретті қолмен жасады.

Ал стадионның орталық алаңында жүздеген спортшы мен гимнаст, биші, музыканттар сол кездері адам денесі арқылы жасау мүмкін еместей көрінетін ғажайып өнерімен көрермендерді таң қалдырды.

Мәскеу олимпиадасының ашылуы салтанаты қалай өткенін суреттерден тамашалаңыз.

© Sputnik / Vladimir Vyatkin / Медиабанкке өтуЛужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.
Выступление физкультурников на церемонии открытия XXII Олимпийских игрых в Москве - Sputnik Қазақстан
1/14
Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.
© Sputnik / Sergei Guneev Олимпиаданың ашылу салтанатында Италия ұлттық олимпиада комитетінің өкілі жалауды көтеріп келеді.
Представитель Национального олимпийского комитета Италии во время открытия Олимпиады-80 в Москве - Sputnik Қазақстан
2/14
Олимпиаданың ашылу салтанатында Италия ұлттық олимпиада комитетінің өкілі жалауды көтеріп келеді.
© Sputnik / Yuriy Abramochkin / Медиабанкке өтуКрылатское стадионына Гоша деп аталатын аю велоспорт бойынша олимпиада жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.
Медведь Гоша прибыл для участия в церемонии открытия олимпийских состязаний по велоспорту на стадион в Крылатское - Sputnik Қазақстан
3/14
Крылатское стадионына Гоша деп аталатын аю велоспорт бойынша олимпиада жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.
© Sputnik / Vladimir Akimov / Медиабанкке өтуХХІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионына Олимпиада алауы жеткізілген сәт.
Торжественное открытие XXII летних Олимпийских игр - Sputnik Қазақстан
4/14
ХХІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионына Олимпиада алауы жеткізілген сәт.
© Sputnik / A. Knyazev / Медиабанкке өтуБүгінде мұндай кескінді "пиксельді" деп атауға болар еді. Қырық жыл бұрын әрбір "пиксель" арқылы таңғажайып "жанды" суретті қолмен жасаған адамдар.
Символ Олимпиады-80  Медвежонок на трибуне  - Sputnik Қазақстан
5/14
Бүгінде мұндай кескінді "пиксельді" деп атауға болар еді. Қырық жыл бұрын әрбір "пиксель" арқылы таңғажайып "жанды" суретті қолмен жасаған адамдар.
© AP Photo АҚШ жанкүйерлері Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз елдерінің туын желбіретті. Ресми деректер бойынша КСРО астанасына шамамен үш мың америкалық келді.
Зрители с амеркианским флагом на торжественной церемонии открытия Олимпийских игр в Москве - Sputnik Қазақстан
6/14
АҚШ жанкүйерлері Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз елдерінің туын желбіретті. Ресми деректер бойынша КСРО астанасына шамамен үш мың америкалық келді.
© Sputnik / A. Knyazev / Медиабанкке өтуЛужники стадионындағы олимпиаданың салтанатты ашылу шарасында шеңбер мен жалаулардан фантастикалық гүлдер жасалып, керемет "жанды" пирамидалар көтерілді.
Торжественное открытие Олимпиады-80 в Москве  - Sputnik Қазақстан
7/14
Лужники стадионындағы олимпиаданың салтанатты ашылу шарасында шеңбер мен жалаулардан фантастикалық гүлдер жасалып, керемет "жанды" пирамидалар көтерілді.
© Sputnik / Vladimir Vyatkin / Медиабанкке өтуМәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында "Халықтар достығы" би сюитасы Кеңес одағының тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ұлттардың мәдени әртүрлілігін паш етті.
Танцевальная сюита Дружба народов на торжественной церемонии открытия XXII Олимпийских игр в Москве - Sputnik Қазақстан
8/14
Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында "Халықтар достығы" би сюитасы Кеңес одағының тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ұлттардың мәдени әртүрлілігін паш етті.
© Sputnik / Sergei Subbotin / Медиабанкке өтуҚонжықтар биі – мерекенің жас қатысушылары олимпиадалық Мишка киімімен ХХІІ олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында өнер көрсетті.
Юные участники праздника в костюмах олимпийского мишки выступают на торжественном открытии Игр ХХII Олимпиады - Sputnik Қазақстан
9/14
Қонжықтар биі – мерекенің жас қатысушылары олимпиадалық Мишка киімімен ХХІІ олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында өнер көрсетті.
© AP Photo Мәскеудегі олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еріктілердің үйлесімді іс-әрекеттері арнайы эффектілер арқылы фантастикалық машина жұмысы ретінде керемет әсер қалдырды.
Церемония открытия XXII летних Олимпийских игр в Москве, 1980 год - Sputnik Қазақстан
10/14
Мәскеудегі олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еріктілердің үйлесімді іс-әрекеттері арнайы эффектілер арқылы фантастикалық машина жұмысы ретінде керемет әсер қалдырды.
© Sputnik / Vladimir Vyatkin / Медиабанкке өтуОлимпиада–80 қонақтарын КСРО-ның он бес республикасының өкілдері қарсы алды.
Представители пятнадцати республик СССР приветствуют гостей на XXII летних Олимпийских играх в Москве, 1980 год - Sputnik Қазақстан
11/14
Олимпиада–80 қонақтарын КСРО-ның он бес республикасының өкілдері қарсы алды.
© Sputnik / Dmitryi Donskoy / Медиабанкке өтуЕжелгі храм аясындағы Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының алауы. Гера ғибадатханасының ескі баспалдақтарының басқыштарында Олимпия алауы 1980 жылдың 19 маусымында жағылды. Ал оны Мәскеуге спортшылар алып келді.
Олимпийский огонь в Москве, 1980 год - Sputnik Қазақстан
12/14
Ежелгі храм аясындағы Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының алауы. Гера ғибадатханасының ескі баспалдақтарының басқыштарында Олимпия алауы 1980 жылдың 19 маусымында жағылды. Ал оны Мәскеуге спортшылар алып келді.
© Sputnik / Sergey Subbotin / Медиабанкке өтуМәскеудегі XXII жазғы олимпиада ойындарының ашылуы кезінде мерекелік шеруге қатысушылардың спорттық келбеттері мен түрлі-түсті жалау ұстап нық басқан қадамдары көрермендерге айрықша әсер сыйлады.
Праздничное шествие спортсменов во время открытия XXII летних Олимпийских игр в Москве, 1980 год - Sputnik Қазақстан
13/14
Мәскеудегі XXII жазғы олимпиада ойындарының ашылуы кезінде мерекелік шеруге қатысушылардың спорттық келбеттері мен түрлі-түсті жалау ұстап нық басқан қадамдары көрермендерге айрықша әсер сыйлады.
© Sputnik / A. Knyazev / Медиабанкке өтуЛужники стадионындағы XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада отаны – ежелгі Грекияға тағзым ретінде, тога мен хитон киген кейіпкерлері бар күйме көрермендерді жағалай жүріп өтті.
Церемония открытия XXII летних Олимпийских игр в Москве, 1980 год - Sputnik Қазақстан
14/14
Лужники стадионындағы XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада отаны – ежелгі Грекияға тағзым ретінде, тога мен хитон киген кейіпкерлері бар күйме көрермендерді жағалай жүріп өтті.
Жаңалықтар
0