Жарылыс салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін Ливанда үш күндік аза тұту жарияланды. Ал Бейруттың өзінде төтенше жағдай жарияланды.
Мамандар сейсенбі күні кешке болған жарылыстың күшін төрт жарым баллдық жер сілкінісімен теңестіруде – ол Ливан астанасынан қашық жерде де сезілген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ливандық әріптесі Мишель Аунуға қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.
Айта кетейік, Ливанда бітімгершілік миссиясының қазақстандық әскери қызметшілері де бар.
Бейрут қаласының қайғылы жағдайдан кейінгі және қалпына келтіру жұмыстарының басталып жатқан көрінісі бейнеленген суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.
© AP Photo / Hussein MallaҚауіпсіздік шаралары сақталмай, бірнеше мың тонна аммиак селитрасы жарылғаннан кейінгі Бейрут портының көрінісі.
1/19
© AP Photo / Hussein Malla
Қауіпсіздік шаралары сақталмай, бірнеше мың тонна аммиак селитрасы жарылғаннан кейінгі Бейрут портының көрінісі.
© REUTERS / Mohamed AzakirЖергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі жағдайды "бомбалаудан кейінгі қала" деп сипаттауға болады.
2/19
© REUTERS / Mohamed Azakir
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі жағдайды "бомбалаудан кейінгі қала" деп сипаттауға болады.
© Sputnik / Vissam Matta / Медиабанкке өтуКүшті жарылыс қала ғимараттарының жартысын қиратты, ал Бейрут апатты аймақ деп жарияланды.
Күшті жарылыс қала ғимараттарының жартысын қиратты, ал Бейрут апатты аймақ деп жарияланды.
© REUTERS / Aziz TaherЛиван астанасындағы кемежайдың сау-тамтығы қалмады, құтқарушылар үйінділер астынан тірі адамдар мен зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда.
4/19
© REUTERS / Aziz Taher
Ливан астанасындағы кемежайдың сау-тамтығы қалмады, құтқарушылар үйінділер астынан тірі адамдар мен зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда.
© Sputnik / Vissam Matta / Медиабанкке өтуҚаладағы төрт аурухана да қирап, ол жерлердегі емделушілерді басқа медициналық мекемелерге орналастыруға тура келді. Жалпы алғанда Бейрут ауруханалары жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр.
Қаладағы төрт аурухана да қирап, ол жерлердегі емделушілерді басқа медициналық мекемелерге орналастыруға тура келді. Жалпы алғанда Бейрут ауруханалары жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр.
© REUTERS / Mohamed AzakirЖарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттың жанында орналасқан ғимараттардың әйнектері толығымен қираған.
6/19
© REUTERS / Mohamed Azakir
Жарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттың жанында орналасқан ғимараттардың әйнектері толығымен қираған.
© Sputnik / Michael Alaeddin / Медиабанкке өтуҮш жүз мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы қатты зақымданды, коронавирустық пандемия кезінде жұқпалы аурулар өршуі мүмкін.
Үш жүз мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы қатты зақымданды, коронавирустық пандемия кезінде жұқпалы аурулар өршуі мүмкін.
© Sputnik / Michael Alaeddin / Медиабанкке өтуЗардап шеккендердің арасында шетелдік дипломаттар да бар. Бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдік ғимараттары қирады. Мәселен, жарылыстан Бейруттағы қазақстандық консул да жарақат алды.
Зардап шеккендердің арасында шетелдік дипломаттар да бар. Бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдік ғимараттары қирады. Мәселен, жарылыстан Бейруттағы қазақстандық консул да жарақат алды.
© AP Photo / Hassan AmmarЖарылыс ғимарат терезелері мен шатырларын ұшырып, жол үстіндегі жүздеген көлікті аударып жіберді. Соққы толқынынан пайда болған түтін мен шаң ондаған шақырым қашықтан көрінді.
9/19
© AP Photo / Hassan Ammar
Жарылыс ғимарат терезелері мен шатырларын ұшырып, жол үстіндегі жүздеген көлікті аударып жіберді. Соққы толқынынан пайда болған түтін мен шаң ондаған шақырым қашықтан көрінді.
© REUTERS / Issam AbdallahБейрут көшесіндегі автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарылыс толқынынан ұшқан әйнек сынығы мен қирандылардан қатты зардап шекті.
10/19
© REUTERS / Issam Abdallah
Бейрут көшесіндегі автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарылыс толқынынан ұшқан әйнек сынығы мен қирандылардан қатты зардап шекті.
© AP Photo / Hussein MallaБейрут портындағы жанармай сақтау қоймасынан үйінді ғана қалды. Материалдық шығын мен қоршаған ортаға келтірілген зиян әлі есептелмеді.
11/19
© AP Photo / Hussein Malla
Бейрут портындағы жанармай сақтау қоймасынан үйінді ғана қалды. Материалдық шығын мен қоршаған ортаға келтірілген зиян әлі есептелмеді.
© REUTERS / Aziz TaherҚала тұрғындары мен құтқарушылар және жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аудандардағы қирандылар мен үйінділерді жедел аршу жұмыстарын ұйымдастыруда. Өйткені, оның астында адамдар қалып қойған болуы мүмкін.
12/19
© REUTERS / Aziz Taher
Қала тұрғындары мен құтқарушылар және жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аудандардағы қирандылар мен үйінділерді жедел аршу жұмыстарын ұйымдастыруда. Өйткені, оның астында адамдар қалып қойған болуы мүмкін.
© AP Photo / Hussein MallaБірнеше мемлекеттің басшысы, соның ішінде Қазақстан да Бейрут портындағы қайғылы жағдайға байланысты Ливан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ, жарылыс зардаптарын жоюға көмек көрсетуді ұсынды.
13/19
© AP Photo / Hussein Malla
Бірнеше мемлекеттің басшысы, соның ішінде Қазақстан да Бейрут портындағы қайғылы жағдайға байланысты Ливан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ, жарылыс зардаптарын жоюға көмек көрсетуді ұсынды.
© AP Photo / Hussein MallaЖарылыс зардаптарын жоюға тек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер де қатысады. Әсіресе, әскери техникалар Бейруттың зардап шеккен аудандарындағы өртті сөндіруге қолданылады.
14/19
© AP Photo / Hussein Malla
Жарылыс зардаптарын жоюға тек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер де қатысады. Әсіресе, әскери техникалар Бейруттың зардап шеккен аудандарындағы өртті сөндіруге қолданылады.
© AP Photo / Hussein MallaЖарылыс болған сәтте бұл шіркеуде құдайға сыйыну рәсімі жүріп жатты. Діни қызметкер ғибадатханадағы шамдар сөнгеннен кейін де өз қызметін жалғастыра берді. Құлаған бөлшектер астында қалған оның кейінгі тағдыры белгісіз.
15/19
© AP Photo / Hussein Malla
Жарылыс болған сәтте бұл шіркеуде құдайға сыйыну рәсімі жүріп жатты. Діни қызметкер ғибадатханадағы шамдар сөнгеннен кейін де өз қызметін жалғастыра берді. Құлаған бөлшектер астында қалған оның кейінгі тағдыры белгісіз.
© REUTERS / MOHAMED AZAKIRБейруттағы порт аймағы толықтай жойылып, үйіндіге айналды деп айтуға болады. Бұл жағдай қала мен елдің экономикасына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.
16/19
© REUTERS / MOHAMED AZAKIR
Бейруттағы порт аймағы толықтай жойылып, үйіндіге айналды деп айтуға болады. Бұл жағдай қала мен елдің экономикасына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.
© REUTERS / MOHAMED AZAKIRҚираған портты қалпына келтіру жұмыстары іздестіру-құтқару қызметі аяқталғаннан кейін бірден басталады.
17/19
© REUTERS / MOHAMED AZAKIR
Қираған портты қалпына келтіру жұмыстары іздестіру-құтқару қызметі аяқталғаннан кейін бірден басталады.
© REUTERS / ISSAM ABDALLAHЗардап шеккендер жерде ғана емес, тікұшақпен де іздестірілуде.
18/19
© REUTERS / ISSAM ABDALLAH
Зардап шеккендер жерде ғана емес, тікұшақпен де іздестірілуде.
© REUTERS / MOHAMED AZAKIRЖарылыс зардаптарын жоюға көмектесу үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын Бейрутқа жіберді. Сондай-ақ, Катар мен Ирак және Иордания Бейрутта далалық ауруханаларды орналастыруға, одан басқа бірнеше мемлекет құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге дайын екенін жариялады.
19/19
© REUTERS / MOHAMED AZAKIR
Жарылыс зардаптарын жоюға көмектесу үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын Бейрутқа жіберді. Сондай-ақ, Катар мен Ирак және Иордания Бейрутта далалық ауруханаларды орналастыруға, одан басқа бірнеше мемлекет құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге дайын екенін жариялады.