Иттер коронавирусты иіс арқылы анықтауға үйретілуде фото

139
(Жаңартылды 17:19 12.10.2020)
  • Кинолог Шереметьеводағы Аэрофлот әуе компаниясы кинологиялық бөлімшесінің шалайка тұқымдас қызметтік иттердің бірімен. Кинологтар иттерді адамдардан коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында үйрете бастады. Ғалымдар биологиялық үлгілердің иісін мүмкіндігінше сақтау, материалдың өзін қауіпсіз ету үшін радиологиялық әдіспен науқастардан алынған коронавирусты инактивациялау параметрлерін жасады. Енді осы үлгілерде қызметтік иттерді жаттықтыруда.
  • Шалайка тұқымдас иттер Шереметьево әуежайындағы кинологиялық қызмет аумағындағы кең қоршауда тұрады. Әуе компаниясы мен әуежайдың қызметкерлері сүйкімді жануарларды көруге келуде.
  • Төртаяқты жануарлар кинологтармен бірге құлшына жұмыс істеуде. Оқу мерзімі өте қысқа – небәрі екі ай. Содан кейін оларды маңызды әрі жауапты жұмыс күтіп тұр.
  • Кинолог-оқытушылар иттермен бетперде киіп жұмыс істейді.
  • Қызметтік иттердің бірі
  • Аэрофлот қызметкерлері
  • Жауапкершілікке толы жұмысты атқару үшін әуежай күзетінің болашақ төртаяқты қызметкерлерінің физикалық дайындығы жақсы болуы керек.
  • Төраяқты COVID детекторларына арналған жаттығулар таза ауада да, үй-жайлардың ішінде де өтеді.
  • Жаттығулар иттердің ептілігі мен төзімділігін дамытуға арналған.
  • Шереметьево кинологиялық орталығы тәрбиеленушілерінің бірі кинологпен өтетін алдағы сабақтар мен жаттығуларға дайын.
  • Шереметьево кинологиялық орталығының кинологы болашақ тірі детектордың жетістігін бағалап тұр.
Коронавирусты жедел диагностикалық құралдар арқылы анықтау бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Қан сынамасын алу мен ПТР тестін тапсырудан бөлек, көптеген елде коронавирусты анықтау үшін өзгеше әдіс қолданыла бастады. Оған қызметтік иттер тартылады

Вирусты анықтауға Иран, Ұлыбритания, Финляндия және БАӘ сынды әртүрлі мемлекеттердің төртаяқты "детекторлары" қатыстырылып келеді.

Мысалы, Тегеранда мұндай эксперимент мамыр айында, пандемияның бірінші толқыны өршіп тұрған кезде жүргізілді. Бір қызығы, сол кезде иттер 65%-ке дейін тиімді нәтиже көрсеткен.

Кинологтардың айтуынша, иттердің мүмкіндіктері температураны қашықтан өлшеу және зертханалық зерттеулер өткізу сияқты коронавирусты анықтайтын дәстүрлі әдістерден көп жағдайда асып түседі. Бұл, әсіресе, әуежайларда өте маңызды.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Сарапшылардың пікірінше, иттер инфекцияның айқын белгілері байқалған науқастарды анықтап қана қоймайды. Төртаяқты жануарлар вирустың белгісіз тасымалдаушыларын да бірден сезіп қоятын "қасиетке" ие.

Вирус жұқтырып, жазылып шыққан адамға бірден "реакция" танытатын стандартты ПТР тестінен айырмашылығы, үйретілген ит мұндай науқастың арнайы шеңберден өтіп кетуіне жол бермейді.

Sputnik Қазақстан шалайка (шакал және лайканың буданы) тұқымдас иттердің коронавирусты анықтауға үйретіліп жатқан сәтінен түсірілген суреттерді назарға ұсынады.

139
  • Кинолог Шереметьеводағы Аэрофлот әуе компаниясы кинологиялық бөлімшесінің шалайка тұқымдас қызметтік иттердің бірімен. Кинологтар иттерді адамдардан коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында үйрете бастады. Ғалымдар биологиялық үлгілердің иісін мүмкіндігінше сақтау, материалдың өзін қауіпсіз ету үшін радиологиялық әдіспен науқастардан алынған коронавирусты инактивациялау параметрлерін жасады. Енді осы үлгілерде қызметтік иттерді жаттықтыруда.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Кинолог Шереметьеводағы "Аэрофлот" әуе компаниясы кинологиялық бөлімшесінің шалайка тұқымдас қызметтік иттердің бірімен. Кинологтар иттерді адамдардан коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында үйрете бастады. Ғалымдар биологиялық үлгілердің иісін мүмкіндігінше сақтау, материалдың өзін қауіпсіз ету үшін радиологиялық әдіспен науқастардан алынған коронавирусты инактивациялау параметрлерін жасады. Енді осы үлгілерде қызметтік иттерді жаттықтыруда.

  • Шалайка тұқымдас иттер Шереметьево әуежайындағы кинологиялық қызмет аумағындағы кең қоршауда тұрады. Әуе компаниясы мен әуежайдың қызметкерлері сүйкімді жануарларды көруге келуде.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Шалайка тұқымдас иттер Шереметьево әуежайындағы кинологиялық қызмет аумағындағы кең қоршауда тұрады. Әуе компаниясы мен әуежайдың қызметкерлері сүйкімді жануарларды көруге келуде.

  • Төртаяқты жануарлар кинологтармен бірге құлшына жұмыс істеуде. Оқу мерзімі өте қысқа – небәрі екі ай. Содан кейін оларды маңызды әрі жауапты жұмыс күтіп тұр.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Төртаяқты жануарлар кинологтармен бірге "құлшына" жұмыс істеуде. Оқу мерзімі өте қысқа – небәрі екі ай. Содан кейін оларды маңызды әрі жауапты жұмыс күтіп тұр.

  • Кинолог-оқытушылар иттермен бетперде киіп жұмыс істейді.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Кинолог-оқытушылар иттермен бетперде киіп жұмыс істейді.

  • Қызметтік иттердің бірі
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Төртаяқты жануарларға арналған сабақтар мен жаттығулар күрделі, себебі олардың алдында адамның коронавирусты жұқтырған, жұқтырмағанын иіспен анықтау міндеті тұр.

  • Аэрофлот қызметкерлері
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Кең қоршауда тұрған сүйкімді иттер "Аэрофлот" бортсеріктері алдында өз "қабілеттерін" көрсетуде.

  • Жауапкершілікке толы жұмысты атқару үшін әуежай күзетінің болашақ төртаяқты қызметкерлерінің физикалық дайындығы жақсы болуы керек.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Жауапкершілікке толы жұмысты атқару үшін әуежай күзетінің болашақ төртаяқты "қызметкерлерінің" физикалық дайындығы жақсы болуы керек.

  • Төраяқты COVID детекторларына арналған жаттығулар таза ауада да, үй-жайлардың ішінде де өтеді.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Төраяқты COVID детекторларына арналған жаттығулар таза ауада да, үй-жайлардың ішінде де өтеді.

  • Жаттығулар иттердің ептілігі мен төзімділігін дамытуға арналған.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Жаттығулар иттердің ептілігі мен төзімділігін дамытуға арналған.

  • Шереметьево кинологиялық орталығы тәрбиеленушілерінің бірі кинологпен өтетін алдағы сабақтар мен жаттығуларға дайын.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Шереметьево кинологиялық орталығы "тәрбиеленушілерінің" бірі кинологпен өтетін алдағы сабақтар мен жаттығуларға дайын.

  • Шереметьево кинологиялық орталығының кинологы болашақ тірі детектордың жетістігін бағалап тұр.
    © Sputnik / Kirill Kallinikov

    Шереметьево кинологиялық орталығының кинологы болашақ "тірі детектордың" жетістігін бағалап тұр.

Кілт сөздер:
ит, коронавирус

Жұлдызды аспан: жер шарының әр түкпірінен түсірілген 10 таңғажайып сурет

36
  • Тайвань орталығындағы Хэхуань тауының үстіндегі құс жолы.
  • Колумбиядағы Tatacoa шөлінің үстіндегі түнгі жұлдызды аспан.
  • Аризонадағы Петрифиед Форест ұлттық саябағы үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Уэльстің солтүстігіндегі Сноудония ұлттық саябағы.
  • Монтанадағы Глейшер ұлттық саябағының үстіндегі құс жолы.
  • Валле-д'Аостадағы обсерватория, Италия.
  • Португалиядағы Алкева фрегезиясының үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Испаниядағы Альбаррасин елді мекенінің үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Жерорта теңізіндегі Менорка аралының үстіндегі жұлдызды аспан.
  • Ненев шөліндегі Рамон кратерінің үстіндегі құс жолы, Израиль.
Біздің топтамамыздан көктегі жұлдыздарды тамашалауға мүмкіндік беретін ғажайып жерлерді көруге болады. Ендеше Sputnik фототаспасын тамашалаңыздар

Қазан айының ортасы қазақстандықтар үшін жанға жайлы ауа райымен есте қалмақ.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Демек, сіз жұлдызды аспан әлеміне үңіліп, оның әсем көрінісіне сүйсіне аласыз.

Күзде түнгі аспан ерекше әдемі болады!

Жылдың бұл мезгілінің қайталанбас құпиясы бар. Ондай кезде адамға өмірдің тылсым сыры туралы философиялық ойлар келеді. Жұлдыздардың таңғажайып әлеміне үңілген жандар кейде өздерін толғандырған сауалдарға жауап іздеуге тырысады.

Түнгі аспанды бақылау сізді, сөзсіз, шабыттандырады, ал қоңыр күз адам жанын тыныштандыратын өзгеше сезім сыйлайды.

Ендеше, жұлдызды аспанның керемет көрінісін бейнелейтін әдемі суреттерді бірге тамашалайық. Оларды әлемнің әр түкпіріндегі шебер фотографтар өз таспасына түсірген.

Жұлдызды аспан әр жерде әртүрлі көрінеді, бірақ ол адамды өз тартымдылығымен баурап, шексіз қиял әлеміне сүңгітеді!

36
Кілт сөздер:
сурет

Құстар мен жануарлардың көзі бейнеленген 12 таңғажайып сурет

317
  • Хаски тұқымдас иттің көзі
  • Эублефара тұқымдас кесірткенің көзі
  • Ламаның көзі
  • Дискус тұқымдас балықтың көзі
  • Британдық қысқа жүнді мысықтың көзі
  • Жұмбақ тұңғиық: қарғаның көзі
  • Өзгеше өрнек: гекко кесірткесінің көзі
  • Макака маймылының көзі
  • Үкінің көзі
  • Түйенің көзі
  • Шимпанзенің көзі
  • Шиншилланың көзі
Заманауи фототехниканың мүмкіндігі көп. Солардың бірі – кез келген дүниені сурет арқылы ұлғайтып көрсету тәсілі. Осы әдісті өз кәсібилігімен шебер шендестірген армян фотографы Сурен Манвелян түрлі жануардың көз ұясын үлкейтіп көрсететін суреттердің коллекциясын әзірледі

Сурен Манвелянның галереясындағы суреттерде хаски, түйе, кесіртке, мысық, қарға, маймыл тіпті, шиншилланың көздері бейнеленген.

Олардан нені байқауға болады? Жаратылыс иелерінің "ішкі дүниесіне" үңіле аламыз ба?

Әр суреттегі қарашықта не жасырынғанын болжап көргіңіз келсе Sputnik фототаспасын тамашалаңыздар.

317
Кілт сөздер:
құстар, фото
Мәскеудегі АҚШ елшілігі

Ресей елшілігі АҚШ-та алты азаматының айыпталуына қатысты түсініктеме берді

0
Вашингтондағы Ресей елшілігі АҚШ-тың бүкіл әлемдегі хакерлік және тұрақсыздандыру әрекеттеріне қатысы бар деg Ресей азаматтарына таққан айыптарын жоққа шығарады

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі мен федералды тергеу бюросы басқа елдердің инфрақұрылымына шабуыл жасау мақсатында хакерлік шабуылдарға және зиянды бағдарламалардың таралуына қатысы бар деg бес ресейлікті айыптағаны белгілі. Атап айтқанда, оларға 2017 жылы NotPetya вирусының таралғаны үшін айып тағылуда, деп мәлімдеді дипломатиялық миссияның өкілі РИА Новости агенттігіне.

АҚШ-тың болжамынша, бұл адамдар бас барлау басқармасының қызметкерлері және олар Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға кибершабуылдарды ұйымдастырған. Өз кезегінде Ұлыбритания да Ресей барлау қызметі Токидағы Олимпиада ойындарын кейінге қалдырғанға дейін ұйымдастырушыларға кибершабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

"Мұндай жаңалықтардың шындыққа жанаспайтындығы және америкалық қоғамда көңіл-күйді қоздыруға, тыңшылардың ізіне түсуге бағытталғандығы анық. Мұның бәрі бірнеше жылдан бері Вашингтонның саяси өмірінің айрықша сипатына айналып келеді. АҚШ билігі бір кездердегі прагматикалық Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бұзып, өз тұрғындарына Ресейге және онымен байланысты барлық дүниеге қатысты теріс түсінікті жасанды түрде таңып отыр", - деп түсіндірді бұл туралы елшілік өкілі.

Агенттікке сұқбат беруші Ресейдің бүкіл әлемді "тұрақсыздандыратын операцияларға" қатысуға деген ниетінің жоқтығын және болмағанын атап өтті.

"Бұл біздің сыртқы саясатымызға, ұлттық мүдделерімізге, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қалай құрылатындығы жөніндегі таным-түсінігімізге сәйкес келмейді. Ресей басқа елдердің егемендігін құрметтейді және олардың ішкі ісіне араласпайды", - деп толықтырды ол сөзін. 

АҚШ пен Ұлыбританияның ресейлік хакерлерді түрлі шабуылдар, оның ішінде Токио Олимпиадасының ұйымдастырушыларына қатысты әрекетке айыптауы негізсіз екенін және оның ішкі аудиторияға бағытталғанын мәлімдеді.

0