Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Түркиядағы жер сілкінісі: апат орнынан түсірілген жантүршігерлік суреттер

Жазылу
Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі жұма күні түстен кейін болды. Сол уақыттан бері қираған ғимараттардың үйінділері арасынан құрбандарды іздеу жұмыстары бір сәт те тоқтаған жоқ

Бұған дейін хабарланғандай, қорқынышты жер сілкінісінің эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар қаласы маңындағы Эгей теңізі аймағында болды. Жерасты дүмпулері жақын жердегі грек аралдарына дейін сезілген. Грециядағы сейсмологтер жер сілкінісінің магнитудасын 6,9 деп бағалады.

Жер сілкінісіне Сеферихисардағы жағалауға жақын көшелерді су астында қалдырған кішігірім цунами себеп болған. Измирде кем дегенде 20 ғимараттың жермен жексен болғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта Түркиядағы жер сілкінісінің салдарынан бір мыңға жуық адамның зардап шеккені белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия провинциясында табиғи апат құрбандарының саны 100 адамға жақындады. 

Жер сілкінісі болған жерден түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фототаспасынан көріңіздер.

© REUTERS / MEHMET CALISKANИзмирдегі жер сілкінісі салдарынан қираған ғимарат. Биіктен дронның көмегімен түсірілген кадр.
Вид с воздуха: здание, поврежденное после землетрясения в Измире - Sputnik Қазақстан
1/14
Измирдегі жер сілкінісі салдарынан қираған ғимарат. Биіктен дронның көмегімен түсірілген кадр.
© AFP 2024Құтқарушылар үйінділердің арасынан бүлінген көлікті шығарып алды
Вытаскивание поврежденного автомобиля после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
2/14
Құтқарушылар үйінділердің арасынан бүлінген көлікті шығарып алды
© AFP 2024 / Ozan KoseИзмирдегі жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттың орнында жұмыс істеп жүрген құтқарушылар.
Спасатели на месте разрушенного здания после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
3/14
Измирдегі жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттың орнында жұмыс істеп жүрген құтқарушылар.
© REUTERS / Murad SezerИзмирдегі табиғи апаттан кейінгі құтқару жұмыстарын бақылап тұрған адамдар.
Люди во время спасательной операции после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
4/14
Измирдегі табиғи апаттан кейінгі құтқару жұмыстарын бақылап тұрған адамдар.
© REUTERS / Mehmet Emin CaliskanИзмирдегі жер сілкінісінен бүлінген ғимараттың көрінісі.
Вид на разрушенное здание после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
5/14
Измирдегі жер сілкінісінен бүлінген ғимараттың көрінісі.
© AFP 2024 / Yasin AkgulҚұтқарушылар Измирдегі жер сілкінісі салдарынан опат болған адамның денесін эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.
Спасатели эвакуируют тело жертвы после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
6/14
Құтқарушылар Измирдегі жер сілкінісі салдарынан опат болған адамның денесін эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.
© AFP 2024 / Yasin AkgulАуыр техника Измирдегі жер сілкінісінен кейін ғимаратты сүйеп тұр.
Тяжелая техника удерживает здание после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
7/14
Ауыр техника Измирдегі жер сілкінісінен кейін ғимаратты сүйеп тұр.
© AP Photo / IHAИзмирдегі табиғи апат кезінде тірі қалған қызды эвакуациялау.
Эвакуация выжившей девочки после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
8/14
Измирдегі табиғи апат кезінде тірі қалған қызды эвакуациялау.
© AFP 2024 / Yasin AkgulСоңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі кезінде 994 адам зардап шеккен
Спасатели на месте разрушенного здания после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
9/14
Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі кезінде 994 адам зардап шеккен
© AFP 2024 / Yasin AkgulТүркиядағы табиғи апат құрбандарының саны 98 адамға жетті.
Спасатели на месте разрушенного здания после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
10/14
Түркиядағы табиғи апат құрбандарының саны 98 адамға жетті.
© AP Photo / Ismail GokmenТүркияда қираған ғимараттардың орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр: опат болғандарды іздеу шаралары жалғасуда.
Спасатели на месте разрушенного здания после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
11/14
Түркияда қираған ғимараттардың орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр: опат болғандарды іздеу шаралары жалғасуда.
© AP Photo / Darko Bandic6,6 балдық жер сілкінісі жұма күні түстен кейін Түркияның батысында болды, эпицентрі – Измир провинциясындағы Сеферихисар қаласы маңына жақын жердегі Эгей теңізі.
Спасатели на месте разрушенного здания после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
12/14
6,6 балдық жер сілкінісі жұма күні түстен кейін Түркияның батысында болды, эпицентрі – Измир провинциясындағы Сеферихисар қаласы маңына жақын жердегі Эгей теңізі.
© REUTERS / KEMAL ASLANЭгей теңізіндегі портты қала Измирдегі жер сілкінісі салдарынан бұзылған ғимаратта ілініп тұрған ту.
Турецкий флаг виден возле поврежденного здания после землетрясения в портовом городе Измир на Эгейском море, Турция - Sputnik Қазақстан
13/14
Эгей теңізіндегі портты қала Измирдегі жер сілкінісі салдарынан бұзылған ғимаратта ілініп тұрған ту.
© AP Photo / Emrah GurelИзмирдегі жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттың орнында демалып отырған құтқарушы.
Спасатель во время отдыха на месте разрушенного здания после землетрясения в Измире  - Sputnik Қазақстан
14/14
Измирдегі жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттың орнында демалып отырған құтқарушы.
Жаңалықтар
0