Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жәндіктердің жұмбақ өміріне үңілуге бола ма – таңғажайып суреттер

Жазылу
Жәндіктер қалай тіршілік етеді? Олар туралы ең қызықты деректерді Luminar Bug Photography Awards 2020 фотобайқауы жеңімпаздарының еңбектерінен білуге болады

Luminar Bug Photography Awards 2020 жеңімпаздары жәндіктердің жұмбақ өміріне үңілуге мүмкіндік беретін керемет суреттер топтамасын әзірледі.

Қоңыздардың, көбелектердің, ұлулардың, шаяндардың және басқа омыртқасыз жәндіктердің тіршілігін жақыннан байқау оңай емес. Ол үшін сізге жақсы фотокамера және олардың өмірінен хабар беретін кез келген сәтті қалт жібермейтін шеберлік қажет.

Беделді фотобайқаудың қатысушылары 23000 фунт стерлингті құрайтын жүлде қоры үшін бақ сынады.

Luminar Bug Photography Awards 2020-ға жер шарының әр қиырынан бес мыңнан астам сурет жіберілді.

Фотобайқау омыртқасыз жәндіктердің ең жақсы фотосуреттерін анықтау, сондай-ақ мұндай тіршілік иелері қатарының азайып бара жатқанына қоғам назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша Сауд Арабиясынан келген Абу Шалва жәндіктер тіршілігінің қайталанбас сәттерін таспаға шебер түсірген фотограф ретінде бас жүлдеге ие болды.

Алайда, сіз бұл фототоптамадан 11 номинация бойынша үздік деп танылған басқа да жеңімпаздардың суреттерін көре аласыз. Ең жақсы туындылар бірінші, екінші және үшінші орындармен марапатталды.

Ендеше, беделді фотоконкурстың айшықты кадрларын тамашалаңыз.

© Photo : Jamie Spensley / Luminar Bug Photography Awards 2020 Фототаспаға түкті араны түсірген 17 жастағы Джейми Пресли "Жылдың жас фотографы" атанды.
Снимок Carder Bee фотографа Jamie Spensley, ставший Young Bug Photographer в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
1/15
Фототаспаға түкті араны түсірген 17 жастағы Джейми Пресли "Жылдың жас фотографы" атанды.
© Photo : Mofeed Abu Shalwa / Luminar Bug Photography Awards 2020 Мофид Абу Шалва есімді фотограф пальма қоңызын Сауд Арабиясында түсірген. Ол "Өте жақын түсірілген кадр" аталымы бойынша байқау жеңімпазы атанды.
Снимок Red palm weevil фотографа Mofeed Abu Shalwa, победивший в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
2/15
Мофид Абу Шалва есімді фотограф пальма қоңызын Сауд Арабиясында түсірген. Ол "Өте жақын түсірілген кадр" аталымы бойынша байқау жеңімпазы атанды.
© Photo : Fabio Sartori / Luminar Bug Photography Awards 2020 Гүлге өрмелеп шыққан богомолдардың суреті "Ұялы телефон" номинациясында жеңіске жетті. Бұл – Италия фотографы Фабио Сарторидің еңбегі.
Снимок Duo фотографа Fabio Sartori, ставший победителем в категории Mobile Phone в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
3/15
Гүлге өрмелеп шыққан богомолдардың суреті "Ұялы телефон" номинациясында жеңіске жетті. Бұл – Италия фотографы Фабио Сарторидің еңбегі.
© Photo : Galice Hoarau / Luminar Bug Photography Awards 2020 Галис Хоарау "Су жәндіктері" аталымына ұсынған суретімен жеңімпаз атанды. Фото Индонезияда түсірілген. Онда ашық мұхитта тіршілік ететін кальмар бейнеленген. Теңіз жыртқыштары, оның ішінде қальмарлар күн ұясына батқаннан кейін жемтігін аулау үшін мұхиттың тереңінен су бетіне көтеріледі.
Снимок Diamond Squid фотографа Galice Hoarau, ставший победителем в категории Aquatic Bugs в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
4/15
Галис Хоарау "Су жәндіктері" аталымына ұсынған суретімен жеңімпаз атанды. Фото Индонезияда түсірілген. Онда ашық мұхитта тіршілік ететін кальмар бейнеленген. Теңіз жыртқыштары, оның ішінде қальмарлар күн ұясына батқаннан кейін жемтігін аулау үшін мұхиттың тереңінен су бетіне көтеріледі.
© Photo : Reynante Martinez / Luminar Bug Photography Awards 2020 Екі құмырсқа жәндіктің өздерінен ұсақ түрін жегелі жатыр.
Снимок Tug of War фотографа Reynante Martinez, ставший победителем в категории All the Other Bugs в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
5/15
Екі құмырсқа жәндіктің өздерінен ұсақ түрін жегелі жатыр.
© Photo : Lung-Tsai Wang / Luminar Bug Photography Awards 2020 Өрмекші мен оның балалары Тайвань тауларында түсірілген. Таңғажайып кадр "Өрмекшілер" номинациясын жеңіп алды.
Снимок Microspur 1 фотографа Lung-Tsai Wang, ставший победителем в категории Arachnids в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
6/15
Өрмекші мен оның балалары Тайвань тауларында түсірілген. Таңғажайып кадр "Өрмекшілер" номинациясын жеңіп алды.
© Photo : Christian Brockes / Luminar Bug Photography Awards 2020 Бұл кадр байқаудың "Қоңыздар" аталымында жеңіске жетті. Онда жәндіктің ұшар алдында қанаттарын жайып жатқан сәті фотограф таспасына іліккен.
Снимок 3…2…1.. Take off! фотографа Christian Brockes, ставший победителем в категории Beetles в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
7/15
Бұл кадр байқаудың "Қоңыздар" аталымында жеңіске жетті. Онда жәндіктің ұшар алдында қанаттарын жайып жатқан сәті фотограф таспасына іліккен.
© Photo : Digby Rogers / Luminar Bug Photography Awards 2020 Мына фотосуретте де қызықты көрініс бейнеленген: жабайы табиғатта кездесетін жәндіктер – екі сарышаян мен өрмекші түнде ультракүлгін сәулесінің көмегімен фототаспаға түсіп қалды.
Снимок UK Docklands Invader: Meeting the New Neighbours фотографа Digby Rogers, ставший вторым в категории Arachnids в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
8/15
Мына фотосуретте де қызықты көрініс бейнеленген: жабайы табиғатта кездесетін жәндіктер – екі сарышаян мен өрмекші түнде ультракүлгін сәулесінің көмегімен фототаспаға түсіп қалды.
© Photo : Raed Ammari / Luminar Bug Photography Awards 2020 Бұл өрмекші Колорадо штатында түсірілген. Оның авторы "Өрмекшілер" номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды.
Снимок Dancing Spider фотографа Raed Ammari, ставший третьим в категории Arachnids в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
9/15
Бұл өрмекші Колорадо штатында түсірілген. Оның авторы "Өрмекшілер" номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды.
© Photo : David Lain / Luminar Bug Photography Awards 2020 Суретте – қарапайым бақша ұлуы. Оның авторы, Ұлыбритания фотографы Дэвид Лейн "Ұлулар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Фотограф жәндікті таспаға түсіру үшін оны қара керамикалық плитканың үстіне қоюға тура келді. Фотосессия сәтті өтті.
Снимок Snail фотографа David Lain, ставший победителем в категории Snails and Slugs в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
10/15
Суретте – қарапайым бақша ұлуы. Оның авторы, Ұлыбритания фотографы Дэвид Лейн "Ұлулар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Фотограф жәндікті таспаға түсіру үшін оны қара керамикалық плитканың үстіне қоюға тура келді. Фотосессия сәтті өтті.
© Photo : Peter Orr / Luminar Bug Photography Awards 2020 Композицияда өсімдік сабағына ілініп тұрған, инелікке үқсайтын "біркүндік" атты үш ұшатын жәндік бейнеленген. Оны фотограф Питер Орр Ұлыбританияның Кеннет өзенінде түсірген.
Снимок Three Mayfly on Crested Dogstail фотографа Peter Orr, ставший победителем в категории Flies, Bees, Wasps and Dragonflies в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
11/15
Композицияда өсімдік сабағына ілініп тұрған, инелікке үқсайтын "біркүндік" атты үш ұшатын жәндік бейнеленген. Оны фотограф Питер Орр Ұлыбританияның Кеннет өзенінде түсірген.
© Photo : Sara Jazbar / Luminar Bug Photography Awards 2020 Сара Джазбар "Көбелектер" номинациясы бойынша түсірген суретімен басқалардан оқ бойы озық болды. Автордың фототаспасында алғаш рет ұшқалы жатқан әдемі көбелек бейнеленген.
Снимок Swallowtail фотографа Sara Jazbar, ставший победителем в категории Butterflies and Moths в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
12/15
Сара Джазбар "Көбелектер" номинациясы бойынша түсірген суретімен басқалардан оқ бойы озық болды. Автордың фототаспасында алғаш рет ұшқалы жатқан әдемі көбелек бейнеленген.
© Photo : Chris Ruijter / Luminar Bug Photography Awards 2020 Бұл – ұясына батып бара жатқан күн көрінісімен қатар таспаға түсірілген инеліктің суреті. Оның авторы – Нидерланды фотографы Крис Руйтер.
Снимок Purple haze фотографа Chris Ruijter, ставший третьим в категории Flies, Bees, Wasps and Dragonflies в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
13/15
Бұл – ұясына батып бара жатқан күн көрінісімен қатар таспаға түсірілген инеліктің суреті. Оның авторы – Нидерланды фотографы Крис Руйтер.
© Photo : Riyad Hamzi / Luminar Bug Photography Awards 2020 Суретте – Сауд Арабия фотографы Рияд Хамзи түсірген ара. Фото "Өте үлкен кадр" номинациясында жеңімпаз болды.
Снимок Potter Wasp фотографа Riyad Hamzi, ставший победителем в категории Extreme Close-Up в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
14/15
Суретте – Сауд Арабия фотографы Рияд Хамзи түсірген ара. Фото "Өте үлкен кадр" номинациясында жеңімпаз болды.
© Photo : Lee Frost / Luminar Bug Photography Awards 2020 "Жәндіктердің үйлері" аталымында өз ұяларынан шығып келе жатқан аралар бейнеленген сурет жеңімпаз атанды.
Снимок Home Sweet Home фотографа Lee Frost, ставший победителем в категории Bug Homes в конкурсе Luminar Bug Photography Awards 2020 - Sputnik Қазақстан
15/15
"Жәндіктердің үйлері" аталымында өз ұяларынан шығып келе жатқан аралар бейнеленген сурет жеңімпаз атанды.
Жаңалықтар
0