Бұрынғы даяшы және мұғалім: АҚШ-тың бірінші ханымы туралы қызықты деректер

436
  • Джилл Трейси Джейкобс – бұл есім оған 1951 жылдың 3 маусымында Нью-Джерси штатының Гаммонтон қаласында дүниеге келген кезде қойылған.
  • Джилл 15 жасқа келгенде жақын маңдағы кафеге даяшы болып жұмысқа тұрады.
  • Джилл қарапайым орта мектепте ағылшын тілінен, сонымен қатар жүйке аурулары ауруханасында эмоционалды күйзеліске ұшыраған жасөспірімдерге сабақ берді.
  • Джилл Джейкобстың бірінші күйеуі америкалық футболшы Билл Стивенсон болды. Джилл оған 1970 жылы тұрмысқа шығады.
  • Джиллдің Джо Байденмен алғашқы кездесуі оның бірінші күйеуімен ажырасу процесі кезінде болған.
  • Джиллмен кездескен кезде Джо жас саясаткер ретінде біршама жетістікке жетіп қалаған еді.
  • Джилл мен Джо 1977 жылдың 17 маусымында үйленеді. Екеуі үшін де бұл екінші неке болды.
  • Дегенмен Джилл Джоның үйлену туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқан.
  • Джо Байден Джиллге тұрмысқа шығу туралы төрт рет ұсыныс жасайды.
  • 1981 жылы ерлі-зайыптылардың ортақ қызы дүниеге келеді, оның есімін Эшли деп қояды.
  • Бүгінде Джилл мен Джо Байденнің некесіне 43 жыл болды.
  • 2020 жылы Джиллдің бұрынғы күйеуі – 72 жастағы Билл Стивенсон Daily Mail таблоидына берген сұқбатында болашақ президент пен бірінші ханымның ресми махаббат тарихының күлпаршасын шығарады.
  • Алайда ерлі-зайыпты Джилл мен Джо Байден БАҚ-та жарық көрген бұл ақпаратқа назар да аудармады, түсініктеме де бермеді.
  • 2015 жылдың мамырында Байденнің отбасы тағы бір ауыр сынаққа тап болды: мидың қатерлі ісігінен Бо – Джоның екі ұлының біреуі қайтыс болды.
  • Ерлі-зайыптылар қаншама жылдан бері жұбын жазбай келеді.
  • Джилл күйеуі АҚШ-тың вице-президенті болып сайланған кезде де Ақ үйдің екінші ханымы бола тұра, тіпті бірінші ханым болған күннің өзінде де жұмысын тастамайтынын мәлімдеді.
  • Джилл Байден Ақ үйдің хабарландыруларында және өзінің жеке қалауы бойынша оны доктор Джилл Байден деп таныстырады.
  • Джилл Байден – коммерциялық емес Biden Breast Health Initiative ұйымының негізін қалаушы.
  • Джилл Байден өзінің мәлімдемелері мен БАҚ-қа берген сұқбаттарына сәйкес, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдарға араласуына түбегейлі қарсы.
  • 43 жылдан бері ерлі-зайыптылар – Джо мен Джилл Байден ештеңеге қарамастан, мінсіз америкалық отбасының үлгісін көрсетіп отыр.
  • Джилл әрдайым және барлық жағынан күйеуіне қолдау көрсетуге тырысады.
Джилл Байден – қарапайым мұғалім және АҚШ-тың жаңа президентінің әйелі. Көпшілік Джилл Байден және оның некесі, отбасы туралы не біледі?

Ол – мұғалім, қоғам белсендісі және көрікті әйел. Жасы 69-да болса да Джилл Байден сырт көзге өте жағымды әсер қалдырады. Ал оның Америкадағы сайлауға АҚШ-тың демократиялық партиясы атынан ұсынылған, үлкен саяси додада жеңіске жетіп, Американың 46-президенті болған жұбайы Джо Байден жақында 78 жасқа толады.

2021 жылдың қаңтарында өтетін инаугурациядан кейін Джилл Байден Ақ үйдің жаңа бірінші ханымы болады.

Джо мен Джиллдің некесіне 40 жылдан асты. Олар қоғамдық іс-шараларға әрдайым бірге барады және бір-біріне деген ыстық ықыласын үнемі ашық көрсетуге тырысады.

Дональд пен Мелания Трамп жұбы туралы бұлай айтуға келмес. Себебі олардың шынайы отбасылық өміріне қатысты қоғам тарапынан әрдайым күмән туындап жататыны, оның баспасөзде де, интернетте де жиі талқыланатыны жысырын емес. Қазір тіпті олардың ажырасып, екі жаққа кететіні туралы әңгіме жиі айтыла бастады.

Сондықтан, олардың жанында Джо мен Джиллдің жұбы үлгілі америкалық отбасыға ұқсайтыны анық. Олар бірге фотоға түскенді ұнатады, көпшілік алдында құшақтасудан, сүйісуден, қол ұстасып, қатар жүруден еш тартынбайды. Мысалы, Джилл өзінің қаншалықты бақытты екенін, саясаткер күйеуіне деген таңданысы мен қолдауын білдіретін сәтті құр жібермеуге тырысады.

Сонымен, Байденнің отбасы шын мәнісінде, көпшілік ойлағандай үлгілі отбасы ма? 

Sputnik Қазақстан Американың жаңа бірінші ханымы және оның отбасылық өмірінің кейбір сәттері бейнеленген суреттер мен қызықты фактілерді назарларыңызға ұсынады.

Оқи отырыңыз: Қазақ қызы АҚШ президенті әкімшілігінде басшылық қызмет атқарып жүр

Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, америкалық БАҚ-тың бағалауы бойынша, демократ Джо Байден 2020 жылғы АҚШ сайлауында жеңіске жетті.

Алайда, Американың 45-ші президенті, республикашыл Дональд Трамп өзінің жеңілгенін мойындаған жоқ. Қазір оның адвокаттары әртүрлі штаттардың соттарына шағым түсіріп жатыр. 

436
  • Джилл Трейси Джейкобс – бұл есім оған 1951 жылдың 3 маусымында Нью-Джерси штатының Гаммонтон қаласында дүниеге келген кезде қойылған.
    © AFP 2019 / JIM WATSON

    Джилл Трейси Джейкобс – бұл есім оған 1951 жылдың 3 маусымында Нью-Джерси штатының Гаммонтон қаласында дүниеге келген кезде қойылған. Джиллдің ата-анасы қарапайым адамдар болған: анасы үй шаруасындағы әйел болса, ал әкесі Дональд Джейкобс банк кассирі еді. Бір қызығы, Джиллдің әкесінің тегі алғашқыда "Джиакоппа" болған. Кейін Джиллдің төрт сіңлісі өмірге келеді.

  • Джилл 15 жасқа келгенде жақын маңдағы кафеге даяшы болып жұмысқа тұрады.
    © AFP 2019 / ROBERTO SCHMIDT

    Джилл 15 жасқа келгенде жақын маңдағы кафеге даяшы болып жұмысқа тұрады. Бұл оның алғашқы жұмысы еді.

  • Джилл қарапайым орта мектепте ағылшын тілінен, сонымен қатар жүйке аурулары ауруханасында эмоционалды күйзеліске ұшыраған жасөспірімдерге сабақ берді.
    © AP Photo / Carolyn Kaster

    1987 жылы Джилл Вилланова университетін ағылшын тіліндегі өнер магистрі дәрежесімен бітіреді. Ол басқа университеттердің де бірнеше докторлық және магистрлік дәрежелеріне ие. 13 жыл ішінде Джилл қарапайым орта мектепте ағылшын тілінен, сонымен қатар жүйке аурулары ауруханасында эмоционалды күйзеліске ұшыраған жасөспірімдерге сабақ берді.

  • Джилл Джейкобстың бірінші күйеуі америкалық футболшы Билл Стивенсон болды. Джилл оған 1970 жылы тұрмысқа шығады.
    © AFP 2019 / ANGELA WEISS

    Джилл Джейкобстың бірінші күйеуі америкалық футболшы Билл Стивенсон болды. Джилл оған 1970 жылы тұрмысқа шығады. Сол кезде оның жасы небәрі 19-да еді. Жастар колледжде кездеседі. Алайда футболшы өзінің спорттық мансабымен тез қоштасады. Бірақ жас әйелімен бірге жастар көп жиналатын Stone Balloon университеттік барын ашады. Джилл мен Биллдің некесі ұзаққа созылмайды: ерлі-зайыптылар төрт жылдан кейін ажырасып кетеді.

  • Джиллдің Джо Байденмен алғашқы кездесуі оның бірінші күйеуімен ажырасу процесі кезінде болған.
    © AFP 2019 / OLIVIER DOULIERY

    Джиллдің Джо Байденмен алғашқы кездесуі оның бірінші күйеуімен ажырасу процесі кезінде болған. Олардың кездесуіне Байденнің ағасы Фрэнк түрткі болады.

  • Джиллмен кездескен кезде Джо жас саясаткер ретінде біршама жетістікке жетіп қалаған еді.
    © AFP 2019 / MANDEL NGAN

    Джиллмен кездескен кезде Джо жас саясаткер ретінде біршама жетістікке жетіп қалаған еді. Сондай-ақ, ол өте үлкен трагедияны да басынан өткеріп жатады. 1975 жылы оның бірінші әйелі Нелия мен бір жасар қызы жол апатынан қайтыс болады. Алайда тосыннан келген апаттан Байденнің көлік ішінде отырған кішкентай ұлдары аман қалады.

  • Джилл мен Джо 1977 жылдың 17 маусымында үйленеді. Екеуі үшін де бұл екінші неке болды.
    © AFP 2019 / SAUL LOEB

    Джилл мен Джо 1977 жылдың 17 маусымында үйленеді. Екеуі үшін де бұл екінші неке болды.

  • Дегенмен Джилл Джоның үйлену туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқан.
    © AFP 2019 / BRENDAN SMIALOWSKI

    Дегенмен Джилл Джоның үйлену туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқан. Оның бас тартуының бірнеше себебі болады: ол бұл кезде өзінің барлық назарын мансапқа ұмтылу жолына арнауға тырысады және Джоның бірінші некесінен туған екі ұлды – Хантер мен Боны тәрбиелеу туралы міндеттемені дұрыс орындай алатынына күмәнданады. Сондықтан оған мұндай шешім оңайға түспейді.

  • Джо Байден Джиллге тұрмысқа шығу туралы төрт рет ұсыныс жасайды.
    © AFP 2019 / JIM WATSON

    Алайда Джо Байден Джиллдің жүрегін жаулап алуға барынша тырысады. Ол Джиллге тұрмысқа шығу туралы төрт рет ұсыныс жасайды. Бірақ Джилл бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартты. Ол Джоның, Американың болашақ президентінің тек бесінші ұсынысынан ғана бас тартпай, оның әйелі болуға өз келісімін береді.

  • 1981 жылы ерлі-зайыптылардың ортақ қызы дүниеге келеді, оның есімін Эшли деп қояды.
    © AP Photo / Matt Rourke

    1981 жылы ерлі-зайыптылардың ортақ қызы дүниеге келеді, оның есімін Эшли деп қояды. Джоның бірінші некедегі ұлдары – Бо мен Хантерді Джилл ханым заң жүзінде асырап алмайды, алайда әрдайым оларды өзінің балалары деп есептейді.

  • Бүгінде Джилл мен Джо Байденнің некесіне 43 жыл болды.
    © AFP 2019 / Jessica Kourkounis

    Бүгінде Джилл мен Джо Байденнің некесіне 43 жыл болды. Алайда сырттай қарағанда көз қуантатын бұл отбасының да көлеңкелі тұстары бар болып шықты.

  • 2020 жылы Джиллдің бұрынғы күйеуі – 72 жастағы Билл Стивенсон Daily Mail таблоидына берген сұқбатында болашақ президент пен бірінші ханымның ресми махаббат тарихының күлпаршасын шығарады.
    © AFP 2019 / BRENDAN SMIALOWSKI

    2020 жылы Джиллдің бұрынғы күйеуі – 72 жастағы Билл Стивенсон Daily Mail таблоидына берген сұқбатында болашақ президент пен бірінші ханымның ресми "махаббат тарихының" күлпаршасын шығарады. Ол өзінің ажырасуына Американың жаңа президентінің себепкер болғанын, оның Джиллмен қарым-қатынасы ресми түрде ажырасқанға дейін басталғанын мәлімдейді.

  • Алайда ерлі-зайыпты Джилл мен Джо Байден БАҚ-та жарық көрген бұл ақпаратқа назар да аудармады, түсініктеме де бермеді.
    © AFP 2019 / JIM WATSON

    Алайда ерлі-зайыпты Джилл мен Джо Байден БАҚ-та жарық көрген бұл ақпаратқа назар да аудармады, түсініктеме де бермеді.

  • 2015 жылдың мамырында Байденнің отбасы тағы бір ауыр сынаққа тап болды: мидың қатерлі ісігінен Бо – Джоның екі ұлының біреуі қайтыс болды.
    © REUTERS / OCTAVIO JONES

    2015 жылдың мамырында Байденнің отбасы тағы бір ауыр сынаққа тап болды: мидың қатерлі ісігінен Бо – Джоның екі ұлының біреуі қайтыс болды. Ерлі-зайыптылар бір-біріне қолдау көрсете отырып, өмірдің қиын сәтіне де қарсы тұра алды.

  • Ерлі-зайыптылар қаншама жылдан бері жұбын жазбай келеді.
    © AFP 2019 / MANDEL NGAN

    Ерлі-зайыптылар қаншама жылдан бері жұбын жазбай келеді. Джилл әрқашан өзінің саясаткер күйеуіне барлық жағынан қолдау көрсетуге тырысып келеді, бірақ өзінің мансабынан да бас тартқан емес.

  • Джилл күйеуі АҚШ-тың вице-президенті болып сайланған кезде де Ақ үйдің екінші ханымы бола тұра, тіпті бірінші ханым болған күннің өзінде де жұмысын тастамайтынын мәлімдеді.
    © AFP 2019 / JORGE BELTRAN

    Күйеуі АҚШ-тың вице-президенті болып сайланған кезде де Ақ үйдің екінші ханымы бола тұра, психикалық ауытқушылыққа ұшыраған балаларға ағылшын тілін оқытуды жалғастыра берді, тіпті бірінші ханым болған күннің өзінде де жұмысын тастамайтынын мәлімдеді.

  • Джилл Байден Ақ үйдің хабарландыруларында және өзінің жеке қалауы бойынша оны доктор Джилл Байден деп таныстырады.
    © AFP 2019 / SAUL LOEB

    Джилл Байден АҚШ-та күйеуі вице-президент кезінде жұмыс істеген алғашқы екінші ханым болды. Ақ үйдің хабарландыруларында және өзінің жеке қалауы бойынша оны "доктор Джилл Байден" деп таныстырады.

  • Джилл Байден – коммерциялық емес Biden Breast Health Initiative ұйымының негізін қалаушы.
    © AFP 2019 / SAUL LOEB

    Джилл Байден – коммерциялық емес Biden Breast Health Initiative ұйымының негізін қалаушы, Book Buddies бағдарламасының, Байден қорының тең құрылтайшысы, Delaware Boots on the Ground-тің белсенді қатысушысы, Мишель Обамамен бірге Joining Forces-тің тең құрылтайшысы.

  • Джилл Байден өзінің мәлімдемелері мен БАҚ-қа берген сұқбаттарына сәйкес, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдарға араласуына түбегейлі қарсы.
    © AFP 2019 / TANNEN MAURY

    Джилл Байден өзінің мәлімдемелері мен БАҚ-қа берген сұқбаттарына сәйкес, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдарға араласуына түбегейлі қарсы. Негізінен оның қоғамдық қызметі АҚШ-тағы білім беру жүйесін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар Джилл Байден азаматтардың саяси белсенділігі мен әйелдердің дауыс беруінің маңыздылығына баса мән береді.

  • 43 жылдан бері ерлі-зайыптылар – Джо мен Джилл Байден ештеңеге қарамастан, мінсіз америкалық отбасының үлгісін көрсетіп отыр.
    © AFP 2019 / TIMOTHY A. CLARY

    43 жылдан бері ерлі-зайыптылар – Джо мен Джилл Байден ештеңеге қарамастан, мінсіз америкалық отбасының үлгісін көрсетіп отыр. Олар бүгінгі күнге дейін ешкімге өздерінің некесін бұзуға немесе беделдерін түсіруге жол берген емес.

  • Джилл әрдайым және барлық жағынан күйеуіне қолдау көрсетуге тырысады.
    © AFP 2019 / ANDREW HARNIK

    Джилл әрдайым және барлық жағынан күйеуіне қолдау көрсетуге тырысады. Ол 1988 жылдың өзінде Джоны Америка президенті лауазымына үміткер бола алатындығына сендіреді. Алайда, сол жылдары Джо Байденге финалға шығу бақыты бұйырмайды. 2008 жылы президент тағына отыруға оның тарапынан тағы бір талпыныс жасалды. Бірақ ол 2020 жылы ғана көздеген мақсатына жетеді. Ал Джоның жеңіске жетуіне Джиллдің сөзсіз, орасан күш-жігер жұмсағаны анық.

Кілт сөздер:
жаңа президент, АҚШ президенті
Тақырып бойынша
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді
Келесі төрт жылда АҚШ президенті кім болуы мүмкін
"Борат-2" фильміне қарсы петиция: АҚШ-тың Бас консулы жауап берді
АҚШ-тағы президент сайлауы: дауыс санау жалғасуда
АҚШ-тағы президент сайлауы: Джо Байден жеңіске жетті

"Алтын глобус-2021" сыйлығын тапсыру рәсімі алғаш рет онлайн өтті жұлдыздар фотосы

70
  •  Кэтрин Зета-Джонс пен Майкл Дуглас
  •  актер Бен Стиллер
  • жүргізуші Анджела Бассетт
  • актриса Аквафина
  • америкалық актриса Джиллиан Андерсон
  • Актер Шон Пенн
  • әнші София Карсон
  • актриса Аня Тейлор-Джой
  • израильдік актриса Галь Гадот
  • Әнші Синтия Эриво
  • актриса Кейт Хадсон
  • актриса Сальма Хайек
  • Алтын глобус жүргізушілері Тина Фей мен Эми Полер
  • актриса Марго Робби
  • Чедвик Боузман
  • актер Кристофер Мелони қызымен бірге
Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте "Алтын глобус" сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. 2021 жылы бұл марапатқа ие болған жұлдыздардың суреттерін біздің топтамадан көріңіз

Биыл "Алтын глобус" киносыйлығын табыстау шарасы 78-ші рет өтті. Марапаттарды тапсыру бір уақытта екі қалада – Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте ұйымдастырылды. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл шара алғаш рет виртуалды форматта өтті.

Шараны актрисалар – Тина Фей мен Эми Полер жүргізді.

Биылғы жылы "Көшпенділер жері" драмасы мен атышулы "Борат 2" комедиясы жеңімпаздар ретінде танылды. Қос кинокартина өз категориясы бойыша үздік деп танылды. Сол сияқты "Жан" мультфильміне де қос мүсін бұйырды.

Сыйлықты табыстау видеоконференция форматында өтті. Бірқатар танымал жұлдыз салтанатты шараға қатысудан бас тартып, онлайн байланыста болды.

"Алтын глобус" сыйлығын тапсыру сәті мен қызыл кілемшедегі жұлдыздар суреттерін біздің материалдан тамашалаңыз.

"Алтын глобус" – 1944 жылдан бері кинофильмдер мен телевизиялық жобалардағы еңбегі үшін Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығы табыс ететін сыйлық. Марапат жеңімпаздары Голливудте тұратын 90-ға жуық халықаралық журналистің дауыс беруі арқылы анықталады.

70
  •  Кэтрин Зета-Джонс пен Майкл Дуглас
    © REUTERS / Cindy Ord/NBC

    Биыл "Үздік драмалық фильм" номинациясы бойынша Хлоя Чжаоның "Көшпенділер жері" картинасы жеңімпаз атанды. Суретте: актриса Кэтрин Зета-Джонс пен актер Майкл Дуглас.

  •  актер Бен Стиллер
    © REUTERS / Peter Kramer/NBC

    Сондай-ақ, Девид Финчердің "Манк" картинасы, Флориан Зеллердің "Әке" фильмі, Ааорн Соркиннің "Чикаголық жетілік соты" туындысы мен Эмиральд Феннелдің "Үміт арқалаған бойжеткен" киносы да дәл осы номинация бойынша бақ сынап көрді. Суретте: актер Бен Стиллер марапаттау шарасында глобус пішінді тәтті тоқашты ұстап тұр.

  • жүргізуші Анджела Бассетт
    © REUTERS / Christopher Polk/NBC

    Андра Дэй "Құрама Штаттары Билли Холидейге қарсы" фильміндегі рөлі үшін "Драмалық фильмдегі үздік әйел рөлі" номинациясын жеңіп алды. Суретте: жүргізуші Анджела Бассетт.

  • актриса Аквафина
    © REUTERS / Rich Polk/NBC

    "Ма Рейни: Блюзь анасы" фильміндегі рөлі үшін актер Чедвик Боузман үздік драмалық актер деп танылды. Чедвик Боузман өткен жылдың тамыз айында обыр ауруынан көз жұмды. Ол көпшілікке "Қара пантера" фильміндегі басты рөл арқылы танымал болды. Суретте: актриса Аквафина

  • америкалық актриса Джиллиан Андерсон
    © REUTERS / Christopher Polk/NBC

    Ал Джейсон Уолинердің "Борат 2" фильмі "Үздік комедия" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Суретте: америкалық актриса Джиллиан Андерсон.

  • Актер Шон Пенн
    © AFP 2019 / HFPA

    Актер Шон Пенн АҚШ-та өткен "Алтын глобус" сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты шарада.

  • әнші София Карсон
    © REUTERS / Todd Williamson/NBC

    "Гамильтон" (Томас Каил), "Палм-Спрингсте көңіл-көтеру" (Макс Барбаков), "Түлектер кеші" (Райан Мерфи) "Мьюзик" (әнші Сиа) фильмдері де үздік комедия номинациясының сыйлығынан үмітті болатын. Суретте: салтанатты шараға қатысқан әнші София Карсон.

  • актриса Аня Тейлор-Джой
    © REUTERS / Peter Kramer/NBC

    "Чикаголық жетілік соты" картинасының сценарийін жазған Ааорн Соркин "Үздік сценарист" деп танылды. Суретте: актриса Аня Тейлор-Джой.

  • израильдік актриса Галь Гадот
    © REUTERS / Rich Polk/NBC

    "Алтын глобус" шешімі бойынша үздік шағын сериал "Патшайым жүрісі", үздік драмалық сериал – "Тәж", үздік комедиялық сериал – "Шиттс Крик". Суретте: израильдік актриса Галь Гадот.

  • Әнші Синтия Эриво
    © REUTERS / Todd Williamson/NBC

    Әнші Синтия Эриво да "Алтын глобус" сыйлығын табыстау салтанатына қатысты.

  • актриса Кейт Хадсон
    © REUTERS / NBC

    "Шет мемлекет тіліндегі үздік фильм" номинациясында ұлты кәріс америкалық режиссер Ли Айзека Чунаның "Минари" картинасы үздік деп танылды. Суретте: марапттау шарасына қатысқан актриса Кейт Хадсон.

  • актриса Сальма Хайек
    © REUTERS / Christopher Polk/NBC

    Үздік анимациялық фильм – "Жан". Суретте: актриса Сальма Хайек.

  • Алтын глобус жүргізушілері Тина Фей мен Эми Полер
    © REUTERS / NBC

    Актриса әрі шараның жүргізушілері Тина Фей (сол жақта) мен Эми Полер "Алтын глобус" марапатының жеңімпаздарын анықтау кезінде.

  • актриса Марго Робби
    © REUTERS / Todd Williamson/NBC

    20-дан астам номинация бойынша "Алтын глобус" сыйлығын табыстау рәсімі жыл сайын өтеді. Суретте: актриса Марго Робби.

  • Чедвик Боузман
    © REUTERS / Christopher Polk/NBC

    Марқұм Чедвик Боузман "Алтын глобус" сыйлығына лайықты деп танылды.

  • актер Кристофер Мелони қызымен бірге
    © AFP 2019 / Dimitrios Kambouris/Getty Images for HFPA

    АҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығымен қатар "Алтын глобус" та әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі болып саналады. Суретте: актер Кристофер Мелони қызымен бірге.

Кілт сөздер:
фото

Еуропаға көктем келді: Германияда ғасырлық рекорд жаңарды фото

49
  • Кельн трһұрғындары D дәруменін қабылдау үшін таза ауада серуендеуге шықты
  • Лондон орталығындағы Сент-Джеймс саябағында көктемгі алғашқы нәркестер бүр жарды.
  • Париж тұрғындары Сена жағалауында романтикалық пикниктер ұйымдастырды
  • Данияның Ютландияда жағалаудағы ақшыл құмнан да жылы леп сезіледі
  • Париждегі Люксембург бағы
  • Прагадағы Карлов көпіріндегі жай серуен ашық аспанда күннің жарқырап тұрғаны ерекше көтеріңкі көңіл сыйлайды.
  • Ниццедегі Ағылшын жағалауында серуендеген азаматтар күн сәулесімен ойнаған су мен жылы самалдың куәсі бола алады.
  • Шуақты көктемнің жылы кешінде париждіктер Сена өзенінің жағасында демалып отыр.
  • Британдық Брайтон тұрғындары иттерімен су жағасында серуендегенді ұнатады
  • Оңтүстік Уэльстегі Брекон-Биконс ұлттық паркі
  • Жағалауда серуендеген адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысады
Ақпан айы аяқтала салысымен Еуропаның бірқатар қаласын басып қалған қар еріп, көктем лебі сезіле бастады

Ғалымдар Еуропадағы климаттың күрт өзгеруін Гольфстримді бәсеңдеткен ғаламдық жылынумен байланыстырды.

Бүкіл Еуропаны жауып тұрған жылы ағын баяулап, бұл жаз айларындағы аптап ыстық пен қыстағы қарлы боранға алып келді.

Германияда бір апта бұрын қар жауып, аяз болса, қазір қала тұрғындары жаз кезіндегідей жылы ауа райын сезініп, жағажайларда серуенге шықты. Германияның Геттинген қаласында 14 ақпанда минус 23,8 градус, ал 21 ақпанда 18,1 градус жылы болды. Осылайша, 1880 жылғы рекорд жаңарды. Ол кезде Йенада температура 7 күнде минус 5,1 градустан плюс 36 градусқа дейін көтерілген болатын.

Оқи отырыңыз: Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар – фото

Алайда синоптиктер бұл жылы күндер ұзаққа созылмайтынын, көп ұзамай Еуропаны қайтадан қарлы боран әбігерге салатынын мәлімдеді.

Бірақ бұл көктемнің жылы және шуақты күнінде серуендеудің бас тартуға себеп емес.

49
  • Кельн трһұрғындары D дәруменін қабылдау үшін таза ауада серуендеуге шықты
    © REUTERS / Thilo Schmuelgen

    Пандемияны ескергенмен, көктемнің шуақты күні төрт қабырғаға қамалып отыруға мұрша бермейді. Сондықтан, Кельн трһұрғындары D дәруменін қабылдау үшін таза ауада серуендеуге шықты.

  • Лондон орталығындағы Сент-Джеймс саябағында көктемгі алғашқы нәркестер бүр жарды.
    © AFP 2019 / Justin Tallis

    Лондон орталығындағы Сент-Джеймс саябағында көктемгі алғашқы нәркестер бүр жарды.

  • Париж тұрғындары Сена жағалауында романтикалық пикниктер ұйымдастырды
    © REUTERS / Sarah Meyssonnier

    Көктемнің жаңа басталған шағында жылы ауа райына таң-тамаша болған Париж тұрғындары Сена жағалауында романтикалық пикниктер ұйымдастырды.

  • Данияның Ютландияда жағалаудағы ақшыл құмнан да жылы леп сезіледі
    © REUTERS / Henning Bagger/Ritzau Scanpix

    Данияның Ютландияда жағалаудағы ақшыл құмнан да жылы леп сезіледі. Блокхутегі жағажай пандемиядан шаршаған адамдардың сүйікті демалыс орнына айналды.

  • Париждегі Люксембург бағы
    © REUTERS / Sarah Meyssonnier

    Париждіктер көктем мен романтиканы қатты ұнатады. Бұл қалада шуақты күннен ләззат алуға болатын романтикалық орындар өте көп. Соның бірі – Люксембург бағы.

  • Прагадағы Карлов көпіріндегі жай серуен ашық аспанда күннің жарқырап тұрғаны ерекше көтеріңкі көңіл сыйлайды.
    © AFP 2019 / Michal Cizek

    Прагадағы Карлов көпіріндегі жай серуен ашық аспанда күннің жарқырап тұрғаны ерекше көтеріңкі көңіл сыйлайды.

  • Ниццедегі Ағылшын жағалауында серуендеген азаматтар күн сәулесімен ойнаған су мен жылы самалдың куәсі бола алады.
    © REUTERS / Eric Gaillard

    Ниццедегі Ағылшын жағалауында серуендеген азаматтар күн сәулесімен ойнаған су мен жылы самалдың куәсі бола алады.

  • Шуақты көктемнің жылы кешінде париждіктер Сена өзенінің жағасында демалып отыр.
    © REUTERS / Sarah Meyssonnier

    Шуақты көктемнің жылы кешінде париждіктер Сена өзенінің жағасында демалып отыр.

  • Британдық Брайтон тұрғындары иттерімен су жағасында серуендегенді ұнатады
    © REUTERS / Phil Noble

    Жағалауда сейіл құру әркез қызыққа толы. Әсіресе, британдық Брайтон тұрғындары иттерімен су жағасында серуендегенді ұнатады.

  • Оңтүстік Уэльстегі Брекон-Биконс ұлттық паркі
    © REUTERS / Matthew Childs

    Көңілді көктем кезінде жауған жаңбыр да жабығуға себеп бола алмайды. Понтицилл су қоймасының сұлулығы. Оңтүстік Уэльстегі Брекон-Биконс ұлттық паркі.

  • Жағалауда серуендеген адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысады
    © REUTERS / Phil Noble

    Әйтсе де, бұл фотолардан да пандемияның қоғамға әсерін бақауға болады. Жағалауда серуендеген адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысады.

Кілт сөздер:
көктем, еуропа
Мектеп

Елорда мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды видео

0
Мектепте электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтін шыққан. Оқушылар мен ұстаздар зардап шеккен жоқ

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды. Адамдарды эвакуациялуға мектептен шыққан түтін себеп болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезген. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылды, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келді.

"Сағат 15:19-да мектептен қоңырау түсті. Оқиға орнына он құтқарушы мен екі техника жіберілді. Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  мектепке материалдық шығын келмеген, кабельдер бүлінбеген. Жағдайға байланысты хаттама толтырылды. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке кірді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. 4 наурыздан бастап мектепте оқушылар аралас форматта оқиды.

0
Тақырып бойынша
Қазақстанда 15 ресейлік оқушы отырған автобус жолда қалып қойды
Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды
Қарағандыда "бомба қойылған" мектептен оқушылар қауіпсіз жерге шығарылды
Ақтөбеде мектептің төбесі балалардың үстіне құлады – себебін комиссия анықтайды