Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері

132
  • Aerial Photography Awards 2020 байқауының жеңімпазы, бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдің Абстрактілі Греция суреті. Байқауға биіктен, дрондардың, моторсыз ұшу аппаратының, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратының, әуе шарларының, парашюттердің және басқа да аэромобильді құрылғылардың көмегімен түсірілген жүздеген сурет жиналды
  • Күн шығып келе жатқан кезде түсірілген моторлы қайықтан шыққан түтін, жергілікті вьетнамдық балықшылар бұл қайықпен анчоус аулауға шығады. Фото авторы – People аталымының жеңімпазы – Thien Nguyen.
  • Фин шығанағындағы қар құрсауында жүзіп келе жатқан сауда кемесін ресейлік Александр Сухарев таспаға түсіріп алған. Оны қазылар алқасы Transportation аталымында жеңімпаз деп таныды.
  • Бұлт торлаған Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен фотожақтау. Constructions аталымында жеңімпаз атанған суретті ливандық фотограф Bachir Moukarzel түсірген.
  • Кениялық Натрон мен Мекка көлдерінің тұзды толқындарының үстінде ұшып бара жатқан қоқиқаздар. Nature аталымы бойынша байқауға ұсынылған бұл суретті қытай фотографы Hua Shang тікұшақтан түсірген.
  • Австралиялық фотограф  Brad Walls-тің теннис кортының қанық түсі мен сызығы және спортшының мінсіз қозғалысы бейнеленген Sports  аталымындағы Ball Up деп аталатын суреті Aerial Photography Awards 2020-ның қазылар алқасының көңілінен шықты.
  • Бангладештің Богура ауданының тұрғындары тасқын судан зардап шеккен егінді сақтап қалуға тырысуда. Суретті түсірген фотосуретші Azim Khan Ronnie Editorial номинациясында екінші орынға ие болды.
  • Отқа оранған ұшақ – құтқарушы қызметінің мамандары әуе апаты болған маңда жүр. Британдық фотограф  Marc Le Cornu Aerial Photography Awards 2020 байқауының Documentary номинациясын жеңіп алды.
  • Шоколад түстес таулармен қоршалған Исландия көлінің мөлдір көк түсі қазылар алқасының көзайымына айналды. Швейцариялық фотограф Sebastian Müller түсірген Skyggnisvatn  деп аталатын сурет Nature номинациясын жеңіп алды.
  • Бельгиялық фотограф Johan Vandenhecke түсірген қызыл Татакоа шөліндегі тау жыныстарының түзілімдері Abstract аталымында әділқазылардың ықыласына бөленді.
  • Неміс фотографы Joel Jochum энергетикалық компанияның су қоймаларын күн ұясына батып бара жатқан кезде түсірді. Бұл сурет Aerial Photography Awards 2020 байқауын Industrial номинациясы бойынша жүлде алды.
  • Балықшы торды көгілдір су айдынына жайып жіберді, ал толқындар теңіз иесінің сұлбасын кездейсоқ жасап шығарады. Вьетнамдық фотограф Duy Sinh бұл суретімен Daily Life аталымында басқалардан оқ бойы озық болды.
  • Қойлар ормандағы жерге түскен қызыл жапырақ үстімен жайылымнан қайтып келеді. Түрік фотографы Mehmet Aslan  Forest Path деп аталатын суретімен Trees & forests номинациясында жеңіске жетті.
  • Британдық фотограф Kyle Vollaers тапқан, аңызға айналған Тақтар ойынындағы Түн Патшасының тәжіне ұқсас мұз айдыны Arctic Paradise деген атаумен Waterscapes номинациясында жеңімпаз атанды.
  • Әуе лайнерінің терезесінен түсірілген көрініс Travel аталымында үздік фото ретінде танылды. Қытайлық фотограф Yiran Dingтің бұл суреті Shanghigh деп аталады.
  • Амстел өзеніне түсіп кеткен полиэтилен пакетіне қол созған бала. Канадалық фотограф Ryan Koopmansтың Нидерландыда таспаға түсірген бұл көрінісі Other аталымында жеңіске жетті.
  • Бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдың Испан кемпірқосағы суреті.  Ол – Aerial Photography Awards 2020 байқауының Cityscapes номинациясының жеңімпазы.
  • Соғыс жаңғырығы. Бельгиялық фотограф Reginald Van de Velde Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция жағалауында суға батып кеткен, мина жойғыш британдық кеме қирандысын таспаға түсіріп алды. Бұл кеме жүз жылдан астам уақыт бойы жағалау құмы астында жатқан, тек жақында ғана жағалаудың кейбір тұсын су шайып кетуіне байланысты жер бетіне шыққан. Сурет Abandoned places аталымын жеңіп алды.
Ақпарат агенттіктерінде жұмыс істейтін француз фотографы ұйымдастырған аэрофотолар байқауы алғаш рет алпыс бес елдің суретшілерінің басын қосты

Суреттер "Табиғат", "Өнер", "Адамдар", "Сәулет", "Қалалық пейзаждар" сынды 25 аталымы бойынша бағаланды.

Байқауды ұйымдастырушылардың талаптарына сәйкес биіктен немесе дронның көмегімен, тікұшақтан, моторсыз ұшу аппаратынан, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратынан, батпырауықтан, әуе шарларынан, барлық көлемдегі ұшақтардан, сондай-ақ, басқа да моторлы немесе моторсыз құрылғылардан түсірілген суреттерді жіберуге болады.

Конкурс үшін суретшілердің кәсіби дайындық деңгейі маңызды болған жоқ. Оған кәсіби фотографтар да, әуесқойлар да, оның ішінде дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі студенттер де өз жұмыстарын жіберуге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға әлемнің 65 елінен мыңдаған өтінім келіп түскен, ал жүзден астам суреттің иелері түрлі марапатқа ие болды.

Sputnik Қазақстан Aerial Photography Awards 2020 конкурсы жеңімпаздарының туындыларын назарларыңызға ұсынады.

132
  • Aerial Photography Awards 2020 байқауының жеңімпазы, бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдің Абстрактілі Греция суреті. Байқауға биіктен, дрондардың, моторсыз ұшу аппаратының, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратының, әуе шарларының, парашюттердің және басқа да аэромобильді құрылғылардың көмегімен түсірілген жүздеген сурет жиналды

    "Aerial Photography Awards 2020" байқауының жеңімпазы, бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдің "Абстрактілі Греция" суреті. Байқауға биіктен, дрондардың, моторсыз ұшу аппаратының, парашют іспетті жеңіл ұшу аппаратының, әуе шарларының, парашюттердің және басқа да аэромобильді құрылғылардың көмегімен түсірілген жүздеген сурет жиналды

  • Күн шығып келе жатқан кезде түсірілген моторлы қайықтан шыққан түтін, жергілікті вьетнамдық балықшылар бұл қайықпен анчоус аулауға шығады. Фото авторы – People аталымының жеңімпазы – Thien Nguyen.

    Күн шығып келе жатқан кезде түсірілген моторлы қайықтан шыққан түтін, жергілікті вьетнамдық балықшылар бұл қайықпен анчоус аулауға шығады. Фото авторы – People аталымының жеңімпазы – Thien Nguyen.

  • Фин шығанағындағы қар құрсауында жүзіп келе жатқан сауда кемесін ресейлік Александр Сухарев таспаға түсіріп алған. Оны қазылар алқасы Transportation аталымында жеңімпаз деп таныды.

    Фин шығанағындағы қар құрсауында жүзіп келе жатқан сауда кемесін ресейлік Александр Сухарев таспаға түсіріп алған. Оны қазылар алқасы Transportation аталымында жеңімпаз деп таныды.

  • Бұлт торлаған Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен фотожақтау. Constructions аталымында жеңімпаз атанған суретті ливандық фотограф Bachir Moukarzel түсірген.

    Бұлт торлаған Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен фотожақтау. Constructions аталымында жеңімпаз атанған суретті ливандық фотограф Bachir Moukarzel түсірген.

  • Кениялық Натрон мен Мекка көлдерінің тұзды толқындарының үстінде ұшып бара жатқан қоқиқаздар. Nature аталымы бойынша байқауға ұсынылған бұл суретті қытай фотографы Hua Shang тікұшақтан түсірген.

    Кениялық Натрон мен Мекка көлдерінің тұзды толқындарының үстінде ұшып бара жатқан қоқиқаздар. Nature аталымы бойынша байқауға ұсынылған бұл суретті қытай фотографы Hua Shang тікұшақтан түсірген.

  • Австралиялық фотограф  Brad Walls-тің теннис кортының қанық түсі мен сызығы және спортшының мінсіз қозғалысы бейнеленген Sports  аталымындағы Ball Up деп аталатын суреті Aerial Photography Awards 2020-ның қазылар алқасының көңілінен шықты.

    Австралиялық фотограф Brad Walls-тің теннис кортының қанық түсі мен сызығы және спортшының мінсіз қозғалысы бейнеленген Sports аталымындағы Ball Up деп аталатын суреті Aerial Photography Awards 2020-ның қазылар алқасының көңілінен шықты.

  • Бангладештің Богура ауданының тұрғындары тасқын судан зардап шеккен егінді сақтап қалуға тырысуда. Суретті түсірген фотосуретші Azim Khan Ronnie Editorial номинациясында екінші орынға ие болды.

    Бангладештің Богура ауданының тұрғындары тасқын судан зардап шеккен егінді сақтап қалуға тырысуда. Суретті түсірген фотосуретші Azim Khan Ronnie Editorial номинациясында екінші орынға ие болды.

  • Отқа оранған ұшақ – құтқарушы қызметінің мамандары әуе апаты болған маңда жүр. Британдық фотограф  Marc Le Cornu Aerial Photography Awards 2020 байқауының Documentary номинациясын жеңіп алды.

    Отқа оранған ұшақ – құтқарушы қызметінің мамандары әуе апаты болған маңда жүр. Британдық фотограф Marc Le Cornu "Aerial Photography Awards 2020" байқауының Documentary номинациясын жеңіп алды.

  • Шоколад түстес таулармен қоршалған Исландия көлінің мөлдір көк түсі қазылар алқасының көзайымына айналды. Швейцариялық фотограф Sebastian Müller түсірген Skyggnisvatn  деп аталатын сурет Nature номинациясын жеңіп алды.

    The Highlands of Iceland.

  • Бельгиялық фотограф Johan Vandenhecke түсірген қызыл Татакоа шөліндегі тау жыныстарының түзілімдері Abstract аталымында әділқазылардың ықыласына бөленді.

    Бельгиялық фотограф Johan Vandenhecke түсірген қызыл Татакоа шөліндегі тау жыныстарының түзілімдері Abstract аталымында әділқазылардың ықыласына бөленді.

  • Неміс фотографы Joel Jochum энергетикалық компанияның су қоймаларын күн ұясына батып бара жатқан кезде түсірді. Бұл сурет Aerial Photography Awards 2020 байқауын Industrial номинациясы бойынша жүлде алды.

    Неміс фотографы Joel Jochum энергетикалық компанияның су қоймаларын күн ұясына батып бара жатқан кезде түсірді. Бұл сурет Aerial Photography Awards 2020 байқауын Industrial номинациясы бойынша жүлде алды.

  • Балықшы торды көгілдір су айдынына жайып жіберді, ал толқындар теңіз иесінің сұлбасын кездейсоқ жасап шығарады. Вьетнамдық фотограф Duy Sinh бұл суретімен Daily Life аталымында басқалардан оқ бойы озық болды.

    Балықшы торды көгілдір су айдынына жайып жіберді, ал толқындар теңіз иесінің сұлбасын кездейсоқ жасап шығарады. Вьетнамдық фотограф Duy Sinh бұл суретімен Daily Life аталымында басқалардан оқ бойы озық болды.

  • Қойлар ормандағы жерге түскен қызыл жапырақ үстімен жайылымнан қайтып келеді. Түрік фотографы Mehmet Aslan  Forest Path деп аталатын суретімен Trees & forests номинациясында жеңіске жетті.

    Қойлар ормандағы жерге түскен қызыл жапырақ үстімен жайылымнан қайтып келеді. Түрік фотографы Mehmet Aslan Forest Path деп аталатын суретімен Trees & forests номинациясында жеңіске жетті.

  • Британдық фотограф Kyle Vollaers тапқан, аңызға айналған Тақтар ойынындағы Түн Патшасының тәжіне ұқсас мұз айдыны Arctic Paradise деген атаумен Waterscapes номинациясында жеңімпаз атанды.

    Британдық фотограф Kyle Vollaers тапқан, аңызға айналған "Тақтар ойынындағы" Түн Патшасының тәжіне ұқсас мұз айдыны Arctic Paradise деген атаумен Waterscapes номинациясында жеңімпаз атанды.

  • Әуе лайнерінің терезесінен түсірілген көрініс Travel аталымында үздік фото ретінде танылды. Қытайлық фотограф Yiran Dingтің бұл суреті Shanghigh деп аталады.

    Әуе лайнерінің терезесінен түсірілген көрініс Travel аталымында үздік фото ретінде танылды. Қытайлық фотограф Yiran Dingтің бұл суреті Shanghigh деп аталады.

  • Амстел өзеніне түсіп кеткен полиэтилен пакетіне қол созған бала. Канадалық фотограф Ryan Koopmansтың Нидерландыда таспаға түсірген бұл көрінісі Other аталымында жеңіске жетті.

    Амстел өзеніне түсіп кеткен полиэтилен пакетіне қол созған бала. Канадалық фотограф Ryan Koopmansтың Нидерландыда таспаға түсірген бұл көрінісі Other аталымында жеңіске жетті.

  • Бельгиялық фотограф Sebastien Nagyдың Испан кемпірқосағы суреті.  Ол – Aerial Photography Awards 2020 байқауының Cityscapes номинациясының жеңімпазы.

    Снимок Spanish rainbow бельгийского фотографа Sebastien Nagy, победивший в категории Cityscapes конкурса Aerial Photography Awards 2020.

  • Соғыс жаңғырығы. Бельгиялық фотограф Reginald Van de Velde Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция жағалауында суға батып кеткен, мина жойғыш британдық кеме қирандысын таспаға түсіріп алды. Бұл кеме жүз жылдан астам уақыт бойы жағалау құмы астында жатқан, тек жақында ғана жағалаудың кейбір тұсын су шайып кетуіне байланысты жер бетіне шыққан. Сурет Abandoned places аталымын жеңіп алды.

    Соғыс жаңғырығы. Бельгиялық фотограф Reginald Van de Velde Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Франция жағалауында суға батып кеткен, мина жойғыш британдық кеме қирандысын таспаға түсіріп алды. Бұл кеме жүз жылдан астам уақыт бойы жағалау құмы астында жатқан, тек жақында ғана жағалаудың кейбір тұсын су шайып кетуіне байланысты жер бетіне шыққан. Сурет Abandoned places аталымын жеңіп алды.

Небәрі 106 минут: Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына биыл 60 жыл фото

64
(Жаңартылды 17:49 14.04.2021)
Биыл жер бетіндегі алғашқы ғарыш айлағы орналасқан елімізде және әлемде ғарыш күні ерекше аталып өтті

Осы жылы адам баласы ғарышты бағындырғанына 60 жыл толып отыр.

Бұл тарихи оқиға да дәл биылғыдай дүйсенбіге дөп келген еді. Суреттер ғарышқа аттанған Юрий Гагарин мен жердегі адамдардың сезімін, көңіл-күйін толық жеткізе алмайды.

Адамзатқа ғаламшар атмосферасынан тыс кеңістікті зерттеуге мүмкіндік берген Гагариннің жүздеген сағатқа созылған дайындығы мен техниканың даярлануы кадр сыртында қалды.

Оқи отырыңыз: "Ешқашан ұмытылмайды": Олжас Сүлейменов Гагарин, ғарыш және Алматы туралы - видео

Бүгінде бес жүзге жуық адам орбитада болып қайтса да, Гагариннің небәрі 106 минутқа созылған алғашқы ұшуы адамзат үшін үлкен ерлік саналады. 

1961 жылдың 12 сәуіріндегі тарихи оқиға қалай өткені және бүкіл әлем тұңғыш ғарышкерге қандай құрмет көрсеткені туралы суреттер топтамасынан көре аласыздар.

64
  • © AFP 2021

    Тарихтағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1960 жылдың маусымында әйелі Валентина және қызы Еленамен бірге Клязма жағажайындағы демалыста суретке түсуде.

  • © Sputnik

    Юрий Гагарин ғарышкерлерді даярлау орталығында вестибулярлық дайындық кезінде. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.

  • © AFP 2021

    Ғарышкер Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесіне баратын баспалдақта тұр. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.

  • © Sputnik / Aleksander Mokletsov

    Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесінің кабинасында. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.

  • © Sputnik

    Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин басқарған "Восток-1" ғарыш кемесі 1961 жылдың 12 сәуірінде Мәскеу уақыты бойынша 09 сағат 07 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.

  • © Sputnik / Valeriy Shustov

    Ғарышкер Юрий Гагарин (ортада) VIII Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде.

  • © Sputnik

    Куба Республикасы министрлер кеңесінің төрағасы Фидель Кастроның жеке шақыруы бойынша КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагариннің Кубаға келуі. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Гавана қаласының тұрғындарымен амандасып тұр.

  • © Sputnik

    "Восток" ғарыш кемесі қонған жер.

  • © Sputnik / Alexander Mokletsov

    КСРО ұшқыш-ғарышкерлері, Кеңес Одағының Батыры Валерий Быковский (оң жақта), Юрий Гагарин (ортада) және Валентина Терешкова.

  • © Sputnik / Pavel Barashev

    КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Гагариннің Жапония мемлекетіне сапары. Хоккайдо аралының тұрғындары әлемнің тұңғыш ғарышкерін ереше ықыласпен қарсы алуда.

  • © Sputnik

    Әлемдегі тұңғыш кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин телефон арқылы КОКП ОК бірінші хатшысы Никита Сергеевич Хрущевке ғарышқа ұшудың сәтті аяқталғаны туралы хабарлап тұр. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.

  • © Sputnik

    КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Никита Сергеевич Хрущев ғарышкер Юрий Гагаринмен телефон арқылы сөйлесіп тұр.

  • © Sputnik / Pavel Barashev

    КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагарин (сол жақта) бейбітшілікті жақтаушылардың Пагуош митингіне қатысу үшін Канадаға сапары. Ғарышкерді әйгілі америкалық қаржыгер, "Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін" Ленин сыйлығының лауреаты Сайрус Итон шақырды. Юрий Гагарин Итон ханымға сыйлық ұсынып тұр.

  • © AFP 2021

    Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин (оң жақта) 1963 жылдың 28 қыркүйегінде Париждегі Эйфель мұнарасына барған кезде телескоп арқылы қарап тұр.

  • © AP Photo / Bob Dear

    Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин Лондондағы Гайд-Парк қонақ үйіндегі өз құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиында. Ұлыбритания, 1961 жылдың 13 шілдесі.

  • © Sputnik / Aleksander Mokletsov

    КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин КСРО халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде. Ол "Машина жасау" ("Ғарыш") павильонының экспозициясын қызы Ленамен бірге тамашалап тұр. Юрий Гагарин қызына өзі ғарышқа ұшқан "Восток" ғарыш кемесінің түпнұсқасын көрсетуде.

  • © AP Photo

    Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин мен оның әйелі Валентина 1962 жылдың 6 қыркүйегінде Копенгагенде Дания королі Фредерикпен кездесуден кейін.

  • © AP Photo / Bob Dear

    Ұлыбританияның соғыс істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Джон Профумоның әйелі, бұрынғы актриса Валери Хобсон ғарышкер Юрий Гагариннің қолын алуда. 1961 жылдың 11 шілдесінде КСРО-ның Лондондағы елшілігінде ғарышкердің құрметіне арналған қабылдау.

  • © Sputnik / Yuryi Abramochkin

    КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин бір құшақ түймедақпен бірге.

  • © AP Photo

    Ғарышкер Юрий Гагарин Каир маңындағы Гиза пирамидалары орналасқан әйгілі туристік орынға сапары кезінде ежелгі Сфинкс жанында суретке түсіп тұр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр.

Кілт сөздер:
тарих, ғарыш, фото

Биіктігі үш метрге жетеді: Мысырда 3 мың жыл бұрын жоғалған қала табылды фото

111
Ежелгі Мысыр тарихы қайтадан бұқараны елең еткізді – 61-ші ғылыми экспедиция археологтары үлкен қала тапты

Кейбір ғалымдар бұл олжаның басты құндылығы пирамидалар еліне туристердің қызығушылығын қайта ояту мүмкіндігі деп санайды. Ал археологтар болса жоғалып кеткен "Алтын қаланың" ашылуы соңғы онжылдықтардағы ең үлкен айтулы оқиға екеніне сенімді.

Үлкен қала бұған дейін алпысқа жуық халықаралық экспедиция болып қайқан аумақтан табылды. Археологтар Тутанхамон жерленген храмды іздеген. Бұл перғауынның әйгілі саркофагы көп жыл бойы Ежелгі Мысырдың символына айналған болатын. Алайда мамандар әлдеқайда құнды олжаға тап болды.

Оқи отырыңыз: Су астына кеткен көне қалалар – фото

Жас шамасы үш мың жыл деп болжанған қалада қазірдің өзінде көптеген құрылыс табылды. Олардың қабырғаларының биіктігі үш метрге жетеді. Сондай-ақ көне керамиканың сансыз көп үлгісі, адам мәйітінің қалдықтары және жануарлар сүйегі табылды.

Түрлі елдегі мысыртанушы мамандар "Алтын қаланы" зерттеу ежелгімысырлық өркениеттің көп құпиясының бетін ашатынына сенімді.

111
  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Ер адам Луксор жанындағы "Алтын қаладан" табылған затты қолына ұстап тұр.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Перғауын Аменхотеп ІІІ үшін салынған храмды күзететін Мемнон алып мүсіндеріне жақын орналасқан Әл-Карна ауылының жанында тұрған адамдар.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Жұмысшылар Аменхотеп ІІІ билік еткен шақта "Атон дәуірлеуі" деген атауға ие болған 3 мың жылдық тарихы бар қаланың археологиялық қазбалары кезінде табылған тас боп қатқан балықты көтеріп келе жатыр.
    Мысыр миссиясындағы археологтар ежелгі қала қалдықтарын Луксор аумағынан тыс құмнан тапқан. Мамандардың айтуынша бұл шаһар Мысырда анықталған ең ірі археологиялық қазба және ол перғауындардың алтын ғасырына жатады. Танымал мысыртанушы Захи Хавасс "Алтын қала" патшалар алқабы саналатын Луксорға жақын маңайда табылғанын мәлімдеді.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Луксордың батыс жағалауында перғауын Аменхотеп ІІІ үшін салынған храмды күзететін Мемнонның алып екі мүсінінің қирандылар келбеті.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Археологтар "Алтын қаланың" аумағын қазу кезінде адам қалдықтарын тапты.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Мысырдағы Луксор жанындағы "Алтын қаладағы" қазба жұмыстары кезіндегі археологтар олжаларының арасында жануарлар сүйегі де бар. Ол қаланың байырғы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

  • © AP Photo / Mohamed Elshahed

    Жұмысшы "Алтын қала" маңында суретке түсіп тұр. Жақында табылған қала король Рамсес ІІІ пен Аменхотоп ІІІ алып мүсіндерінің ортасында Нілдің батыс жағалауында орналасқан. Қалаға ІІІ Аменхотоп немересі Тутанхамон, кейіннен оның ізін басушы король Эйя билік еткен.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Археологтардың пікірінше, "Алтын қаладағы" қазба орындарынан табылған керамика үлгілері тарихи және мәдени құндылық бола алады.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Ер адам қолына археологтар қалпына келтірген "Алтын қала" олжасы – керамикалық ыдысты ұстап тұр.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Археологтар Луксор жанындағы жоғалып кеткен "Алтын қаладан" жануарлардың сүйектерін де тапты.

  • © AP Photo / Mohamed Elshahed

    Құмда ғайып болған "Алтын қала" аумағы өте үлкен. Археологтардың пікірінше, шаһарға бірнеше перғауын билік еткендіктен ол жиі қайта жасақталып, кеңейтілген.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Жергілікті халық коронавирус пандемиясына қарамастан археологтар жұмысына үлкен қызығушылық білдіруде.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Жергілікті тұрғындар мен туристер үшін "Алтын қала" қазба жұмыстарына жақын маңда табылған экспонаттардың жылжымалы музейін ұйымдастырды.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Жұмысшы мысырлық миссия "Атонның дәуірлеуі" атауына ие болған 3 мың жылдық қаладан табылып қалпына келтірілген керамика ыдысты көтеріп бара жатыр.

  • © AP Photo / Mohamed Elshahed

    Ғалымдардың пікірінше, көне қаланың құпиялары мен қазыналары бойынша тың жаңалықтарды ашуға кемінде он жыл қажет.

Кілт сөздер:
тарих, фото
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

0
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

0
Кілт сөздер:
Украина, Ресей