Шекара жабылып, қатынас шектелген жыл: пандемия кезінде Sputnik түсірген суреттер

144
  • Тверь облыстық клиникалық ауруханасы
  • Нұр-Сұлтанда салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасы
  • Ресей президенті Владимир Путин
  • Ресейлік Спутник V дәрісі
  • Журналист Иван Тулинов пен Елена Шрайбер
  • Барселона қаласындағы балконда сөйлесіп отырған әйелдер
  • Бейжіңнен Толмачево әуежайына (Новосібір) келген S7 Airlines рейсінің бортсеріктері.
  • Италиядан келген Ресей әскери аэроғарыш күштерінің әскери-көлік авиациясының 13-ші ұшағы
  • Алматылық суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов
  • Гонконг қаласының маңындағы метро станциясында медициналық маска таққан адамдар.
  • Коронавирус стилімен амандасу
  • Алматыда әуежай қызметінің дайындығы тексерілді
  • Евгений Аморфистің Дәрігерлерге рахмет деген жазуы бар авторлық граффиті
  • Жолаушылар вагонын дезинфекциялау
  • Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы.
  • Түркиядан келген гуманитарлық көмек Алматы әуежайында ұшақтан түсіріліп жатқан сәт
  • Лондондағы Трафальгар алаңы
  • Көрмеде қорғаныш костюмдерінің үлгісін көрсету.
Желтоқсан айының соңғы онкүндігі өтіп жатыр. Демек, жылды қорытындылайтын кез келді. Бұл жылдың қалай өткенін Sputnik фототілшілерінің суреттер топтамасынан тамашалаңыз

Коронавирус пандемиясы бір жыл ішінде бүкіл әлемді түбегейлі өзгертті.

Адамдар маска тағып, дезинфекция шараларына төзуді үйренді. Тіпті, өзін-өзі оқшаулап, қашықтан байланыс жасауға да бейімделе алды.

Көптеген елдің шекарасы кенеттен жабылып және ол ұзаққа созылды.

Бүкіл әлем тұрғындары көп нәрседен бас тартуға мәжбүр болды. Яғни, дәстүрлі отбасылық мерекелер мен теңізге саяхат немесе үлкен концерттердің көпшілігі кейінге қалдырылды.

Оқи отырыңыз: Қар сиқыры: әлем елдеріндегі қысқы ғажайып көріністер – фото

Сондай-ақ, балалар мен ата-аналардың қашықтан оқыту әдісін игеруден басқа амалы қалмады.

144
  • Тверь облыстық клиникалық ауруханасы
    © Sputnik / Tatiana Makeeva

    Ресейдің Тверь облыстық клиникалық ауруханасындағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарға арналған аурухана қызметкері.

  • Нұр-Сұлтанда салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасы
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Нұр-Сұлтанда салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасы

  • Ресей президенті Владимир Путин
    © Sputnik / Alexei Druzhinin

    Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа күдікті науқастарға арналған Коммунарка кентіндегі ауруханаға барды. 24.03.2020 жыл.

  • Ресейлік Спутник V дәрісі
    © Sputnik / Viktor Tolochko

    Минск қаласындағы №28 емхананың медициналық қызметкері еріктілерді COVID-19-қа қарсы ресейлік "Спутник V" дәрісімен вакцинациялайды. "Спутник V" вакцинасы Ресейде тіркелгеннен кейін Беларусь оның клиникалық сынақтарын бастаған алғашқы ел болды.

  • Журналист Иван Тулинов пен Елена Шрайбер
    © Photo : Предоставлено Иваном Тулиновым

    Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылар сәтте журналист Иван Тулинов пен Елена Шрайбер отбасын құрды.

  • Барселона қаласындағы балконда сөйлесіп отырған әйелдер
    © Sputnik / Jordy Boixareu

    Барселона қаласындағы балконда сөйлесіп отырған әйелдер. Наурызда Испания коронавирустың өлім-жітімі бойынша әлемде екінші орынға шықты. Ал желтоқсанда ол қайғылы рейтинг көрсеткішінде оныншы орында тұр.

  • Бейжіңнен Толмачево әуежайына (Новосібір) келген S7 Airlines рейсінің бортсеріктері.
    © Sputnik / Alexander Kryazhev

    Бейжіңнен Толмачево әуежайына (Новосібір) келген S7 Airlines рейсінің бортсеріктері. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытай билігі Ухань қаласында шыққан тегі белгісіз пневмонияның басталғандығы туралы хабарлады. Бұған дейін аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі – 2019-nCoV екендігі анықталған.

  • Италиядан келген Ресей әскери аэроғарыш күштерінің әскери-көлік авиациясының 13-ші ұшағы
    © Sputnik / Александр Мельников

    Мәскеу облысындағы Чкаловский әскери аэродромында Ломбардия мен Брешия провинциясында коронавирустық инфекциямен күресте Италия Республикасына көмек көрсетуге қатысқан Ресей әскери аэроғарыш күштерінің әскери-көлік авиациясының 13-ші ұшағын қарсы алып жатқан сәт.

  • Алматылық суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов
    © Photo : Предоставлено Тамарой Елфимовой

    Алматылық суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов біртұтас болу мен бір-бірімізге қамқорлық жасаудың, денсаулықты күтудің қаншалықты маңызды екенін ескертетін қабырға суретін салды.
    "Біз қасбеттердің бірінде адамдарға бұл бірінші немесе соңғы пандемия емес екенін түсіндіргіміз келді. Біз қуаныш пен қайғыны өз қолымызбен жасайтынымызды ұмытпауымыз керек", – дейді Тамара Елфимова.

  • Гонконг қаласының маңындағы метро станциясында медициналық маска таққан адамдар.
    © Sputnik / Miguel Сandеla

    Гонконг қаласының маңындағы метро станциясында медициналық маска таққан адамдар.

  • Коронавирус стилімен амандасу
    © Sputnik / Press service of the Ministry of Foreign affairs of the Russian Federation

    Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф (сол жақта) Мәскеудегі кездесу кезінде "коронавирус стилімен" амандасты.

  • Алматыда әуежай қызметінің дайындығы тексерілді
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматыда коронавирусты жұқтырған жолаушылардың келуіне ықтимал әуежай қызметінің дайындығы тексерілді. Жаттығулар нақты оқиғаға барынша жақын жағдайда өткізілді.

  • Евгений Аморфистің Дәрігерлерге рахмет деген жазуы бар авторлық граффиті
    © Sputnik / Vitaliy Timkiv

    Краснодар қаласында 1 мамыр көшесіндегі үй қабырғасына салынған суретші Евгений Аморфистің "Дәрігерлерге рахмет" деген жазуы бар авторлық граффиті.

  • Жолаушылар вагонын дезинфекциялау
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Нұр-Сұлтаннан басқа қалаларға аттанатын "Тальго" жолаушылар вагондарын дезинфекциялау әр рейстің алдында жүзеге асырылады.

  • Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Алматы қаласында коронавирусты жұқтырғандарды емдеуге арналған жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы.

  • Түркиядан келген гуманитарлық көмек Алматы әуежайында ұшақтан түсіріліп жатқан сәт
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Түркиядан келген гуманитарлық көмек Алматы әуежайында ұшақтан түсіріліп жатқан сәт. Жарты тонна дәрі-дәрмек коронавирусты емдеу үшін емханалар мен ауруханаларға жеткізілді.

  • Лондондағы Трафальгар алаңы
    © Sputnik / Gustavo Valiente

    Лондондағы Трафальгар алаңындағы полиция қызметкерлері коронавирусқа қарсы үкіметтің шаралары мен шектеулеріне қарсы наразылық білдірушілерді ұстады.

  • Көрмеде қорғаныш костюмдерінің үлгісін көрсету.
    © Sputnik / Maksim Blinov

    Мәскеудегі "Гостиний двор" сауда-көрме кешенінде "Ұлт денсаулығы – Ресейдің өркендеуінің негізі" атты бүкілресейлік форум көрмесінде қорғаныш костюмдерінің үлгісін көрсету.

Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2418)

Темірден жаралғандар: триатлоннан Қазақстан чемпионаты қалай өтті фото

16
  • Чемпионат Казахстана по триатлону среди профессионалов прошел 12 июня и собрал 60 триатлетов из восьми регионов Казахстана
  • Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров
  • Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров
  • В соревновании TEMIRADAM приняли участие более 200 атлетов из Казахстана, Великобритании, Кыргызстана, России, США, Узбекистана и Украины
  • Спортшылар төрт (Elite, U23, U19, U17) дәреже бойынша жарысқа түсті.
  • Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция
  • После заплыва триатлеты соревнуются в быстроте железных коней
  • Скорая помощь - обязательный атрибут всех соревнований
  • В тот день погода в южной столице стояла нежаркая. Термометры показывали +22°С
  • После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров
  • Спортмен решил отдохнуть и выпить воды
  • После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров
  • Все участники сдали ПЦР-тесты на Covid-19
  • Травмы тоже являются частью больших соревнований
  • Медали кубка TEMIRADAM
  • Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция
  • Поддержать участников пришли их родные и близкие
  • Чествование победителя на финише
Өткен демалыста оңтүстік астанада тритлоншы спортшылар ең жүйрік деген атау үшін жарысқа түсті. Сайран көлінде біруақытта екі спорт шарасы ұйымдастырылды: кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионаты және TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңі

12-13 маусымда Қазақстан мен басқа да елден келген спортшылар қашықтықты еңсерудегі өз күштерін сынап көрді. Sputnik Қазақстан фототілшісі бұл әсерлі шараның қалай өткенін өз көзімен көріп қайтты.

Кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына елдің сегіз өңірінен 60 триатлет қатысты. Олар төрт дәреже (Elite, U23, U19, U17) бойынша спринтерлік қашықтықта бақ сынасты. Аталған қашықтық үш кезеңнен тұрды: 750 метр - жүзу, 20 километр – веложарыс, 5 километр – жүгіру.

Бұл күні Алматыда аптап ыстық басылып, термомтетр +22°С температураны көрсетіп тұрды.

Elite дәрежесі бойынша алтын медальді Ақмола облысынан келген спортшылар иеленді.

Ерлер арасындағы страттың жалпы нәтижесі:

  • Темірлан Теміров (Ақмола облысы) - 58 минут 12 секунд;
  • Мейірлан Ысқақов (Ақмола облысы) - 58 минут 23 секунд;
  • Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы) - 58 минут 28 секунд.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы – елордалық Екатерина Шабалина оқ бойы озық шықты. Нәтижесінде жүлде орындары былай бөлінді:

  • Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан) - 1 сағат 7 минут 27 секунд;
  • Юлия Озерова (Алматы) - 1 сағат 8 минут 53 секунд;
  • Дарья Бычкова (Алматы) - 1 сағат 9 минут 52 секунд.

Өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты чемпионат кейінге қалдырылған болатын. Келесі жарыс енді 17 шілдеде Қостанайда өтеді. Ол жақта стандартты қашықтықта (1 500 метр – жүзу, 40 километр – веложарыс, 10 километр – жүгіру) жарысатын Elite және U23 дәрежесіндегі атлеттер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

TEMIRADAM Кубогіне әлем спортшылары жиналды

Сонымен қатар Алматыда TEMIRADAM Кубогінің ІІ кезеңі өтті. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Алматы облысынан, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарынан 200-ден астам спортшы қатысты. Ашық жарысқа Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан және Украинадан келген шетелдік триатлон әуесқойлары да қатысты.

Жарысқа қатысушылар 750 метр жүзуден, 20 километр веложарысынан және 5 километр жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықта өз күшін сынап көрді.

Оқи отырыңыз: ЕУРО-2020: басты футбол алаңдары қайда орналасқан – фото

Елордалық TriClubNomad клубының спортшысы Дарын Қонысбаев PRO дәрежесінде жарыстың мінсіз жеңімпазы атанып, 1 сағат 0 минут 21 секунд уақыт нәтижесін көрсетті. Ал әйелдер арасында ERG Team спортшысы Надежда Бекмағанбетова 1 сағат 10 минут 9 секунд нәтижемен жеңіске жетті.

Age Group дәрежесінде ерлер арасындағы ең үздік нәтижеге Евгений Азарьев (Алматы) қол жеткізді. Оның уақыты - 1 сағат 5 минут 20 секунд. Осы дәрежеде әйелдер арасындағы жарыста Екатерина Шатнаяның (Алматы) жалпы уақыты 1 сағат 13 минут 55 секундты құрап, ол да жеңімпаз атанды.

Жарысқа қатысқан он үш эстафеталық команданың ішінде құрамында Рифхат Мамаев, Әнуар Ахмади мен Рүстем Амеркешов бар Universal Bicycle Team командасы үздік нәтиже көрсетті.

Айта кету керек, спорт шарасына қатысқандардың барлығы коронавирус жұқтырмағанын дәлелдейтін ПТР-тесті алдын ала тапсырған. Жарысты Қазақстанның триатлон федерациясы ұйымдастырды.

16
  • Чемпионат Казахстана по триатлону среди профессионалов прошел 12 июня и собрал 60 триатлетов из восьми регионов Казахстана
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Кәсіби спортшылар арасындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына елдің сегіз өңірінен 60 триатлоншы қатысты.

  • Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Келесі күні TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңі өтті.

  • Участники испытали свои силы на спринтерской дистанции, которая состояла из заплыва в 750 метров, велоэтапа в 20 километров и забега на 5 километров
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жарысқа қатысушылар 750 метр жүзуден, 20 километр веложарысынан және 5 километр жүгіруден тұратын спринтерлік қашықтықта өз күшін сынап көрді.

  • В соревновании TEMIRADAM приняли участие более 200 атлетов из Казахстана, Великобритании, Кыргызстана, России, США, Узбекистана и Украины
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    TEMIRADAM жарысына Қазақстан, Ұлыбритания, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан және Украинадан келген 200-ден астам спортшы қатысты.

  • Спортшылар төрт (Elite, U23, U19, U17) дәреже бойынша жарысқа түсті.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Спортшылар төрт (Elite, U23, U19, U17) дәреже бойынша жарысқа түсті.

  • Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Чемпионат өтіп жатқан аумақты полиция күзетіп тұрды.

  • После заплыва триатлеты соревнуются в быстроте железных коней
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жүзуден кейін триатлеттер қос дөңгелекті темір тұлпарларының жүйріктігін жарысқа салады.

  • Скорая помощь - обязательный атрибут всех соревнований
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жедел жәрдем – кез келген спорт жарысында болатын "атрибут".

  • В тот день погода в южной столице стояла нежаркая. Термометры показывали +22°С
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бұл күні Алматыда аптап ыстық басылып, термометр +22°С температураны көрсетіп тұрды.

  • После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Спортшылар жүзу және веложарыстан кейін 5 километрді жаяу жүгіріп өтеді.

  • Спортмен решил отдохнуть и выпить воды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Спортшы сәл тыныстап, су ішіп отыр.

  • После заплыва и велогонки спортсменам необходимо пробежать 5 километров
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Оларды расында да темір адам деп санауға болады. Өйткені олар қиын жарыста өз күштерін сынаудан тайсалмайды.

  • Все участники сдали ПЦР-тесты на Covid-19
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    TEMIRADAM Кубогына қатысушылардың барлығы коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсырған.

  • Травмы тоже являются частью больших соревнований
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жарыс кезінде жарақат алу қалыпты жағдай.

  • Медали кубка TEMIRADAM
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    TEMIRADAM Кубогының медальдары.

  • Вокруг места, где проходил чемпионат, дежурила полиция
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Чемпионат аумағында полиция қызметкерлерін жиі кездестіруге болады.

  • Поддержать участников пришли их родные и близкие
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Спортшыларға олардың туыстары мен жақындары қолдау көрсетті.

  • Чествование победителя на финише
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Мәреге жеткен спортшыға құрмет көрсетілуде.

Кілт сөздер:
Алматы, жарыс, спортшылар

Балмұздақ жеген саясаткерлер мен жұлдыздар фото

275
Жаз мезгілінде әрбір адамның сүйіп жейтін асы – балмұздақ. Бұл тәттіні бала да, ересек те қатты ұнатады. Адамзат баласы дәм татқан алғашқы балмұздақ 1786 жылы пайда болған екен

Балмұздақ дәмі адам санасында бейқам балалық шақпен байланысты естеліктерді тудырады. Себебі күнде қол жете бермейтін бұл тәттіні ерекше мерекеде, туған күнде немесе отбасылық демалыста ғана сатып алған.

Балмұздақ миллиардтаған адамның сүйікті тәттісіне айналды. Олардың қатарында танымал саясаткерлер, актерлер мен жұлдыздар, тіпті ханзадалар да бар. Sputnik материалынан балмұздақ жеген сәтінде суретке түсіп қалған танымал тұлғаларды тамашалаңыз.

Балмұздақтың тарихы сонау үш мың жылдан бастау алатыны туралы деректер бар. Оған сәйкес, үш мың жыл бұрын Қытайда мұз, қар мен жеміс бөлшектерінен құралған салқын ас берілген. Кейіннен рецепті аса құпия сақталған сүт пен мұздан дайындалған тағам пайда болған. Сондай-ақ Көне Израиль мен Грецияда да салқын десерттер болған. Олар бүгінгінің мұздатылған сусындарына қатты ұқсас болған.

Еуропада мұздатылған сүт қолданылған рецепт XIV ғасырда ғана пайда болды. Ал Францияда бұл рецепт XVI ғасырда қолданылды деген дерек кездескенімен, классикалық балмұздақ десертін дайындауды француздар екі ғасырдан кейін ғана үйренген.

Ал пломбир атауы Пломбьер-ле-Бем атты өндіріс орнымен байланысты қалыптасып кеткен. Стақандағы балмұздақ та Франциядан шыққан.

Ал эскимоны америкалықтар ХХ ғасырдың басында ойлап тапқан. Христиан Нельсон есімді аспаз балмұздақ сыртын шоколадпен қаптауды үйреніп, мұны "эскимос бәліші" деп атаған. Балмұздаққа арналған вафельді стақан да Америкада пайда болған.

Австрияда шоколдақты балмұздақ, Италияда салқындататын сусын – сорбет пайда болған. Ал КСРО-да балмұздақ 1930-жылдардың ортасында азық-түлік комитетінің төрағасы Анастас Микоянның АҚШ-қа сапарынан кейін шығарыла бастады. Кеңестік кондитерлер бұл десерттің өзіндік құны мейлінше арзан болуына мән беріп, балмұздақ әрбір адам үшін бағасы қолжетімді тәттіге айналуын қамтамасыз етті.

275
  • © AP Photo / Loris Fabbrini

    Италиялық актриса Мария Грация Кучинотта Риминидегі балмұздақ жәрмеңкесінде салқын десерттен дәм татып тұр. 1998 жылдың 24 қаңтары.

  • © AP Photo / Mark J. Terrill

    Кливленд Кавальерс - Лос-Анджелес Лейкерс кездесуінде Дональд Трамп эскимо жеп тұр. Бұл танымал кәсіпкер әлем саясатына қадам басқанға дейін түсірілген фото. 2005 жылдың 13 қаңтары.

  • © AFP 2021 / Christof Stache

    Германия канцлері Ангела Меркель Мюнхендегі халықаралық азық-түлік көрмесінде тәтті дайындаудан чемпион атанған аспаздың қолымен әзірленген балмұздақтың дәмін көруде. 2015 жылдың 13 наурызы.

  • © AP Photo / Jerome Favre

    Гонконг актері әрі әнші Энди Лау All About Love альбомын таныстырғаннан кейін оған фанаттары үлкен ыдысқа салынған балмұздақты тарту етті. 2005 жылдың 23 тамызы.

  • © AFP 2021 / Arthur Edwards

    Уильям ханзада мен оның жұбайы британдық герцогиня Кэтрин Кембриджская Оңтүстік Уэльстегі дәмханалардың бірінде балмұздақ жеп тұр. 2020 жылдың 4 ақпаны.

  • © AFP 2021 / Phil Noble

    Солтүстік Уэльстегі сайлауалды науқан аясындағы кездесуден кейін Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон балмұздақтың көмегімен салқындамақ болды. 2021 жылдың 26 сәуірі.

  • © AFP 2021 / Roberto Schmidt

    Болливуд жұлдызы Карина Капур Нью-Делиде балмұздақты бардың ашылуында эскимо жеп суретке түсті. 2015 жылдың 18 ақпаны.

  • © AFP 2021 / Francesco Pischetola

    Италиялық саясаткер, бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони 2006 жылдың 5 мамырында Неапольде балмұздақтан дәм татып жатыр.

  • © AP Photo / Jay LaPrete

    Джо Байден вице-президент қызметін атқарған кезде Америка шаттарында көп кездесу өткізетін. Суретте ол Огайо штатындағы Колумбус базарындағы дәмхананың бірінде үлкен балмұздақ сатып алып тұр.

  • © Sputnik / Ekaterina Chesnokova

    Omega компаниясының президенті Стивен Уркхарт пен актриса Синди Кроуфорд Мәскеуде OMEGA бутигінің ашылу салтанатында.

  • © AFP 2021 / Peter Nicholls

    Кезінде британдық министрлер кабинетін басқарған Тони Блэр өзіне және мирасқоры Гордон Браунға Гиллингемде балмұздақ сатып алып жатыр. 2005 жылдың 2 мамыры.

  • © AFP 2021 / Justin Sullivan/Getty Images

    АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, президент сайлауына түскен Хиллари Клинтон Нью-Йоркте праймериз қарсаңындағы кездесулер арасында балмұздақ жеп отыр. 2016 жылдың 18 сәуірі.

  • © Sputnik / Aleksey Nikolskyi

    Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық авиағарыш салонымен танысу барысында балмұздақ жеп келеді. 2019 жылдың 27 тамызы.

  • © AFP 2021 / Todd Oren/Getty Images for Mamiye

    Америкалық танымал актриса Белла Торн Лос-Анджелестегі кештердің бірінде балмұздақ жеп тұр. 2013 жылдың 7 қазаны.

  • © AFP 2021 / Saul Loeb

    АҚШ тарихындағы алғашқы қара нәсілді президент Барак Обама қызы Малиямен бірге Гавайи аралдарындағы демалыста балмұздақ жеп отыр. 2010 жылдың 27 желтоқсаны.

Дворец Мира и Согласия

Қазақстанда 17 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 17 маусым – 6 шілде аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Шәмші" спектаклі (Музыкалық жас көрермен театры, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 – Джузеппе Вердидің "Травиата" операсы ("Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Светлые думы" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

21.00 – "Ұйқым келмейді" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Мани, мани" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Примадонны" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "От D.SCH до A.SCH" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Алматыдағы Інжіл кеші" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – "Еще раз о Русалочке" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Светлые думы" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Атамекен" концерті ("Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32).

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "Сиқырлы сазды" хор концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

АЛМАТЫ

12.00 - "Аистенок и Пугало" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Жүрегімнің иесі" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Көңілдес әйел" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 - "3 века классического романса" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 - "Восемь любящих женщин" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

20.00 – "Взломанный" қойылымы (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).  

19 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Еще раз о Русалочке" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

12.00 – "Аффари" бизнес орталығының сахнасында жас көрермендерге арналған "Искусство дарят дети" концерті ("Астана Опера" әртістері)

17.00 - "Жұлдызбен бір сахнада" жобасы. Жобаның басты ерекшелігі - көрермендер музыка жауһарларын сахнада әртістермен бірге тыңдай алады. Жоба аясында "Сал домбыра" офлайн концерті өтеді. Концерттерге тұрғындар Ashyq қосымшасы арқылы кіреді ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел көшесі, 10/1. Гүлнәз Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru. Электронды пошта: infoqazaqconcert@gmail.com).

21.00 – "Ұйқым келмейді" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Коза-Дереза" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

14.00 – "Вождь краснокожих" спектаклі ("ТеатРон" мәдени кеңістігі, Прокофьев көшесі, 144).

15.00 – "Ne prosto orchestra" оркестрі мен хорының орындауындағы "Наруто" және "Аватар" саундтректерінің концерті (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

16.00 – "Каштанка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Соболлини" спектаклі (Ермашов атындағы әуесқой театр, Щепкин көшесі, 35).

18.00 – "Голубцы по объявлению" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).   

18.00 – "Вечер одноактных опер" концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

18.00 – "Osborn" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі, 70/1).

18.00 – "В.А.Моцарттың туғанына 265 жыл" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18.30 – "Махаббат, қызық мол жылдар" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Сыған серенадасы" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "На троих" спектаклі ("ТеатРон" мәдени кеңістігі, Прокофьев көшесі, 144).

20.00 - "я (не) люблю Алматы" спектаклі (BUNKER ART-баспана, Досмұхамедов көшесі, 78а).

21 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

22 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

25 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "На волне романтизма" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

26 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – "Жұлдызбен бір сахнада" атты жаңа жоба. Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ. Жоба аясында "№13" концерті өтеді. Көрермендер концерттік залға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады.  "Қазақконцерт" ОКЗ, Мәңгілік ел 10/1. Гүлназ Асан: +7 701 627 4237, gulnaz_danaqyzy@mail.ru.

5 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

20.00 - "PICCOLO" театрының Гаетано Доницетитеатердің "Дон Паскуале" екі актілі драма-буфасы ("Астана Опера" әртістері).

6 ШІЛДЕГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

Орталық қалалық саябақтың амфитеатр сахнасында мерекелік гала-концерт. Танымал опера ариялары мен дуэттер, қазақстандық авторлардың және Батыс Еуропа классикалық композиторларының ("Астана Опера" музыканттары) аспаптық және хор шығармалары ұсынылады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0