Sputnik Қазақстан фотографтары дауыс беру кезіндегі маңызды сәттің ешбірін қалт жібермеді.
Осы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.
Жаңа жағдайда қазақстандықтардың қалай дауыс бергенін фототоптамадан тамашалаңыз.
Сайлау учаскелері кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істеді де, одан кейін бюллетендерді санау басталды.
Оқи отырыңыз: Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото
Дауыс беру аяқталғаннан кейін екі аптаның ішінде аймақтың сайлау комиссиялары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша сайлау қорытындысы туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы керек.
ОСК жеті күннің ішінде – 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялайды.
Елдің көп аймақтарында сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Жалпы ел аумағында 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
Қорғаныш әйнек, бетперде, медициналық халат пен қолғап – коронавирус пандемиясы кезіндегі міндетті талап. Сайлау учаскелерінде бұл талап қатаң сақталды.
Қазақстанда сайлау комиссиясының мүшелері осындай қорғаныш киімін киюі алғаш рет.
Дауыс беру учаскесіне кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы тексеріліп, қолғаптар берілді.
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді.
"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.
Премьер-министр Асқар Мамин де алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол елордадағы №138 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Әскери оқу орындарындағы курсанттар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери бөлімшелер мен әскери оқу орындарында 19 сайлау учаскесі құрылып, мұнда дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды.
Нұр-Сұлтандағы №144 сайлау учаскесінде неке қидырған жас жұбайлар дауыс берді. Өмірлеріндегі мұндай маңызды күнге қарамастан Фархат Жанбеков пен Ботагөз Қалтаева азаматтық борышын өтеді.
Сайлаушылар учаскелерге балаларымен де келді.
Алматыдағы дауыс берушілер белсенділігі төмен, ал Жамбыл облысындағы дауыс беру көрсеткіші жоғары деңгейде болды.
Осы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.
Сайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар шыны әйнектің арғы жағында отырды.
Дауыс беру кабиналарында санитарлық тазалау тұрақты жүргізіліп тұрды.
Сайлау учаскелерінде әлеуметтік қашықтық сақталды. Ол үшін еденге арнайы белгілер қойылды.
Бюллетеньдерге арналған жәшіктер бөлменің ортасына қойылған. Ал кабиналар бір-бірінен перделермен бөлініп тұрды.
Қазақстан ОСК мәліметі бойынша, дауыс берушілердің жалпы саны 11 миллион 919 мыңнан асуы керек болатын.
Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелердің бірінде бюллетеньдерге арналған сейфтің ашылғаны анықталды.
Елдегі сайлау кезіндегі тәртіпті 40 мыңнан астам құқық қорғаушы бақылады.
Қазақстандағы сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген үш жүзден астам бақылаушы қатысты.
Сағат 20:00-де Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш аяқталды. Себебі, бұл аймақтар басқа уақыт белдеуінде орналасқан.
18 жасқа толған әрбір қазақстандық сайлауға қатыса алды.
Сағат 21:00-де Қазақстанның барлық аймағында дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау басталды.
Қазақстан полигондарында әскерилер арасында әскери оқ атудан оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Бөлімше – бұл негізгі әскери буын. Қорғаныс министрлігіндегілер алға қойылған жауынгерлік міндеттердің тиімді орындалуы бөлімшедегі үйлескен өзара іс-әрекеттестікке байланысты екені белгілі. Сондықтан да бұл үйлесімділікке ерекше назар аударады.
Бөлімшелерді дайындау шынайы оқ ату міндеттерін шешумен ұрыстың түрлі жағдайында тез әрі дұрыс әрекет етуді талап етеді. Ол үшін бөлімше командирлері өз бағынысындағы әскерилерді басқаруға үйрету, жеке құрамның ұрыс даласындағы дағдыларын жетілдіру ісі өте маңызды.
Мұндай дайындықтың соңғы кезеңінде полигондар мен әскери атыс алаңдарындағы оқу-жаттығу кезінде қолданылатын барлық қару түрінен оқ атулар орындалады. Оның ішінде, оқ атудың 30 проценті түнгі уақытқа жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Қыстың кейбір кездері. Қыстың кейбір түстері – фото
Қорғаныс министрінің пікірінше, әскери оқ атулар кезінде фортификациялық құрылымдар мен инженерлік позицияларды жабдықтау бойынша тәжірибелік сабақтарға мән беру керек.
Ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев барлық оқу-жаттығулар мен оқ атулар коронавирустан қорғау және жеке құрамның күйік шалу, үсіп қалу, жарақат алуды болдырмау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалуы керектігін айтады.
"Іле" полигонында дәстүрлі әскери оқ атулар өтті. Ол негізгі әскери буын болып табылатын бөлімшелердің ішінде өзара әрекеттестікті жетілдіруге бағытталған.
Бөлімше алдына қойылған міндеттер пысықталып жатыр.
Әскерилер соғыс жағдайында тез ауысып отыру әрекетін үйреніп жатыр: шабуыл, қорғаныс, айналып өту маневрлерін қолдану және торуылдау кезіндегі әрекеттер.
Әскерилер кез-келген жағдайда барлық нысанды дәл көздеуі керек.
Қорғаныс министрлігінің талаптарына сәйкес, әскери оқ атулардың үштен бірі түнгі уақытта өтеді.
Әскери атыс алаңы мен оқу-жаттығуға арналған тактикалық полигондарда дәстүр бойынша қарудың барлық түрінен оқ атулар орындалып жатыр.
Бөлімшелерді дайындау шынайы ұрыс кезінде өзара әрекеттестіктің үйлесімділігін жетілдіруге, бөлімше командирлерін өз бағынысындағы әскерилерді басқаруға үйретуге, жеке құрамның ұрыс даласындағы дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Әскери оқ атулар кезінде бүркеу әдістері мен түтінді "шымылдық" қолданылады.
Жаттығу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен күрестің жаңа әдістері қолданылады.
Әскери қызметшілер 50-100 метр биіктіктегі ұшқышсыз ұшу аппараттары ретінде орналастырылған нысандарды дөп тиген оқтармен құлатып жатты.
Қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Әскери оқ атулар басталардан бұрын нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтеді.
Бағдарлама бойынша фортификациялық құрылымдар мен инженерлік позицияларды жабдықтау бойынша сабақ өтеді.
Әскерилер соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстарды талдаудан кейін десанттық-шабуылдау әскерінде әзірленген іс-әрекеттерді пысықтады. Қорғаныс министрлігіндегілер әскердің соғысқа дайындығын айтарлықтай арттырып қана қоймай, жеке құрамның шығынын да азайтуға ықпал етеді деп санайды.
Өлім жазасы Американың 28 штатында қолданылады. Мұндай жаза түрін АҚШ-та сирек кездеседі деуге болмас. Әйтсе де, әрбір мұндай жағдайға қоғам назар аударады. Кісі қанын жауыздықпен мойнына жүктегендерді құбыжық деп атайды.
Ал қорғаушылар болса, бұл кісілерге аяушылық танытып, ауыр жаза қолданбауды сұрайды. Себебі, адвокаттардың айтуынша, олардың барлығы дерлік бала кезінде зорлық көрген немесе психикалық ауытқуға ұшырағандар.
Олардың өмір тарихы жаға ұстататыны сөзсіз. Тіпті, кино түсіріп, кітап жазуға негіз болады. Сондай бір кинотуындының бірі "Монстр" деп аталады. Фильмде басты рөлді танымал актриса Шарлиз Терон сомдаған.
Оқи отырыңыз: Саяси көшбасшылардың ит-мысығы қандай – фото
2019 жылдың маусымында АҚШ-та өлім жазасын федералдық деңгейде қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды. Ол кезде балаларды өлтірген және зорлаған төрт қылмыскер өлім жазасына кесілді. Бүгінде федералдық түрмелерде ең ауыр жаза түрінде үкім шыққан елуден астам қылмыскер отыр.
Америкалық әйелдердің қайсысы және қандай қылмысы үшін сот үкімімен өмірімен қош айтысқаны туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Эйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк әйел атанды. "Түнгі көбелек" өз клиенттерін асқан жауыздықпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. 1990-шы жылдары көшеде жезөкшелікпен айналысқан ол жеті ер адамды тонап, өлтірген. Уорнос өзін-өзі қорғау мақсатында осындай әрекетке барғанын айтқан. Себебі, оның құрбандары Уорносты зорламақ болған. 2003 жылы режиссер және сценарист Пэтти Дженкинстің Эйлин Уорнос өмірінің желісі бойынша түсірілген "Монстр" атты өмірбаяндық драмасы жарық көрді. Фильмдегі басты рөлді актриса Шарлиз Терон ойнады. Кейіннен ол ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды.
Лиза Монтгомери АҚШ-та жүкті әйелді аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Монтгомеридің адвокаттары оның туа біткен ми ақауы бар екенін және өгей әкесі жасаған жыныстық зорлық салдарынан психикалық аурумен ауырғанын алға тартты. Ол 2021 жылдың 13 қаңтарында федералды түрмеде өлім жазасына кесілді. Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді.
Фотода - Техас штатында өлім жазасына кесілген әйелдер.
Ванда Джин Аллен бірге тұратын 29 жастағы әйелді өлтіргені үшін АҚШ-та өлім жазасына кесілді. Бұл 1954 жылдан бері өлім жазасына кесілген бірінші афроамерикалық әйел және 1977 жылдан бері АҚШ аумағында өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртқаннан кейін ең ауыр жаза қолданылған алтыншы әйел.
Вельма Барфилд – америкалық "сериялық" кісі өлтіруші. Ол өзінің азаматтық күйеуі мен тағы бірнеше адамды күшәламен улап өлтіргені үшін айыпталды. Барфилдке қатысты үкім 1984 жылдың 2 қарашасында Солтүстік Каролинада орындалды.
Кристина Риггс өзінің 5 және 2 жастағы балаларын өлтірген. Оған улы дәрі егу арқылы өлім жазасы жүзеге асты. Өлер алдында Риггс "енді мен бұрыннан қалағанымдай өз балаларыммен бірге бола аламын" деді. Сот кезінде адвокаттар Кристинаның депрессияға шалдыққанын айтты.
38 жастағы Карла Фэй Такер екі көршісін балғамен ұрып өлтіргені үшін кесілген үкімнің орындалуын 14 жыл бойы күтті. Өлім жазасын орындау үшін оны орындыққа байлау және улы дәрігі егу кезінде қылмыскер әйел күліп жатқан. Оның қылмысты орындау кезінде ләззат алғаны туралы мәлімдемесі ұлттық деңгейдегі дауға айналды.
Кимберли Маккарти өзінің 71 жастағы көршісі Дороти Бутты тонап, асқан жауыздықпен өлтіргені үшін ауыр жазаға тартылды. Тергеу Маккарти егде жастағы әйелден қант сұрау үшін үйіне кіріп, оған аур дене жарақаттарын салған. Маккарти тағы екі қарт адамды өлтірді деген болжам да болды. Маккартидің өлім жазасы штат тарихындағы осы тектес 500-ші жаза болды.
Бетти Лу Битсті өзінің күйеулерін өлтіргені үшін "қара әйел" деп атады. Тергеу мәліметі бойынша, ол 5 күйеуін о дүниелік еткен. Өлім жазасын орындау кезінде 62 жастағы Битстің бес баласы, тоғыз немересі және алты шөбересі болған. Полиция Битс өз күйеуін сақтандыру қаражаты үшін өлтірді деп санайды. Оның қорғаушылары "қара әйел" бала кезден физикалық және сексуалдық зорлық көріп келгенін айтып, оған жеңіл жаза қолдануды сұрады. Бірақ, сот оған өлім жазасын қолдану туралы шешім қабылдап, үкім 2000 жылдың ақпанында орындалды.
Тереза Льюис 2002 жылы күйеуі мен өгей баласын сақтандыру қаражаты үшін өлтірмек болғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл қылмыстық іс АҚШ пен басқа елдерде де резонансты жағдайға айналды. 1976 жылы АҚШ-та өлім жазасы қайта қолданысқа енгізілгеннен бері ең ауыр жазаға кесілген 12-ші әйел. Оған улы дәрі егілген. Үкімді жүзеге асыру кезінде түрме маңына отыздан аса дам жиналып, соттың ең ауыр жаза қолодануына қарсылық акциясын ұйымдастырды.
Линда Лион Блок полиция қызметкерін өлтіргені үшін электр орындығында өлтірілді. Ол бұл қылмысты күйеуімен бірге жүзеге асырған. Сот кезінде ерлі-зайыптылар бұл өзін-өзі қорғау болғанын айтқан. Олардың екеуі де өлім жазасына кесілді. Блок 1976 жылдан бері өлім жазасына кесілген 14 әйелдің екіншісі болды.
Фрэнсис Ньютон күйеуі мен екі баласын өлтіргені үшін улы дәрі көмегімен сот үкімі орындалды. Ол өз құрбандарының өлімі үшін 100 мың доллар көлемінде сақтандыру ақысын алуды жоспарлаған. Ол АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен бері Техас штатында өлім жазасына кесілген бірінші қара нәсілді әйел болды.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин жуырда ғана АҚШ президенті қызметіне кіріскен Джо Байденмен алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей басшысы әріптесін жаңа лауазымдық қызметінің басталуымен құттықтады.
Путин Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру екі елдің мүддесіне сай келетінін, халықаралық қоғамдастық пен әлемдегі қауіпсіздітің әрі тұрақтылықтың сақталуында жауапкершілігі зор екенін атап өтті.
"Сондай-ақ, Ресей мен АҚШ көшбасшысы СНВ-3 келісімін ұзарту бойынша дипломатиялық ноталар алмасқанына "қанағаттанатындығын" білдірді", – делінген хабарламада.
Путин мен Байден қазіргі кездегі екіжақты және халықаралық мәселелерді талқылап, коронавирусқа қарсы күресте және басқа салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
"Халықаралық тақырыптар арасында АҚШ-тың "Ашық аспан" келісімінен біржақты шығуы, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын сақтау проблемасы, Украинаның ішкі реттелуі, сондай-ақ Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің саммитін өткізу туралы бастамасы сынды мәселелер қозғалды", – деп атап өткен Кремль.
Тараптар арасындағы жалпы әңгіме іскерлік бағытта және ашық өрбіген.
Оқи отырыңыз: Путин зәулім сарай туралы сұраққа жауап берді
Бұған дейін Путин АҚШ президенті Джо Байденді тәжірибелі саясаткер деп атаған болатын.
"Ол өте тәжірибелі адам және өмір бойы саясатта болған. "Патшаны оның нөкерлері жасайды" деген қағидаға сүйенсек, ендігі мәселе оның маңайында қандай команда қалай құрылуына байланысты", – деді Путин Байденмен қарым-қатынасына қатысты сауалға жауап беру барысында.
Айта кетейік, 2021 жылы 20 қаңтарда Джо Байден ант беріп, АҚШ президенті қызметіне кірісті.