Адуынды жануар мен адамдар арасындағы көне дәстүрлер фото

82
  • Bous a la Mar (испан тілінен аударғанда теңіздегі өгіздер) фестивалі
  • Кайян округіндегі коррида
  • Коста-Рикадағы Fiesta de los Diablitos кішкентай ібілістер фестивалі
  • Эфиопияның оңтүстік бөлігінде хамар тайпасынан шыққан ер адам өгіз үстінен секіру салтанатына қатысып жатыр
  • Памплондағы Сан-Фермин фестивалінде өгіздермен жарысу.
  • Yawar Fiesta фестивалінің атауы көне кечуа тілінде қан фестивалі
  • Испанияның Лусон атты шағын ауылындағы карнавал кезінде құбыжық бейнесіндегі адам ауыл тұрғындарының бетіне бояу жағып тұр.
  • Канзас-Ситидегі Professional Bull Riders өгіздерді ерттеп мінген кәсіби шабандоздардың родеосы.
  • Португалияның солтүстігіндегі Ламегода өткен карнавал кезіндегі көрініс.
  • Вьетнамдағы өгіздер жекпе-жегінде жеңімпаз болған өгіз бен оның иесі
  • Су өгіздері жылдамдықпен жарысуға қабілетті
  • Өгіз костюмін киген карнавал қатысушысы
Әлемде кеңінен танылған испан корридасы қазіргі кезде қоғам тарапынан көптеген сынға ұшырағанымен, адуынды жануармен байланысты ойындар Испанияда ғана өтпейді

Ғаламшарда қанша мемлекет болса, сол елде тұратын халықтың өз салты, өз дәстүрі бар. Бұл дәстүрлер түрлі жануарларды қасиетті жаратылыс санап, онымен тығыз байланысты ырымдардың, фестивальдер мен мерекелердің қалыптасуына ықпал етеді. Мәселен, қазақ жылқыны қасиет дарыған жануар деп таныса, үнділердің сиырға көрсетер құрметінде шек жоқ. Ал піл Таиландтың ұлттық символы болып табылады.

Сонымен қатар, әлемнің түрлі елінде өгіздермен байланысты сан алуан фестиваль мен ойындар қалыптасқаны баршаға аян.

Соның ішінде ең танымалы – испан корридасы. Қазіргі уақытта қоғам тарапынан үлкен сынға ұшырап жатқанымен, адуынды жануар қатысатын ойындар Испанияда ғана өтпейді.

Оқи отырыңыз: Шығыстың нәзік сиқыры: іш биін билейтін қыздардың суреті

Әлемнің түрлі елінде адамдар мен өгіздерді қандай салт-дәстүр байланыстыратынын төмендегі суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

82
  • Bous a la Mar (испан тілінен аударғанда теңіздегі өгіздер) фестивалі
    © AP Photo / Fernando Hernandez

    Bous a la Mar (испан тілінен аударғанда "теңіздегі өгіздер") фестивалі шілде айында Дения қаласында өтеді. Оның басты ерекшелігі – өгіздер Маркес-де-Кампо қаласының басты көшесімен жағалауға қарай жарыса жүгіреді. Жүрек жұтқан жігіттер жануарлармен бірге теңізге секіреді. Бұл дәстүр олар үшін қауіпсіз. Жануарға да зиян келмейді. Теңізге секірген барлық өгіз жағалауға шығарылады.

  • Кайян округіндегі коррида
    © AP Photo / Xinhua/Peng Nian

    Мяо халқының өкілдері Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясындағы Кайян округіндегі корридада. Ашатұяқтылардың жекпе-жегін тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен келеді. Мұндағы өгіздер Испаниядағы корридадағыдай құрбанға айналмайды. Яғни, бұлар басқа уақытта күріш алқабында жұмыс жасайтын "әуесқойлар". Жекпе-жек алдында олардың бұлшықеттеріне жаттығу жасалып, ұрыс кезінде жануарға қауіп төнсе, оларды дереу ажыратады.

  • Коста-Рикадағы Fiesta de los Diablitos кішкентай ібілістер фестивалі
    © AFP 2019 / Rodrigo Arangua

    Коста-Рикадағы Fiesta de los Diablitos кішкентай ібілістер фестивалі ретінде өткенімен, оның шынайы мәні Бабалар рухының фестиваліне ұқсайды. Бұл іс-шара ежелгі брунка тайпалары тұратын Борук пен Рей Карре ауылында өтеді. Фестивальде бетперде мен түрлі кейіпте костюмдер киіп брунка тайпасының испандық конкистадорларды жеңгенін атап өтеді. Ер адамдар diablitos немесе бабалар рухы ретінде киініп, ал енді бірі испандық басқыншыларды бейнелейтін өгіз мүсінін бейнелеген.

  • Эфиопияның оңтүстік бөлігінде хамар тайпасынан шыққан ер адам өгіз үстінен секіру салтанатына қатысып жатыр
    © AFP 2019 / Carl De Souza

    Эфиопияның оңтүстік бөлігінде хамар тайпасынан шыққан ер адам өгіз үстінен секіру салтанатына қатысып жатыр. Секірудің мұндай дәстүрі бірнеше мыңжылдықтан бері жалғасып келеді. Осындай батылдықтан кейін жас жігіттерге некеге тұруға рұқсат беріледі. Ер адам қатар тізілген өгіздердің үстінен төрт рет жүріп өтуі керек. Ал егер аяғы тайып өгіздердің арасына құлап түссе, қайта бастайды. Өгіздердің үстінен жүріп өте алмағандар ауылынан қуылып, мазаққа айналады және ол кейін әйелсіз қалуы мүмкін.

  • Памплондағы Сан-Фермин фестивалінде өгіздермен жарысу.
    © Sputnik / Alejandro Martinez Velez

    Памплондағы Сан-Фермин фестивалінде өгіздермен жарысу. Мойнына қызыл орамал байлаған жігіттер қала көшесінде адуынды өгіздерден қашу арқылы жылдамдық пен икемділікті және төдімділікті паш етеді. Бұл кинематографистер үшін ең сүйікті шаралардың бірі. Өгізбен жарысу көптеген кинотуындыларда көрсетілген. Соның қатарында "№17 аңыз" фильмі бар.

  • Yawar Fiesta фестивалінің атауы көне кечуа тілінде қан фестивалі
    © AP Photo / Silvia Izquierdo

    Yawar Fiesta фестивалінде испандық өгіздер арқасына байланған айдарлы құмайлармен "жекпе-жекке" түседі. Бұл Перуді испан басқыншыларынан азат етуді бейнелейді. Жалпы Yawar Fiesta фестивалінің атауы көне кечуа тілінде "қан фестивалі" дегенді білдіреді.

  • Испанияның Лусон атты шағын ауылындағы карнавал кезінде құбыжық бейнесіндегі адам ауыл тұрғындарының бетіне бояу жағып тұр.
    © AP Photo / Daniel Ochoa De Olza

    Беті-қолына қара май жағып, басына өгіз мүйізін тағып, беліне сиыр қоңырауын байлаған ібілісті бейнелеуші адам. Испанияның Лусон атты шағын ауылындағы карнавал кезінде құбыжық бейнесіндегі адам ауыл тұрғындарының бетіне бояу жағып тұр.

  • Канзас-Ситидегі Professional Bull Riders өгіздерді ерттеп мінген кәсіби шабандоздардың родеосы.
    © AP Photo / Colin E. Braley

    Канзас-Ситидегі Professional Bull Riders өгіздерді ерттеп мінген кәсіби шабандоздардың родеосы.

  • Португалияның солтүстігіндегі Ламегода өткен карнавал кезіндегі көрініс.
    © AP Photo / Francisco Seco

    Португалияның Лагоа ауылындағы өгіз бетпердесін тағып, карнавал костюмін киген сайқымазақтар жаяу жүргіншілерді қорқытуда. Португалияның солтүстігіндегі Ламегода өткен карнавал кезіндегі көрініс.

  • Вьетнамдағы өгіздер жекпе-жегінде жеңімпаз болған өгіз бен оның иесі
    © AP Photo / Hau Dinh

    Вьетнамдағы өгіздер жекпе-жегінде жеңімпаз болған өгіз бен оның иесі. Өгіздер жекпе-жегі бұл елдегі ауыл шаруашылық дәстүрлерінен бастау алады. Аренаға жіберілген жануарлардың қайсысы қарсыласын жеңіп, оны қуа алса, сол жеңімпаз атанады. Алайда, соңғы жылдары шараның қатігездікке толы болуына байланысты фестиваль жергілікті халықтың наразылығын тудыруда.

  • Су өгіздері жылдамдықпен жарысуға қабілетті
    © AP Photo / Sakchai Lalit

    Су өгіздері жылдамдықпен жарысуға қабілетті. Ал лай шашылған тас жол жарысты одан сайын қызықты ете түседі. Сонымен қатар, су өгіздері – енекелер жер қазу жұмыстарында таптырмас еңбек күші. Бірақ олардың мінезі тұқымдастарына қарағанда өзгеше. Олар басын ғана судан шығарып жатқанды жақсы көреді.

  • Өгіз костюмін киген карнавал қатысушысы
    © AP Photo / Bob Edme

    Өгіз костюмін киген карнавал қатысушысы. Баск елінің Сантимаминье, Сагастигорри, Коваирадеа үңгірінің жанында қызыл түсті сиыр мен көзі алабұртқан бұзау немесе өгіздер жиі кездеседі. Бұл – Beigorri қамқоршысы әрі аймақ қорғаушысы. Жануаржың мұндай бейнесі осы өңірдегі үңгірлерден табылған көп суреттерде көптеп кездезеді.

Кілт сөздер:
салт-дәстүр, адам

Ақ қар, көк мұзда оқ ату: қазақстандық әскерилердің оқу-жаттығуы қалай өтеді фото

29
(Жаңартылды 18:15 26.01.2021)
  • Іле полигонындағы дәстүрлі әскери оқу-жаттығу
  • Бөлімше алдына қойылған міндеттер пысықталып жатыр.
  • На полигоне Илийский прошли боевые стрельбы
  • Әскерилер кез-келген жағдайда барлық нысанды дәл көздеуі керек.
  • Оқ атулардың үштен бірі түнгі уақытта өтеді
  • Қарудың барлық түрінен оқ атулар орындалып жатыр
  • Бөлімшелердегі дайындық
  • Әскери оқ атулар кезінде бүркеу әдістері мен түтінді шымылдық қолданылады.
  • Жаттығу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен күрестің жаңа әдістері қолданылады.
  • Нысандарды атып құлату
  • Қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Әскери оқ атулар басталардан бұрын нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтеді.
  • Бағдарлама бойынша фортификациялық құрылымдар мен инженерлік позицияларды жабдықтау бойынша сабақ өтеді.
  • Әскерилер соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстарды талдаудан кейін десанттық-шабуылдау әскерінде әзірленген іс-әрекеттерді пысықтады
Қорғаныс министрінің пікірінше, әскери оқ атулар кезінде фортификациялық құрылымдар мен инженерлік позицияларды жабдықтау бойынша тәжірибелік сабақтарға мән беру керек

Қазақстан полигондарында әскерилер арасында әскери оқ атудан оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Бөлімше – бұл негізгі әскери буын. Қорғаныс министрлігіндегілер алға қойылған жауынгерлік міндеттердің тиімді орындалуы бөлімшедегі үйлескен өзара іс-әрекеттестікке байланысты екені белгілі. Сондықтан да бұл үйлесімділікке ерекше назар аударады.

Бөлімшелерді дайындау шынайы оқ ату міндеттерін шешумен ұрыстың түрлі жағдайында тез әрі дұрыс әрекет етуді талап етеді. Ол үшін бөлімше командирлері өз бағынысындағы әскерилерді басқаруға үйрету, жеке құрамның ұрыс даласындағы дағдыларын жетілдіру ісі өте маңызды.

Мұндай дайындықтың соңғы кезеңінде полигондар мен әскери атыс алаңдарындағы оқу-жаттығу кезінде қолданылатын барлық қару түрінен оқ атулар орындалады. Оның ішінде, оқ атудың 30 проценті түнгі уақытқа жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Қыстың кейбір кездері. Қыстың кейбір түстері – фото

Қорғаныс министрінің пікірінше, әскери оқ атулар кезінде фортификациялық құрылымдар мен инженерлік позицияларды жабдықтау бойынша тәжірибелік сабақтарға мән беру керек.

Ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев барлық оқу-жаттығулар мен оқ атулар коронавирустан қорғау және жеке құрамның күйік шалу, үсіп қалу, жарақат алуды болдырмау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалуы керектігін айтады.

29
  • Іле полигонындағы дәстүрлі әскери оқу-жаттығу
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    "Іле" полигонында дәстүрлі әскери оқ атулар өтті. Ол негізгі әскери буын болып табылатын бөлімшелердің ішінде өзара әрекеттестікті жетілдіруге бағытталған.

  • Бөлімше алдына қойылған міндеттер пысықталып жатыр.
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Бөлімше алдына қойылған міндеттер пысықталып жатыр.

  • На полигоне Илийский прошли боевые стрельбы
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Әскерилер соғыс жағдайында тез ауысып отыру әрекетін үйреніп жатыр: шабуыл, қорғаныс, айналып өту маневрлерін қолдану және торуылдау кезіндегі әрекеттер.

  • Әскерилер кез-келген жағдайда барлық нысанды дәл көздеуі керек.
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Әскерилер кез-келген жағдайда барлық нысанды дәл көздеуі керек.

  • Оқ атулардың үштен бірі түнгі уақытта өтеді
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Қорғаныс министрлігінің талаптарына сәйкес, әскери оқ атулардың үштен бірі түнгі уақытта өтеді.

  • Қарудың барлық түрінен оқ атулар орындалып жатыр
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Әскери атыс алаңы мен оқу-жаттығуға арналған тактикалық полигондарда дәстүр бойынша қарудың барлық түрінен оқ атулар орындалып жатыр.

  • Бөлімшелердегі дайындық
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Бөлімшелерді дайындау шынайы ұрыс кезінде өзара әрекеттестіктің үйлесімділігін жетілдіруге, бөлімше командирлерін өз бағынысындағы әскерилерді басқаруға үйретуге, жеке құрамның ұрыс даласындағы дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

  • Әскери оқ атулар кезінде бүркеу әдістері мен түтінді шымылдық қолданылады.
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Әскери оқ атулар кезінде бүркеу әдістері мен түтінді "шымылдық" қолданылады.

  • Жаттығу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен күрестің жаңа әдістері қолданылады.
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Жаттығу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен күрестің жаңа әдістері қолданылады.

  • Нысандарды атып құлату
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Әскери қызметшілер 50-100 метр биіктіктегі ұшқышсыз ұшу аппараттары ретінде орналастырылған нысандарды дөп тиген оқтармен құлатып жатты.

  • Қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Әскери оқ атулар басталардан бұрын нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтеді.
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Әскери оқ атулар басталардан бұрын нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтеді.

  • Бағдарлама бойынша фортификациялық құрылымдар мен инженерлік позицияларды жабдықтау бойынша сабақ өтеді.
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Бағдарлама бойынша фортификациялық құрылымдар мен инженерлік позицияларды жабдықтау бойынша сабақ өтеді.

  • Әскерилер соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстарды талдаудан кейін десанттық-шабуылдау әскерінде әзірленген іс-әрекеттерді пысықтады
    © Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана

    Әскерилер соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстарды талдаудан кейін десанттық-шабуылдау әскерінде әзірленген іс-әрекеттерді пысықтады. Қорғаныс министрлігіндегілер әскердің соғысқа дайындығын айтарлықтай арттырып қана қоймай, жеке құрамның шығынын да азайтуға ықпал етеді деп санайды.

Кілт сөздер:
әскерилер, оқу-жаттығулар

АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйелдер кімдер фото

1330
(Жаңартылды 16:02 26.01.2021)
  • Эйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк-әйел атанды
  • Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді
  • Фотода - Техас штатында өлім жазасына кесілген әйелдер.
  • Ванда Джин Аллен бірге тұратын 29 жастағы әйелді өлтіргені үшін АҚШ-та өлім жазасына кесілді. Бұл 1954 жылдан бері өлім жазасына кесілген бірінші афроамерикалық әйел және 1977 жылдан бері АҚШ аумағында өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртқаннан кейін ең ауыр жаза қолданылған алтыншы әйел.
  • Вельма Барфилд – америкалық сериялық кісі өлтіруші. Ол өзінің азаматтық күйеуі мен тағы бірнеше адамды күшәламен улап өлтіргені үшін айыпталды. Барфилдке қатысты үкім 1984 жылдың 2 қарашасында Солтүстік Каролинада орындалды.
  • Кристина Риггс өзінің 5 және 2 жастағы балаларын өлтірген. Оған улы дәрі егу арқылы өлім жазасы жүзеге асты. Өлер алдында Риггс енді мен бұрыннан қалағанымдай өз балаларыммен бірге бола аламын деді. Сот кезінде адвокаттар Кристинаның депрессияға шалдыққанын айтты.
  • 38 жастағы Карла Фэй Такер екі көршісін балғамен ұрып өлтіргені үшін кесілген үкімнің орындалуын 14 жыл бойы күтті. Өлім жазасын орындау үшін оны орындыққа байлау және улы дәрігі егу кезінде қылмыскер әйел күліп жатқан. Оның қылмысты орындау кезінде ләззат алғаны туралы мәлімдемесі ұлттық деңгейдегі дауға айналды.
  • Кимберли Маккарти өзінің 71 жастағы көршісі Дороти Бутты тонап, асқан жауыздықпен өлтіргені үшін ауыр жазаға тартылды. Тергеу Маккарти егде жастағы әйелден қант сұрау үшін үйіне кіріп, оған аур дене жарақаттарын салған. Маккарти тағы екі қарт  адамды өлтірді деген болжам да болды. Маккартидің өлім жазасы штат тарихындағы осы тектес 500-ші жаза болды.
  • Бетти Лу Битсті өзінің күйеулерін өлтіргені үшін қара әйел деп атады. Тергеу мәліметі бойынша, ол 5 күйеуін о дүниелік еткен. Өлім жазасын орындау кезінде 62 жастағы Битстің бес баласы, тоғыз немересі және алты шөбересі болған. Полиция Битс өз күйеуін сақтандыру қаражаты үшін өлтірді деп санайды. Оның қорғаушылары қара әйел бала кезден физикалық және сексуалдық зорлық көріп келгенін айтып, оған жеңіл жаза қолдануды сұрады. Бірақ, сот оған өлім жазасын қолдану туралы шешім қабылдап, үкім 2000 жылдың ақпанында орындалды.
  • Тереза Льюис 2002 жылы күйеуі мен өгей баласын сақтандыру қаражаты үшін өлтірмек болғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл қылмыстық іс АҚШ пен басқа елдерде де резонансты жағдайға айналды. 1976 жылы АҚШ-та өлім жазасы қайта қолданысқа енгізілгеннен бері ең ауыр жазаға кесілген 12-ші әйел. Оған улы дәрі егілген. Үкімді жүзеге асыру кезінде түрме маңына отыздан аса дам жиналып, соттың ең ауыр жаза қолодануына қарсылық акциясын ұйымдастырды.
  • Линда Лион Блок полиция қызметкерін өлтіргені үшін электр орындығында өлтірілді. Ол бұл қылмысты күйеуімен бірге жүзеге асырған. Сот кезінде ерлі-зайыптылар бұл өзін-өзі қорғау болғанын айтқан. Олардың екеуі де өлім жазасына кесілді. Блок 1976 жылдан бері өлім жазасына кесілген 14 әйелдің екіншісі болды.
  • Фрэнсис Ньютон күйеуі мен екі баласын өлтіргені үшін улы дәрі көмегімен сот үкімі орындалды. Ол өз құрбандарының өлімі үшін 100 мың доллар көлемінде сақтандыру ақысын алуды жоспарлаған. Ол АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен бері Техас штатында өлім жазасына кесілген бірінші қара нәсілді әйел болды.
Олар өмірін өлім камерасында аяқтаған адамдар. Көпшілігі бірнеше рет асқан қатыгездікпен жасаған қылмысы үшін ең ауыр жазаға кесілген жандар

Өлім жазасы Американың 28 штатында қолданылады. Мұндай жаза түрін АҚШ-та сирек кездеседі деуге болмас. Әйтсе де, әрбір мұндай жағдайға қоғам назар аударады. Кісі қанын жауыздықпен мойнына жүктегендерді құбыжық деп атайды.

Ал қорғаушылар болса, бұл кісілерге аяушылық танытып, ауыр жаза қолданбауды сұрайды. Себебі, адвокаттардың айтуынша, олардың барлығы дерлік бала кезінде зорлық көрген немесе психикалық ауытқуға ұшырағандар.

Олардың өмір тарихы жаға ұстататыны сөзсіз. Тіпті, кино түсіріп, кітап жазуға негіз болады. Сондай бір кинотуындының бірі "Монстр" деп аталады. Фильмде басты рөлді танымал актриса Шарлиз Терон сомдаған.

Оқи отырыңыз: Саяси көшбасшылардың ит-мысығы қандай – фото

2019 жылдың маусымында АҚШ-та өлім жазасын федералдық деңгейде қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды. Ол кезде балаларды өлтірген және зорлаған төрт қылмыскер өлім жазасына кесілді. Бүгінде федералдық түрмелерде ең ауыр жаза түрінде үкім шыққан елуден астам қылмыскер отыр.

Америкалық әйелдердің қайсысы және қандай қылмысы үшін сот үкімімен өмірімен қош айтысқаны туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

1330
  • Эйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк-әйел атанды
    © AP Photo / Doug Engle

    Эйлин Уорнос АҚШ-тағы Лавиния Фишерден кейінгі екінші маньяк әйел атанды. "Түнгі көбелек" өз клиенттерін асқан жауыздықпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. 1990-шы жылдары көшеде жезөкшелікпен айналысқан ол жеті ер адамды тонап, өлтірген. Уорнос өзін-өзі қорғау мақсатында осындай әрекетке барғанын айтқан. Себебі, оның құрбандары Уорносты зорламақ болған. 2003 жылы режиссер және сценарист Пэтти Дженкинстің Эйлин Уорнос өмірінің желісі бойынша түсірілген "Монстр" атты өмірбаяндық драмасы жарық көрді. Фильмдегі басты рөлді актриса Шарлиз Терон ойнады. Кейіннен ол ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды.

  • Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді
    © REUTERS / Courtesy of Attorneys for Lisa Montgomery

    Лиза Монтгомери АҚШ-та жүкті әйелді аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Монтгомеридің адвокаттары оның туа біткен ми ақауы бар екенін және өгей әкесі жасаған жыныстық зорлық салдарынан психикалық аурумен ауырғанын алға тартты. Ол 2021 жылдың 13 қаңтарында федералды түрмеде өлім жазасына кесілді. Лиза Монтгомери өлім жазасына кесілген кезде 52 жаста еді.

  • Фотода - Техас штатында өлім жазасына кесілген әйелдер.
    © AP Photo

    Фотода - Техас штатында өлім жазасына кесілген әйелдер.

  • Ванда Джин Аллен бірге тұратын 29 жастағы әйелді өлтіргені үшін АҚШ-та өлім жазасына кесілді. Бұл 1954 жылдан бері өлім жазасына кесілген бірінші афроамерикалық әйел және 1977 жылдан бері АҚШ аумағында өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртқаннан кейін ең ауыр жаза қолданылған алтыншы әйел.
    © AP Photo / J. Pat Carter

    Ванда Джин Аллен бірге тұратын 29 жастағы әйелді өлтіргені үшін АҚШ-та өлім жазасына кесілді. Бұл 1954 жылдан бері өлім жазасына кесілген бірінші афроамерикалық әйел және 1977 жылдан бері АҚШ аумағында өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртқаннан кейін ең ауыр жаза қолданылған алтыншы әйел.

  • Вельма Барфилд – америкалық сериялық кісі өлтіруші. Ол өзінің азаматтық күйеуі мен тағы бірнеше адамды күшәламен улап өлтіргені үшін айыпталды. Барфилдке қатысты үкім 1984 жылдың 2 қарашасында Солтүстік Каролинада орындалды.
    © AP Photo

    Вельма Барфилд – америкалық "сериялық" кісі өлтіруші. Ол өзінің азаматтық күйеуі мен тағы бірнеше адамды күшәламен улап өлтіргені үшін айыпталды. Барфилдке қатысты үкім 1984 жылдың 2 қарашасында Солтүстік Каролинада орындалды.

  • Кристина Риггс өзінің 5 және 2 жастағы балаларын өлтірген. Оған улы дәрі егу арқылы өлім жазасы жүзеге асты. Өлер алдында Риггс енді мен бұрыннан қалағанымдай өз балаларыммен бірге бола аламын деді. Сот кезінде адвокаттар Кристинаның депрессияға шалдыққанын айтты.
    © AP Photo / Chris Johnson

    Кристина Риггс өзінің 5 және 2 жастағы балаларын өлтірген. Оған улы дәрі егу арқылы өлім жазасы жүзеге асты. Өлер алдында Риггс "енді мен бұрыннан қалағанымдай өз балаларыммен бірге бола аламын" деді. Сот кезінде адвокаттар Кристинаның депрессияға шалдыққанын айтты.

  • 38 жастағы Карла Фэй Такер екі көршісін балғамен ұрып өлтіргені үшін кесілген үкімнің орындалуын 14 жыл бойы күтті. Өлім жазасын орындау үшін оны орындыққа байлау және улы дәрігі егу кезінде қылмыскер әйел күліп жатқан. Оның қылмысты орындау кезінде ләззат алғаны туралы мәлімдемесі ұлттық деңгейдегі дауға айналды.
    © AP Photo

    38 жастағы Карла Фэй Такер екі көршісін балғамен ұрып өлтіргені үшін кесілген үкімнің орындалуын 14 жыл бойы күтті. Өлім жазасын орындау үшін оны орындыққа байлау және улы дәрігі егу кезінде қылмыскер әйел күліп жатқан. Оның қылмысты орындау кезінде ләззат алғаны туралы мәлімдемесі ұлттық деңгейдегі дауға айналды.

  • Кимберли Маккарти өзінің 71 жастағы көршісі Дороти Бутты тонап, асқан жауыздықпен өлтіргені үшін ауыр жазаға тартылды. Тергеу Маккарти егде жастағы әйелден қант сұрау үшін үйіне кіріп, оған аур дене жарақаттарын салған. Маккарти тағы екі қарт  адамды өлтірді деген болжам да болды. Маккартидің өлім жазасы штат тарихындағы осы тектес 500-ші жаза болды.
    © AFP 2019 / HO / Texas DOCJ

    Кимберли Маккарти өзінің 71 жастағы көршісі Дороти Бутты тонап, асқан жауыздықпен өлтіргені үшін ауыр жазаға тартылды. Тергеу Маккарти егде жастағы әйелден қант сұрау үшін үйіне кіріп, оған аур дене жарақаттарын салған. Маккарти тағы екі қарт адамды өлтірді деген болжам да болды. Маккартидің өлім жазасы штат тарихындағы осы тектес 500-ші жаза болды.

  • Бетти Лу Битсті өзінің күйеулерін өлтіргені үшін қара әйел деп атады. Тергеу мәліметі бойынша, ол 5 күйеуін о дүниелік еткен. Өлім жазасын орындау кезінде 62 жастағы Битстің бес баласы, тоғыз немересі және алты шөбересі болған. Полиция Битс өз күйеуін сақтандыру қаражаты үшін өлтірді деп санайды. Оның қорғаушылары қара әйел бала кезден физикалық және сексуалдық зорлық көріп келгенін айтып, оған жеңіл жаза қолдануды сұрады. Бірақ, сот оған өлім жазасын қолдану туралы шешім қабылдап, үкім 2000 жылдың ақпанында орындалды.
    © AFP 2019 / Texas Department of Corrections

    Бетти Лу Битсті өзінің күйеулерін өлтіргені үшін "қара әйел" деп атады. Тергеу мәліметі бойынша, ол 5 күйеуін о дүниелік еткен. Өлім жазасын орындау кезінде 62 жастағы Битстің бес баласы, тоғыз немересі және алты шөбересі болған. Полиция Битс өз күйеуін сақтандыру қаражаты үшін өлтірді деп санайды. Оның қорғаушылары "қара әйел" бала кезден физикалық және сексуалдық зорлық көріп келгенін айтып, оған жеңіл жаза қолдануды сұрады. Бірақ, сот оған өлім жазасын қолдану туралы шешім қабылдап, үкім 2000 жылдың ақпанында орындалды.

  • Тереза Льюис 2002 жылы күйеуі мен өгей баласын сақтандыру қаражаты үшін өлтірмек болғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл қылмыстық іс АҚШ пен басқа елдерде де резонансты жағдайға айналды. 1976 жылы АҚШ-та өлім жазасы қайта қолданысқа енгізілгеннен бері ең ауыр жазаға кесілген 12-ші әйел. Оған улы дәрі егілген. Үкімді жүзеге асыру кезінде түрме маңына отыздан аса дам жиналып, соттың ең ауыр жаза қолодануына қарсылық акциясын ұйымдастырды.
    © AP Photo / Steve Helber

    Тереза Льюис 2002 жылы күйеуі мен өгей баласын сақтандыру қаражаты үшін өлтірмек болғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл қылмыстық іс АҚШ пен басқа елдерде де резонансты жағдайға айналды. 1976 жылы АҚШ-та өлім жазасы қайта қолданысқа енгізілгеннен бері ең ауыр жазаға кесілген 12-ші әйел. Оған улы дәрі егілген. Үкімді жүзеге асыру кезінде түрме маңына отыздан аса дам жиналып, соттың ең ауыр жаза қолодануына қарсылық акциясын ұйымдастырды.

  • Линда Лион Блок полиция қызметкерін өлтіргені үшін электр орындығында өлтірілді. Ол бұл қылмысты күйеуімен бірге жүзеге асырған. Сот кезінде ерлі-зайыптылар бұл өзін-өзі қорғау болғанын айтқан. Олардың екеуі де өлім жазасына кесілді. Блок 1976 жылдан бері өлім жазасына кесілген 14 әйелдің екіншісі болды.
    © AFP 2019 / Alabama Department of Corrections

    Линда Лион Блок полиция қызметкерін өлтіргені үшін электр орындығында өлтірілді. Ол бұл қылмысты күйеуімен бірге жүзеге асырған. Сот кезінде ерлі-зайыптылар бұл өзін-өзі қорғау болғанын айтқан. Олардың екеуі де өлім жазасына кесілді. Блок 1976 жылдан бері өлім жазасына кесілген 14 әйелдің екіншісі болды.

  • Фрэнсис Ньютон күйеуі мен екі баласын өлтіргені үшін улы дәрі көмегімен сот үкімі орындалды. Ол өз құрбандарының өлімі үшін 100 мың доллар көлемінде сақтандыру ақысын алуды жоспарлаған. Ол АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен бері Техас штатында өлім жазасына кесілген бірінші қара нәсілді әйел болды.
    © AP Photo / Pat Sullivan

    Фрэнсис Ньютон күйеуі мен екі баласын өлтіргені үшін улы дәрі көмегімен сот үкімі орындалды. Ол өз құрбандарының өлімі үшін 100 мың доллар көлемінде сақтандыру ақысын алуды жоспарлаған. Ол АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезінен бері Техас штатында өлім жазасына кесілген бірінші қара нәсілді әйел болды.

Кілт сөздер:
АҚШ, өлім жазасы
Құбырдан аққан су

Қостанай облысында су мұнарасы опырылып құлады

0
(Жаңартылды 09:31 27.01.2021)
Нысанның не себепті ортасынан опырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Байғабыл елді мекенінде су мұнарасы құлап, ауыл тұрғындары сусыз сергелдеңге түсіп отыр, деп хабарлайды AstanaTV арнасы.

Ал нысанның тұрғызылғанына алты-ақ жыл болған екен.

Ауылға орталықтандырылған су желісін тартуға 156 миллион теңге жұмсалған. 2014 жылдан бері тәулік бойы тоқтаусыз ауыз су пайдаланып келген бұқара енді тығырыққа тірелді.

Қазір ауылда тәулігіне 4 сағат қана су беріледі. Жергілікті билік осылайша тұрғындарды мүлдем сусыз қалдырмаудың қамына кіріскен.

Оқи отырыңыз: Қостанайда су құрамы қауіпті бұлақ көздері анықталды

Ал су мұнарасы құлаған күні қатты жел болмаған. Нысанның не себепті ортасынан опырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді.

"Арнайы комиссия келіп тексеріп қарады. Бірақ ешқандай тұжырым жасаған жоқ. Не себепті құлағанын ешкім айта алмайды. Қазір оның себебін білу үшін темірін кесіп алып сараптамаға береміз. Содан кейін ғана белгілі болады. Біз үшін қазір халықты сумен қамтамасы зету басты мақсат. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап көрсетті аудан әкімі Әмірхан Асанов.  

0
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, су
Тақырып бойынша
Ауылдағы ауыз су бағасы өзгереді – заң президентке жіберілді
Қапшағай мұз құрсауында – су қоймасының таңғажайып видеосы
Нұр-Сұлтанда көпір құлады – фото
Су кодексіне түзету енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды
Оралда шомылатын ойықтан су алмақ болған ер адам көз жұмды