Саяси көшбасшылардың ит-мысығы қандай фото

127
  • Джо Байден төбеті Мейджормен бірге
  • Мишель Обама мен Джо Байденнің әйелі Джилл Чемп атты итімен бірге.
  • Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерннің Пэддлс атты мысығы.
  • Ресей президенті Владимир Путин өзінің иті Юмэмен бірге.
  • Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин асыл тұқымға жатпайтын қара түсті иті Торимен бірге
  • Франция президенті Эммануэль Макрон Немо атты төбетімен бірге.
  • Чехияның бірінші ханымы Ивана Земанова өзінің иті Дарсиді қолында ұстап тұр.
  • Финляндия президенті Саули Ниинисто Хельсинкиде өзінің бостондық терьері Леннамен бірге серуендеп жүр.
  • Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак Куала-Лумпурдағы өз резиденциясында мысығы Кикимен бірге суретке түсіп жатыр.
  • АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишельдің екі португалдық су иті болған. Олар – Бо және Санни.
  • Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Ларри атты мысығы
  • АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның Сокс атты мысығы мен Бадди есімді иті болған.
  • Американың тағы бір экс-президенті Джордж Буштың шотландық терьері – Барни есімді иті
  • Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің әйелі Дорис Шредер Ганноверде Холли атты итімен бірге серуендеп жүр. Ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетті.
  • Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху иті Кайямен бірге.
Владимир Путин иттерді жақсы көреді, ал Дональд Трамп Ақ үйге ит кіргізген емес. Джо Байден сүйікті төбетін жануарларға арналған үйден алған, ал Борис Джонсон мысықты британдық премьерлер резиденциясына жайғастырды

Әлемнің ең мықты көшбасшылары мен саясаткерлері өз қызметінде түрлі жағдайды бастан кешіреді. Кейде қатаң шешім қабылдайтын кездер де жиі болады. Бұл мінез мызғымастығы мен күшті жігерді талап етеді. Әйтсе, дәл осы саяси саңлақтар, ел билігін қолына ұстаған азаматтар ит пен мысық десе көңілі бөлек, жүрегі жұмсақ. Себебі, олар да ет пен сүйектен жаралған адам.

Олар да қиын жұмыс күнінен кейін үйге оралғанда, мысығының пырылын естіп, итінің алдынан құйрығын бұлғаңдата жүгіріп шығатын үй жылулығы мен жайлылығын сезінгісі келеді.

Бүгінгі фототоптамада –  танымал саясаткерлердің үй жануарлары. Кейде бұл жануарлар өз иелерінен кем түспейтін танымалдыққа ие болады.

Мысалы, президент Владимир Путин резиденциясында 15 жыл бойы Конни атты лабрадор өмір сүрді. Ол "Огонек" журналындағы комикстердің жұлдызды кейіпкері болды. Ол қаза болған соң, ресейлік көшбасшының қарауында болгариялық овчарка Баффи мен акита-ину Юмэ қалды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың 45-ші президенті: Дональд Трамп қандай әрекеттерімен есте қалды – фото

Ал Ақ үйде төрт жылдық үзілістен кейін қайтадан үй жануарлары пайда болды. Бұл – АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің неміс овчаркалары Чемпион мен Мейджор. Алдыңғы көшбасшы Дональд Трамп көпжылдық дәстүрге қарамастан, Ақ үйге ит, мысық кіргізуге қарсы болды.

Фототоптамадан АҚШ президенті Барак Обама мен Билл Клинтон, Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн, Финляндия көшбасшысы Саули Ниинисто, Францияның мемлекет басшысы Эммануэль Макронның сүйікті үй жануарларын көруге болады.

127
  • Джо Байден төбеті Мейджормен бірге

    АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден төбеті Мейджормен бірге. Саясаткер бұл итті 2018 жылы Делавэрдегі Delaware Humane Association жануарлар үйінен алған. Америкалық БАҚ атап өткендей, бұл жануарлар үйіндегі ит алғаш рет АҚШ президентінің жұмыс кабинетінде тұрақтайтын болады.

  • Мишель Обама мен Джо Байденнің әйелі Джилл Чемп атты итімен бірге.
    © AFP 2021 / Saul Loeb

    АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама және АҚШ вице-президенті Джо Байденнің әйелі Джилл Чемп атты итімен бірге.

  • Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерннің Пэддлс атты мысығы.

    Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерннің Пэддлс атты мысығы. Ол 2017 жылы көлік астына түсіп, көз жұмды.

  • Ресей президенті Владимир Путин өзінің иті Юмэмен бірге.
    © Sputnik / Aleksei Druzhinin

    Ресей президенті Владимир Путин өзінің иті Юмэмен бірге. 2012 жылы бұл үй жануарын Ресей көшбасшысына Жапонияның солтүстік префектурасының губернаторы Норихиса Сатакэ елдегі жойқын жер сілкінісі мен цунами салдарын жоюға көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде сыйлаған.

  • Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин асыл тұқымға жатпайтын қара түсті иті Торимен бірге
    © AFP 2021 / The Blue House

    Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин асыл тұқымға жатпайтын қара түсті иті Торимен бірге Сеулдегі президент резиденциясында тұрған сәт. Иттің алдыңғы иесі бұл жануарлардың етін тамақ ретінде жеп келген қарт адам. Мемлекет басшысы кәнден итті жануарлар үйінен алып қалған.

  • Франция президенті Эммануэль Макрон Немо атты төбетімен бірге.
    © AFP 2021 / Ludovic Marin

    Франция президенті Эммануэль Макрон Немо атты төбетімен бірге. Үй жануарының тұқымы – лабрадор мен гриффон буданы.

  • Чехияның бірінші ханымы Ивана Земанова өзінің иті Дарсиді қолында ұстап тұр.

    Чехияның бірінші ханымы Ивана Земанова өзінің иті Дарсиді қолында ұстап тұр. Итке Джейн Остиннің "Тәкаппарлық пен жалған сенім" кітабындағы кейіпкердің құрметіне Дарси деген ат берілген.

  • Финляндия президенті Саули Ниинисто Хельсинкиде өзінің бостондық терьері Леннамен бірге серуендеп жүр.
    © AFP 2021 / Markku Ulander / Lehtikuva

    Финляндия президенті Саули Ниинисто Хельсинкиде өзінің бостондық терьері Леннамен бірге серуендеп жүр.

  • Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак Куала-Лумпурдағы өз резиденциясында мысығы Кикимен бірге суретке түсіп жатыр.
    © AFP 2021 / Manan Vatsyayana

    Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак Куала-Лумпурдағы өз резиденциясында мысығы Кикимен бірге суретке түсіп жатыр.

  • АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишельдің екі португалдық су иті болған. Олар – Бо және Санни.
    © AP Photo / Ron Edmonds

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мен оның әйелі Мишельдің екі португалдық су иті болған. Олар – Бо және Санни.

  • Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Ларри атты мысығы
    © AFP 2021 / Chris J Ratcliffe

    Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Ларри атты мысығы. Ларриді жануарлар үйінен алып, 2011 жылы сол кездегі Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның резиденциясына орналастырды. Ұлыбритания үшін бұл дәстүрге айналған. XV ғасырдан бастап мысықтар билеушілердің резиденциясында тұрады.

  • АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның Сокс атты мысығы мен Бадди есімді иті болған.
    © AP Photo / Ruth Fremson

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның Сокс атты мысығы мен Бадди есімді иті болған.

  • Американың тағы бір экс-президенті Джордж Буштың шотландық терьері – Барни есімді иті
    © AP Photo / J. Scott Applewhite

    Американың тағы бір экс-президенті Джордж Буштың шотландық терьері – Барни есімді ит сегіз жыл бойы Ақ үйде иесімен бірге тұрып, 2013 жылы қайтыс болды. Сондай-ақ, Буштың Техастағы фермада тұратын тағы екі иті мен сиыры болған.

  • Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің әйелі Дорис Шредер Ганноверде Холли атты итімен бірге серуендеп жүр. Ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетті.
    © AP Photo / Fabian Bimmer

    Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредердің әйелі Дорис Шредер Ганноверде Холли атты итімен бірге серуендеп жүр. Ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетті.

  • Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху иті Кайямен бірге.

    Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху иті Кайямен бірге. Үкімет басшысының жанұясы бұл итті 2015 жылы жануарлар үйінен алған.

Кілт сөздер:
мысық, ит, саясаткерлер

Небәрі 106 минут: Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына биыл 60 жыл фото

64
(Жаңартылды 17:49 14.04.2021)
Биыл жер бетіндегі алғашқы ғарыш айлағы орналасқан елімізде және әлемде ғарыш күні ерекше аталып өтті

Осы жылы адам баласы ғарышты бағындырғанына 60 жыл толып отыр.

Бұл тарихи оқиға да дәл биылғыдай дүйсенбіге дөп келген еді. Суреттер ғарышқа аттанған Юрий Гагарин мен жердегі адамдардың сезімін, көңіл-күйін толық жеткізе алмайды.

Адамзатқа ғаламшар атмосферасынан тыс кеңістікті зерттеуге мүмкіндік берген Гагариннің жүздеген сағатқа созылған дайындығы мен техниканың даярлануы кадр сыртында қалды.

Оқи отырыңыз: "Ешқашан ұмытылмайды": Олжас Сүлейменов Гагарин, ғарыш және Алматы туралы - видео

Бүгінде бес жүзге жуық адам орбитада болып қайтса да, Гагариннің небәрі 106 минутқа созылған алғашқы ұшуы адамзат үшін үлкен ерлік саналады. 

1961 жылдың 12 сәуіріндегі тарихи оқиға қалай өткені және бүкіл әлем тұңғыш ғарышкерге қандай құрмет көрсеткені туралы суреттер топтамасынан көре аласыздар.

64
  • © AFP 2021

    Тарихтағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1960 жылдың маусымында әйелі Валентина және қызы Еленамен бірге Клязма жағажайындағы демалыста суретке түсуде.

  • © Sputnik

    Юрий Гагарин ғарышкерлерді даярлау орталығында вестибулярлық дайындық кезінде. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.

  • © AFP 2021

    Ғарышкер Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесіне баратын баспалдақта тұр. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.

  • © Sputnik / Aleksander Mokletsov

    Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесінің кабинасында. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.

  • © Sputnik

    Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин басқарған "Восток-1" ғарыш кемесі 1961 жылдың 12 сәуірінде Мәскеу уақыты бойынша 09 сағат 07 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.

  • © Sputnik / Valeriy Shustov

    Ғарышкер Юрий Гагарин (ортада) VIII Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде.

  • © Sputnik

    Куба Республикасы министрлер кеңесінің төрағасы Фидель Кастроның жеке шақыруы бойынша КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагариннің Кубаға келуі. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Гавана қаласының тұрғындарымен амандасып тұр.

  • © Sputnik

    "Восток" ғарыш кемесі қонған жер.

  • © Sputnik / Alexander Mokletsov

    КСРО ұшқыш-ғарышкерлері, Кеңес Одағының Батыры Валерий Быковский (оң жақта), Юрий Гагарин (ортада) және Валентина Терешкова.

  • © Sputnik / Pavel Barashev

    КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Гагариннің Жапония мемлекетіне сапары. Хоккайдо аралының тұрғындары әлемнің тұңғыш ғарышкерін ереше ықыласпен қарсы алуда.

  • © Sputnik

    Әлемдегі тұңғыш кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин телефон арқылы КОКП ОК бірінші хатшысы Никита Сергеевич Хрущевке ғарышқа ұшудың сәтті аяқталғаны туралы хабарлап тұр. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.

  • © Sputnik

    КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Никита Сергеевич Хрущев ғарышкер Юрий Гагаринмен телефон арқылы сөйлесіп тұр.

  • © Sputnik / Pavel Barashev

    КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагарин (сол жақта) бейбітшілікті жақтаушылардың Пагуош митингіне қатысу үшін Канадаға сапары. Ғарышкерді әйгілі америкалық қаржыгер, "Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін" Ленин сыйлығының лауреаты Сайрус Итон шақырды. Юрий Гагарин Итон ханымға сыйлық ұсынып тұр.

  • © AFP 2021

    Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин (оң жақта) 1963 жылдың 28 қыркүйегінде Париждегі Эйфель мұнарасына барған кезде телескоп арқылы қарап тұр.

  • © AP Photo / Bob Dear

    Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин Лондондағы Гайд-Парк қонақ үйіндегі өз құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиында. Ұлыбритания, 1961 жылдың 13 шілдесі.

  • © Sputnik / Aleksander Mokletsov

    КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин КСРО халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде. Ол "Машина жасау" ("Ғарыш") павильонының экспозициясын қызы Ленамен бірге тамашалап тұр. Юрий Гагарин қызына өзі ғарышқа ұшқан "Восток" ғарыш кемесінің түпнұсқасын көрсетуде.

  • © AP Photo

    Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин мен оның әйелі Валентина 1962 жылдың 6 қыркүйегінде Копенгагенде Дания королі Фредерикпен кездесуден кейін.

  • © AP Photo / Bob Dear

    Ұлыбританияның соғыс істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Джон Профумоның әйелі, бұрынғы актриса Валери Хобсон ғарышкер Юрий Гагариннің қолын алуда. 1961 жылдың 11 шілдесінде КСРО-ның Лондондағы елшілігінде ғарышкердің құрметіне арналған қабылдау.

  • © Sputnik / Yuryi Abramochkin

    КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин бір құшақ түймедақпен бірге.

  • © AP Photo

    Ғарышкер Юрий Гагарин Каир маңындағы Гиза пирамидалары орналасқан әйгілі туристік орынға сапары кезінде ежелгі Сфинкс жанында суретке түсіп тұр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр.

Кілт сөздер:
тарих, ғарыш, фото

Биіктігі үш метрге жетеді: Мысырда 3 мың жыл бұрын жоғалған қала табылды фото

111
Ежелгі Мысыр тарихы қайтадан бұқараны елең еткізді – 61-ші ғылыми экспедиция археологтары үлкен қала тапты

Кейбір ғалымдар бұл олжаның басты құндылығы пирамидалар еліне туристердің қызығушылығын қайта ояту мүмкіндігі деп санайды. Ал археологтар болса жоғалып кеткен "Алтын қаланың" ашылуы соңғы онжылдықтардағы ең үлкен айтулы оқиға екеніне сенімді.

Үлкен қала бұған дейін алпысқа жуық халықаралық экспедиция болып қайқан аумақтан табылды. Археологтар Тутанхамон жерленген храмды іздеген. Бұл перғауынның әйгілі саркофагы көп жыл бойы Ежелгі Мысырдың символына айналған болатын. Алайда мамандар әлдеқайда құнды олжаға тап болды.

Оқи отырыңыз: Су астына кеткен көне қалалар – фото

Жас шамасы үш мың жыл деп болжанған қалада қазірдің өзінде көптеген құрылыс табылды. Олардың қабырғаларының биіктігі үш метрге жетеді. Сондай-ақ көне керамиканың сансыз көп үлгісі, адам мәйітінің қалдықтары және жануарлар сүйегі табылды.

Түрлі елдегі мысыртанушы мамандар "Алтын қаланы" зерттеу ежелгімысырлық өркениеттің көп құпиясының бетін ашатынына сенімді.

111
  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Ер адам Луксор жанындағы "Алтын қаладан" табылған затты қолына ұстап тұр.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Перғауын Аменхотеп ІІІ үшін салынған храмды күзететін Мемнон алып мүсіндеріне жақын орналасқан Әл-Карна ауылының жанында тұрған адамдар.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Жұмысшылар Аменхотеп ІІІ билік еткен шақта "Атон дәуірлеуі" деген атауға ие болған 3 мың жылдық тарихы бар қаланың археологиялық қазбалары кезінде табылған тас боп қатқан балықты көтеріп келе жатыр.
    Мысыр миссиясындағы археологтар ежелгі қала қалдықтарын Луксор аумағынан тыс құмнан тапқан. Мамандардың айтуынша бұл шаһар Мысырда анықталған ең ірі археологиялық қазба және ол перғауындардың алтын ғасырына жатады. Танымал мысыртанушы Захи Хавасс "Алтын қала" патшалар алқабы саналатын Луксорға жақын маңайда табылғанын мәлімдеді.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Луксордың батыс жағалауында перғауын Аменхотеп ІІІ үшін салынған храмды күзететін Мемнонның алып екі мүсінінің қирандылар келбеті.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Археологтар "Алтын қаланың" аумағын қазу кезінде адам қалдықтарын тапты.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Мысырдағы Луксор жанындағы "Алтын қаладағы" қазба жұмыстары кезіндегі археологтар олжаларының арасында жануарлар сүйегі де бар. Ол қаланың байырғы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

  • © AP Photo / Mohamed Elshahed

    Жұмысшы "Алтын қала" маңында суретке түсіп тұр. Жақында табылған қала король Рамсес ІІІ пен Аменхотоп ІІІ алып мүсіндерінің ортасында Нілдің батыс жағалауында орналасқан. Қалаға ІІІ Аменхотоп немересі Тутанхамон, кейіннен оның ізін басушы король Эйя билік еткен.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Археологтардың пікірінше, "Алтын қаладағы" қазба орындарынан табылған керамика үлгілері тарихи және мәдени құндылық бола алады.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Ер адам қолына археологтар қалпына келтірген "Алтын қала" олжасы – керамикалық ыдысты ұстап тұр.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Археологтар Луксор жанындағы жоғалып кеткен "Алтын қаладан" жануарлардың сүйектерін де тапты.

  • © AP Photo / Mohamed Elshahed

    Құмда ғайып болған "Алтын қала" аумағы өте үлкен. Археологтардың пікірінше, шаһарға бірнеше перғауын билік еткендіктен ол жиі қайта жасақталып, кеңейтілген.

  • © REUTERS / Amr Abdallah Dalsh

    Жергілікті халық коронавирус пандемиясына қарамастан археологтар жұмысына үлкен қызығушылық білдіруде.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Жергілікті тұрғындар мен туристер үшін "Алтын қала" қазба жұмыстарына жақын маңда табылған экспонаттардың жылжымалы музейін ұйымдастырды.

  • © AFP 2021 / Khaled Desouki

    Жұмысшы мысырлық миссия "Атонның дәуірлеуі" атауына ие болған 3 мың жылдық қаладан табылып қалпына келтірілген керамика ыдысты көтеріп бара жатыр.

  • © AP Photo / Mohamed Elshahed

    Ғалымдардың пікірінше, көне қаланың құпиялары мен қазыналары бойынша тың жаңалықтарды ашуға кемінде он жыл қажет.

Кілт сөздер:
тарих, фото
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

0
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

0
Кілт сөздер:
Украина, Ресей