"Алтын қима": сұлулық қалай өлшенетінін білесіз бе фото

309
Көне грек Парфенонынан бастап Сальвадор Дали туындыларына дейінгі адамзаттың таңғаларлық шығармашалық дүниелерінен табылған "алтын қима", "алтын пропорция" немесе "алтын қатынас" деген ұғым жайлы не білесіз? 

Суретшілер, ғалымдар, сәнгерлер, дизайнерлер алтын қима қатынасын басшылыққа ала отырып, өз есептері мен сызбаларын әзірлейді. Шығармашылық тұлғалар алтын қима қатынасы бойынша адам денесіндегі өлшемді қолдануында жиі кездеседі. Леонардо Да Винчи мен Ле Корбюзье де дәл осы әдісті қолданған. 

Жалпы, "алтын қима" пропорциясын ең алдымен мысырлықтар байқаған. Бұл қиманы алу үшін берілген кесіндіні оның үлкен бөлігі сол кесінді мен оның кіші бөлігінің пропорционал ортасы болатындай етіп екі бөлікке бөлу керек. Бұл пропорция барлық кезде 1,618 деген мәнге теңеседі екен. Бір оқығанда жаңылтпаш секілді бұл қағида әлемде ең қазу талқыланатын теорияға айналғалы қашан.

Мүсіншілер мен сәулетшілер алтын қиманы ғажайып үйлесім деп санағандықтан, оны өз туындыларында қолданған. Біздің денеміздегі түрлі бөліктердің пропорциясы алтын қимаға жақын мәндес санды құрайды. Егер, оның пропорциясы "алтын қима" формуласына сәйкес келсе, ол адамның денесін немесе сырт келбетін мінсіз деп санауға болады. 

Әлемдегі қай танымал жұлдыздардың сырт келбеті немесе пішіні осы мінсіздік өлшеміне сай келетінін фотолентадан көріңіз.

309
  • © AP Photo / Joel C Ryan / Invision

    Лондондағы Brit Awards 2020 шарасындағы актриса Мишель Киган

  • © AFP 2021 / Paul Edwards / Pool

    Сассекс герцогинясы Меган Лондондағы зәулім сарайда Endeavour Fund Awards сыйлықтарын тапсыру кешінде

  • © AFP 2021 / Jean-Baptiste Lacroix

    Беверли-Хиллздегі Vanity Fair Oscar Party 2020 кешінде қонақ болған танымал жұлдыз Ким Кардашьян

  • © AFP 2021 / Warren Allott

    Актриса Аманда Холден Лондондағы Philips British Academy Television Awards сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты шарада

  • © AFP 2021 / Getty Images / Getty Images for SHEIN

    Walk Your Wonderful кешінде ән шырқап тұрған Рита Ора

  • © AP Photo / Eddie Mulholland

    Кембридж герцогинясы Кэтрин Лондондағы Reach Academy Feltham мектебімен танысу кезінде

  • © AP Photo / Jonathan Short / Invision

    Британдық тележүргізуші Сюзанна Райд British Academy Television Awards марапатын тапсыру кезінде

  • © AP Photo / Joel Ryan / Invision

    National Television Awards салтанатты шарасына қатысқан ағылшын тележұлдызы Билли Файерс

  • © AP Photo / Joel Ryan / Invision

    Pride of Britain Awards шарасындағы  британдық актриса Холли Уиллоби

Тақырып бойынша
Мінсіз келбет: пластикалық хирург ең сұлу 10 әйелдің есімін атады – фото
Семейде сұлулық байқауының жеңімпазы басшылық қызметке тағайындалды
Ақтаулық сұлу шетелдік әншінің клипіне түсті - видео
Беларустің сұлу спортшы қызы ММА жекпе-жегінде ауыр нокаутқа түсті – видео
Спортшыдан супермодельге дейін: жылдың ең сұлу адамы рейтингіне кімдер енді – фото

Ұйқыдағы жануарлар көз сүйсінерлік суреттер

87
Ұйқыдағы коала немесе абдан көріп пе едіңіз? Sputnik Қазақстан жануарлар ұйықтап жатқан сүйкімділікке толы сәттің суреттер топтамасын ұсынады

Көп жануар ұйықтағанды жақсы көреді. Олардың кейбірі тіпті қыс мезгілінде бірнеше айға ұйқыға кетеді.

Мысалы, коалалар тәуліктің 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Ал ешкі мен қой күніне бірнеше рет ұйқытап алады. Мысықтар күн сайын 12-16 сағат бойы ұйықтайды.

Ал аю, қосаяқ, тасбақа, борсық, суыр, кірпі сынды мақұлықтар қыс маусымында ұзақ уақытқа ұйқыға кетеді.

Көктем – барлық тіршілік иесі ұйқысынан оянып, жердің бусанатын шағы. Ендеше тәтті ұйқыға кеткен жануарлардың сүйкімді суреттерін тамашалаңыз!

87
  • © AP Photo / DPA / Horst Ossinger

    Дуйсбург жануарлар бағында ұйқыға кеткен коала. Германия.

  • Қар үстінде бір мызғым алмақ болған хаскилер.

  • © AP Photo / Nati Harnik

    Омахтағы Генри Дурли хайуанаттар бағында тәтті ұйқыда жатқан арыстан күшіктері – абдандар. Шебраска штаты.

  • © Sputnik / Georgiy Bazaev

    Тбилисидге хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан бегемот.

  • © AP Photo / Martin Meissner

    Дуйсбург хайнуататтар бағында горилла баласы анасының арқасында ұйықтап жатыр.

  • Ұйқыдағы жанат тіпті сүйкімді.

  • Ал итбалық баласы – ақүрпек жымиып ұйықтайды.

  • © Sputnik / Pavel Lisitsyn

    Екатеринбург хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан түтіктістілер баласы.

  • © Sputnik / Natalia Seliverstova

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы қызыл панда ағаш бөренеде қалғып жатыр.

  • © Sputnik / Vitaly Ankov

    Хайуанаттар бағында мекендейтін жеті айлық амур жолбарысы да тәтті ұйқыға кеткен.

  • © AP Photo / Sue Ogrocki

    Оклахома штатының Норман қаласындағы жануарларға арналған орталықта төрт апталық үш күшік бір-біріне жабысып ұйықтап жатыр.

  • © AP Photo / Lai Seng Sin

    Куала-Лумпурдегі Ұлттық хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан панда.

  • © Depositphotos / Pakhnyushchyy

    Ұйқыдағы марғау.

  • © Sputnik / Maksim Blinov

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы ақ аю арктикалық түс көріп жатқан сыңайлы.

Кілт сөздер:
сурет

Отты өзен: үрей мен қызығушылық сезімін қатар тудыратын жанартау кратерлері фото

38
Нағыз жүрек жұтқан фотографтар вулканға тым жақын барып, қайнап тұрған лава мен көз жетпес биіктіктегі түтінді суретке түсіріп алды. Бұл көріністер бойға үрей ұялатып қана қоймай, көз тоймайтын сұлулығымен баурайды

Ғаламшардың түрлі жерлерінде түсірілген осы фотолардың арқасында жанартау кратерлерінің ішіндегі құбылысты анық көруге болады.

Аузынан жалын атқан бұл "айдаһарларға" қатты жақындау арқылы фотографтар өте үлкен қатерге бас тігеді. Адам абайсызда осы лаваға құлап кетсе не боларын елестетудің өзі қорқынышты! Себебі балқыған тау жыныстарының температурасы мың градустан асады.

Бірақ осы қауіпке қарамастан кей фотографтар бұрын-соңды кездеспеген әдемі суреттерді түсіре алды.

Соңғы жылдары ғалымдар жер бетіндегі вулкан атқылауы жаһандық сипатқа айналуы мүмкін екенін жиі айтуда.

Оқи отырыңыз: Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді

Мысалы, бірнеше апта бұрын Исландиядағы Гелдингадалсгос вулканының атқылауы дронның көмегімен видеоға түсірілді.

Сондай-ақ 6 мың жыл "ұйықтаған" Фаградалсфьяль вулканы "оянды".

Ал Сицилияда Еуропадағы ең ірі вулкан – Этна атқылады.

Жер шарының түрлі аймақтарында түсірілген вулкан кратерлерінің таңғаларлық суреттерін Sputnik Қазақстан материалынан көре аласыз.

38
  • Гавайи аралдарындағы Mauna Ulu жанартауының кратеріндегі лава.

  • Камчаткадағы Горелый жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • © REUTERS / Cat Gundry-Beck

    Исландиядағы жанартау атқылауының жақыннан қарағандағы көрінісі.

  • © REUTERS / Hereward Holland

    Конгодағы Ньирагонго жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріне қарай құйылып жатқан лава ағыны.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Пуу-Оо жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Никарагуадағы Масая жанартауының кратеріндегі лава суреті.

  • © CC0 / Geophile71 / Marum sept 2009

    Вануатудағы Амбрим жанартауының кратеріндегі лава.

  • Эфиопиядағы Эрта Але вулканының кратеріндегі лава көлінің таңсәрідегі көрінісі.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшыраған жері

"Кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді": дәрігерлер ұшақ апаты кезінде қалай жұмыс істеді

10
(Жаңартылды 18:55 13.04.2021)
Осыдан тура бір ай бұрын Алматы әуежайына жақын маңда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. 13 наурызда Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтағы адамдарға алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын және сол сәттегі өз сезімдері жайлы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров жедел жәрдем қызметкерлері апат болған орынға дабыл бойынша шұғыл жөнелтілгенін айтты. Жедел жәрдем қызметінің басшылығы жеке автокөлікпен тез арада оқиға орнына жеткен.

И.О. директора службы скорой помощи Алматы Пархат Надыров
© Sputnik/ Ольга Тонконог
Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров

"Біз өте жылдам жеттік. Ол үшін жол полициясы қызметкерлеріне алғыс айтамын. Мен олардың көлігін көрген сәтте тоқтап, аты-жөнімді, қызметімді және шұғыл түрде әуежайға жету керектігімді жеткіздім. Дабыл бойынша біздің барлық ішкі қызмет жұмылдырылып, он бригада әуежайға бет алды. Жақын маңда орналасқан ауруханаларға апат салдарынан зардап шеккендерді жаппай қабылдауға дайын болуы туралы ескертілді. Себебі о баста түрлі ақпарат келді. Бірі ұшақ десе, екіншісі тікұшақ апатқа ұшырады деді. Тіпті кейбірі ұшақ аспанда жанып кеткенін айтты", - деп еске алды Пархат Надыров.

Қоршаудан секіріп өтіп, апат орнына жетті

Ол оқиға орнына жеткен кезде Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері бірінші болып жеткенін көрген. Надыровтың айтуынша, олар қоршаудан секіріп өтіп, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатқанда, фельдшерлер жанып жатқан ұшақтан екі зардап шеккен азаматты алып шыққан. Осыдан кейін қалалық жедел жәрдем қызметі жетіп, аман қалғандар №4 қалалық ауруханаға жеткізілген.

"Осы ретте фельдшерлердің ерлігін атап өткім келеді. Олар үйлесімді түрде әрекет етіп, ұшақпен бірге жарылып кетуден қорыққан жоқ. Айналада керосин төгіліп жатты. Ол кез келген сәтте тұтануы мүмкін еді. Өмірлерін қауіпке тікті. Мұның барлығы менің көз алдымда болып жатты", - дейді Алматы жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы.

Ол дәл сол фельдшерлер бір кездері алматылық станциялардың бірінде жұмыс істегенін айтты. Алайда белгілі бір себептермен облысқа көшкен. Бірақ қайта ауысқылары келген.

"Мен оларды біздегі жедел жәрдем қызметіне шақырдым. Енді олар осында еңбек етіп жатыр. Бұл олар жайлы айтуға да, жазуға да тұрарлық батыр азаматтар", - деді Пархат Надыров.

Батыр фельдшерлер

Рахымжан Гаитов пен Абдрим Абдрашитов Алматының жедел жәрдем қызметінде бір айдан бері жұмыс істеп жатқанын растады.

Гаитов Рахимжан Аркинович
© Photo : из личного архива фельдшеров
Фельдшер Рахымжан Гаитов

Рахымжан Гаитов сол күні апат туралы қоңырау 17.50-де болғанын еске алды. Ең алдымен оның досы әрі әріптесі Абдрим Абдрашитов 10 бригада құрамында жолға шыққан. Одан кейін Гаитов мінген көлік жеткен.

"Ол келіп, зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті. Пациентті алып кетті, мен сол жерде қалдым. Ұшақ құлаған орынға барып, тағы да зардап шеккендер бар-жоғын білу үшін кабинаға кірдім. Ол уақытта зардап шеккендердің бірін Алматы жедел жәрдемі, екіншісін менің досым мінген медицина көлігі алып кеткен болатын. Ол жерде тағы төрт адамның мәйіті жатты. Біз жеткен кезде Пархат Талғатұлы сонда болды, ол көмектесіп, нұсқау беріп отырды", - дейді фельдшер.

Рахымжан Гаитов түнгі сағат 10-ға дейін оқиға орнында кезекшілікте болған.

Абдрашитов Абдрим Зунунбекович
© Photo : из личного архива фельдшеров
Абдрим Абдрашитов

"Апат жайлы хабарлама келген кезде біз қайда бара жатқанымызды және не істеу керек екенімізді білдік. Сондықтан жедел іске кірісіп, ештеңені ойламастан, алғашқы көмек көрсетіп, адам өмірін құтқару керек болды. Осыны ғана ойладым", - деп еске алды Рахымжан Гаитов.

Ал Абдрим Абдрашитов ол келген кезде ұшақтағы өрт сөндірілгенін айтты. Ол зардап шеккен азаматты ауруханаға жеткізген. Қалған бригадалар апат орнында жұмыс істеу үшін қалған.

"Әдеттегідей қоңыраудан кейін жеттік. Ұшақ күнде құлап жатпаса да, біз көңіл-күй мен сезімді екінші орынға ысырып қоямыз. Біз Пархат Талғатұлының жетекшілік етуімен өте жылдам әрекет еттік. Көмек көрсеттік. Мен өз көңіл-күйім жайлы ойлаған жоқпын. Мен үшін ең бастысы кәсіби міндетімді атқару болды", - деді фельдшер.

Айта кету керек, фельдшерлер толық жазылғаннан кейін ұшқыштармен кездескілері келетінін айтты.

Алматы маңындағы ұшақ апаты

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып құлады.

Оқи отырыңыз: Әскери ұшақ апаты: оқиға орнынан түсірілген видео

Ұшақ бортында алты адам болған. Төрт әскери қызметші оқиға орнында қаза тапты. Олар: аға лейтенант Досжан Баймұратов, сержант Евгений Васильков, лейтенант Мұхтар Сағынбаев және майор Ғабит Барлықбаев.

Екі әскери ғана аман қалды. Олар апат орнынан №4 қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті апатқа ұшыраған әуе көлігі ведомствоның авиация қызметіне қарасты екенін растады. Қазір ҰҚК оқиғаның анық-қанығын анықтап тергеу жүргізуде.

10
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Алматы маңында құлаған ұшақ "қара жәшігін" тексеру басталды
Қазақстанда ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті
Алматы түбіндегі ұшақ апаты: аман қалған екі әскери қызметкер есін жиды
Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза болған әскеридің жұбайы: Әлі есеңгіреп тұрмын