Қазақстандық "айдаһар шынысының" құпиясы: музейдегі таңғажайып минералдар - фото

96
  • Тенгизит
  • Челябинский метеорит
  • Хризотил-Асбест
  • Шунгит
  • Пирит
  • Гипсовая роза
  • Медь самородная
  • Обсидиан
  • Аммонит
  • Аметист
  • Изумруд
  • Спектропирит
  • Ставролит
  • Яйцо Динозавра
  • Природный камень
  • Агат
  • Азурит
  • Берил
Олардың кейбірі жарықпен шағылысқанда миллиардтаған түс түзетін болса, кейбірі тасқа тән мызғымастық кейпінде талай құпияны бойына бүгіп жатыр. Минералдардың таңғажайып қасиеті мен құпиясы туралы Sputnik Қазақстан фотосуреттер топтамасынан оқи отырыңыз

Қазақстан бағалы минералдарға бай. Біздің еліміз минералдық ресурстар бойынша әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Агат пен аметист, кальцит пен кварц, сом мыс пен пирит секілді көптеген минерал бағалы тастарды жинауды сүйікті ісіне айналдырғандардың коллекциясында кездеседі.

Нұр-Сұлтанда ашылған минералогиялық музейде сом алтын, мыс және темір, эвдиалит, аметист, изумруд, топаз, танзанит, хароит, нефелин, тасқа айналған ағаштар және тағы басқа ғажайып минералдар қойылған.

Музейде Қазақстан аумағында, сондай-ақ, Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка, Австралияда жинақталған экспонаттар бар.

Олардың ішінде қызықты экспонаттың бірі – Теңіз мұнай кен орнындағы жарылыс пен өрт салдарынан пайда болған тенгизит минералы.

"1985 жылы Қазақстандағы Теңіз кен орнында болған жарылыс нәтижесінде қою көк пен қара түстердің үйлесімі бар ерекше түсті минерал пайда болды", - деді Sputnik Қазақстанға экскурсия жетекшісі Гүлмира Досмағамбетова.

Мұнайдың жануынан тенгизит минералы түзілді. Оны "қатып қалған от", "отты теңіз тамшысы" немесе қазақстандық "айдаһар шынысы" деп те атайды.

Минералдар туралы Sputnik Қазақстан фотосуреттер топтамасынан оқыңыз.

96
  • Тенгизит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Тенгизит минералы. Нұр-Сұлтандағы минералогиялық музейдің сирек кездесетін экспонаттарының бірі Қазақстандағы техногендік апат салдарынан пайда болған. "1985 жылы Қазақстандағы Теңіз кен орнында болған жарылыс нәтижесінде қою көк пен қара түстердің үйлесімі бар ерекше түсті минерал пайда болды", - деді экскурсия жетекшісі Гүлмира Досмағамбетова. 1985 жылы ұңғымалардың бірінде жарылыс болып, ол өртке оранды. Өрт 14 айдан кейін сөндірілді. Осы уақыт ішінде өрт температурасы 3000˚C-қа жетіп, өрт ошағының айналасындағы топырақ, құм, батпақ, биоматериалдар, жабдықтар, бұрғылау құрылғылары және басқа да техника түгелдей балқып кетті. Өрт сөндіру кезінде қолданылған көбік те минералдың түзілуінде рөл ойнады. Балқыған сұйықтықтың күрт қатуы кезінде топырақ пен минералдар араласқан шыны тәрізді зат түзілді. Минералогияда оны кен орнының атауына ұқсатып Тенгизит деп тіркеді. Оны "қатып қалған от", "отты теңіз тамшысы" немесе қазақстандық "айдаһар шынысы" деп те атайды.

  • Челябинский метеорит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Челябі метеоритінің бөлігі. 2013 жылдың 15 ақпанында Ресейдің Челябі қаласының үстінен 15 - 25 шақырым биіктікте метеорит бөлінді. NASA есептеулері бойынша, оның диаметрі шамамен 17 метр, жылдамдығы - секундына 18 километр, салмағы - он мың тонна. Метеориттің табылған ең үлкен сынығының салмағы 570 килограмм. Ол Оңтүстік Орал мемлекеттік тарихи музейіне қойылды. Ал "Нұр-Сұлтан" минералогиялық музейінде ғарыш денесінің ұсақ сынықтарын көруге болады.

  • Хризотил-Асбест
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Хризотил-асбест. Жітіқара кен орны - әлемдегі хризотил асбест минералы көп кен орындарының бірі. Ол Қостанай облысының Жітіқара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай бес километр жерде орналасқан. "Асбестің бірқатар ерекше қасиеттері бар. Олар: беріктігі, отқа төзімділігі, жоғары адсорбциясы. Оның электр өткізгіштігі төмен. Сондықтан бұл минерал құрылыста, машина жасауда, химия өнеркәсібінде, тоқыма өнеркәсібінде және басқа да бірқатар салаларда кең қолданылады. Өрттен қорғайтын костюмдер, алжапқыштар, қолғаптар, өрт сөндірушілерге арналған дулыға дайындайтын киім-кешек өндірісінде де жиі пайдаланады", - деді Досмағамбетова.

  • Шунгит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Шунгит. Шунгит таза минералы табиғатта сирек кездеседі. Көбінесе ол шунгит тақтатастары мен доломиттердегі қоспа түрінде болады. Қазақстандағы пайдалы қазба кен орындары Алматы облысында игерілуде. "Алматыдағы жол-көлік оқиғалары жиі болатын жол қиылыстарында 15 шунгит пирамидасы анықталған дейді. Осыдан кейін жол апаттарының саны азайған. Сондай-ақ шунгиттен дайындалған минерал денсаулық сақтау саласында қолданылады", - дейді экскурсияшы Гүлмира Досмағамбетова.

  • Пирит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Пирит. Әлемде алтын іздеумен айналысу әдетке айналған шақта пирит минералының алтынға ұқсастығына байланысты оны "ақымақтардың алтыны" деп атады. Бұл минералды бір-біріне ұрған кезінде ұшқын шашады. Бұл атау грек тілінен аударғанда "от шашатын тас" дегенді білдіреді. Пирит - бұл темір сульфиді. Шаршы түріндегі кристалдар өздерінің сұлулығымен таңғалдырады. Павлодар, Қостанай, Түркістан облыстары, сонымен қатар Орталық Қазақстан пирит қорына бай.

  • Гипсовая роза
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Пис раушаны. Гипс кристалдарының өсінділері "гипс раушаны" немесе "шөл раушаны" түзілуіне әсер еткен. Бұл тыныштық тасы медитация үшін таптырмас дүние деп саналады. Мұндай пішінді гипстер алғаш рет Сахараның байырғы тайпалары сипаттаған. "Гипс раушандарын" Қостанай облысындағы Амангелді кен орнынан табуға болады.

  • Медь самородная
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Сом мыс. Жезқазған қаласының атауы осы пайдалы минералмен тығыз байланысты десек те болады. Жезқазған кен орны неолит дәуірінен бастап (б.з.д. шамамен бес мың жыл) игерілген. Минералогиялық музейде сом мыс бастапқы түрінде қойылған.

  • Обсидиан
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Обсидиан. Қатып қалған магма – обсидианның қасиеттері туралы көптеген аңыз бар. Соның бірі – бұл тас қанды шайқастан аман қалған римдік легионер Обсидиусты құтқарып қалған. Вулкан шынысынан тұратын тау жынысын танымал "Тақтар ойыны" телехикаясында "айдаһар шынысы" деп атады. Обсидианның қасиеттері адамды көріпкел болуға ықпал етеді ме, жоқ па, ол даулы мәселе. Бір нәрсе айқын – тастың алуан түстер түзіп жарқырауы оған мистикалық көрініс береді.

  • Аммонит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Аммониттер. Музейде осыдан 65 миллион жыл бұрын жоғалып кеткен моллюсктердің қабыршақтары қойылған. Бұл моллюсктер Юрск кезеңінде тіршілік еткен. Өткен дәуірлерге қызығушылық танытатын азаматтар үшін бұл тастың орны ерекше. Аммонит кен орындары Ресейде, Мадагаскарда, Канадада және тағы бірқатар елдерде кездеседі. Қазақстанда Торыш шатқалындағы аңғарлардан да осы қабыршақтарды іздеп, бақ сынап көруге болады.

  • Аметист
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Аметист. Күлгін түсті аметист көздің жаун алардай жарқырайды. XVI ғасырда Ресейде аметист рубиннен де жоғары бағаланған. Ежелгі уақытта аметист ішімдікке деген тәуелділіктен арылуға және психикалық ауруды жеңуге көмектеседі деп сенген. Қазақтың Бетпақ-Дала шөлінен жүздеген аметист кристалдары табылған.

  • Изумруд
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Изумруд. Бұл тас көп ғасырдан бері өз бағасын жоғалтқан емес. Байырғы кезде изумруд сәттілік алып келеді деп сенген. Ашық жасыл түсті изумрудтар сирек кездеседі. Бұл түсті көп жағдайда мамандар "қолдан жасап шығарады". Сондықтан, жасанды тасты бағалы изумрудтан айыру тіпті мүмкін емес. Әртүрлі елдердің мәдениеттерінде осы асыл тас туралы аңыз кқп. Ежелгі мысырлықтар изумрудты Исида құдайдың тасы деп санап, ол құнарлылық пен сүйіспеншілік күшін береді деп сенген. Үнді эпосы бойынша изумруд жылан мен құс патшасы арасындағы шайқастан кейін пайда болған. Асубұлақ, Делбегетай, Қарақия, Қойтас, Көкшетау, Қарой, Қуу, Нұра-Талды және тағы басқа аймақтарда изумруд кен орындарын кездестіруге болады.

  • Спектропирит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Спектропирит. Шағын кристалдардың шашырандысы назар аудартпай қоймайды. Осы құнды тастан жасалған бұйымды патшайым Клеопатра таққан деген аңыз бар. Бүгінде спектропирит Таиланд пен Үндістанда қолмен өңделеді. Бұл тас сиқырлы деген наным бар. Ол жастық пен сұлулықты сақтап тұрады-мыс.

  • Ставролит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Ставролит. Ставролит зергерлік құнды тас болмағанымен, оған деген сұраныс өте жоғары. Оның кристалдары крест тәрізді өсінділер түзетіндіктен, грек тілінен аударғанда бұл атау "тас-крест" дегенді білдіреді. Англиядағылар мұндай тастар аспаннан түседі деп сеніп келген.

  • Яйцо Динозавра
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Динозавр жұмыртқасы. Минералогиялық музейде қазақстандық "айдаһар шынысы" мен тасқа айналған моллюск қабыршақтарынан бөлек динозавр жұмыртқасын да көруге болады. Моңғолияның Гоби шөлінен табылған бұл экспонатқа бей-жай қарап тұру мүмкін емес.

  • Природный камень
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Табиғи тас. Табиғаттың ең мықты суретші әрі мүсінші екеніне дау жоқ. Мына экспонат соның дәлелі. Музей қызметкерлері тастағы мына үкінің мүсіні адамның араласуынсыз өзі түзілгенін айтады.

  • Агат
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Агат. Кейбір бағалы тасты зерттеушілер агат жаман көз бен сөзден қорғап, адамға күш-қуат береді деп сенеді. Қазқстанда агат өте көп кездеседі. Елімізде агаттың неше түрлі түсі мен өрнектерін кездестіруге болады.

  • Азурит
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Азурит. Шыны тәрізді жылтырайтын бұл көк түсті минерал опырылғыш келеді. Құрамында мыс бар қайталама минералдардың бірі. Азуриттің ең үлкен кристалдары Цумебте (Намибия), Катангада (Конго) және Туисситте (Марокко) өндіріледі. Сондай-ақ, оның көлемділері Лион (Франция), Лаурион (Греция), Корнуолл (Ұлыбритания), Бурре (Австралия) секілді аймақтардан табылған. Бисби (Аризона штаты) АҚШ-тағы ең танымал азурит кен орны болып табылады. Ресейдегі Алтай өлкесінде де азуритті кездестіруге болады.

  • Берил
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Берил. Берил атауы латын тілінен аударғанда "бағалы көк-жасыл түсті тас" дегенді білдіреді. Ең үлкен берилл кристалы Мадагаскарда табылды. Оның ұзындығы 18 метр, диаметрі - 3,5 метр, ал салмағы - 380 тоннаны құрайды. Бериллдің ең ірі кен орындары Оралда (Ресей), Оңтүстік Америкада (Колумбия, Бразилия) орналасқан. Фотода: Оралдан табылған берил.

Кілт сөздер:
фото

Макияж бен камуфляж: әскери қызметте жүрген әлемдегі қыз-келіншектер бейнесі фото

388
(Жаңартылды 18:04 25.02.2021)
  • Қазақстандық әскери әйелдер де бітімгершілік күш құрамында арнайы гуманитарлық миссияны орындайды
  • Қытайдың қарулы күштерінде қызмет ету жастар арасында ұлдар мен қыздар үшін артықшылық болып саналады.
Қоғамда қалыптасқан стереотиптерге қарамастан, әйелдер де көбінесе ер азаматтарға арналған мамандықтды таңдап, тіпті өз еркімен әскер қатарына барады. Әскери форма киген қыздар әлем елдерінде қалай көрінеді. Sputnik-тің суреттер топтамасынан тамашалаңыз

Қолында қару-жарағы мен үстінде әскери киімі бар ер адамдарға көз үйренген. Ал мұндай кейіптегі әйелдер бірден ерекше көрінеді. Өйткені олар әр заманда – нәзіктігімен әйелге тән рөлге ие болды. Алайда, әйелдердің тәуекелі мен төзімі, стратегиялық ойлау қабілеті, тіпті физикалық күш-жігері мен қабілет-қарымы сияқты қасиеттер сала мамандарын көбірек қызықтырады.

Камуфляж киген қыздар заманауи әлемде сирек кездеседі. Десек те, көптеген елдің қорғаныс саласында нәзік жанды әскери қызметкерлерді кездестіруге болады.

Өзіне сенімді әрі мықты және сүйкімділігін жоғалтпаған әйелдер әскери борышын ерлермен тең дәрежеде атқарады.

Кей елдерде қыздар өз еркімен әскери қызметке барса, ал кейбір елдерде әскери қызмет міндетті болып табылады.

Оқи отырыңыз: Хайуанаттар бағындағы қарға аунаған жануарлардың тыныс-тіршілігі – фото

Әлем елдерінің әскери саласында әйелдер қалай қызмет етеді және олар қалай көрінеді.

388
  • Қазақстандық әскери әйелдер де бітімгершілік күш құрамында арнайы гуманитарлық миссияны орындайды
    © Photo : Минобороны

    Қазақстандық әскери әйелдер де бітімгершілік күш құрамында арнайы гуманитарлық миссияны орындайды. Олар қарулы қақтығыстар құрбандарының осал санаттарымен жұмыс жасайтын "Female engagement team" арнайы тобының құрамына кіреді.

  • Қытайдың қарулы күштерінде қызмет ету жастар арасында ұлдар мен қыздар үшін артықшылық болып саналады.
    © AP Photo / Ng Han Guan

    Бүгінгі күні Қытайдың қарулы күштерінде қызмет ету жастар арасында жігіттер мен қыздар үшін артықшылық болып саналады. Әскери қызмет туралы заңға сәйкес 18 бен 22 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де мерзімді әскери қызметке жатады. Ал әскери қызмет мерзімі бірдей – екі жыл. Суретте: экскурсия жетекшісі болған әскери әйел Бейжіңде Қытайдың әскери жетістіктері туралы көрме ашуға дайындалып жатыр.

  • © AFP 2019 / Jack Guez

    Бұл елдің басқалардан айырмашылығы – елдегі әйелдердің көпшілігі Израильдің қорғаныс күштерінде қызмет етеді. Израильде әйелдер де әскери міндетті болып табылады. Ер адамдар үшін әскери қызмет мерзімі 36 ай, ал әйелдер үшін 24 ай. Суретте: израильдік әскери әйелдер.

  • © AFP 2019 / Noah Seelam

    Үндістандағы ұлттық кадет корпусы 1948 жылы құрылды. Ұйым Үндістан жастары арасында қорғаныс министрлігінің қамқорлығымен әлеуметтік дағдылар мен көшбасшылық қабілеттерді дамыту үшін орта және колледж курсанттарын қабылдайды. Суретте: курсант әйел Үндістанның Секундерабад қаласында әскерилер мәдени шараға дайындалып жатыр.

  • © CC BY-SA 2.0 / Ernests Dinkamob/Saeima / Svinīgā Nacionālo bruņoto spēku parādē

    Латвия қарулы күштерінің шеруінде тұрған қыз. Республика – НАТО-ға мүше бес елдің бірі, қарулы күштерде әйелдер саны көп.

  • Түрік құрлық әскерінің әйел офицерлері. Бұл ел әйелдерді әскери оқу орындарына 90-шы жылдардың басында шақыра бастады. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік айтарлықтай шектеулі, ал квота бес пайыздан аспайды.

  • © Sputnik / Aleksandr Galperin

    Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр әскери-теңіз институтындағы әйел курсанттар жаттығу кезінде. 2015 жылы университет қыздарды қабылдауды қайта бастады.

  • Бұған дейін Жапонияда жаяу әскер мен танк күштеріне, сондай-ақ барлау және десанттық бөлімдерге әйелдерді тартуға шектеу қойылған болатын. Алайда, 2017 жылы армиядағы әйелдер санын екі есеге көбейту туралы шешім қабылданды. Суретте: қыздар Жапониядағы өзін-өзі қорғау күштерінің шеруі кезінде.

  • "Аоста" итальян армиясының механикаландырылған бригадасының қыздары минометпен атудың есебін жүргізуде. Италияда армиядағы әйелдер саны тіпті ер адамдар санынан асып түсуі мүмкін.

  • © AFP 2019 / Jung Yeon-Je

    2011 жылдың 4 тамызында Сеулдегі арнайы операциялар қолбасшылығының әскери базасындағы азаматтық оқу-жаттығу лагеріне барған қыздар. Лагерь 1 034 бейбіт тұрғынға, оның ішінде 271 әйелге арналған.

  • © AP Photo / Vadim Ghirda

    Капу-Мидия полигонындағы жаттығу кезінде Румыния мен АҚШ әйел сарбаздары.

  • Чилидің Сантьяго қаласындағы әскери әйел.

  • © AFP 2019 / Hoang Dinh Nam

    Вьетнамдағы әскери парад кезінде Вьетконг сарбаздарының киімін киген жауынгерлер.

  • © AFP 2019 / Ed Jones

    Суретте Корей халық армиясының капитаны Чхве Ун-Чонг Пхеньяндағы Соғыс мұражайының алдында суретке түсті. КХДР-да ер адамдар үшін де, әйелдер үшін де міндетті әскери қызмет бар. Олар 17 жасқа толғаннан кейін әскер қатарына шақырылады.

  • Суретте Швеция армиясының әскери қызметкері Strong Europe танк сынағы кезінде снаряд алып жүр. Бұл елде әйелдер де мерзімді әскери қызмет атқарады. 2010 жылы жалпыға бірдей әскери қызметке шақыру алынып тасталды. Бірақ кейінірек қарулы күштер қатарын еріктілермен толықтыруда қиындықтар туындап, әскерге шақыру жүйесі 2017 жылы қайта іске қосылды.

Кілт сөздер:
қыздар, әскерилер

Жердің ғарыш станциясынан түсірілген таңғажайып көрінісі фото

262
  • Фудзияма тауы
  • Түнгі Бейжің
  • Шөл дала
  • Тупаи
  • Сахара шөліндегі құмды дауыл
  • Армениядағы Севан көлінің ғарыштағы көрінісі
  • Ғарыштан түсірілген Кабо-Верде
  • Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген күміс түсті бұлттар.
  • Қарақорым тау сілемдері
  • Сицилиядағы Этна жанартауы
  • Австралиядағы Улуру жартасы
  • Ирандағы Деште-Лут шөлі
  • Африкадағы Чад көлі
  • Түнгі Париж, Франция
  • Санта-Антан аралы
Бүгінде ғаламшардағы кез-келген адам ғарышкерлер бірнеше ай бойы Жер маңындағы орбитада жұмыс істейтініне таңғалмайды

Алайда, көгілдір ғаламшардың ғарыштан түсірілген суреті әлі күнге дейін тамсандырар әрі таңғалдырар құбылыс ретінде бағаланады.

Спутниктен түсірілген суреттер, ғарыш кемелері түсірген Жер мен Айдың бейнесі, орбитада орналастырылған телескоптардың басқа аспан денелерін камераға түсіруі бүгінде қалыпты жұмыс процесіне айналған және мұндай жаңалықтар жаға ұстатарлықтай сенсация емес. Бірақ, мұндай фотосуреттер табиғаттың ұлылығын кезекті рет дәлелдейтіндей айырықша.

Қазақстан тумасы, ресейлік ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков Халықаралық ғарыш станцисының бортында Жердің ерекше аймақтарын фотоға түсіріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы жерлер жайлы ақпаратпен бөлісіп отырады.

Оның жапон әріптесі Соити Ногути де ғарышта жасалған өз суреттерімен бөлісуді дәстүрге айналдырған.

Орыс және жапон ғарышкерлерінің фототуындыларын Sputnik материалынан тамашалаңыз.

262
  • Фудзияма тауы

    Қар жамылған Фудзияма. Әйгілі шыңды жапониялық астронавт Соити Ногути ғарыш станциясынан түсіріп алған. Фудзияма - Жапонияның Хонсю аралындағы Токиодан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан белсенді стратовулкан. Вулканның биіктігі - 3776 метр (Кенгамине шыңы, Жапонияның ең биік нүктесі). Қазіргі уақытта жанартау өшіп тұр. Оның соңғы атқылауы 1704-1708 жылдар аралығында болған.
    Фудзи жеке меншік нысаны және ол Хонгу Сэнгэн Ұлы ғибадатханасының меншігінде. Фудзидің шыңында синтоизм храмы, пошта бөлімшесі және метеостанция орналасқан. Таудың айналасы Фудзи-Хаконэ-Идзу ұлттық паркінің құрамына кіреді. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына жатады.

  • Түнгі Бейжің

    Түнгі Бейжің. Фотосуретті түсірген ресейлік ғарышкер Сергей Куд-Сверчков. Дүниежүзіндегі 1,5 миллиардқа жуық қытай Жаңа жылды қарсы алды. Ал жылдың символы саналатын Ақ Металл өгіз ресми түрде жыл иесі атанды. Қытай Жаңа жылының нақты күні жоқ. Ол әр жылы әр күнге белгіленеді. Қытайдағы бұл мереке қыстан кейінгі күн тоқырауынан кейінгі екінші рет жаңа ай туғанда тойланады. Бұл әдетте 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығында болады.
    Сонымен, Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталды және Қытайда оны 12 ақпаннан 27 ақпанға дейін тойлау жоспарланып отыр. Айтпақшы, Қытай 2021 жылды емес, 4719 жылды тойлап жатыр!

  • Шөл дала

    Араб шөлінің кең алқаптарын қазір сіз көріп отырған жылжымалы құм төбелері мен құм массивтері алып жатыр. Құмды және шаңды дауылдар мен қатты желдер, шөлдерге тән үлкен тәуліктік амплитудасы бар жоғары температура салдарынан аумақтың көп бөлігінде адамдар тұрмайды. Температура диапазоны жазда 40-50°C болса, қыста орташа температура 5-15°C құрайды.

  • Тупаи

    Бұл – Тупаи. Ол әлемдегі ең романтикалық орындардың бірі саналады. Бұл Бора-Бора аралынан солтүстікке қарай 19 километр қашықтықта орналасқан құмды жағажайлар, көгілдір су лагуналары және кокос ағаштарының атоллы. Суретте батыстағы үлкен арал мен шығыстағы шағын аралдар бейнеленген.

  • Сахара шөліндегі құмды дауыл

    Сахара шөліндегі құмды дауылды халықаралық ғарыш станциясынан орыс ғарышкері Сергей Куд-Сверчков түсірген. Ғарышкер өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында былай деп жазды: "Сіздер құмды дауыл салдарынан аспан ақшыл түске боялған Францияда түсірілген кадрларды желіден көрген боларсыздар. Ал дәл осы табиғат құбылысы ғарыштан, Халықаралық ғарыш станциясынан осылай көрінеді. Табиғаттың тосын мінез көрсетуінен күшті жел пайда болып, ол Сахара шөлінен көп құм алып келді. Тіпті таудың көптеген аймақтарында құм қарды сары түске боп жіберді!"

  • Армениядағы Севан көлінің ғарыштағы көрінісі

    Жапон ғарышкері Соити Ногуту түсірген Армениядағы Севан көлінің ғарыштағы көрінісі. Севан - Армениядағы Армян таулы аймағында орналасқан Кавказдағы ең үлкен көл. Көл аумағы 1 240 шаршы километрді құрайды. Аңызға сәйкес, бұл көл су алуға барған келіндердің бірі бұлақтың бетін жабуды ұмытып кеткеннен пайда болған деседі. Жан-жаққа тараған су үйлерді басып, сонда үйлерін тастап, жер аударуға мәжбүр болған жергілікті жұрт "бұлақтың бетін жаппаған келін тасқа айналсын!" деп қарғаған екен. Сонда әлгі ұмытшақ келін тасқа айналыпты. Дәл осы тас көлдің бетінде көрініп тұр. Арснакар деп аталатын бұл тас армян тілінен аударғанда "келін тасы" дегенді білдіреді.

  • Ғарыштан түсірілген Кабо-Верде

    Табиғаты көркем бұл архипелаг Сезария Эвораның туған жері. Жасыл мүйістегі аралдардың ең негізгі артықшылығы – мұхит. Себебі, Кабо-Верде курорттарындағы құмды жағажайлар, су астындағы жүзулер, спорттық балық аулау, серфинг және яхталар көпті қызықтырады. Басқа Африка елдеріне қарағанда мұнда аралдар едәуір салқын және күндіз-түні температураның күрт өзгеруі болмайды.

  • Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген күміс түсті бұлттар.
    © Photo : Sergey Kud-Sverchkov / Roscosmos

    Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген күміс түсті бұлттар. Олар аз ғана уақытқа пайда болады. Бұл 70-95 километрдегі биіктікте пайда болатын ең биік бұлт түзілістері!
    Оларды басқа бұлттардан ажырату қиын емес: олар ымыртты аспанның айналасында жарқырайды. Себебі, көкжиектің артында жасырынған Күн мезосферада Жерден өте биік нысандарды жарықтандырады. Оның үстіне, ғарыш станциясынан қара түсті стратосфералық бұлттар мен күміс бұлттардың айырмашылығы анық көрініп тұр. Күміс бұлттар пайда болуы үшін 3 фактордың үйлесуі қажет: су буының жеткілікті мөлшері, төмен температура және мұз кристалдарына айналатын су буының конденсациясы бар шаң бөлшектерінің болуы.

  • Қарақорым тау сілемдері

    Қарақорым - бұл жеті және алты мыңдық шыңдардың ең үлкен қоры. 1958 жылы Фоско Мариани тау сілемін "пішіндері мен олардың үйлесімдерінің көптігі бойынша әлемдегі ең әсерлі музей" деп атады. К-2 (8,611 метр) екінші шыңы ретінде тіркелді. Оны Чогори, Дапсанг және Годвин-Остен деп те атайды. К-2 – солтүстікте орналасқан және ең күрделі сегіз мыңдықтардың бірі. Соңғы уақытқа дейін бұл шың әлемдегі қыста бағындырылмаған 14 ең биік шыңдардың бірі болып келді. Бірақ, 16 қаңтарда Нирмал Пурдж командасы оның шыңын бағындырды.

  • Сицилиядағы Этна жанартауы
    © Photo : Sergey Kud-Sverchkov / Roscosmos

    Сицилия - Италияның әсемдігінде бір мін жоқ аралы. Көгілдір теңіз, ақ және қара құм, жүзім алқаптары, апельсин ормандары және Еуропадағы ең ірі белсенді жанартау - Этна.

    Вулканның жоғарғы жағындағы үлкен қар жамылғысы Халықаралық ғарыш станциясынан өте әсерлі көрінеді. Этна үнемі атқылап тұрады. Статистикаға сәйкес, шамамен 150 жылда бір рет жанартау атқылауы жақын жерде орналасқан елді мекендердің бірін толығымен қиратады. Осыған қарамастан, Этна етегіндегі аймаққа ел тығыз қоныстанған. Себебі, қатып қалған лаваның арқасында жер өте құнарлы.

  • Австралиядағы Улуру жартасы

    Бұл – Улуру. Ол Австралияның басты көрікті жерлерінің бірі және оны көру үшін елге жыл сайын 400 мыңнан астам турист келеді. Бұл үлкен әрі сопақ пішінді, сарғыш-қоңыр түсті тау жынысы шамамен 680 миллион жыл бұрын геологиялық процестердің нәтижесінде қалыптасқан.
    Жартас күн мен жарықтың түсуіне байланысты түсін өзгертеді. Ол ашық қызғылт сарыдан қою күлгін түске дейін боялады.

  • Ирандағы Деште-Лут шөлі

    Аумағы 500 шаршы километрді құрайтың бұл жерді жергілікті тұрғындар Гендом Берьян ("күйдірілген бидай") деп атайды. Ыстық тасқа қойған таба нан толығымен жанып кетеді деген сенім бар. Мұнда, Деште-Лут шөлінде ауа райы үнемі ыстық болып тұрады. Алайда, бұл осы аймақтың жалғыз ерекшелігі емес. Шөлде алып тас түзілімдері бар. Ол әлемдегі ең биік құм төбелері саналады.

  • Африкадағы Чад көлі

    Ғарыштан Жер табиғаты жүрек пішінінде дайындаған ерекше "суретті" түсіру мүмкін болды. Африкадағы әйгілі Чад көлі - бұл ерекше табиғи нысан.
    Оның пайда болуы кейінірек көл ойпатына айналған жер қыртысының "майысуымен" байланысты. Бұл жануарлар мен құстардың көптеген түрлері паналайтын кең шөлді аймақтағы жалғыз су айдыны. Жергілікті тұрғындар оны "Сахара теңізі" деп атайды. Жалпы, жергілікті тілден аударғанда "чад" сөзі "үлкен су" дегенді білдіреді.
    Көлдің көлемі үнемі өзгеріп отырады. Ал ауытқулар айтарлықтай ауқымды болады. Бұл жаңбыр мен құрғақшылықтың ауысып отыруымен байланысты.

  • Түнгі Париж, Франция

    Париждің жарқыраған шамдары жапон астронавты Соити Ногутидің объективіне түсіп қалды. Париж мыңдаған жылдан бері Францияның астанасы болып отыр. Жалпы, бұл әлемдегіі ең романтикалық қала әрі қытырлақ круассандар мен ең дәмді шараптың отаны саналады. Сондай-ақ, сән саласындағы аса танымал сәнқойлардың мекеніне айналған.

  • Санта-Антан аралы

    1462 жылы теңіз саяхатшысы Диогу Афонсу Атлант мұхитындағы Санта-Антан (Кабо-Верде) аралын ашты. Архипелаг 10 үлкен және 5 шағын аралдан тұрады. Соның ішінде, желдің ығындағы аралдар тобына Санту-Антан, Сан-Висенте, Сан-Николау, адам тұрмайтын Санта-Лусия, Сал және Боавишта кірсе, жел жақ бетіндегі аралдар тобына Сантьягу, Брава, Фогу және Майу кіреді.

Кілт сөздер:
фото, ғарыш
Қазақстан зергерлер лигасы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев

Қазақстандық шеберлер Еуразия зергерлік бюросының ашылуын күтіп жүр

0
Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол  ашады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстандық зергерлер аз уақыт ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында Еуразия зергерлік бюросы ашылады деп үміттеніп отыр. Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы жөнінде Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг кезінде "Қазақстан зергерлер лигасы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев мәлімдеді.

"АХҚО алаңында Еуразия зергерлік бюросының ашылуы біздің зергерлердің экспортқа шығуына ықпал етуі керек. Оның үстіне Ресей Федерациясы зергерлік бұйымдарды сүйемелдеу үшін басқа елдердегі өз сауда өкілдіктерін ұсынуға дайын", - деді Жұмағалиев.

АХҚО жанынан бюро ашу туралы мәселеге бизнес те қолдау көрсеткен. Нәтижесінде зергерлер өз бетінше шеше алмайтын мәселелердің шешімі табылады. Сондай-ақ, Ереван мен Мәскеу де өз аумағында Еуразия зергерлік бюросын ашу құқығы үшін таласқан болатын.

"Астана" АХҚО – бұл посткеңестік кеңістіктегі бірегей қаржы орталығы. Мұнда ағылшын құқығы, арбитраж бар. Мұның барлығы шетелдік инвесторлар үшін қызықты болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, мұнда салықтық жеңілдіктер жасалып, инвестицияларды тартудың жеңілдетілген тәртібі құрылады және тағы басқа шаралар қабылданады", - деді ол.

Қазіргі жағдайда қазақстандық зергерлерге өндірісті дамыту және нарыққа шығу оңай соқпай жатыр.

"Мысалы, Еуропаға шығу үшін және өз зергерлік бұйымдарыңды таныстыру үшін миллиондаған доллар қажет. Бұл әрбір зергер көтере алатын шығын емес. Біздің жақында құрылатын ұйымымыз (Еуразия зергерлік бюросы) нарыққа талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Біз бірінші қатардағы көрмелерге қатыса аламыз. Бүгінгі күні қазақстандық зергерлер негізінен көпшілікке аса танымал емес екінші және үшінші деңгейдегі көрмелерге қатысып жүр. Сонымен қатар, нарыққа үнемі қатысу қажет. Көрмеге келіп, бір-екі апта тұрып, одан соң кетіп қалу жарамайды. Сені ұмытып кетеді", - деді Лига басшысы.

Ол қазақстандық зергерлердің экспорттық әлеуеті жоғары екенін мәлімдеді. Бұған халықаралық көрмелерде қазақстандық зергерлік бұйымдарға деген жоғары қызығушылық дәлел бола алады.

"Әлі есімде, 2017 жылы Еревандағы халықаралық көрмеге қатыстық. Ол шараға қатысқан француз зергерлер біздің күмістен жасалған бұйымдарымызды түгелдей сатып алды. Француздар мұндай бұйымдарда шебердің саусақ іздері, оның еңбегі көрініп тұрады, қолдан жасалған бұйымның жаны бар деп санайтындарын айтқан", - деді Жұмағалиев.

Жұмағалиев атап өткендей, еуразиялық зергерлік брендті енгізу қосымша ауқымды инвестицияларды қажет етпейді. Себебі  Қазақстанда да сапаға қатысты дәл осындай мемлекеттік стандарттар қолданыста бар.

0