Фукусимадағы жер сілкінісінің салдары фото

593
  • Куними қаласының тұрғындары
  • Жер сілкінісінен Фукусима атом электр станциясында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндердің бірінен су жылыстаған
  • Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, табиғат апатының кесірінен 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
  • Фукусима префектурасындағы Кори елді мекенінде құтқарушылар қирап қалған үйлерді тексеріп жүр.
  • Иваки қаласындағы кітапхана қызметкері жер дүмпуінен шашылып қалған кітаптарды жинастыруда.
  • Жапонияның Сома қаласына жақын маңдағы тас жолдың бойындағы тау көшкіні жол қозғалысын тұралатты.
  • Иваки қаласындағы пабтың иесі сынған ыдыстарды сыпырып жатыр.
  • Сома қаласындағы спорт кешенінде жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы палаткалар орнатылды.
Жойқын жер сілкінісі салдарынан Жапонияның Фукусима префектурасындағы миллионға жуық үй жарықсыз қалды. Он жылдан кейін жергілікті АЭС-ке қайта қауіп төнді

Өткен демалыста жапониялық Мияги және Фукусима префектурасында екі жойқын жер дүмпуі болды.

Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, жерасты дүмпулерінің салдарынан 15 адам зардап шегіп, миллионға жуық үй жарықсыз қалды.

Метеорологиялық басқарма бір апта бойы афтершоктар болуы мүмкін екенін ескертті. Қазірдің өзінде олардың саны 20-дан асып кетті.

Бастапқыда ұлттық метеорология басқармасы жариялаған магнитуда 7,1 болған. Кейінірек бұл болжам 7,3 деңгейіне дейін артты.

Жойқын табиғат апатына байланысты Жапония үкіметінің жанынан құрылған дағдарыстық штаб жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз: Рио карнавалының шаң басқан декорациясы – фото

Tokyo Electric Power энергетика компаниясы жер сілкінісінен кейін "Фукусима-1" АЭС-те штаттын тыс жағдайлар тіркелмегенін хабарлады. Алайда, елдегі бірнеше ЖЭС жұмысын тоқтатты.

Кейінірек "Фукусима" АЭС-тің бірнеше реакторында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндерден шағын су көлемі сыртқа аққаны белгілі болды.

Елдің солтүстік-шығысы мен солтүстігін байланыстыратын жүрдек пойыздардың бірінің тармағы істен шыққаны анықталды.

Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасында мәлімдегендей, бұл жер сілкінісі 2011 жылдың 11 наурызында болған Ұлы шығыс-жапониялық жер сілкінісінің афтершогы болған.

593
  • Куними қаласының тұрғындары
    © REUTERS / KYODO

    Жапонияның Фукусима префектурасындағы Куними қаласының тұрғындары жер дүмпуі салдарынан құлаған қабырғаларды жинап жатыр.

  • Жер сілкінісінен Фукусима атом электр станциясында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндердің бірінен су жылыстаған
    © REUTERS / Kyodo

    Жер сілкінісінен "Фукусима" атом электр станциясында пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндердің бірінен су жылыстаған. Бірақ Tokyo Electric Power компаниясы ағысы өзгерген су көлемі көп емес екенін және радиациялық жағдайға еш әсер етпейтінін хабарлады.

  • Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, табиғат апатының кесірінен 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
    © AFP 2019 / JIJI PRESS

    Құтқару қызметінің ақпараты бойынша, табиғат апатының кесірінен 900 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.

  • Фукусима префектурасындағы Кори елді мекенінде құтқарушылар қирап қалған үйлерді тексеріп жүр.
    © REUTERS / Kyodo

    Фукусима префектурасындағы Кори елді мекенінде құтқарушылар қирап қалған үйлерді тексеріп жүр.

  • Иваки қаласындағы кітапхана қызметкері жер дүмпуінен шашылып қалған кітаптарды жинастыруда.
    © REUTERS / Issei Kato

    Иваки қаласындағы кітапхана қызметкері жер дүмпуінен шашылып қалған кітаптарды жинастыруда.

  • Жапонияның Сома қаласына жақын маңдағы тас жолдың бойындағы тау көшкіні жол қозғалысын тұралатты.
    © REUTERS / Kyodo

    Жапонияның Сома қаласына жақын маңдағы тас жолдың бойындағы тау көшкіні жол қозғалысын тұралатты.

  • Иваки қаласындағы пабтың иесі сынған ыдыстарды сыпырып жатыр.
    © REUTERS / Issei Kato

    Фукусима префектурасындағы жер сілкінісінен кейін Иваки қаласындағы пабтың жетпіс жастағы иесі сынған ыдыстарды сыпырып жатыр.

  • Сома қаласындағы спорт кешенінде жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы палаткалар орнатылды.
    © AFP 2019 / JIJI PRESS

    Сома қаласындағы спорт кешенінде жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы палаткалар орнатылды.

Кілт сөздер:
жер сілкінісі, Жапония

Ғылымның жетістігі: клондалған жануарлар фото

67
  • Әйгілі Долли қойы – клондалған алғашқы жануар, 1996 жылы туған ол алты жарым жыл өмір сүрді
  • 2018 жылы Қытай ғылым академиясы приматтарды зерттеу зертханасында клондалған маймылдарды шығарды
  • 2012 жылы үнді ғалымдары сирек кездесетін кашмир тау ешкісін клондап шығарды, оны Нури деп атады
  • Мына бұқа 2010 жылы Испанияда клондау әдісімен дүниеге келді
  • Алғашқы клондалған қара аяқты күзен
  • Алғашқы клондалған Прометея жылқысы 2003 жылы Италияда репродуктивті технологиялар зертханасында туды
  • Мына сүйкімділердің екеуі  – клондалған (ортасында және оң жақта). Олар Оңтүстік Кореяда дүниеге келді
  • 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте трагедия орнында жұмыс істеген Трэкр неміс овчаркасының клондалған күшіктері
  • Әлемде алғашқы клондалған мысық Американың Техас штатында 2001 жылы туды
  • Сеул ұлттық университетінің профессоры Ли Бен-чунь 2005 жылы туған әлемдегі алғашқы клондалған иттерді көрсетіп жатыр
Ғылым әлемінде жасанды клондау әдісінің қолданылып жатқанына біраз уақыт болды. Осы аралықта ғалымдар жануарлардың түрлі клонын дүниеге әкелді

Ғылым жетістіктерінің арқасында қандай жануарлар дүниеге келгенін Sputnik фотолентасынан көріңіз

67
  • Әйгілі Долли қойы – клондалған алғашқы жануар, 1996 жылы туған ол алты жарым жыл өмір сүрді
    © AFP 2019 / Colin McPherson

    Әйгілі Долли қойы – клондалған алғашқы жануар, 1996 жылы туған ол алты жарым жыл өмір сүрді

  • 2018 жылы Қытай ғылым академиясы приматтарды зерттеу зертханасында клондалған маймылдарды шығарды
    © AP Photo / Jin Liwang / Xinhua

    2018 жылы Қытай ғылым академиясы приматтарды зерттеу зертханасында клондалған маймылдарды шығарды

  • 2012 жылы үнді ғалымдары сирек кездесетін кашмир тау ешкісін клондап шығарды, оны Нури деп атады
    © AP Photo / Dar Yasin

    2012 жылы үнді ғалымдары сирек кездесетін кашмир тау ешкісін клондап шығарды, оны Нури деп атады

  • Мына бұқа 2010 жылы Испанияда клондау әдісімен дүниеге келді
    © AP Photo / I.Lopez

    Мына бұқа 2010 жылы Испанияда клондау әдісімен дүниеге келді

  • Алғашқы клондалған қара аяқты күзен
    © REUTERS / USFWS National Black-footed Ferret Conservation Center

    Алғашқы клондалған қара аяқты күзен

  • Алғашқы клондалған Прометея жылқысы 2003 жылы Италияда репродуктивті технологиялар зертханасында туды
    © AFP 2019 / Vincenzo Pinto

    Алғашқы клондалған Прометея жылқысы 2003 жылы Италияда репродуктивті технологиялар зертханасында туды

  • Мына сүйкімділердің екеуі  – клондалған (ортасында және оң жақта). Олар Оңтүстік Кореяда дүниеге келді
    © AP Photo / Yonhap / Choi Byung-kil

    Мына сүйкімділердің екеуі – клондалған (ортасында және оң жақта). Олар Оңтүстік Кореяда дүниеге келді

  • 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте трагедия орнында жұмыс істеген Трэкр неміс овчаркасының клондалған күшіктері
    © AFP 2019 / Gabriel Bouys

    2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте трагедия орнында жұмыс істеген Трэкр неміс овчаркасының клондалған күшіктері

  • Әлемде алғашқы клондалған мысық Американың Техас штатында 2001 жылы туды
    © AP Photo / Ben Margot

    Әлемде алғашқы клондалған мысық Американың Техас штатында 2001 жылы туды


  • Сеул ұлттық университетінің профессоры Ли Бен-чунь 2005 жылы туған әлемдегі алғашқы клондалған иттерді көрсетіп жатыр
    © AP Photo / Ahn Young-joon

    Сеул ұлттық университетінің профессоры Ли Бен-чунь 2005 жылы туған әлемдегі алғашқы клондалған иттерді көрсетіп жатыр

Астана LRT: сақалды құрылыс тағдыры фото

115
  • Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.
  • Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді
  • Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады
  • Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.
  • Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.
  • Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.
  • Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.
  • Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.
  • Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.
  • Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.
  • Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.
  • Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.
  • Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.
  • Шулы Astana LRT жобасы жолсыздағы жол атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.
2000 жылдардың ортасында құрылысы басталған Астана LRT жобасы он бес жыл уақыт өткеннен кейін де сыбайлас жемқорлық пен жауапсыздықтың символына айналды

Астанада LRT-ны салу 2005 жылы сөз бола бастады. Сол кезде елорда әкімдігі қала басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілік етуімен "Астананың жаңа көлік жүйесі" бағдарламасын қабылдады.

Осы уақыттан бері біршама уақыт пен қаражат жұмсалды. Елордада жеті әкім ауысты: Шөкеев, Мамин, Тасмағамбетов, Жақсыбеков, Исекешев, Сұлтанов, Көлгінов. Жобаның бірнеше бас мердігерлері де ауысты.

Сол сияқты ел президенттері де ауысып үлгерді: Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына қазір Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды.

Бас қаланың атауы Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгерді. Бірақ LRT ісі алға жылжыған жоқ. Бүгінде "ақылды қаланың" бір бөлшегіне айналуы тиіс құрылыстың аяқсыз қалған қаңқасы елорда тұрғындары мен қонақтарын үрейлендіреді.

Тіпті LRT жобасының өзі де бірнеше рет өзгеріске ұшырағанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді: бастапқыда халық тығыз қоныстанған оң жағалаудағы бекеттен қала орталығына қарай бағыттау жоспарланған. Ал 2011 жылы бұл ойдан айнып, сол жағалаудағы әуежайдан тарту көзделді. Бұл жобаның тиімді болуына Қазақстанның 2012 жылы өтетін "ЭКСПО – 2017" көрмесіне дайындалып жатқаны да әсер етті. Ақыр соңында ол да пайдаға жарамай қалды.

Жоба жайы талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тым қымбат әрі тиімсіз болғаны үшін жобаны қатаң сынға алды. Инаугурация өткеннен кейін бірден мемлекет басшысы тәулігіне 150 мың адам көлеміндегі жолаушылар ағыны оптимизмге толы екенін және бүгінгі тарифтен 70 есе көп екенін ескертті.

Есеп комитеті CityTransportationSystems (ребрендингтен кейінгі "Астана LRT" ЖШС атауы – Sputnik) қаржы-шаруашылық қызметінің аудиторлық қорытындысына талдау жүргізіп, құрылысты одан әрі жалғастырудың тиімділігі туралы мәселе көтерді. Есеп комитетінің сарапшылары жоба өзін ақтамайтынын және оның құрылысын қазір жалғастыру елорда бюджетіне үлкен салмақ екенін айтты.

Жоба құрылысын аяқтау құны 1,3 миллиард доллардан асып түсті.

Кейінірек қала билігі қаржыландыру сызбасын мақұлдап, оған сәйкес облигациялар қазақстандық ішкі нарықта орналастырылды. Облигациялық берешек көлемі 1,5 миллиард долларды құрады. Қазақстан Халық банкі қаржы министрлігінің кепілдемесі арқылы құны 400 миллион доллар болатын облигацияларды сатып алды.

2021 жылғы ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесуінде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов: "Иә, шын мәнінде, бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұр" деп мойындады.

Қала басшысы пандемия кезінде тоқтатылған жобаға қаражат жинау жұмыстары жалғасып жатыр және жерүсті метросының құрылысы аяқталады деп сендірді. Алайда Көлгінов нақты мерзімдерді атай алмады.

Жоба машақаты таусылар емес

Қазақстан астанасына арналған жеңіл рельсті көлік жобасының әзірленгеніне он бес жылдан астам уақыт өтті. Бастапқыда бұл жолдың жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болуы керек еді.

Бірақ біршама түзетулерден кейін ол айтарлықтай қысқарды. 2019 жылғы жобада LRT желісінің ұзындығы 22 километрден аспады. Осы жолдың бойында әуежай, Әбу-Даби Плаза ауданындағы сол жағалауды жаңа "Нұрлы жол" теміржол бекетімен байланыстыруы керек еді.

Осы бағдар бойынша Нұр-Сұлтанға сұрықсыз реңк беріп тұрған темірбетонды конструкциялар тізіліп тұр.

Оқи отырыңыз: Еуропаға көктем келді: Германияда ғасырлық рекорд жаңарды – фото

Егер мерзім мен километр жайлы сөз қозғайтын болсақ, 90 жылдық тарихы бар, Қазақстанда аты аңызға айналған Түрксібтің 1 145 километрін үш жылда салды. Ол кезде қазақстандықтар рельстерді таулы өзендер, тасты жоталар, ыстық құмдар арқылы құбылмалы ауа райында техникасыз, жалаң қолмен төседі.

Үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басқан шақта еліміздің жаңа астанасы бірнеше жылдан бері темірбетонды бағаналардың салдарынан сұрықсыз кейіпке енді. Ол жолдарды дамытуға кедергі келтіріп, астаналықтардың мазасыздығын тудыруда.

115
  • Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.

  • Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді. Жаңа көлік түрі елорданың қос жағалауын біріктіреді деп жоспарланған болатын.

  • Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның жоба-сметалық құжаттамасының сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады. Ал компания 4,2 миллиард теңгеге келісімшарт жасаған.

  • Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.

  • Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.

  • Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.

  • Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.

  • Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.

  • Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Ал мына жерде Астана LRT жерүсті метросының станциясы тұруы тиіс еді. Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.

  • Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.

  • Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.

  • Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.

  • Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.

  • Шулы Astana LRT жобасы жолсыздағы жол атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Шулы Astana LRT жобасы "жолсыздағы жол" атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.

Кілт сөздер:
Астана, Астана LRT
Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесі

Бір сәт қабырға сыртындағы өмірге оралу: түрмедегі әйелдер көктемді қалай қарсы алады

1401
Әйелдер түрмесінде отырғандар наурызды асыға күтеді. Себебі бұл айда мереке көп. Ал мереке кезінде түрмедегі бірыңғай киімді басқа киімге ауыстыру мүмкіндігі туады

АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Алматыдан 40 шақырым жердегі Жауғашты кентінде ЛА-155/4 әйелдер түрмесі орналасқан. Мұнда баласымен бірге отырғандар да бар. Темір тордың ар жағындағы әйелдер мереке қарсаңында өздері мерекелік кеш ұйымдастырады.

Алматы облысындағы бұл түрме – әйелдер жазасын өтейтін Қазақстандағы алты мекеменің бірі. Мұнда бір мезгілде 1200-ге жуық адамға орын табылады. Бұл мекеменің бір ерекшелігі – мұнда әйелдер балаларымен бірге тұра алады. Бұл мекеменің ашылғанына бір жылдан кейін 85 жыл болады. Осы уақыт аралығында ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған қанша әйелдің жазасын өтегенін бірден нақты ешкім айта алмас. Себебі жыл сайын ол қатарға қосылып жатқандар мен жазасын өтеп шыққандар саны әртүрлі.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жауғашты кентіндегі әйелдер түрмесінде жазасын өтеушілер

Қазір бұл түрмеде 460-қа жуық әйел бар. Sputnik Қазақстан тілшілері әйелдер түрмесіне барып, олардың мерекеге дайындығын көріп, әйелдермен әңгімелесті.

Көктемді асыға күтеді

Жауғашты ауылындағы түрмеде отырған әр әйелдің оқиғасы әртүрлі. Түрме аумағына кірер кезде тыйым салынған заттың бәрін қалдыру керек. Осылайша қаншама әйел жылдар бойы сыртқа шығуды армандайтын есіктен сол әлемге кіресің.

Женская колония ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесі

Түрмеде қазір 459 әйел бар. Бұған дейін бұл жерде адам аз болған екен. Оған түрме қызметкерлері пандемияның ықпалы бар деп санайды.

"Қазір бізде 459 тұтқын бар. Бұған дейін аз болды. Пандемияға байланысты сот шешімі кейінге қалып отырды немесе басқа да себебі бар шығар. Карантин жеңілдетілген кезде бізге жаңадан сотталғандар келе бастады. Арасында кәмелетке толмаған екі қыз бар", - дейді ЛА-155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрмеде қазір 459 әйел бар

Әйелдер түрмесінде отырғандар наурызды асыға күтеді. Себебі бұл айда мереке көп. Ал мереке кезінде түрмедегі бірыңғай киімді басқа киімге ауыстыру мүмкіндігі туады.

Мұнда сотталғандар концертті өздері ұйымдастырады, ал әкімшілік сондай шараларды жиі өткізіп тұруға тырысады. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, сондай сәт толық болмаса да, қабырғаның ар жағындағы өмірге бір сәтке оралуға мүмкіндік береді.

Ограждение колонии, колючая проволока
© Sputnik / Тимур Батыршин
Колония қоршауы, тікенек сымдар

Ал сотталғандардың өзі бұрын бағалы болмаған уақыттың әр минуты алтынға тең деген ойда.

"Біз жақын адамдарымызға көп көңіл бөле бермейміз. Ал сыртта бейтаныс адамдарға жылы сөйлеп, үйге келген соң ашу-ызамызды шығарамыз. Балаларға, жақындарымызға, анамызға қатты сөйлейміз. Алайда ол адамдар ештеңеге қарамастан бізді жақсы көреді. Біздің жақсы не жаман екенімізге қарамайды. Немесе қатыгез, мейірімді, ауру, сау екенімізге қарамай жақсы көреді", - деді сотталған Наталья Кандолова.

Наталья Кандолова - осужденная
© Sputnik / Тимур Батыршин
Сотталушы Наталья Кандолова

Осыдан біраз уақыт бұрын Наталья өзін абақтыда отырамын деп ойламаған. Себебі 18 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті. Заң мен тәртіпті сақтап жүргеніне сенімді болды. Ал қазір екі жыл тергеу изоляторында, бес ай түрмеде отырғанына қарамастан өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуден үміт үзбей келеді. Ал үйінде екі баласы мен егде жастағы анасы күтіп отыр.

"Мені алты және сегіз жастағы екі кішкентай балам күтіп отыр. Анам 64 жаста. Олар менің отбасым. Мен түрмеге түскелі күйеуіммен ажырастық. Өмірімде осындай жағдай да болды. Көптеген ер адам осылай оңай беріле салады", - дейді ол.

Баланы сыртқа теппейді

Мұндағы әйелдерден түрмеге қандай қылмысы үшін түскенін сұрауға болмайды. Мұны жазылмаған заң десе де болады. Себебі әрқайсының еске алғысы келмейтін оқиғасы бар.

Заключенные женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
Серуендеуге шыққан әйелдер

"Біртүрлі болып көрінгенімен, осы жерде отыруға тура келгеніне өкінбеймін. Не себепті отырғанымды, оған не себеп болғанын білемін. Иә, бұл – сынақ. Алайда ол маған өзімді табуға, түсінуге көмектесті. Бұл жерде әртүрлі адаммен тіл табысуға үйрендім. Еркіндікке шыққан соң қай бағытта әрекет ететінімді, қалай өмір сүру керек екенін түсіндім. Тек жақындарымнан жырақ жүргенім қынжылтады. Аз қалды. Бір айдан астам уақыттан кейін шығамын деп үміттенемін. Сол күнді күтіп жүрмін", - дейді сотталған Ботагөз Бахарова.

Ботагөз өзінің екінші қызын осы жерде Жауғашты колониясында дүниеге әкелді. Үш жасқа дейін нәресте анасымен бірге балалар қалашығының аумағында болған. Әрине, еркіндіктегідей болмаса да, оның сөзінше, сәбиінің жанында үш жыл тез өтіп кетті.

"Баласы бар әйелдер балалар қалашығында тұрады. Бұған дейін олар жасақ құрамында болған. Яғни, белгілі бір бекітілген уақытта балалар үйіне барып, кесте бойынша ол жерден шықты. Жаңылмасам, 2016 жылдан бастап қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес балалары бар сотталғандар олармен бірге тұра бастады. Бұл жақсы шешім болды деп айта аламын. Себебі балалар да тыныш болады, жиі ауырмайтын болды. Аналарға да жайлы", - дейді Гүлжәмилә Байтемірова.

Дом ребенка в женской колонии ЛА 155/4 в поселке Жаугашты Алматинской области
© Sputnik / Тимур Батыршин
ЛА 155/4 түзеу мекемесіндегі балалар үйі

Әйелдер колониясының жанындағы балалар қалашығында 30 сотталған ана бар. Алайда ол жаққа коронавирустың жоқ екенін растайтын құжатпен де өту мүмкін болмады.

"Бала ол бала. Сотталушының немесе кімнің баласы екені маңызды емес. Сондықтан карантин жариялап, балалар қалашығын жаптық. Балалар аналарымен бірге сол жерде тұрады, сол жерде тамақтанады. Тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған. Ол жаққа бір жасақ басшысы мен шектеулі қызметкерлер кіріп-шығады. Яғни, балалар қалашығының басшысы – балалар дәрігері, медбикелер мен бала күтушілер кіреді. Бала күтушілер – тәрбиешінің білімі бар үш әйел", - деп түсіндірді ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Гульжамиля Байтемирова  заместитель начальника учреждения ЛА 155/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова

Жауғашты түрмесіндегі әйелдер қандай қылмыс жасағанына қарамастан балаларға ерекше қарайды. Бірі қолында бар тәттісін берсе, бірі қамқорлық көрсетеді.

"Біз де анамыз. Оларды көріп... Егер біз осы жақтағы балаларға қамқор болсақ, біздің де баламызға ол жақта басқалар қамқор болар. Яғни, бәрі – бумеранг. Сондықтан барлығы шын жүректен шығады", - дейді сотталған Әлия Жұманова.

Түрмеге түспес бұрын Әлия табысты кәсіпкер болған. Жұмыс, отбасы, балалары... Адамға бақытты болу үшін қажеттің бәрі бар еді. Қазір оның бостандыққа шығуын екі қызы, ұлы мен немересі асыға күтіп жүр. Өзінің балалары мен немересіне көрсеткісі келген жылулықты түрмеде өсіп жатқан балаларға береді. Ол түрмеде тоқыма үйірмесін ашқан. Сол жерде қыста балаларға шұлық, баскиім мен жейделер тоқып берді.

Осужденная Ботагоз Базарова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Әлия Жұманова

Әлияның абақтыда отырғанына жеті жыл болды. Енді ол жақындарымен қауышатын күнді асыға күтіп жүр.

"Бұрын ойланбайтын едім... Күн өтті, болды. Енді әр минут пен әр секундты соларға арнағым келеді. Өзімде бардың бәрін, өзімді, өнерімді балаларым мен немереме бергім келеді. Бұрын қарбалас тіршілік, үшінші, оныншы жұмыс деп жүрдім. Енді тек туыстарым мен жақындарыма махаббат пен жылулық сыйласам деймін", - дейді Жұманова.

Бір де бір мерекеде үйінде болмайды

Бұған дейін айтылғандар – үш адамның өмірінің бір бөлігі ғана. Ал мұнда дәл осындай 459 адамның оқиғасы бар. Алайда бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдің бәрі өткенді түсініп, болашаққа нақты жоспар құрып қойған деп айту қиын. Себебі арасында ақтап алуға келмейтін қылмыс жасағандар да бар. Соның бірі – бірге тұратын адамымен ішімдік ішіп отырған кезде жылаған екі баласын өлтіріп, бөлшектеп тастаған жас әйел.

Колючая проволока
© Sputnik / Тимур Батыршин
Түрмедегі тікенек сымдар

Ал мекеме қызметкерлері соның бәрін біліп, қылмыс жасағандармен жұмыс істейді.

"Біз судья емеспіз. Бұл әйелдер қазірдің өзінде жазасын алды, ал біздің міндетіміз – жазаның орындалуын қадағалау", - дейді олар.

Бұлай қысқа қайырғанымен шын мәнінде ол сөздің астарында үлкен мән жатыр. Мекеме қызметкерлері демалыс, мейрамға қарамай жұмыс істейді. Соның бірі – Екатерина Бисембаева. Ол әйелдер түрмесінде 16 жылдан бері еңбек етеді.

Екатерина Бисембаева - оперуполномоченный режимного отдела исправительной учреждения ЛА 155/4
© Sputnik / Тимур Батыршин
Екатерина Бисембаева

"Бұл жерге жұмыс істеуге жас кезімде келдім. Қиын болды. Алайда жыл өткен сайын тәжірибе де жинала береді. Соның көмегі болды. Қазір жақсы психолог болып алдық. Әр сотталушыға әртүрлі көзқараспен қараймыз. Кіммен қалай сөйлесу керек екенін білеміз. Осындай жұмыс істеп жүріп тұрмысқа шықтым. Күйеуім де мені қолдайды, қызметіме қарсы емес. Бұл жерде жұмыс істеген маған ұнайды. Еңбек демалысында болған кезде жұмысымды сағынамын", - дейді Бисембаева.

Айтуынша, жақындары мен туыстары мекеме қызметкерінің бір де бір мерекеде үйде болмайтынына үйренген. Себебі мереке сайын түрмеде күшейту жұмыстары жүреді. Қызметкерлер таңнан кешке дейін жұмыста болады.

1401