Ауғанстан аумағынан Кеңес әскерінің шығарылған күнін Алматыда қалай атап өтті фото

88
  • 15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскер шығарылған күнді атап өтеді.
  • Салтанатты рәсім 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті.
  • Қазақстандық интернационалист жауынгерлерді еске алуға 500-ге жуық адам келді.
  • Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров жиналғандарды құттықтады.
  • Құрлық әскерлері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары
  • Қатысушылар Мәңгілік алау жанып тұрған Даңқ мемориалына қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.
  • Ардагерлер мен әскери қызметкерлер Ауғанстанда қаза тапқандардың рухына тағзым ету үшін салтанатты маршпен өтті.
  • Еске алу шарасына келушілердің көпшілігі соғыста қаза тапқандарға құрмет ретінде қызыл қалампыр гүлін алып келді.
  • Сондай-ақ, қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл дестесін қойды.
  • Ауған соғысының қазақстандық ардагерлері де қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу үшін Алматыда бас қосты.
  • Ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адамынан айырылды, 53 мыңнан астам адам жарақат алды.
  • Ауғанстанда қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
  • Қатысушылар ескерткішке қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.
  • Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ұйымдастырылған шараға мүмкіндігі шектеулі ардагерлер де қатысты.
  • 22 296 қазақстандық жауынгер Ауған соғысын бастан өткерді.
Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шектеулі контингентін шығарудың 32 жылдығына орай, гүл қою рәсімі өтті

Ауған соғысының қазақстандық ардагерлері Алматыда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алды. Іс-шараға 500-ге жуық адам жиналды. Оған Алматы облыстық гарнизонының қолбасшылығы, Ауған соғысының ардагерлері, Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары мен "Киров" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров 22 296 қазақстандық азамат Ауған соғысының қатысушысы атанғанын еске салды. 

"Оның ішінде 928 адам қайтыс болса, оның 119-ы алматылық жауынгерлер еді. 19 адам хабарсыз кеткендер санатында. Екі жауынгеріміздің сүйегі үш жыл бұрын табылып, Қазақстанға қайтарылды. Біреуі Түркістан облысында, ал екіншісі Көкшетауда жерленді. Бүгінгі таңда Алматыда шамамен 2 300 ауған-жауынгері тұрып жатса, бір алматылық азаматымыз із-түссіз кетті", – деді ол.

Ал жалпы Қазақстанда барлығы 15 мыңнан астам интернационалист жауынгер тұрады.

Қатысушылар Мәңгілік алау жанып тұрған Даңқ мемориалына, сондай-ақ Ауғанстанда қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткішке қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті қолдаған елдің үкіметтік күштері мен алдыңғы қатарлы НАТО мемлекеттері қолдаған моджахедтердің әскерилендірілген құрамалары арасындағы соғыс – 1979 жылдан 1989 жылға дейін созылды. Ол жердегі Кеңес жауынгерлері халықаралық терроризм мен есірткінің заңсыз айналымының сол кездегі ортақ елдің шекарасына өтуіне қарсы болды. 

Кеңес әскерінің соңғы легі 1989 жылдың 15 ақпанында Ауғанстаннан шықты. Олар Ауғанстан аумағынан кетуді 1988 жылдың 15 мамырынан бастаған болатын.

Кеңес өкіметі кезінде бұл мереке атаулы күн ретінде ресми мәртебеге ие болмаса да барлық ТМД азаматтары Ауғанстан ардагерлеріне құрметпен қарайды. Бұрынғы КСРО-ның барлық елінде Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін мемориалдық кешендер құрылған. 15 ақпанда белсенді ардагерлер қалалар мен елді мекендерде митингілер ұйымдастырады.

Оқи отырыңыз: Фукусимадағы жер сілкінісінің салдары – фото

Айта кетейік, ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адамынан айырылды, 53 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл соғыста қаза тапқан ауғандықтардың саны туралы әлі күнге дейін нақты деректер жоқ. Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша, олар 1 миллионнан 2 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Ауғанстандағы соғыстың он жылға жуық уақытында кеңес әскерлері моджахедтерге қарсы 420 операция және 200 әскери рейд жүргізді. Ауғанстан аумағының 70%-і 1985 жылы Кеңес Одағы тарапынан бақыланды.

88
  • 15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскер шығарылған күнді атап өтеді.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскер шығарылған күнді атап өтеді.

  • Салтанатты рәсім 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Салтанатты рәсім 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті.

  • Қазақстандық интернационалист жауынгерлерді еске алуға 500-ге жуық адам келді.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қазақстандық интернационалист жауынгерлерді еске алуға 500-ге жуық адам келді.

  • Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров жиналғандарды құттықтады.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров жиналғандарды құттықтады.

  • Құрлық әскерлері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Іс-шараға Құрлық әскерлері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары, "Киров" әскери-патриоттық клубының студенттері қатысты.

  • Қатысушылар Мәңгілік алау жанып тұрған Даңқ мемориалына қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қатысушылар Мәңгілік алау жанып тұрған Даңқ мемориалына қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.

  • Ардагерлер мен әскери қызметкерлер Ауғанстанда қаза тапқандардың рухына тағзым ету үшін салтанатты маршпен өтті.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ардагерлер мен әскери қызметкерлер Ауғанстанда қаза тапқандардың рухына тағзым ету үшін салтанатты маршпен өтті.

  • Еске алу шарасына келушілердің көпшілігі соғыста қаза тапқандарға құрмет ретінде қызыл қалампыр гүлін алып келді.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Еске алу шарасына келушілердің көпшілігі соғыста қаза тапқандарға құрмет ретінде қызыл қалампыр гүлін алып келді.

  • Сондай-ақ, қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл дестесін қойды.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сондай-ақ, қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл дестесін қойды.

  • Ауған соғысының қазақстандық ардагерлері де қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу үшін Алматыда бас қосты.

    Ауған соғысының қазақстандық ардагерлері де қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу үшін Алматыда бас қосты.

  • Ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адамынан айырылды, 53 мыңнан астам адам жарақат алды.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адамынан айырылды, 53 мыңнан астам адам жарақат алды.

  • Ауғанстанда қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ауғанстанда қаза тапқан қазақ жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

  • Қатысушылар ескерткішке қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қатысушылар ескерткішке қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.

  • Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ұйымдастырылған шараға мүмкіндігі шектеулі ардагерлер де қатысты.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ұйымдастырылған шараға мүмкіндігі шектеулі ардагерлер де қатысты.

  • 22 296 қазақстандық жауынгер Ауған соғысын бастан өткерді.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    22 296 қазақстандық жауынгер Ауған соғысын бастан өткерді.

Кілт сөздер:
Ауғанстан, атаулы күндер

Әйгілі Ниагара сарқырамасы мұзға айналды фото

9
  • Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
  • Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
  • Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
  • Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды құймақтар қалқып жүр
  • Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
  • Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
  • Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
  • Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
  • Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
  • Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.
Табиғаттың таңғажайып "туындысы" саналатын әйгілі Ниагара сарқырамасы мұз құрсауында қалды. Сирек болатын бұл таңғажайып құбылысты көруге туристер ағылуда

Ақпан айындағы қалыптан тыс төмен температура мен күшті қарлы боран Ниагара сарқырамасын жып-жылтыр айсбергке айналдырды.

Американың кейбір штаттарында ауа температурасы минус 20-30°C-ге дейін, кей жерлерде тіпті минус 40°C-ге дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда сарқырама қатып қалды 

Туристер сирек болатын бұл құбылысты көзбен көруге құмартып, Нью-Йоркке қарай ағылуда.

Күн шыққан кезде сарқыраманың етек жағында кемпірқосақ пайда болады.

Соңғы рет Ниагара сарқырамасы 2019 жылы ішінара мұз боп қатса, 1848 жылы толық мұзға айналған болатын. Ол кезде сарқырама тоқтап қалып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

9
  • Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.

  • Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.

  • Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.

  • Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды құймақтар қалқып жүр
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды "құймақтар" қалқып жүр

  • Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.

  • Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.

  • Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.

  • Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.

  • Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.

  • Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.
    © REUTERS / Lindsay DeDario

    Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.

Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар фото

13
  • Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті
  • Степан Кубрин көшесіндегі 23-ші үйдің жанындағы саябақтағы трансформаторлы шағын станцияның бетіндегі кескіндеме
  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Баспа мозаикалық панносы.
  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Баспа мозаикалық панносы.
  • Ескі теміржол вокзалының ғимаратындағы мозаикалық панно.
  • Кенесары мен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орналасқан №16 мектептің қасбетіндегі мозикалық панно.
  • Бараев көшесіндегі тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы сграффито.
  • Казахсельмаш зауытының ғимаратындағы мозикалық панно.
  • №32 мектеп-гимназиясы
  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Ғарыш мозаикалық панносы.
  • Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті.
  • Кеңес кезіндегі қасбет
  • Абылай хан даңғылындағы тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы мозаика.
  • мозаика фрагменті
  •  Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым мен мәдениет орталығы ғимаратының витражы
  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің кіреберіс беті.
  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.
  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.
Қазақстан астанасында онға жуық кеңестік мозаика сақталған. Сондай-ақ, бас қалада құйылмалы витраж, кескіндеме және рельеф техникасында әзірленген кеңестік монументалды өнердің он шақты үлгісі бар

Кеңестік Целиноград кезіндегі көптеген қызықты монументалды жұмыстардың көзі жойылған. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстанға "Fading.TSE: Астана ретроспективасы" жобасының жетекшісі Теміртас Ысқақов әңгімелеп берді.

"Целиноград электр-құрылыс желісі" ғимаратындағы, музыкалық мектептегі пошта үйіндегі мозаикалар Михаил Антонюктікі. Соңғы жұмысты ол Василий Товтинмен бірге әзірлеген. Сол сияқты қалалық алаң мен "Жастар" сарайының жанындағы смальтадан жасалған мозаика мен рельефті фонтандарды Юрий Александров салған. 2000 жылы бұзылған Салтанат сарайының интерьеріндегі ағаш мозаикалар Василий Товтинның маркетриі", - деді Ысқақов.

Салтанат сарайы Республика–Иманов көшелерінің қиылысында орналасқан болатын. Маманның айтуынша, ол өнер синтезінің айқын үлгісі еді.

Целиноградский Дворец торжественных обрядов. 1982 год
© Photo : предоставлено Темиртасом Искаковым
Целиноград салтанатты рәсімдер сарайы, 1982 жыл

"Қала тұрғындары бой көтергеніне небәрі 18 жыл болған ғимаратты бұзудың не қажеттілігі болғанын әлі де түсінбейді. Енді қиратқан сарайдың орнына сауда ойын-сауық сарайын салып біте алмай жатқандарына 20 жылдан асты", - деді Ысқақов.

Тек бір мозаика ғана заңмен қорғалады

Ысқақовтың айтуынша, елорадада жұрт назарына ие және үлкен қызығушылық тудыратын онға жуық кеңестік мозаика бар. Сол сияқты тек сәндік мақсатта қолданылатын бірнеше мозаика сақтаулы.

"Өкінішке қарай, мозаикаларды сақтап қалумен мақсатты түрде қалада ешкім айналыспайды, бұл бекер. Себебі, олар тарихи-мәдени, технологиялық, білім мен көркем өнер көзқарасынан да, ұжымдық құрмет нысаны ретінде де өте бағалы артефактар бола алады. Заңмен қорғалатын, ресми түрде ескерткіштер қатарына жатқызылған, яғни, жергілікті маңызда тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне кіретін жалғыз мозаика бар. Ол – Бейбітшілік даңғылындағы "Өркен" бизнес-ортлығының қасбетіндегі екі мозаикалық панно", - деп атап өтті Ысқақов.

Оның айтуынша, басқа мозаикалар бүлініп жатыр. Себебі, оларға күтім жасалып жатқан жоқ.

"Оларға демонтаж жүргізуге, сырлап тастауға немесе қаптауға болады. Яғни, барлық мозаикалық панно мен басқа да монументалды жұмыстардың тағдыры ғимарат иесінің қолында тұр", - деді Ысқақов.

"Баспа үйіндегі" мозаика сыры

"Баспа" мозаикалық панносы бұрынғы полиграфиялық комбинат ғимаратының қасбетінде орналасқан. Авторлары – целиноградтық суретшілер Михаил Антонюк пен Василий Товтин. Олар ашық тұрған кітап бетінен кеңестік басылым атаулары жазылған парақтар ұшып жатқанын және оның жанында тұрған ұл мен қызды бейнелеген. Композициялық орталықтың оң және сол жағында ақындар мен жазушылардың бейнесі кескінделген.

Ысқақов бұл мозаиканың жұмбағын шешіп, қандай тұлғалар бейнеленгенін ішінара анықтау мүмкін болғанын айтты.

"Туындының авторы Михаил Антонюктің әріптестері және отбасымен сұқбаттасудың арқасында "Баспа" панносында тек танымал ақын-жазушылар ғана емес, мысалы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова, Тұмар патшайым, сондай-ақ, суретшілер өз әріптестері – архитектор Ерғали Нұрмағамбетов пен суретші Алексей Порунинді де бейнелегенін білдік. Қазір қайсысы кім екенін айту мүмкін емес шығар. Себебі, бүгінде панно авторлары арамызда жоқ", - деді Ысқақов.

Мозаичное панно Печать на фасаде здания бывшего полиграфического комбината (Бейбiтшiлiк 25)
© Sputnik / Абзал Калиев
Бұрынғы полиграфиялық комбинат ғимаратының қасбетіндегі "Баспа" мозаикалық панносы

Ол көрермен өзі қалаған адамның бейнесін көре алуы да бұл мозаикаға ерекшелік беретінін айтты.

"Оған ұзақ қарап тұрып, әркез жаңа бейнені көруге болады. Яғни, панноны бір көрген адам келесі жолы тіпті басқа адамды көз алдына елестетуі мүмкін. Менің ойымша, суретші дарынының нағыз сән-салтанаты да осында", - деді Ысқақов.

Ол "Fading.TSE: Астана ретроспективасы" жобасы жұмыстарды зерттеу кезінде Суретшілер одағы көрмелерінің каталогына, авторлардың өмірбаянына, архитектура анықтамалығына және өлкетану монографияларына сүйенетінін айтты.

"Егер, автордың кім екенін білсек, оның әріптестерімен, шәкірттерімен кеңесеміз. Қандай да бір өнер туындысы туралы қала тұрғындарының естеліктері де маңызды ақпаратқа толы. Мысалы, "Жастар" сарайының қабырғасында бейнеленген адамдардың арасында целиноградтық Жастар сарайының құрылысшылары да бар екен. Сол сияқты, №14 мектеп-гимназияның мозаикасында да автор мектеп мұғалімдері мен оқушыларын кейіпкер етіп таңдаған", - деді Ысқақов.

Мозаикалық панноны сақтауды маңызы неде

Walking Almaty және Monumental Kazakhstanжобаларының авторы және зерттеуші Дэннис Кин мозаикалық панноның өнегелік және тәрбиелік құндылығы бар екенін айтты. Ол көп жылдан бері Қазақстанның монументалды өнерін зерттеумен айналысады.

Мозаичное панно во дворе Жастар
© Photo : предоставлено Темиртасом Искаковым
"Жастар" сарайындағы мозаикалық панно

"Қазақстандағы монументалды өнердің басым бөлігінде идеологиялық астар болғанын түсіну керек. Яғни, коммунистік партия, Кеңес Одағы және тағы басқалардың бейнесі. Олар әдетте жалпы гуманистік тақырыптарға арналды: білім беру, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу, мәдениетті сақтау және тағы басқа. Бұл бағытта олар бүгінгі күні де өзекті. Екіншіден, туындылардың материалдық құндылығы бар. Себебі, оларды смальт сияқты сапалы және қымбат материалдарды қолдану арқылы талантты шеберлер дайындаған", - деді Дэннис Кин.

Ол барлық жұмыстар бірдей материалдық жағынан құнды емес екенін және көрермен үшін тартымды бола бермейтінін ескертті. Сондай-ақ, Киннің айтуынша, туындылардың өткен дәуірді еске салатын естелік нысаны ретінде де тарихи маңызы бар.

13
  • Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Елордада онға жуық кеңестік мозаика сақталған. Суретте: Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті.

  • Степан Кубрин көшесіндегі 23-ші үйдің жанындағы саябақтағы трансформаторлы шағын станцияның бетіндегі кескіндеме
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Қаладағы мозаикалар – өткенге құрмет белгісі. Суретте: Степан Кубрин көшесіндегі 23-ші үйдің жанындағы саябақтағы трансформаторлы шағын станцияның бетіндегі кескіндеме.

  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Баспа мозаикалық панносы.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Мозаикалық панно – түрлі-түсті қиындылардан құралған сәндік элемент, шынайы картина. Суретте: бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы "Баспа" мозаикалық панносы.

  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Баспа мозаикалық панносы.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Мозаикалық панно - тарихи-мәдени, технологиялық, білім мен көркем өнер көзқарасынан алғанда да, ұжымдық құрмет нысаны ретінде де өте бағалы артефактар. Суретте: мозаикалық композицияның бөлігі.

  • Ескі теміржол вокзалының ғимаратындағы мозаикалық панно.
    © Photo : предоставлено Темиртасом Искаковым

    Ескі теміржол вокзалының ғимаратындағы мозаикалық панно.

  • Кенесары мен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орналасқан №16 мектептің қасбетіндегі мозикалық панно.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Кенесары мен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орналасқан №16 мектептің қасбетіндегі мозикалық панно.

  • Бараев көшесіндегі тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы сграффито.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Бараев көшесіндегі тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы сграффито.

  • Казахсельмаш зауытының ғимаратындағы мозикалық панно.
    © Photo : предоставлено Темиртасом Искаковым

    "Казахсельмаш" зауытының ғимаратындағы мозикалық панно.

  • №32 мектеп-гимназиясы
    © Sputnik / Абзал Калиев

    №32 мектеп-гимназияның кеңес дәуіріндегі композициямен әсемделген қасбеті, Абылай хан даңғылы, 25. Ғимарат 1988 жылы салынған.

  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Ғарыш мозаикалық панносы.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы "Ғарыш" мозаикалық панносы.

  • Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Бейбітшілік даңғылындағы "Өркен" бизнес-орталығы қасбетіндегі екі мозаикалық панно - заңмен қорғалатын және ресми түрде ескерткіштер қатарына жатқызылған жалғыз мозаика. Суретте: Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті.

  • Кеңес кезіндегі қасбет
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Елордадағы "Самал" ықшамауданындағы үй.

  • Абылай хан даңғылындағы тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы мозаика.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Күтім жасалмағандықтан басқа мозаикалар бүлініп жатыр. Суретте: Абылай хан даңғылындағы тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы мозаика.

  • мозаика фрагменті
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Қаладағы барлық мозаикалық панно мен басқа да монументалды жұмыстардың тағдыры ғимарат иесінің қолында тұр. Суретте: мозаика фрагменті.

  •  Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым мен мәдениет орталығы ғимаратының витражы
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Бас қалада құйылмалы витраж, кескіндеме және рельеф техникасында әзірленген кеңестік монументалды өнердің он шақты қызықты үлгісі бар. Суретте: Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым мен мәдениет орталығы ғимаратының витражы.

  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің кіреберіс беті.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Нұр-Сұлтандағы "Турист" қонақ үйінің кіреберіс беті.

  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Нұр-Сұлтандағы "Турист" қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.

  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.
    © Sputnik / Абзал Калиев

    Нұр-Сұлтандағы "Турист" қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.

Кілт сөздер:
фото