Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Грэмми – 2021" сыйлығын табыстау рәсімі қалай өтті – фото

Жазылу
Жуырда Лос-Анджелестегі "Стейплс орталықта" 63-ші "Грэмми" сыйлығын табыс ету рәсімі өтті. Биыл отандасымыз – диджей Иманбек Зейкенов алтын граммофон түріндегі мүсіншіні иеленді

Ақсу қаласының тумасы студент-диджей Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek) "Грэмми" сыйлығын жеңіп алды. Осылайша Grammy Awards тарихында "музыкалық Оскар" тұңғыш рет Қазақстанға бұйырды.

Иманбек Зейкенов америкалық SAINt JHN (Карлос Сент-Джон) әншінің "Roses" әніне ремикс әзірлегеннен кейін танымал бола бастады. Бұл трек әлемдік хит-парадтарда көш бастап тұрды. YouTube видеохостингінде DJ Imanbek нұсқасы бойынша дайындалған Roses музыкалық композициясының видеосын 234 миллион рет көрген.

Алайда Иманбекке "Грэмми" сыйлығын табыс ету рәсімін біршама күтуге тура келді. Салтанатты шара қаңтар айында өтуге тиіс еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты оның уақытын наурызға ауыстырды. Осы жылы музыкалық шоу аралас форматта өтті. Кей әншілер виртуалды байланысқа шықса, кей әртістер жыл сайынғы дәстүр бойынша өздерінің сәнді киімі және әсерлі әнімен таңғалдырды.

"Грэмми" мүсіншесін табыс ету рәсіміне қатысқан Иманбек, Бейонсе, Дуа Липа, Тейлор Свифт, Билли Айлиш, Лиззо, апалы-сіңілілі Хайм жайлы біздің суреттер топтамасынан көріңіз.

"Грэмми" (Grammy) — 1959 жылдан бері америкалық ұлттық дыбыс жазу өнері мен ғылымы академиясы (NARAS) табыстайтын музыка саласындағы беделді сыйлық. Сыйлық символы – граммофон.

© AP Photo / Jordan Strauss/InvisionФотографтар ерекше көйлек киген әнші Дуа Липаны суретке түсіруден шаршамады. Марапаттау рәсімі үш жарым сағатқа созылды.
Певица Дуа Липа с наградой на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
1/16
Фотографтар ерекше көйлек киген әнші Дуа Липаны суретке түсіруден шаршамады. Марапаттау рәсімі үш жарым сағатқа созылды.
© AFP 2024 / RICH FURYОтандасымыз Иманбек Зейкенов "Roses (Imanbek Remix)" әнінің ең үздік ремикс жазбасы үшін сыйлық алғаны жарияланған сәт
Студент-диджей Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek) из Аксу выиграл Грэмми  - Sputnik Қазақстан
2/16
Отандасымыз Иманбек Зейкенов "Roses (Imanbek Remix)" әнінің ең үздік ремикс жазбасы үшін сыйлық алғаны жарияланған сәт
© AFP 2024 / Kevin Winter / The Recording AcademyЛос-Анджелесте өткен "Грэмми" сыйлығын табыстау рәсімінде ән айтқан Дуа Липа ашық киімді сахналық бейнесімен көпшілікті таңғалдырды. Ол "Үздік вокалдық поп-альбом" үшін марапатқа ие болды.
Певица Дуа Липа во время выступления на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
3/16
Лос-Анджелесте өткен "Грэмми" сыйлығын табыстау рәсімінде ән айтқан Дуа Липа ашық киімді сахналық бейнесімен көпшілікті таңғалдырды. Ол "Үздік вокалдық поп-альбом" үшін марапатқа ие болды.
© AP Photo / Jordan Strauss/InvisionӘнші Микки Гайтон "Грэмми" сыйлығын табыс ету рәсімінде
Певица Микки Гайтон на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
4/16
Әнші Микки Гайтон "Грэмми" сыйлығын табыс ету рәсімінде
© AFP 2024 / Kevin Winter/Getty Images for The Recording AcademyӘнші Билли Айлиш ағасы Финнеас О'Коннелмен бірге "Визуалды медиаға арнап жазылған үздік ән" номинациясында жеңімпаз атанды. Айлиш "бондиана" үшін саундтрек жазған ең жас әнші болды. Оның орындауындағы No time to die композициясы агент Джейс Бонд туралы соңғы фильмнің саундтрегі деп жарияланды.
Певица Билли Айлиш и певец Финнеас О’Коннелл на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
5/16
Әнші Билли Айлиш ағасы Финнеас О'Коннелмен бірге "Визуалды медиаға арнап жазылған үздік ән" номинациясында жеңімпаз атанды. Айлиш "бондиана" үшін саундтрек жазған ең жас әнші болды. Оның орындауындағы No time to die композициясы агент Джейс Бонд туралы соңғы фильмнің саундтрегі деп жарияланды.
© AFP 2024 / Kevin Mazur / The Recording Academy via Getty ImagesӘнші Doja Cat қызыл кілемшеде суретке түсуде
Певица Doja Cat на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе  - Sputnik Қазақстан
6/16
Әнші Doja Cat қызыл кілемшеде суретке түсуде
© AFP 2024 / Kevin Winter/Getty Images for The Recording AcademyӘнші Cardi B "Грэмми" сыйлығын табыс ету рәсімінде өнер көрсетті
Певица Cardi B во время выступления на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
7/16
Әнші Cardi B "Грэмми" сыйлығын табыс ету рәсімінде өнер көрсетті
© AP Photo / Chris PizzelloӘнші Фиби Бриджерс пен актриса Ноа Сайрус Лос-Анджелестегі музыкалық сыйлықты табыс ету рәсімінде
Певица Фиби Бриджерс и актриса Ноа Сайрус на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе  - Sputnik Қазақстан
8/16
Әнші Фиби Бриджерс пен актриса Ноа Сайрус Лос-Анджелестегі музыкалық сыйлықты табыс ету рәсімінде
© AP Photo / Chris PizzelloТейлор Свифттің "гүлмен көмкерілген" көйлегі көпшілікті таңғалдырды. Әнші "Жыл альбомы" санаты бойынша жеңіске жетті. Ол "Folklore" пластинкасы үшін марапатталды.
Певица Тейлор Свифт на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе  - Sputnik Қазақстан
9/16
Тейлор Свифттің "гүлмен көмкерілген" көйлегі көпшілікті таңғалдырды. Әнші "Жыл альбомы" санаты бойынша жеңіске жетті. Ол "Folklore" пластинкасы үшін марапатталды.
© AP Photo / Jordan Strauss/InvisionМузыкалық продюсер және әнші Андерсон Пак қолында граммофонды ұстап тұр.
Музыкальный продюсер и певец Андерсон Пак с наградой на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
10/16
Музыкалық продюсер және әнші Андерсон Пак қолында граммофонды ұстап тұр.
© AFP 2024 / Kevin Winter/Getty Images for The Recording Academy"Үздік жаңа әнші" номинациясында америкалық рэпер Megan Thee Stallion сыйлық иеленді. Ол Ноа Сайрус, Луиса Селестин (Kaytranada), Ингрид Эндресс, Chika, Фиби Бриджерс, Doja Cat Амала Дламини D Smoke секілді әріптестерін шаң қаптырды.
Певица Megan Thee Stallion на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
11/16
"Үздік жаңа әнші" номинациясында америкалық рэпер Megan Thee Stallion сыйлық иеленді. Ол Ноа Сайрус, Луиса Селестин (Kaytranada), Ингрид Эндресс, Chika, Фиби Бриджерс, Doja Cat Амала Дламини D Smoke секілді әріптестерін шаң қаптырды.
© AFP 2024 / Kevin Winter/Getty Images for The Recording AcademyБритандық әнші Гарри Стайлске "Поп стиліндегі үздік жеке орындау" номинациясы бойынша сыйлық табысталды. Ол Watermelon Sugar әнімен жеңімпаз атанды.
Певец Гарри Стайлс на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе  - Sputnik Қазақстан
12/16
Британдық әнші Гарри Стайлске "Поп стиліндегі үздік жеке орындау" номинациясы бойынша сыйлық табысталды. Ол Watermelon Sugar әнімен жеңімпаз атанды.
© AFP 2024 / Theo Wargo/Getty Images for The Recording AcademyОңтүстіккореялық BTS тобы "Грэмми" рәсімінде өнер көрсетті
Южнокорейская группа BTS во время выступления на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
13/16
Оңтүстіккореялық BTS тобы "Грэмми" рәсімінде өнер көрсетті
© AP Photo / Chris PizzelloБейонсе түрлі номинацияда "Грэмми" сыйлығының саны бойынша әйелдер арасында рекорд жаңартты. Басқа номинациларды есепке алмағанда, Бейонсенің "Savage" әні "Үздік рэп-ән" ден танылды. Ол бұл композицияны Megan Thee Stallion рэпермен орындады
Певицы Бейонсе и Megan Thee Stallion на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
14/16
Бейонсе түрлі номинацияда "Грэмми" сыйлығының саны бойынша әйелдер арасында рекорд жаңартты. Басқа номинациларды есепке алмағанда, Бейонсенің "Savage" әні "Үздік рэп-ән" ден танылды. Ол бұл композицияны Megan Thee Stallion рэпермен орындады
© AFP 2024 / Kevin Winter/Getty Images for The Recording AcademyПуэрто-рикалық әнші Bad Bunny
Пуэрто-риканский певец Bad Bunny с наградой на церемонии награждения Грэмми в Лос-Анджелесе - Sputnik Қазақстан
15/16
Пуэрто-рикалық әнші Bad Bunny
© AFP 2024 / RICH FURYҚазақстандықтар үшін ақсулық музыкант Иманбек Зейкеновтың жеңісінің орны бөлек болды. Ол әнші SAINt JHN-ның Roses әнінің ремиксі үшін "Жыл ремиксі" номинациясында жеңіске жетті. Біздің ел үшін бұл "Грэммидегі" тұңғыш номинация, тұңғыш сыйлық. Иманбек Зейкенов музыкалық жүлдеде үш номинанттан озып түсті.
Студент-диджей Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek) из Аксу выиграл Грэмми  - Sputnik Қазақстан
16/16
Қазақстандықтар үшін ақсулық музыкант Иманбек Зейкеновтың жеңісінің орны бөлек болды. Ол әнші SAINt JHN-ның Roses әнінің ремиксі үшін "Жыл ремиксі" номинациясында жеңіске жетті. Біздің ел үшін бұл "Грэммидегі" тұңғыш номинация, тұңғыш сыйлық. Иманбек Зейкенов музыкалық жүлдеде үш номинанттан озып түсті.
Жаңалықтар
0