Телефонның алғашқы түрлері фото

131
Шамамен бір жарым ғасыр бұрын адам баласы телефон байланысы дегеннің не екенінен бейхабар болған. Ал қырық жылға жуық уақыт бұрын видеоқоңырау шалу нағыз фантастика еді

Байланыстың жаңа түрін ойлап тапқаны үшін алғашқы патент 145 жыл бұрын - 1876 жылдың наурызында Александр Беллге берілген. Беллмен бір уақытта басқа өнертапқыш Элиш Грей де патентке өтініш жолдаған. Сондықтан телефонның "әкесі" кім деген сауал төңірегіндегі дау ұзаққа созылды. 

Заманауи телефон байланысын әзірлеуге профессор Долбеардан бастап Томас Эдисонға дейін көп адам үлес қосты. Осылайша өнертапқыш Ваденнің арқасында телефон қоңырауы пайда болса, орыс электр технигі Голубицкий микрофондарға тоқ беру жүйесін және тұрақты магниттері бар ерекше аппарат ойлап тапты. Ал Томас Эдисон көмір ұнтағы бар микрофон дайындады. Бұл микрофон 1990 жылдың басына дейін еш өзгеріссіз белсенді қолданылып келді. Кей жерлерде күні бүгінге де пайдаланылуда. 

Алғашқы телефондар кеңсе немесе басқа орында орналасқан аппаратпен бір клиент резиденциясы арқылы бір-біріне тікелей байланысты болды. Алайда қолайсыздығына байланысты бұл жүйелер ортадан тепкіш таратушы қол қалқанына ауыстырылды. Бұл стационарлық телефон байланысының пайда болуына себепші болды. Яғни онда әрбір телефон ерекшеленген жұп сыммен орталық кеңседегі жергілікті коммутациялық жүйеге қосулы болды. Орталық кеңсе 1900 жылдардың басынан бастап толығымен автоматтандырылған жүйеге көшті. 

Абоненттерді арнайы қызметкер – телефонист бір-біріне қосып отырды. Ол жұмыс орнындағы қабырғада белгілі бір тәптіппен орналасқан арнайы саңылауларға түйісуі бар сымдарды кіргізіп отырды. 

Телефонист мамандығы 90-шы жылдарға дейін қажетті кәсіптің бірі болды. Телефонның одан кейінгі дамуында электретті микрофон, қатты дауыс шығу мүмкіндігі, дыбысты цифрлық қысымдау секілді жаңашылдықтар болды. Жаңа технологиялар: IP-телефония, ISDN, DSL, ұялы байланыс, DECT.

131
  • Бойжеткен телефонмен сөйлесіп тұр, 1905 жыл

  • Элмон Браун Строуджердің алғашқы электрмагнитті селекторы

  • © AP Photo

    1938 жылы Кливлендте әлеуметтік көмек көрсету бюросындағы қызметкер тамақ талап етуге келген азаматтарға жауап беріп жатыр. Ал оның үстелінде телефон тұр

  • © AFP 2021

    Телефон аппараттарының үстінде қалықтаған америкалық "Интелсат-1" спутнигі, 1965 жыл

  • © AP Photo

    Қалааралық байланысы бар телефон автоматының алдында тұрған бойжеткен, 1957 жыл

  • Өнер музейіндегі Александр Белл телефонының түпнұсқасының көшірмесі, Париж

  • © AFP 2021 / Andrew Lopez / ACME

    Француз әншісі Жан Саблон тыңдармандармен телефон арқылы сөйлесіп жатыр, 1949 жыл

  • © Sputnik / Z. Kazenas

    "Гинтарас" қонақ үйіндегі бөлме. Архитекторлар - С. Барейкис пен Т. Балинскас. Литва КСР, 1966 жыл

  • © AP Photo

    Токиодағы Орталық телефон станциясы ғимаратындағы жапон бойжеткендері, 1937 жыл

  • © AFP 2021

    Аденге жақын маңда телефон желісін тексеріп жүрген түйе мінген сарбаз, 1962 жыл

  • © AFP 2021 / Pierre Bessard

    Телефонды пайдаланып жатқан Пхеньяндағы бойжеткен полицейлер, 1991 жыл

  • © AP Photo

    Лондондағы телефон торабы қызметкері газға қарсы бетперде киіп жұмыс істеу әдісін көрсетіп жатыр, 1938 жыл

  • © Sputnik

    "Молния-1" кеңестік спутник байланысының көмегімен әңгімелесуге болатын Владивостоктағы телефон торабының қызметкері. "Ғарыш көпірі" кинофильмінен кадр

  • © AFP 2021

    Париждегі Елисей алқабындағы телефон үйшігінің жанындағы сәнқой бойжеткен, 1969 жыл

  • © AP Photo / Walter Lindlar

    Германияда адамдар телефон үйшіктерінде орналасқан аппарат арқылы байланысқа шығып жатыр, 1959 жыл

Кілт сөздер:
фото, телефон
Тақырып бойынша
Әйелдер әдемілік үшін қандай әрекеттерге бара алады – фото
Barbie-ге 62 жыл: өнер жұлдыздарының қуыршақ бейнесі – фото
"Грэмми – 2021" сыйлығын табыстау рәсімі қалай өтті – фото
Астананың түнгі келбеті – фото
Ғарыштағы қонақ үй: Жер шарын орбитадан тамашалуға болады – фото

Ұйқыдағы жануарлар көз сүйсінерлік суреттер

78
Ұйқыдағы коала немесе абдан көріп пе едіңіз? Sputnik Қазақстан жануарлар ұйықтап жатқан сүйкімділікке толы сәттің суреттер топтамасын ұсынады

Көп жануар ұйықтағанды жақсы көреді. Олардың кейбірі тіпті қыс мезгілінде бірнеше айға ұйқыға кетеді.

Мысалы, коалалар тәуліктің 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Ал ешкі мен қой күніне бірнеше рет ұйқытап алады. Мысықтар күн сайын 12-16 сағат бойы ұйықтайды.

Ал аю, қосаяқ, тасбақа, борсық, суыр, кірпі сынды мақұлықтар қыс маусымында ұзақ уақытқа ұйқыға кетеді.

Көктем – барлық тіршілік иесі ұйқысынан оянып, жердің бусанатын шағы. Ендеше тәтті ұйқыға кеткен жануарлардың сүйкімді суреттерін тамашалаңыз!

78
  • © AP Photo / DPA / Horst Ossinger

    Дуйсбург жануарлар бағында ұйқыға кеткен коала. Германия.

  • Қар үстінде бір мызғым алмақ болған хаскилер.

  • © AP Photo / Nati Harnik

    Омахтағы Генри Дурли хайуанаттар бағында тәтті ұйқыда жатқан арыстан күшіктері – абдандар. Шебраска штаты.

  • © Sputnik / Georgiy Bazaev

    Тбилисидге хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан бегемот.

  • © AP Photo / Martin Meissner

    Дуйсбург хайнуататтар бағында горилла баласы анасының арқасында ұйықтап жатыр.

  • Ұйқыдағы жанат тіпті сүйкімді.

  • Ал итбалық баласы – ақүрпек жымиып ұйықтайды.

  • © Sputnik / Pavel Lisitsyn

    Екатеринбург хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан түтіктістілер баласы.

  • © Sputnik / Natalia Seliverstova

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы қызыл панда ағаш бөренеде қалғып жатыр.

  • © Sputnik / Vitaly Ankov

    Хайуанаттар бағында мекендейтін жеті айлық амур жолбарысы да тәтті ұйқыға кеткен.

  • © AP Photo / Sue Ogrocki

    Оклахома штатының Норман қаласындағы жануарларға арналған орталықта төрт апталық үш күшік бір-біріне жабысып ұйықтап жатыр.

  • © AP Photo / Lai Seng Sin

    Куала-Лумпурдегі Ұлттық хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан панда.

  • © Depositphotos / Pakhnyushchyy

    Ұйқыдағы марғау.

  • © Sputnik / Maksim Blinov

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы ақ аю арктикалық түс көріп жатқан сыңайлы.

Кілт сөздер:
сурет

Отты өзен: үрей мен қызығушылық сезімін қатар тудыратын жанартау кратерлері фото

34
Нағыз жүрек жұтқан фотографтар вулканға тым жақын барып, қайнап тұрған лава мен көз жетпес биіктіктегі түтінді суретке түсіріп алды. Бұл көріністер бойға үрей ұялатып қана қоймай, көз тоймайтын сұлулығымен баурайды

Ғаламшардың түрлі жерлерінде түсірілген осы фотолардың арқасында жанартау кратерлерінің ішіндегі құбылысты анық көруге болады.

Аузынан жалын атқан бұл "айдаһарларға" қатты жақындау арқылы фотографтар өте үлкен қатерге бас тігеді. Адам абайсызда осы лаваға құлап кетсе не боларын елестетудің өзі қорқынышты! Себебі балқыған тау жыныстарының температурасы мың градустан асады.

Бірақ осы қауіпке қарамастан кей фотографтар бұрын-соңды кездеспеген әдемі суреттерді түсіре алды.

Соңғы жылдары ғалымдар жер бетіндегі вулкан атқылауы жаһандық сипатқа айналуы мүмкін екенін жиі айтуда.

Оқи отырыңыз: Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді

Мысалы, бірнеше апта бұрын Исландиядағы Гелдингадалсгос вулканының атқылауы дронның көмегімен видеоға түсірілді.

Сондай-ақ 6 мың жыл "ұйықтаған" Фаградалсфьяль вулканы "оянды".

Ал Сицилияда Еуропадағы ең ірі вулкан – Этна атқылады.

Жер шарының түрлі аймақтарында түсірілген вулкан кратерлерінің таңғаларлық суреттерін Sputnik Қазақстан материалынан көре аласыз.

34
  • Гавайи аралдарындағы Mauna Ulu жанартауының кратеріндегі лава.

  • Камчаткадағы Горелый жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • © REUTERS / Cat Gundry-Beck

    Исландиядағы жанартау атқылауының жақыннан қарағандағы көрінісі.

  • © REUTERS / Hereward Holland

    Конгодағы Ньирагонго жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріне қарай құйылып жатқан лава ағыны.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Пуу-Оо жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Никарагуадағы Масая жанартауының кратеріндегі лава суреті.

  • © CC0 / Geophile71 / Marum sept 2009

    Вануатудағы Амбрим жанартауының кратеріндегі лава.

  • Эфиопиядағы Эрта Але вулканының кратеріндегі лава көлінің таңсәрідегі көрінісі.

Газодобывающее предприятие, архивное фото

Еуропаға газды кім жеткізеді: Ресей ме, АҚШ па?

0
Осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ұзаққа созылған қыс еуропаның газ қоймаларын бос қалдырды. Газ қорының үштен бір бөлігі ғана қалды. Америкалықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, көп көлемде сұйылтылған газ ұсынды. Алайда коронавирус дағдарысы Еуропаға мұхиттың арғы жағынан келетін қымбат газға шығындалуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ресейлік шикізатты сатып алуға тура келіп отыр, деп жазды РИА Новости.

Күзде және қыста еуропалықтар 65 миллиард текше метрден астам газ тұтынды. Бұл он жылдық максимумға тең. Бұл туралы Газпром GasInfrastructureEurope-ке сілтеме жасап хабарлады. Алдыңғы жоғары көрсеткіш 2018 жылы болған. Ол кезде ақпан-наурызда Еуропаны қалыптан тыс аяз бен қар жауып қалды.

Ауа райы биыл да тосын мінез көрсетті. Қаңтарда Газпромға аяз құрсауында қалған Еуропаға жеткізілімдерді шұғыл көбейтуіне тура келді. Компания Германияға 32,4 процентке, Францияға 77,3 процентке, Нидерландыға 21,2 процентке, Италияға 100 процентке әдеттегіден артық газ жіберді.

Сонымен қатар суықтың беті қайтпаған Азияға да экспорт артты. Нәтижесінде нарықта тапшылық пайда болып, бұл споттық бағаның шарықтауына алып келді. Ол бойынша тауарлар, бағалы қағаздар немесе валюта шұғыл жеткізу шарты бойынша сатылады.

Мысалы, Азияда баға кесімі мың текше метр үшін 1 000 доллардан асқан сәт болды. Кейбір мәмілелер 1400 бағасы бойынша жасалды. Еуропада баға 300 доллар болып белгіленді. Ал "Газпромның" 2021 жылға арналған бюджетінде 170 деген баға көрсетілген.

Нәтижесінде алыс шетелге жөнелтілген ресейлік экспорт 19,5 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 процентке көп.

Ақпан айында да ауа райы қуанта қоймады. Осы айда үш күн қатарынан еуропалық қоймалар тәулігіне миллиард текше метр жіберіп отырды. 25 наурызға қарай қоймадағы газ қорының көрсеткіші 29 процентке дейін түсті. Германия мен Автрияда – 26, Нидерландыда – 23, Францияда – 17.

Алдағы қыста суықтан қорғану үшін еуропалықтарға өткен жылғыдан 57,3 процентке артық газ өндіру қажет. Бұл 2020 жылы Франция мен Нидерландыға жеткізілген экспорт көлеміне тең. Қоймаларды толтыру бойынша басталған газ өндіру науқаны 2011 жылғыдан кейінгі ең ауқымды шараға айналмақ.

Еуропа нарығындағы ресейлік шикізаттың үлесі 2020 жылы шамамен 33 процентті құрады. Бұл жөнінде "Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова мәлімдеді. Оның айтуынша, "үшінші тоқсанда-ақ экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті". Импорттаушылар алдындағы барлық міндет толық орындалды. Жыл соңына қарай келісімшарт бойынша баға еуропалық хабтардағы споттық бағадан төмен болды. Бұл да қосымша жеткізулерді орындауға ықпал етті.

Еуроодаққа көгілдір отын Ресейден бөлек Норвегия, Катар, Алжир, АҚШ пен Нигериядан жеткізіледі. Басты тұтынушылар – Германия, Ұлыбритания және Италия. Немістер мен ағылшындар ресейлік газды "Солтүстік ағын" құбыры арқылы алып отыр. Басқа амал жоқ. Әрине сұйылтылған табиғи газға ауысуға болар еді. Бірақ ол тым қымбат. Сонымен қатар ол үшін арнайы терминалдар керек. Ал Германияда мұндай техника қарастырылмаған. Сұйылтылған табиғи газ ол елге Бельгия мен Нидерланды арқылы жеткізіледі.

Италия мен Ұлыбританияда қажетті терминал бар. Бірақ олар да құбыржол газынан бас тартуға асығар емес. Сол себепті ресейлік энергия ресурсын сатып алушылар АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы ашқан соғысын қолдамай отыр. Жалпы ресейлік жобаның қарсыластары аз емес. Олардың қатарында Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия бар.

Жалпы Варшава 2022 жылға қарай Ресей газынан бас тартуға дайын екенін бұған дейін мәлімдеген болатын. Поляктар Солтүстік теңізде норвегиялық қайраңдағы Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр.

Жалпы дағдарыстың беті әлі қайта қойған жоқ. Ал сұйылтылған табиғи газ баяғыдай құбыржол газынан қымбат болып тұр. Оның үстіне "Газпром" бәсекелестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен тәуліктік жеткізу көлемін өте жылдам арттыра алады.

Г.В.Плеханов атындағы РЭУ доценті Александр Тимофеев "Солтүстік ағын" жобасының өзін-өзі ақтауы әлі де нақты болмағандықтан, батысеуропалық бағыт басымдықта тұр деп санайды.

"Ұзаққа созылған қыс сұранысты арттырды. Бұл күзге қарай бағаның қымбаттауына алып келеді", - дейді ол.

Ресей ЖЭК даму мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі VYGONConsulting пікірінше, осы жылы "Газпром" алыс шетелге жөнелтетін экспорт көлемін 210 миллиард текше метрге дейін арттыра алады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 17 процентке, коронавирус дағдарысына дейінгі 2019 жылғыдан 5,5 процентке артық.

Осылайша бірінші тоқсанда "Газпромның" экспорты 30,7 процентке өсті.

"Бұған дейін жабдықтаушы бюджетке мың текше метр газ үшін 170 доллар көлеміндегі бағаны көрсеткенін ескеру керек. Бірақ содан кейін жоспарлар қайта қаралды. Енді орташа жылдық баға 200 доллар деп болжануда. Себебі ұзақ мерзімді келісімшарттар көбіне еуропалық споттық бағаларға тәуелді. Оның үстіне газ бағасы тікелей тәуелді мұнай бағасы да шарықтап кетті. Сондықтан "Газпром" өз тұтынушыларын жоспарының негізді екеніне сендіре алуы әбден мүмкін", - дейді TeleTrade ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Жалпы газ бағасы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де қымбаттай берді. Қазір нидерландтық TTF (Title Transfer Facility Natural Gas Price Index) хабындағы спотта мың текше метр газ бағасы 252 доллар. Бұл 2018 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткіш.

Нәтижесінде осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting. Ал бұл Ресейдің мемлекеттік бюджетіне майдай жағады.

0