Жапонияда сакура ерте гүлдеді фото

145
  • Токиодағы Уэно саябағындағы гүлдеген шие ағаштары.
  • Сакураның ерте гүлдеуі 2002 және 2012 жылдары тіркелді.
  • Токиодағы Уэно саябағында әйел адам гүлдеген сакураны суретке түсіріп тұр.
  • Токиодағы шие ағашының гүлдеуі 22 наурызда шарықтау шегіне жетіп, ай соңына дейін созылады.
  • Күншығыс елінің тұрғындары үшін гүлдеген шие ағашының орны бөлек
  • Биыл Хиросима префектурасында 11 наурыз күні сакура гүлдеуі тіркелді
  • Сакура гүлдеген уақытта жапон саябақтары алқызыл ағаштарды тамашалауға келген жергілікті тұрғындар мен туристерге толады.
  • Алайда өткен жылы пандемияға байланысты пикник пен бұқаралық шараларға тыйым салынды.
  • Биыл коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында кемі 21 наурызға дейін төтенше жағдай режимі жарияланған.
Биылғы көктем Күншығыс елінің тұрғындарын сакураның әдеттен тыс тым ерте гүлдеуімен таңғалдырды. Шие ағаштары бұл жолы жылсайынғы мерзімнен екі апта бұрын бүр жарып, айналаны хош иіске бөледі

Жапонияда биыл шие ағаштары өте ерте гүлдеді. Мұндай жағдай ХХІ ғасырда алғаш рет болып отыр.

Ең бірінші сакура бір апта бұрын – 11 наурызда Хиросима префектурасында гүлдеді. Бұл әдеттегіден екі апта ерте.

Жапон шиесінің бұл гүлдеуінің шарықтау шегі 22 наурызда болып, көктем иісіне толы керемет кезең бір аптаға, яғни 29 наурызға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: "Грэмми – 2021" сыйлығын табыстау рәсімі қалай өтті – фото

Сакура гүлі – Күншығыс елінің бейресми символы. Алқызыл түске көмкерілген бұл тамаша көріністің куәсі болу үшін жыл сайын мыңдаған турист Жапонияға қарай ағылады. Гүл жамылған теңдессіз шақты суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

145
  • Токиодағы Уэно саябағындағы гүлдеген шие ағаштары.
    © AFP 2021 / CHARLY TRIBALLEAU

    Осы жылы Жапонияда сакураның гүлдеуі ХХІ ғасырдағы ең ерте бүр жару болды. Суретте: Токиодағы Уэно саябағындағы гүлдеген шие ағаштары.

  • Сакураның ерте гүлдеуі 2002 және 2012 жылдары тіркелді.
    © AFP 2021 / Kazuhiro Nogi

    Сакураның ерте гүлдеуі 2002 және 2012 жылдары тіркелді.

  • Токиодағы Уэно саябағында әйел адам гүлдеген сакураны суретке түсіріп тұр.
    © AFP 2021 / CHARLY TRIBALLEAU

    Токиодағы Уэно саябағында әйел адам гүлдеген сакураны суретке түсіріп тұр.

  • Токиодағы шие ағашының гүлдеуі 22 наурызда шарықтау шегіне жетіп, ай соңына дейін созылады.
    © AFP 2021 / Kazuhiro Nogi

    Токиодағы шие ағашының гүлдеуі 22 наурызда шарықтау шегіне жетіп, ай соңына дейін созылады.

  • Күншығыс елінің тұрғындары үшін гүлдеген шие ағашының орны бөлек
    © AFP 2021 / Kazuhiro Nogi

    Күншығыс елінің тұрғындары үшін гүлдеген шие ағашының орны бөлек. Сакура Жапония символы болса, оның гүлі бейресми ұлттық герб мәртебесіне ие.

  • Биыл Хиросима префектурасында 11 наурыз күні сакура гүлдеуі тіркелді
    © AP Photo / Koji Sasahara

    Әдетте сакура әр жылы аймақ саналатын елдің оңтүстігінде гүлдеп, солтүстік жапон аралына қарай біртіндеп ығысады. Биыл Хиросима префектурасында 11 наурыз күні сакура гүлдеуі тіркелді.

  • Сакура гүлдеген уақытта жапон саябақтары алқызыл ағаштарды тамашалауға келген жергілікті тұрғындар мен туристерге толады.
    © AP Photo / Eugene Hoshiko

    Сакура гүлдеген уақытта жапон саябақтары алқызыл ағаштарды тамашалауға келген жергілікті тұрғындар мен туристерге толады.

  • Алайда өткен жылы пандемияға байланысты пикник пен бұқаралық шараларға тыйым салынды.
    © AFP 2021 / Eugene Hoshiko

    Алайда өткен жылы пандемияға байланысты пикник пен бұқаралық шараларға тыйым салынды.

  • Биыл коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында кемі 21 наурызға дейін төтенше жағдай режимі жарияланған.
    © AFP 2021 / Kazuhiro Nogi

    Биыл коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында кемі 21 наурызға дейін төтенше жағдай режимі жарияланған.

  • © AFP 2021 / Kazuhiro Nogi

    Бірнеше ғасыр бұрын сакураның гүлдеуін тамашалау дәстүрі – ханами аристократтық шара болатын. Бірақ келе-келе ол жалпыхалықтық дәстүрге айналды.

Кілт сөздер:
Жапония, көктем

Ұйқыдағы жануарлар көз сүйсінерлік суреттер

77
Ұйқыдағы коала немесе абдан көріп пе едіңіз? Sputnik Қазақстан жануарлар ұйықтап жатқан сүйкімділікке толы сәттің суреттер топтамасын ұсынады

Көп жануар ұйықтағанды жақсы көреді. Олардың кейбірі тіпті қыс мезгілінде бірнеше айға ұйқыға кетеді.

Мысалы, коалалар тәуліктің 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Ал ешкі мен қой күніне бірнеше рет ұйқытап алады. Мысықтар күн сайын 12-16 сағат бойы ұйықтайды.

Ал аю, қосаяқ, тасбақа, борсық, суыр, кірпі сынды мақұлықтар қыс маусымында ұзақ уақытқа ұйқыға кетеді.

Көктем – барлық тіршілік иесі ұйқысынан оянып, жердің бусанатын шағы. Ендеше тәтті ұйқыға кеткен жануарлардың сүйкімді суреттерін тамашалаңыз!

77
  • © AP Photo / DPA / Horst Ossinger

    Дуйсбург жануарлар бағында ұйқыға кеткен коала. Германия.

  • Қар үстінде бір мызғым алмақ болған хаскилер.

  • © AP Photo / Nati Harnik

    Омахтағы Генри Дурли хайуанаттар бағында тәтті ұйқыда жатқан арыстан күшіктері – абдандар. Шебраска штаты.

  • © Sputnik / Georgiy Bazaev

    Тбилисидге хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан бегемот.

  • © AP Photo / Martin Meissner

    Дуйсбург хайнуататтар бағында горилла баласы анасының арқасында ұйықтап жатыр.

  • Ұйқыдағы жанат тіпті сүйкімді.

  • Ал итбалық баласы – ақүрпек жымиып ұйықтайды.

  • © Sputnik / Pavel Lisitsyn

    Екатеринбург хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан түтіктістілер баласы.

  • © Sputnik / Natalia Seliverstova

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы қызыл панда ағаш бөренеде қалғып жатыр.

  • © Sputnik / Vitaly Ankov

    Хайуанаттар бағында мекендейтін жеті айлық амур жолбарысы да тәтті ұйқыға кеткен.

  • © AP Photo / Sue Ogrocki

    Оклахома штатының Норман қаласындағы жануарларға арналған орталықта төрт апталық үш күшік бір-біріне жабысып ұйықтап жатыр.

  • © AP Photo / Lai Seng Sin

    Куала-Лумпурдегі Ұлттық хайуанаттар бағында ұйықтап жатқан панда.

  • © Depositphotos / Pakhnyushchyy

    Ұйқыдағы марғау.

  • © Sputnik / Maksim Blinov

    Мәскеу хайуанаттар бағындағы ақ аю арктикалық түс көріп жатқан сыңайлы.

Кілт сөздер:
сурет

Отты өзен: үрей мен қызығушылық сезімін қатар тудыратын жанартау кратерлері фото

34
Нағыз жүрек жұтқан фотографтар вулканға тым жақын барып, қайнап тұрған лава мен көз жетпес биіктіктегі түтінді суретке түсіріп алды. Бұл көріністер бойға үрей ұялатып қана қоймай, көз тоймайтын сұлулығымен баурайды

Ғаламшардың түрлі жерлерінде түсірілген осы фотолардың арқасында жанартау кратерлерінің ішіндегі құбылысты анық көруге болады.

Аузынан жалын атқан бұл "айдаһарларға" қатты жақындау арқылы фотографтар өте үлкен қатерге бас тігеді. Адам абайсызда осы лаваға құлап кетсе не боларын елестетудің өзі қорқынышты! Себебі балқыған тау жыныстарының температурасы мың градустан асады.

Бірақ осы қауіпке қарамастан кей фотографтар бұрын-соңды кездеспеген әдемі суреттерді түсіре алды.

Соңғы жылдары ғалымдар жер бетіндегі вулкан атқылауы жаһандық сипатқа айналуы мүмкін екенін жиі айтуда.

Оқи отырыңыз: Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді

Мысалы, бірнеше апта бұрын Исландиядағы Гелдингадалсгос вулканының атқылауы дронның көмегімен видеоға түсірілді.

Сондай-ақ 6 мың жыл "ұйықтаған" Фаградалсфьяль вулканы "оянды".

Ал Сицилияда Еуропадағы ең ірі вулкан – Этна атқылады.

Жер шарының түрлі аймақтарында түсірілген вулкан кратерлерінің таңғаларлық суреттерін Sputnik Қазақстан материалынан көре аласыз.

34
  • Гавайи аралдарындағы Mauna Ulu жанартауының кратеріндегі лава.

  • Камчаткадағы Горелый жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • © REUTERS / Cat Gundry-Beck

    Исландиядағы жанартау атқылауының жақыннан қарағандағы көрінісі.

  • © REUTERS / Hereward Holland

    Конгодағы Ньирагонго жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріне қарай құйылып жатқан лава ағыны.

  • Гавайидегі Килауэа жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Гавайидегі Пуу-Оо жанартауының кратеріндегі лава көлі.

  • Никарагуадағы Масая жанартауының кратеріндегі лава суреті.

  • © CC0 / Geophile71 / Marum sept 2009

    Вануатудағы Амбрим жанартауының кратеріндегі лава.

  • Эфиопиядағы Эрта Але вулканының кратеріндегі лава көлінің таңсәрідегі көрінісі.

Газодобывающее предприятие, архивное фото

Еуропаға газды кім жеткізеді: Ресей ме, АҚШ па?

0
Осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ұзаққа созылған қыс еуропаның газ қоймаларын бос қалдырды. Газ қорының үштен бір бөлігі ғана қалды. Америкалықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, көп көлемде сұйылтылған газ ұсынды. Алайда коронавирус дағдарысы Еуропаға мұхиттың арғы жағынан келетін қымбат газға шығындалуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ресейлік шикізатты сатып алуға тура келіп отыр, деп жазды РИА Новости.

Күзде және қыста еуропалықтар 65 миллиард текше метрден астам газ тұтынды. Бұл он жылдық максимумға тең. Бұл туралы Газпром GasInfrastructureEurope-ке сілтеме жасап хабарлады. Алдыңғы жоғары көрсеткіш 2018 жылы болған. Ол кезде ақпан-наурызда Еуропаны қалыптан тыс аяз бен қар жауып қалды.

Ауа райы биыл да тосын мінез көрсетті. Қаңтарда Газпромға аяз құрсауында қалған Еуропаға жеткізілімдерді шұғыл көбейтуіне тура келді. Компания Германияға 32,4 процентке, Францияға 77,3 процентке, Нидерландыға 21,2 процентке, Италияға 100 процентке әдеттегіден артық газ жіберді.

Сонымен қатар суықтың беті қайтпаған Азияға да экспорт артты. Нәтижесінде нарықта тапшылық пайда болып, бұл споттық бағаның шарықтауына алып келді. Ол бойынша тауарлар, бағалы қағаздар немесе валюта шұғыл жеткізу шарты бойынша сатылады.

Мысалы, Азияда баға кесімі мың текше метр үшін 1 000 доллардан асқан сәт болды. Кейбір мәмілелер 1400 бағасы бойынша жасалды. Еуропада баға 300 доллар болып белгіленді. Ал "Газпромның" 2021 жылға арналған бюджетінде 170 деген баға көрсетілген.

Нәтижесінде алыс шетелге жөнелтілген ресейлік экспорт 19,5 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 процентке көп.

Ақпан айында да ауа райы қуанта қоймады. Осы айда үш күн қатарынан еуропалық қоймалар тәулігіне миллиард текше метр жіберіп отырды. 25 наурызға қарай қоймадағы газ қорының көрсеткіші 29 процентке дейін түсті. Германия мен Автрияда – 26, Нидерландыда – 23, Францияда – 17.

Алдағы қыста суықтан қорғану үшін еуропалықтарға өткен жылғыдан 57,3 процентке артық газ өндіру қажет. Бұл 2020 жылы Франция мен Нидерландыға жеткізілген экспорт көлеміне тең. Қоймаларды толтыру бойынша басталған газ өндіру науқаны 2011 жылғыдан кейінгі ең ауқымды шараға айналмақ.

Еуропа нарығындағы ресейлік шикізаттың үлесі 2020 жылы шамамен 33 процентті құрады. Бұл жөнінде "Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова мәлімдеді. Оның айтуынша, "үшінші тоқсанда-ақ экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті". Импорттаушылар алдындағы барлық міндет толық орындалды. Жыл соңына қарай келісімшарт бойынша баға еуропалық хабтардағы споттық бағадан төмен болды. Бұл да қосымша жеткізулерді орындауға ықпал етті.

Еуроодаққа көгілдір отын Ресейден бөлек Норвегия, Катар, Алжир, АҚШ пен Нигериядан жеткізіледі. Басты тұтынушылар – Германия, Ұлыбритания және Италия. Немістер мен ағылшындар ресейлік газды "Солтүстік ағын" құбыры арқылы алып отыр. Басқа амал жоқ. Әрине сұйылтылған табиғи газға ауысуға болар еді. Бірақ ол тым қымбат. Сонымен қатар ол үшін арнайы терминалдар керек. Ал Германияда мұндай техника қарастырылмаған. Сұйылтылған табиғи газ ол елге Бельгия мен Нидерланды арқылы жеткізіледі.

Италия мен Ұлыбританияда қажетті терминал бар. Бірақ олар да құбыржол газынан бас тартуға асығар емес. Сол себепті ресейлік энергия ресурсын сатып алушылар АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы ашқан соғысын қолдамай отыр. Жалпы ресейлік жобаның қарсыластары аз емес. Олардың қатарында Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия бар.

Жалпы Варшава 2022 жылға қарай Ресей газынан бас тартуға дайын екенін бұған дейін мәлімдеген болатын. Поляктар Солтүстік теңізде норвегиялық қайраңдағы Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр.

Жалпы дағдарыстың беті әлі қайта қойған жоқ. Ал сұйылтылған табиғи газ баяғыдай құбыржол газынан қымбат болып тұр. Оның үстіне "Газпром" бәсекелестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен тәуліктік жеткізу көлемін өте жылдам арттыра алады.

Г.В.Плеханов атындағы РЭУ доценті Александр Тимофеев "Солтүстік ағын" жобасының өзін-өзі ақтауы әлі де нақты болмағандықтан, батысеуропалық бағыт басымдықта тұр деп санайды.

"Ұзаққа созылған қыс сұранысты арттырды. Бұл күзге қарай бағаның қымбаттауына алып келеді", - дейді ол.

Ресей ЖЭК даму мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі VYGONConsulting пікірінше, осы жылы "Газпром" алыс шетелге жөнелтетін экспорт көлемін 210 миллиард текше метрге дейін арттыра алады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 17 процентке, коронавирус дағдарысына дейінгі 2019 жылғыдан 5,5 процентке артық.

Осылайша бірінші тоқсанда "Газпромның" экспорты 30,7 процентке өсті.

"Бұған дейін жабдықтаушы бюджетке мың текше метр газ үшін 170 доллар көлеміндегі бағаны көрсеткенін ескеру керек. Бірақ содан кейін жоспарлар қайта қаралды. Енді орташа жылдық баға 200 доллар деп болжануда. Себебі ұзақ мерзімді келісімшарттар көбіне еуропалық споттық бағаларға тәуелді. Оның үстіне газ бағасы тікелей тәуелді мұнай бағасы да шарықтап кетті. Сондықтан "Газпром" өз тұтынушыларын жоспарының негізді екеніне сендіре алуы әбден мүмкін", - дейді TeleTrade ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Жалпы газ бағасы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де қымбаттай берді. Қазір нидерландтық TTF (Title Transfer Facility Natural Gas Price Index) хабындағы спотта мың текше метр газ бағасы 252 доллар. Бұл 2018 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткіш.

Нәтижесінде осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting. Ал бұл Ресейдің мемлекеттік бюджетіне майдай жағады.

0