Promobot компаниясы бүгінде Еуропадағы дербес сервистік роботтардың ірі өндірушісі ретінде танылған.
Промобот – бизнеске арналған сервистік робот. Ол адаммен әңгімелесіп, танып, өз бетінше қозғалады. Мұндай робот дербес яғни, адамның бақылауын қажет етпейді.
Бүгінде промоботтар кеңесші, гид, әкімші, промоутер, консьерж ретінде әлемнің қырық елінде қызмет етіп жүр. Промобот мәліметтер базасы, қауіпсіздік жүйесі, сайттар мен сервистер секілді кез-келген сыртқы жүйеге қосыла алады. Мұндай роботты Сбербанктен, кейбір музейлерден, Дубай-Моллдан, Балтимор-Вашингтон әуежайынан кездестіріп қалуыңыз ғажап емес.
Владивосток – Promobot компаниясы орналасқан төртінші қала. Сколково резидентінің өндірісі мен штаб-пәтері Пермьде, америкалық кеңсе Филадельфияда, ал азиялық өкілдік Гонконгте орналасқан.
Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект: жүз жыл бұрын "робот" сөзі қолданысқа енді – фото
Promobot компаниясының қиыршығыстық бөлімшесі Robo-C адам тектес роботтарға арналған әзірлемелерге, шынайы жасанды тері мен андроидтың 3D үлгісін әзірлеуге жұмылдырылған.
Ресейде әзірленген адамға ұқсас роботтарды суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
Адамға ұқсайтын роботтарды модельдеу орталығының қызметкері андроидтың басымен жұмыс істеп отыр.
Владивостоктағы адамға ұқсайтын роботтарды модельдеу орталығында әзірленген гуманоид-роботтардың көзі.
Қиыршығыстағы "Промобод" бөлімшесі директорының орынбасары Александра Чегодаева мен директор Петр Чегодаев жасанды тері үлгісімен жұмыс істеуде. "Промобот" ресейлік робот өндірушісі Владивостокта R&D-бөлімше мен зертхана және кеңсе ашты.
Гуманоид-роботтардың біріне жасанды теріні өлшеп кигізіп жатыр.
Адамға ұқсайтын роботтарды модельдеу орталығының қызметкері экспонатпен жұмыс істеп отыр.
Промобот – бизнеске арналған сервистік робот. Ол адамдармен әңгімелесіп, оларды тани алады және өз бетінше қозғалады. Мұндай роботтар дербес яғни, адамның бақылауын қажет етпейді.
Қиыршығыстағы "Промобод" бөлімшесі директорының орынбасары Александра Чегодаева жасанды тері үлгісімен жұмыс істеуде.
Promobot компаниясы әзірлеген робот-гуманоидтың басы (сол жақта) бас үлгісінің жанында.
Промоботтар мәліметтер базасы, қауіпсіздік жүйесі, сайттар мен сервистер секілді кез-келген сыртқы жүйеге қосыла алады. Суретте: жасанды тері әзірлеу зертханасындағы эксперименттік үлгі.
Promobot робот техникасын дайындау кәсіпорны әзірлеген гуманоид роботтың басы.
Бүгінде промоботтар кеңесші, гид, әкімші, промоутер, консьерж ретінде әлемнің қырық елінде қызмет етеді. Суретте: жасанды тері әзірлеу зертханасындағы эксперименттік үлгілер.
Қиыршығыстағы "Промобод" бөлімшесінің директоры Петр Чегодаев пен суретші Виктор Деренк жасанды тері әзірлеу зертханасының өндірістік бөлмесінде.
Алматыда көктем ерекше әсем. Пандемия мен коронавирусқа қатысты түрлі шектеулерге қарамастан табиғат тіршілігін тоқтатқан жоқ.
Оңтүстік астанада алма, магнолия мен басқа да жеміс ағаштары гүлдеп, айнала жасыл желек жамылып, далада хош иіс аңқыды.
Оқи отырыңыз: Сакура гүлдеді: карантиндегі Алматы көктемінің көрінісі – фото
Қала тұрғындары көп уақытын далада өткізіп, таза ауада жиі серуендейтін болған. Қыз-келіншектер де жеңіл киініп, сұлулықты еселей түсуде.
Sputnik Қазақстан фототілшісі Тимур Батыршин көктемгі қаланың бейнесі көрініс тапқан суреттер топтамасын әзірледі.
Сәуірде Алматы таңы ерекше әсем.
Саябақта серуендеу көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Суретте: саябақтағы орындыққа жайғасқан алматылық бойжеткен.
Күн сәулесі ұзақ қыстан оянған қаланы шуағына бөлеп тұр.
Мұндай ауа райында төрт қабырғаға қамалып отырғың келмейді. Велосипед теуіп, самал желді сезінгенге не жетсін!
Айнала гүл мен хош иіске толы. Әсіресе бүр жарған магнолия жиі кездеседі.
Мұндай тамаша көріністі суретке түсірмеу мүмкін емес.
Көк майсадағы сарғалдақтар да көздің жауын алардай.
Алматы ауасынан көктемнің жұпар иісі аңқиды. Суретте: қазақтың дарынды сазгері Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші.
Алма ағашы да гүлдеп тұр.
Алматы ауасында осы жемістің иісі сезіледі.
Алматы көшелері әдемі киінген бойжеткендерге толы.
Қаланың қысқы суық кейпінен із де қалмаған.
Қала тұрғындары уақытының көп бөлігін далада, таза ауада өткізетін болған.
Көктемде оңтүстік астана ерекше сезімге бөлейді.
Жергілікті билік Оңтүстік Кореядағы Банвол мен Паркджи аралдарын күлгін түске бояу туралы шешім қабылдады. Енді бұл өңірде үй мен көпірден бастап қоршау, шатыр, саябаққа дейін, тіпті қонақ үйлер де лаванда түстес.
Бұл креатив суретке түсу және серуендеу үшін келетін қонақтардың көңілінен шығып жатыр. Жалпы бастағы мақсат та осы еді – демалысқа арналған ерекше орын ұйымдастыру арқылы мейлінше көп туристер тарту.
Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үздік шағын қалалар рейтингі – фото
Лаванда мен қоңыраугүлге толы бұл аралдар нағыз ертегі әлеміне түскендей әсер береді.
Ерекше аралдардың таңғажайып суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.
Банвол мен Паркджи шағын аралдары Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулден алты сағаттық жерде орналасқан. Оларды күлгін арал деп атайды.
Мұнда айналаның бәрі – ғимарат шатырлары, көпірлер, үйлер, қоғамдық көлік нәзік лаванданы еске салатын әдемі күлгін түске боялған. Суретте: туристер Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын байланыстыратын көпірдің үстімен кетіп барады.
Бұл жаққа жаяу немесе велосипед арқылы жетуге болады. Автокөліктерге жол жоқ.
Мұнда күлгін түсті дресс-код бар. Тамаша табиғатта серуендегісі келген туристер күлгін түсті киім киюлері керек. Әйтпесе ақы төлеуге тура келеді.
Бұл аралдарда күлгін қонақ үйлерде түнеп, мейрамханаларда күлгін астан дәм татуға болады.
Банвол мен Паркджиге ребрендинг жүргізу туралы ой кәрістерде 2015 жылы пайда болды. 2020 жылға дейін бұл идеяға 4,25 миллион доллар инвестицияланды.
Пандемия кезінде күлгін аралдың сұранысы артты.
Бірнеше жыл бұрын аймақта жаппай лаванда егілді. Көп ұзамай-ақ қырық мың өсімдік күлгін аралдардың әсемдігін еселей түсті. Суретте: Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы "күлгін" аралдарға қарай жол көрсетіп тұрған сілтеуіш.
Оңтүстік Кореядағы Оңтүстік Чолла провинциясындағы Банвол мен Паркджи аралдарын біріктіретін Періште көпірі.
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.
"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.
Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.
Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы
Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.
Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.